М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы. 1.1
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы: 2.1. Өкілетті органдар
Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі қағидалары
Қорытынды.
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа
Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және
егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте
түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік
аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының
әрқайсысына кең өкілеттік берілген.
Республикасының мемлекеттік аппараты» деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары,
құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен
байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді
жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да
мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып
Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету
мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына
мыналар жатады: мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі,
принциптерін талдап беру. Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар
және оны орындау үшін –өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың
жатады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты
1 Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы.
Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары. Мемлекеттік аппарат –
мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет
қоғамды басқаратын және тек қана қызметпеншұғылданатын адамдардан
тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі;
мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және
әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат
азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»
«Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың
аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік
басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің
функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген.
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы
қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси
қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің
орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері
көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын
қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл
аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған
Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің
болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады:
бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір
типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді.
Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етілеті
азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның
басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге
асыратын кәсіптік қызметі.
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметімынадаи принциптермен
реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзірітінің нәтижелі,
тиімді болуы.
Ол үшін оның демократиялық, Конституциялық, заңдылық
принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің лауазымды адамдары,
қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет.
Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске асыруға міндетті.
Халықтың мемлекетті басқаруы процесіне қатысудың демократиялық
жолдары, олардың сайлауға қатысуы, халықтың өкілдерімен мемлекеттік
аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет
кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың қызметіне көмек беру үшін
қоғамдық ұйымдарды құрады олар мемлекеттік аппаратпен баиланысатын
саяси жүйені құралы. Конституцияның 33-бабында «азаматтардың тікелеи
және өз өкілдері арқылы мемлекеттің өкілдік, атқарушы және сот
органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі жөніндегі әрекетін жүзеге асыру
мүмкіндігі: «Ал қатысудың түрлерін былаи деп белгілеиді:мемлекеттік
органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке және
өтініштер жолдау: «мемлекеттік органдар мен өзін-өзі басқару органдарын
сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттік қызметке
кіру».
биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуіне
қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы ; азаматтардың
құқықтарының , бостандықтары мен заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері
алдында басымдығы; мемлекет қызметіне кіруге, қатысуға еріктілігі; өз
өкілеттері шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды
адамдар қабылдаған шешімдердін төменгі мемлекеттік органдар
қызметшілерінің орындауы үшін міндеттілігі; мемлекеттік қызметкерлердің
кәсіпқойлығы мен жоғары біліктілігі .
билігінің тармақтарға бөліну принципі Конституцияда белгіленген негізгі
принциптердін біреуі ғана емес, ең күрделісі. Республикадағы мемлекттік
билік біртұтас, өиткені бірден-бір бастауы- Қазақстан халқы және
мемлекеттің егемендігі бөлінбейді. Бұл билік өзінің бөліну принципіне
сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесіне бөлінеді және
бір-бірін шектейді.
Мемлекеттік органдардын қызметтерінің кәсіпшілігі, тәжірибесі және
хабардардығ өте жоғары болуға тиісті. Мемлекеттік аппарат өзінің
қызметінде бар заңдардың талабын мөлтіксіз орындауға тиісті.
Мемлекет аппаратының ішкі құрылысы- қатаң тәртіпті,
субординацияны, олардың бір-бірімен байланысын жақсарту. Мемлекеттік
аппарат біртұтас күрделі жүйе, ол бірнеше салаларға бөлінеді:
атқару және сот жүйелері; құқықты қорғау және қарулы жүйесі.
мекемелердің алдында тұрған мақсаттары, ішкі құрылыстары, құзыреті,
қолданатын әдістері мен принциптері. Оларды біріктіріп, қызметтерін жақсы
атқаруға жағдай қалыптасады.
Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет
механизмі» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік
аппарат – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және
қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге
асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас,
иерархиялық жүйесі
. Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын
қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді
етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық
қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен
құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес,
мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға
болады:
тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе
алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
3) құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет
яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және
мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің
негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын
дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге
асырумен байланысты қызмет;
в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен
және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б.
байланысты қызмет.
Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне
тоқталып өтелік.
Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын
адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан
қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын
жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста
болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық
қызметтеріұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Сонымен мемлекеттік аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар
және соны орындау үшін құзыреті бар мемлекеттік аппараттың бір
Мемлекеттік аппаратың құрылуы мен қызметі, негізгі өкілеттілігі
Конституцияда және конституциялық актілерде көрсетіледі. Әрбір
мемлекеттік аппарат өз қызметін мемлекеттік, материалдық, ұйымдық және
зорлау күшімен қорғайды. Мемлекеттік аппарат мемлекеттің атынан
функцияларын атқарады, әрқайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда
анық белгіленген. Басқа мемлекеттік органдармен қалай қатынысатыны, ішкі
құрылысы, құзыреті белгіленген. Мемлекеттік аппараттың негізгі нышаны
оның мемлекеттік билігі. Бұл мемлекеттік билікті былай түсінуге болады:
олар мемлекеттің атынан барлық субьектілерге міндетті нормативтік
актілерді шығарады, немесе құқықтық , нормалардың орындалуын тексереді,
ал кейбір кезде жазаға тартуға құқығы бар. Мемлекеттік заңдарға
мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында
мемлекеттік аппарат өкілеттікті жүзеге асыратын толып жатқан қызметтер
атқарады. Мемлекеттік қызметкерлердің өкілеттіктері мемлекеттік органдар
алдында қойған мақсаттарға және міндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы,
прокуратура органдары, сот жүйесі, ІІМ (МВД), МҚК (КГБ) құқықты
қызметін атқарады. Бұл органдар бір-бірімен баиланысты. Бәрі бірге жалпы
құқық қорғау жүйесіне жатады.
Мемлекеттік аппараттың қызметкерлерінің негізгі міндеттері ҚР
Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз
ету, заңдарда белгіленген тәртіп пен азаматтардың өтініштерін қарауға, олар
жөнінде қажетті шаралар қолдануға; өздеріне берілген құқықтар шегінде
және заңды міндеттерге сәйкес өкілеттерлі жүзеге асыруға; мемлекеттік және
еңбек тәртібін сақтауға; өздерінен жоғары басшылырдың бұйрықтары мен
өкімдерін, шығарылған шешімдері мен нұсқаларын орындауға; өз
өкілеттігінің шегінде мәселелерді қарауға және солар бойынша шешімдер
қабылдауға, белгіленген тәртіппен лауазымдық міндеттерін атқару үшін
қажетті ақпарат пен мптериалдарды алуға құқықтары бар.
2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы
2.1. Өкілетті органдар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына
мыналар жатады:
1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз
4)мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық,
Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардан
және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе
Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол
тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық
алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң
шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы
органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан:
және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар
қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді
депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады.
Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-
аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар
шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын
алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек
құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар
Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны
делегаттық заңдылық деп атайды.
парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің
қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және
орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның
мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма бес
керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы
және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы
ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа
адамдар депутат болып сайланады. Парламент негізгі заң шығарушы орган.
Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек
отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро,
жұмыс органдары – тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып
табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда
парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім
мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастамакөтереді,
конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын тыңдайды, өзінің
ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген
өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес,
Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте,
ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:
1) заңдар қабылдайды;
2)республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді,
бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды,
мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып
тастайды;
3)Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының
мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;
4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті,
әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін
және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 9-
бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз
депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік
даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған
төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны
Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының
қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады.
Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер
құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін
Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.
Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша
қаулылар шығарады.
Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және
қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.
Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар
Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен
Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.
Республиканың заңдары Республика Президенті қол қойғаннан кейін
күшіне енеді.
2.2 Атқарушы органдар
Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік
республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент
қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен
Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші
органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында
жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының
субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі –
атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін
басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган.
Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып
жүрген заңдарда белгіленген.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық
Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы
билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және
олардың қызметіне басшылық жасайды
. Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика
министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика
Президенті құрады.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық
Заңның 4-бабына сәйкес, Республика Үкіметінің өкілеттік мерзімі
төмендегідей: Республика Үкіметі Президенттің өкілеттік мерзімі біткенше
іс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президенті алдында
өзінің өкілеттіктерін доғарады. Республика Үкіметінің жаңа құрамы
бекітілгенге дейін Республика үкіметі өз міндеттерін
Мемлекет органдарының түсінігі жəне түрлері. Мемле-кеттік орган – бұл
мемлекеттік міндеттерді орындаушы жəне осы мақсатта сəйкес биліктік
өкілеттіктерді иеленген ұйым немесе мекеме. Əрбір мемлекеттік органға
мыналар тиесілі: а) оның оралымды басқаруындағы мемлекеттік, қазыналық
мүліктер; ə) қаржы құралдары, банктегі есепшот, бюджеттен қаржыландыру
көзі; б) өзіне тəн ұйымдастырушылық құрылымы, онымен байланысты
қызметтік бағыныстылық жəне қызметтік тəртіп жүйесі; в) биліктік
өкілеттіктердің қажетті көлемі, олардың негізінде лауазымдық тұлғалар мен
алқалық органдар заңды міндетті əрекеттерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік органдардың түрлері:
1. Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысанына қарай мем-лекет органдары
2. Биліктің тармақтарға бөліну қағидасы бойынша – заң шыға-рушы,
3. Қызметінің құқықтық нысандары бойынша – құқықшығару-шы, құқыққолданушы жəне
4. Бағыныстылық деңгейіне байланысты – республикалық жəне жергілікті органдар.
5. Өкілеттіктерінің мерзіміне байланысты – тұрақты (қызмет ету мерзімі
6. Құзіретінің сипатына қарай – жалпы (мысалы, Үкімет) жəне
Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің
келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:
1)мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс
қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі
бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2)Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы
есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;
3)Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын
қамтамасыз етеді;
4) Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
6) Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және
жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
7) Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де
орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын
толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
8) Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың
басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне
жүктелген өзге де қызметтерді орындайды.
Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның
орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11
мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық және
инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда
және Республика Президентінің алдында жауапты .Премъер – Министр
және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның
құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына
Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті
мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген
шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика
атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың жəне оның қызметінің
қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет
негізгі бағыттарын анықтайтын баста-машылық ережелер. Оларға мыналар
жатады: адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының артықшылығы
қағидасы, бұл қағидаға сəйкес, мемлекеттік қыз-метшілер аталған құқықтар мен
бостандықтарды мойындауы жəне қорғауы тиіс; демократиялық қағидасы, бұл
қағида мемлекеттік органдар қызметін қалыптастыру мен ұйымдастыруға
азаматтардың кең көлемде қатысуын білдіреді; биліктің тармақтарға бөліну
қағидасы, бұл қағида билік органдары мен лауазымды тұлғалар тарапынан
заңсыз əрекеттерді болдырмауға негізделген;
4) заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметші-лердің Конституцияны, заңдар
5) жариялылық қағидасы, бұл қағида нақты бір мемлекеттік органдардың
6) кəсібилік қағиадсы, бүл қағида мемлекеттік аппарат қыз-метінде мейлінше
7) алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік
8) сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесу қағидасы, бұл қағида мемлекеттік
9) бағыныстылық (иерархичность) қағидасы, бұл қағида мемле кеттік органдардың
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында
мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық
үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас
басқармасы,комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де
республикалық мемлекеттік басқару органы.Үкіметқұрамында орталық
атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің
жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің,
мемлекеттік комитеттің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару
юолып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті
шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының,
сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында
басшылықты жүзеге асырады.
Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына
тоқталып өтетін болсақ.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық
Заңның 4-тарауы Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыруға
арналған.
Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізіліп отырады.
Үкіметтің отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті
шақырады. Үкіметтің отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етеді, ол
болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрдің міндетін
атқаратын Премьер-Министрдің орынбасарлары төрағалық етеді. Үкімет
ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика
Президенті төрағалық етеді. Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі Үкімет
отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкімет
оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
Үкімет отырыстары ашық нысанда өткізіледі. Президенттің не
ПремьерМинистрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі
мүмкін. Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламент
белгіленеді.
Республика Премьер-МинистріҮкіметтің жұмысын ұйымдастырады
және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік міндеттерді бөледі;
Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен,
Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен
қарым-қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан
өкілдік етуді тапсырады; халықаралық қатынастарда Үкімет атынан өкілдік
етуді тапсырады; Үкімет мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы
органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған өзге
де өкілеттіктерді атқарады.
2.3Сот билігі
Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес,
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады.
билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін
қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен
белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан
Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғ Соты мен
Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген
соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында
Республикасының Әскери соттары
алуына байланысты 1993 жылы қабылданған Республикалық Конституцияда
сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік
Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені
көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік биліктердің қатарында екендігіне
кепілдік берілді. Аталған Конституция судьялардың сайлануы мерзімін 10
жылға дейін ұзартты. 1995 жылы 30 тамызда
мемлекетіміздің жаңа Конституциясының дүниеге келуінен басталды. Жаңа
кезең бойынша сот құрылымына тек Республика Жоғары Соты
жергілікті соттар жататындығы белгіленіп, бұл соттар тұрақты судьялардан
тұратын болды. Сөйтіп, бұрынғы Конституциялық Сот және Жоғарғы
Төрелік Сот таратылды.
2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының
Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін
күшейту жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен байланысты.
Жарлықпен Республикадағы соттар қызметін материалдық-техникалық
және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі
жөніндегі комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің
толығымен шығарылды.
Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи
маңызы бар келесі тағы бір оқиға – 2000 жылдың
«Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі
туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы. Бұл Заң судьялардың
құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы Сот
Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілдіктерін кеңейтті.
Республиканың сот жүйесі Конституциямен және Республиканың
конституциялық заңымен белгіленеді. Республиканың Конституциясында
белгіленгендей, кез келген басқа органдардың, лауазымды тұлғалардың
немесе басқа тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға хақысы жоқ.
Сонымен қатар Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және
төтенше соттар құруға жол бермейді.
Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады
және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын,
бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, Республика
Конституциясының, заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің,
халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз ету.
шешімдердің, үкімдері мен өзге де қаулылардың Республиканың бүкіл
аумағында міндетті күш болады, оларды орындамау, сол сияқты сотты
сыйламаудың өзге де көріністері заң бойынша жауапкершілікке әкеліп
соғады.
заңға ғана бағынады.
Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да
араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп
соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Заңды қолданған кезде судья төмендегі принциптерді басшылыққа
алуға тиіс:
танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;
әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;
міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын
заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін
үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң
қолданылады;
белгіленгеншектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға
міндетті емес;
өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;
пайдасына қарастырылады;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылды 1 қыркүйегіндегі
«Қазақстан Республикасының сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі
шаралар туралы» Жарлығымен республикадағы сот тәуелсіздігінің жаңа бір
кезеңі басталды. Жарлықпен репсубликадағы сот тар қызметін материалдық-
техникалық және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын
ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот
әкімшілігі жөніндегі Комитет құрылып, сот билігі атқарушы биліктің
ықпалынан толығымен шығарылды.
Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи маңызы
бар келесі тағы бір оқиға 2000 жылғы 25 желтоқсандағы
Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы»
Конституциялық Заңның қабылдануы.
3.Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының
негізгі қағидалары
Қазіргі мемлекеттік аппараттың қызметі мынадай қағидалармен
реттеледі: мемлекет аппаратының ішкі құрылысы және құзыретінің
нәтижелі, тиімді болуы. Ол үшін оның қызметі демократиялық,
Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиіс. Мемлекеттің
лауазымды адамдары, қызметкерлері нормаларды жоғары этикалық дәрежеде
орындауы қжет. Мемлекеттік аппарат халықтың мүддесін қорғап, соны іске
асыруға міндетті. Халықтың мемлекетті басқару процесіне қатысуының
демократиялық жолдары – оларды сайлауға қатысуы, халықтың өкілдері
мемлекеттік аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына мемлекет кепілдік береді. Халық мемлекеттік аппараттың
қызметіне көмек беру үшін қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттік
аппаратпен байланысатын саяси жүйені құрады. Конституцияның 33-
бабында «Азаматтардың тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекеттің
өкілдік, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс істеуі
жөніндегі әрекетін жүзеге асыру мүмкіндігі» делінген. Қатысудың түрлері
былай деп белгіленеді: мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару
органдарына жеке және ұжымдық өтініштер жолдау; мемлекеттік органдар
мен өзін -өзі басқару органдары сайлау және оларға сайлану,
қатысу, мемлекеттік қызметке кіру.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастырудың және оның қызметінің
қағидалары – бұл мемлекеттік органдарды құру мен олардың қызмет
негізгі бағыттарын анықтайтын бастамашылық ережелер. Оларға мыналар
жатады:
1)адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының
артықшылығы қағидасы, бұл қағидаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер
аталған құқықтар мен бостандықтарды мойындауы және қорғауы тиіс;
2)демократиялық қағидасы, бұл қағида мемлекеттік органдар қызметін
қалыптастыру мен ұйымдастыруға азаматтардың кең көлемде қатысуын
білдірді;
мен лауазымды тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттерді болдырмауға
негізделген;
4)заңдылық қағидасы, бұл барлық мемлекеттік қызметшілердің
Конституцияны, заңдар мен заңға сәйкес актілерді сақтау міндеттілігін
білдіреді;
органдардың тәжірибелік қызметіне қатысты құқық субъектілерінің
ақпараттармен танысуын білдіреді;
6)кәсібилік қағидасы, бұл қағида мемлекеттік аппарат қызметінде
мейлінше кәсіби қызметкерлерді пайдалануға қолайлы жағдайлар жасайды;
7)алқалық пен жалғызіліктіліктің үйлесу қағидасы, бұл қағида
мемлекеттік аппараттың демократиялық және бюрократиялық
бастамаларының саналы сәйкестігін қамтамасыз етеді;
8)сайлаушылық пен тағайындаушылықтың үйлесіру қағидасы, бұл
Қағидамемлекетті басқарудағы орталықтандыру мен орталықсыздандырудың
тиімді байланысын білдіреді;
мемлекеттік аппараттағы әртүрлі деңгейде орналасқанын білдіреді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қарастырып өткен тақырыпты қорытындылай келсек, мемлекеттік
аппарат дегеніміз – бұл мемлекеттік билік пен мемлекет функцияларын
жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жүйесі, басқаша айтқанда,
мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын атқару билігі органдарының
жүйесі.
Сонымен, мемлекеттік аппарат өкілетті, атқару жане сот Биліктерінің
органдарына бөлінеді. Екіншіден, мемлекеттік органдар төменгі және
жоғарғы органдарына бөлінеді. Үшіншіден, мемлекеттік органдар жоғарғы,
орталық жане жергілікті органдарға бөлінеді.
Ал, мемлекеттік органдар деп мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне
өкілеттігі бар құрылымдық элементін айтамыз. Мемлекеттік аппарат ұғымы
мемлекеттік органдар түсінігінен ауқымды болып келеді. Екеуін
шатастыруға болмайды.
Біздің Республикамыз егеменді, құқықтық мемлекет, демократиялық,
зайырлы, әлеуметтік, тәуелсіз деп танылғаннан бері мемлекеттік аппаратта
біршама өзгерістер болды. Осы өзгерістердің енгізілуімен мемлекеттік
аппарат құрылымының әр элементі дербес, тәуелсіз кең өкілеттіктерге ие
болды.
өзгерістер кеңірек ашылды деп ойлаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Жоламан Қ. Д., Мұхтарова А. Қ., Тәукелев А.Н.
2. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы. 27б.
3. Булгакова Д.А. «Мемлекет және құқық теориясы». Оқу құралы.
4. Ағдарбеков Т. «Мемлекет және құқық теориясы» Оқулық. –
5. Қазақстан Республикасының «Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі
6.«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. //Егемен
7. Қазақстан Республикасының соттарының қысқаша тарихи кезеңдері. Зерттеу нәтижесі.
8. Мемлекет және құқық негіздері. Оқулық. Алматы. 574б.