ЖОСПАР
Кіріспе 2
1-бөлім. Теориялық-методологиялық бөлім. 2
1.1 Қаржы және инфляцияның шығу тарихы 2
1.2 Қаржы және инфляция: мәні мен мазмұны 4
2-бөлім. Инфляция, оның Қазақстандағы ерекшеліктері 8
2.1 Инфляция, оның Қазақстандағы ерекшеліктері 8
2.2 Инфляцияның альтернативті көздері және түрлері 9
2.3 Инфляция деңгейін өлшеу 12
3-бөлім. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 12
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16
Кіріспе
Қаржы нарығы — құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының
жиынтығы. Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық және т.б.
капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі
мен Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде
оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте.
1-бөлім. Теориялық-методологиялық бөлім.
1.1 Қаржы және инфляцияның шығу тарихы
Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш
нарықтағы туралы қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент табиғатына қарама-қайшы болды. Алтын мен күміс
арасындағы шекті қатынасты белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу нәтижесіз болды.
Күмістің құнсыздануы, нәтижесінде алтын монеталар айналыстан қазынаға кете бастады. Монометаллизм - жалпыға
эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометаллизм алғаш рет
Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда 18711873 жж., Францияда 1876 1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШта 1900 ж.
белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 – 1852 жж., Үндістанда 1852 1893 жж., Нидерландыда 1847 1875 жж.
қолданылды. Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:
1. Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын
монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
2. Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда банкноталар заңмен бекітілген соманы (Ұлыбританияда
1700 фунт стерлинг, Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді)
ұсынған жағдайда алтын құймаларына фйырбасталды.
3. Алтын девиз стандарты - Германияда, Австралияда, Данияда, Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың
алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің
валютасына тәуелділігін көрсетті.
Ақша айналысы...
1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын монометаллизмнің барлық формалары жойылды.
Алтынға айырбасталмайтын несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз етілуі және оны
алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында тоқталды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын
алтынға айырбастау да тоқталдьь Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай
айырбасталды. Несиелік ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асап түрады. Эмиссиялық жүйені реттеу
ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы,
қаржы және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік
қажеттілігінен артық айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты. Шаруашылық механизмінің
құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез келген
сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға
тең санат ретінде қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.
Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана
емес, сондай-ақ қолма-қол емес төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие нарығы банктердің ортаща жөне ұзақ мерзімді несие жөніндегі банктік несие операцияларына байланысты, бұған
коммерциялық несие де жатады.
Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелері немесе куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын
кейде қор нарығы деп те атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің қозғалысына қызмет етеді.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы — кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың
уақытша бос қаржысын жинап қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады: 1.
Реттелген тауар нарығының болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арналуы бойынша сұраныс пен
ұсыныстың тепе-теңдігі; 2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын дұрыс реттеу; бұған қолма-қол және қолма-қол емес
айналым эмиссиясына бақылау жасау жатады;
3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие ресурстерын еркін нарыққа орналастыру: несие
ресурстарының қозғалысын Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық банктердің
міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар жүргізуі арқылы реттеледі. Қаржы нарығы қызметінің
алғышарттары мыналар болып табылады:
1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік
сектордың, материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық буындарына неғұрлым кең дербестік
беру;
2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту,
кәсіпорындар арасында қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын ақшалай табыстарының өсуі; Бюджет тапшылығын
қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды доғару; республикалық жөне жергілікті бюджеттердің тапшылығы мемлекеттік
займдар шығару арқылы жабылады.
Қаржы нарығының маңызы 6oc ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана
айқындалып қоймайды. Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс барысында қаржы
ресурстарын қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың,
тұтас халық шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды объектілер мен салаларға аудару арқылы
жақсартады. Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын
пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді жене қамтамасыз етумен айқындалады.
1.2 Қаржы және инфляция: мәні мен мазмұны
Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс істеуі экономика дағдарысынан және онымен
қабаттасқан инфляциядан болған қиындықтарға кезігуде.
Инфляция елеулі әсер ететіндіктен, құнды қағаздар қысқа мерзімді әрі құны түспейтін болуы тиіс. Баға ұдайы өсіп отырғандықтан,
инвесторлар ұзақ мерзімге қаржы салмайды. Инфляция жағдайында ұзақ мерзімді инвестициялар тауарға, валютаға,
жылжымайтын мүлікке салынады. Құнды қағаздарға салу тиімсіз. Қаражаттың жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен
депозиттердің пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне жеткізеді. Нәтижесінде құнды қағаздар банктердің ақша-несие
операцияларымен бәсекелесе алмайды.
Экономикалық кеңістіктегі саяси тұрақтылық қаржыны жандандыруы мүмкін. Мұндай жағдайда құнды қағаздардың бастапқы
нарығы дамиды, екінші (биржа) нарықтың жағдайы саяси экономикалық жағдай тұрақтанғанға дейін анық болмайды.
Инфляция қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді
болшақта, сондай-ақ ақща массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы ақша массасындағы
өзгеріс болып табылады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен
байланыстырады. Инфляция термин латын сөзі inflatio (вздутие) қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-1865
жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. XIX
ғасырда бұл термин Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі XX ғасырда
бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта
кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің
құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған
қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән
"ғажайып" құбылыс емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі
саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең
өткір проблемаларының бірі.
Инфляцияның себептері
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның
алтынға қатысты құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп қарастыруда жатыр. Ең
алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның ұсынысынан артық болумен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс
пен ұсыныстың сәйкелістігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы
экономикалық жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, 70-жылдарлағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының өсуінен
(мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы
бағаның деңгейі 7%-ға, 1979 жылы 9% артты. Ақша әсеріне тыс, тауар багаларының өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына,
циклдық және маусымдық тоқырауға, ұдайы өндірістен құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен
экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің девальвациялануы мен
ревальвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б
байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін, инфляцияға жатқызуға болмайды. Циклдық түрлі фазаларынан өту
барысында (әсіресе XIX XX ғасырдың бас кезіне тән «классикалық түрі» ) бағалардың динамикасы өзгеріп отырады.
Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да
көтеріледі. Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық тоқыраудың тағы бір көрінісі жалақының өсуі
еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен
аймақтардағы құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты толықтыру барысында, баға
төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз? Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске
ұстап, оның ішіндегі ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің
тапшылығынан көрінді. Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, басқаша айтқанда "ақша
станогы" белсенді пайдалынылса, онда айналыста ақша массасы көбейді. Айырбастың сандық теңдігін MV = РО еске түсірсек
М мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық. Екіншіден, осындай жолмен қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның
инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық
табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар олар қоғамдық байлықты текке рәсуә етеді. Әскери
ассигнациялар бір сөтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша
массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік
қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономикалық ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген баға кезіндегі
рынокта көптеген өндірушілер болып, өнімдерінің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем ұқсамайды. Қазіргі рынок
белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары
деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік жасайтын
рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа
өндірушілердің келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында
"импорттық" инфляцияның қаупі туады. Жоғарыда айтылған 1973 жылғы энергияға бағаның шарықтауы (энергетикалық
дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп, технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына
әкелді. "Импорттық" инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын
жоғарлату арқылы мұнай импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық бағасын да
қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол "инфляцияны күту" нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін
жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір
сүруге үйренген халық, бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны көбейтуді талап етеді. Халық
тауарларды көптеп алады, өйткені олардың бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдерінде өте жоғары баға
белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, Материал, қосалқы бөлшектер қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы
(қаңтар көкек 1992 жылы) инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың бағаны көтеру
мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын жоғарлатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД
елдеріндегі бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгей ғана емес, инфляцияны күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын
факторлардың комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс Еуропада II
дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Оған кейінгі жылдарда
инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының ара қатысы, инфляцияны басқа елдерден
келуі және т.б. факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы
инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады, ол қасына тән жағдай ЖҰӨ-дегі
әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі, ұлттық
табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т. б. ерекшеліктер.
"Инфляция" термині АҚШ-та 1861-1865 жж. Азамат соғысы тұсында, екі жыл ішінде доллардың 60 %-ға сатып алу қабілетінің
төмендеуі кезінде қолданыла бастады.
КСРО халық шаруашылығындағы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы мойындамай келген. Инфляция бұл тек
капитализмге ғанa тән, ал социализм жағдайында, жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген фактілер оған
себеп болды. Шындығында да, директивті түрде баға белгілеу барысы, халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының
бағаларын тұрақты дейгейде ұстап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі бір өзі ғана инфляцияны
өлшейтін құрал болып табылмайды, Инфляция, сондай-ақ өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы көтерме сауда
бағасының деңгейімен, ЖІӨ дефляторыменен сипатталуы мүмкін.
Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен байланысты өсіп отырды. Экономиканың әр түрлі
секторларындағы табыстарды мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек сауда бағасы
тұрақты болып отырды. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір
тауарлардың бөлшек саудада болмағанына қарамай, төменгі бағалары сақталып қалды Мұның барлығы жабық инфляцияның
болғандығы туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз. I
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның себептеріне: 30жылдардан басталған өндіріс құралдары мен
тұтыну заттары өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін үлкен шығыстар;
Қазақстандағы өнеркәсіптердің ендіру салалары мен ауыл шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының
тиімсіздігі; баға белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ болуы. Бағаны
ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарға өту мүмкін еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне, инфляцияға жол
берілді.
Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке тұтыну бағаларының индекс (ТБИ) жатады. Ол үй
шаруашылығының "тұтыну қоржынына" жататын жекелеген тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын ескере отырып,
бағаның өсуі индекс негізінде анықталады. ТБИ Қазақстанда 1991 ж. бастап анықталды. "Тұтыну қоржыны" 275 тауарлар мен
қызметтер түрін қамтиды. Бағаның құрылымы мен тұтыну тауарларының өзгеруіне байланысты ТБИ қайта қаралып, өзгеріп
отырады. 1996 ж. шілдеден бастап, 1995 жылғы әрбір жанұя бюджетін зерттеу нәтижесінен келіп "тұтыну қоржынындағы"
тауарлар мен қызметтер үлесі былай анықталынды: тамақ өнімдері 62,6% (бұрынғысы 58,2% болған), азық-түлік емес
тауарлар 23,2% (30°/)о); ақылы қызмет 14,2% (11,8%).
Шартты түрде инфляцияны мынадай түрлерге бөлуге болады:
1. глобалдығына қарай локальдық, яғни жекелеген елдерде ғана орын алатын және дүниежүзінде;
2. даму қарқынына қарай төмен, бәсең, гиперинфляция;
3. супергиперинфляция, яғни бағаның өсуі 5%дан аспайтын болса; циклдігіне қарай жылжымалы (бағаның біртіндеп өсуі), тұрақты,
сатылы.
Егерде инфляция экономикадағы құлдырауға байланысты болса, онда бұл стагфляция деп аталады.
Көп уақыттар бойы айналыстағы ақша массасы мен инфляция арасындағы тәуелділік экономис-монетаристердің назарында
болды, солардың ішінде танымал Милтон Фридмэн де бар. Монетаристер ақша массасындағы өзгеріс инфляцияның негізгі
факторы болады деп санайды.
2-бөлім. Инфляция, оның Қазақстандағы ерекшеліктері
2.1 Инфляция, оның Қазақстандағы ерекшеліктері
Инфляция процесінің Қазақстандағы дамуы да осы көзқарасты куәландырады. Айналыстағы ақша массасының өсу қарқыны
бағаның үнемі өсуін ынталандырды. Осылайша, 1993 жылы ақша массасы 6,3 есе, ал баға 21,7 есе; 1994 жылы ақша массасы
мен инфляцияның өсу қарқыны соған сәйкес 845% және 125%; 1995 жылы 216% және 160% құрады. 1996 жылы ақша
массасының өсуі баяулап, инфляцияның біршама төмендеуіне жол берді.
Қазақстан тәжірибесі инфляциямен күресу тек қана фискалды-ақша саясаты көмегімен жүзеге асырылатынын куәландырады.
Бірақ дүниежүзілік тәжірибеде, соның ішінде Бразилияда жоғары инфляция жағдайында өмір сүре білу тәжірибесі бар. Бұл
облыстағы көптеген экономистердің зерттеулері, қай елде болмасын, жылына 30-40%дан асатын инфляция жағдайында
экономикалық өсуге қол жеткізу мүмкін еместігін көрсетеді.
2.2 Инфляцияның альтернативті көздері және түрлері
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар
инфляциясын көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін айтады. I
1. Сұраныс инфляциясы.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынастарының бұзылуы сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер:
Мемлекеттік тапсырыстардың ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар)
Толық жұмыспен қамтылған кездегі өндіріс құрал жабдықтарына сұраныстың өсуі.
Өндіріс қуаттардың толық жұмыс істеуі
Кәсіп одақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу қабілетінің жоғарылауы (жалақының өсуі)
Осының салдарынан айналымға тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте жұмыспен қамту
толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда
айналымның төлем қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның жалпы деңгейі өседі.
2. Шығындар инфляциясы.
Бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық
тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны
көтеру талабынан және т. б. болады. Тәжірибеде инфляцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-бірімен тығыз
байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі
мүмкін.
Шығын инфляциясының теориясы баға деңгейінің өсуін орташа шығындардың өсуіне әкелетін факторлармен түсіндіреді. Орташа
шығындарды мынадай тәсілмен шығаруға болады: өндірісте қолданылатын ресурстардың жалпы шығынын өндірілген өнімнің
көлеміне бөлу керек, яғни:
Жалпы өндірістік шығын (ТС) Орташа шығын (АС)= Өнім бірлігінің саны
Орташа шығынның өсуі табысты өндіріс көлемін қысқартады, ал фирмалар өндіріс көлемін қазіргі баға деңгейімен ұсынуға дайын.
Нәтижесінде барлық экономика аумағында тауар ұсынысы мен қызмет ұсынысы азаяды. Бұл ұсыныстың азаюы баға
деңгейінің өсуіне әкеледі. Соған орай, шығындар бағаның өсуіне итермелейді, ал сұраныс инфляциясы кезінде бағаның өсуіне
сұраныс өсер етеді., Шығын инфляциясының пайда болуына екі негізгі себеп бар: а) атаулы төлемақының өсуі; ә) энергия жөне
шикізат сияқты рерурстарға бағаның өсуі.
Төлемақының өсуінен пайда болған инфляция. Шығын инфляциясының теориясы бойынша кейбір жағдайларда бұл инфляцияның
шығу себебі кәсіподақтан болуы мүмкін. Бұл былай түсіндіріледі: ұйымдық келісімдер көмегімен кәсіподақтың атаулы
телемақылар мөлшерлемесін (ставка) қадағалауға мүмкіншіліктері бар. Ірі кәсіподақтар төлемақыны ұлғайтты және мұндай
деңгейдегі төлемақыны кәсіподақ қатарына кірмейтін жұмысшыларға тағайындады делік. Егер барлық мемлекет аумағында
төлемақының өсу і, қандай болса да факторларға байланысты теңесе (мысалы, сағат бойынша жұмыс істеудің үлгісі), орташа
шығындар өсіп кетеді. Бұған фирмалар өндірісті және тауар мен қызметті қысқартуымен жауап береді. Осы жағдайда атаулы
төлемақының өсуі байқалады; бұл инфляцияның түрін төлемақының өсуінен пайда болған инфляция деп атайды, бұл шығын
инфляциясының бір түрі.
Ұсыныс механизмінің бұзылуынан пайда болған инфляция. Шығын инфляциясын ұсыныс механизмінің бұзылуымен түсіндіретін
теория өндіріс шығындарының өсу себептерін және өнімге пайдаланылатын шикізат пен энергияға ойламаған шығынның
көбеюін қарастырады. Мысалы: 1973— 1974 жылдары және 1979—1980 жылдары мұнай бағасы қатты көтерілді. Осы мезгілде
энергияның бағасы өсіп жатты және өндіріс шығындары да өсті. Бұл шығын инфляциясының жылдам өсуіне әкелді.
Инфляцияның түрлері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте, төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді.
Мысалы, соғыс жылдарында мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемінде қағаз ақшаларды шығаруға мәжбүр
болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол айықбас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%дан аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер,
мұндай инфляцияны экономикалық даму үшін онды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық саясат жүргізуші субъекті
деп есептейді.
Мұндай инфляция өндіріс пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды инфляция тұсында бағаның өсуі 20дан 200 пайызға жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ
көптеген контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады,
Аса зор, шексіз инфляция айналымдағы ақша мөлшері мен тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді.
Мысалы, Никарагуада, азамат жылдары соғысында бағаның жылдық өсуі 3300 пайызға дейін жетті. Мұндай жағдайда халық
үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан
өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары
болиды. Мұндай құбылыс, мысалы, 19451946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілер ұлттық валютаға деген
сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша
айтарлықтай өсіп, ол оның санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды.
Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері болатындығын атап өту орынды. Басыңқы инфляция
кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60 ж. көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен жүрді. Ал 70 ж. ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндірістің
қалыпты жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жалына айналды. Инфляциялық процестің ең қызған шағы 70ж. екінші
жартысы. Мысалы, бөлшек сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШта 1956}965 ж. 1,7%, 19661974 ж. 5,1%, 19751980 ж,
9,3% болды. Англияда осы кезде ол 3,1, 6,0 және 17,9%, Францияда 5,0;5,9 және 10,9%. 80 ж. соңына қарай бағаның өсу
қарқыны төмендеп, жылына 4 пайызға тең болды, 1987 ж. 3,7 пайызға төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді.
Мұны көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі. баға
бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу шаралары.
Инфляция баланстанған, тепе-теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі баяу және Ол барлық тауарлармен қызметтерге бірдей
өседі. Мұндай жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка процент көбейеді, бұл бағалардың тұрақтану кезіндегі
экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу керек. Kүткeн инфляцияның мерзімін анықтауға
болады, үкімет оны жоспарлайды.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсумен сипатталады, ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер
етеді. Егер экономикалық инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп артық тауарлар сатып
алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы
шын қажеттілік бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан шарықтауы инфляцияны күтуді
одан әрі арандандатып, бағаның өсуін өршітеді. Егер бағаның тұтқиылдан өсуі "инфляция күту" басталмаған эконрмикада
орналса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді
деген үмітпен, тұтынушылар рынокқа сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап жинауға
тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы
да өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Мұнда рыноктық шаруашылық қызметінің әсерін, онды нәтижесін көрсетілді. Мұны Пигу
эффектісі деп атайды.
2.3 Инфляция деңгейін өлшеу
Инфляция баға индексі арқылы өлшенеді. Есімізге түсірелік, жалпы базалық мерзім баға индекс арқылы анықталады.
Инфляция деңгейін мына жолмен есептеп шығаруға болады: Осы жылдың (1999 жылдыі0 баға индексін алдыңғы жылдың (1998
жылдың) баға индексінен шығарып, айырмасын алдыңғы жылдың (1998 жылдың) баға индексіне бөліп, содан кейін оны пайыз
түрінде шығару үшін 100ге көбейтеміз. Мысалы, 1998 жылғы тауарлар тұтыну баға индекс 154,5 тең болса, 1999 жылы —. 158,2
болды. Сонымен, 1999 жылдың инфляция деңгейі мына жолмен анықталады:
Инфляция қарқыны = (158,2154,5) /154,5 * 100 =2,3%
"70-ереже" деп аталатын ереже инфляцияны басқаша анықтауға мүмкіндік береді. Бұл бағалардың екі еселенуіне керекті
жылдарды тез есептеп табуға көмектеседі. Ол үшін тек қана 70 деген санды жылдық инфляция деңгейіне бөлеміз:
3-бөлім. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын
жоғарылатып, уақытша коньюктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі
келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністердің тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой
бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясатты жүргізуге жол
бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп,
бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылын; тудырып ақша корлануына ынтаны жойып, ақіранесие
қызметін бұзады. Бүдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің
интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншіге аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа болып, номиналды жалақының салық
үстіне салық өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық
жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.
Қиыншылықтар. Біз инфляцияны екі типке бөлдік — сұраныстың артуынан және шығындардың өсуінен болатын. Күнделікті өмірде
бұл екі типін ажырату қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары тез арада өсті, артынан жиынтық шығыны көбейді, бұл
сұраныс инфляциясын тудырады. Егер тауарларға, pecypcтapғa сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға,
ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады Сол кезде өндіріп жатқан тауарлардың бағасын көтеруге
мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция
шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда
байқалады, Ал инфляция шығыны автоматты түрде өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған кезде нақты ішкі өнім көлемі және
айналым қысқарады. Бұл шығындардың өсуіне кедергі болады. Иифляцияның үйлестірімді әсері және инфляцияның зардабы:
Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін керелік. Баға деңгейі және ЖІӨ арасында
белгілі бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем жөне өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта көтеріледі немесе
қысқартылады. Бірақ соңғы І 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал
бағалар өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде түр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің
және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін жөне табыс жіктелуін көре аламыз. Егер ұлттық табыс
өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді? Атаулы және нақты табыс. Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс
және нақты табыстың айырмашылығын білуіміз керек. Атаулы табыс — бұл айлық немесе пайыз түрінде алынған ақшаның
саны. Нақты табыс — бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни біз осы табыс арқылы атаулы табысты сатып аламыз.
Егер атаулы табысыңыз бағаның өсу деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс өседі. Және, керісінше, егер баға өсу
деңгейі атаулы табыс деңгейіне қарағанда тезірек өссе, онда нақты табыс азаяды.
Егер атаулы табыс 10% өссе, ал баға деңгейі 5% өссе, онда нақты табыс 5% өседі және керісінше, 5%дай атаулы табыс болса,
инфляция 10%, сонда нақты табыс 5% болады. I
Тұрақты атаулы табыс алушылар. Атаулы және нақты табыс арасындағы айырмашылық бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс алған
адамдарға инфляция жазалаудың бір түрі. Инфляция тұрақты табыс алушылар арқылы, басқа адамдар тобына табысты
жіктейді.
Классикалық мысалға зейнеткерлерді алуға болады, оларға тұрақты зейнетақы атаулы табыс әкеледі. 1980 жылы зейнеткерлікке
шыққан адамның тауарларды мол сатып алуға мүмкіншілігі бар еді, ал 1995 жылы сатып алу қабілеті жартысына дейін
төмендеп кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға болады.
Мүлік иелері. Инфляция мүлікті сақтаушыларға да үлкен зардап әкеледі. Баға өсуінен нақты тауардың бағасы төмендейді. Мысалы,
бір кісі 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін 1000 долл. тығып қойды делік, сонда нақты баға құны жартысына дейін
төмендейді. Бірақ сақтау формаларының бәрі пайыздық табыс әкеледі. Егер инфляция пайыздық мөлшерлемеден жоғары
болса, онда сақтап қойған тауардың құны төмендейді. Мысалы: А. отбасы 1000 долл. 6%бен банкке сарды дейік. Инфляция
13%ға өсті. Жылдың соңына 1000 долл. құны 938 долл. болады. Сонда ақша салушы 1060 алады (1000 долл. + 60 долл.
пайызбен).Қарыз алушы және несие беруші (дебитор және кредитор). Қарыз алушы және несие беруші арасында инфляция
табыстарды үйлестіреді. Болжалды инфляция қарыз алушыларға несие берушілер арқылы пайда әкеледі
Мысалы, сіз банктен 1000 долл. алдыңыз, оны 2 жылдан кейін қайтаруыңыз керек; егер осы 2 жыл ішінде жалпы баға деңгейі өссе,
онда 1000 доллардың орнына 500 доллардай бересіз; сонымен инфляция кезінде бағаның құны төмендейді. Болжалды
инфляция. Егер адамдар:
1) инфляцияны алдын ала біліп отырса;
2) атаулы табыстарын болжалды баға деңгейінің өзгеруімен теңестіруге жағдайы болғанда, мысалы, 60жылдардың аяғында
басталған инфляция 70 жылдардағы кәсіподақтарға жан берді, олар жұмысшылардың жалақысы инфляциямен үйлестіріліп
есептелуі керектігін айта бастады.
Болжалды инфляция кезінде несие берушілер мен қарыз алушылар арасында табысты үйлестіру басқаша түрде болуы мүмкін.
Мысалы, егер несие беруші (коммерциялық банктер) және қарыз алушы арасында келісім жасалса, яғни егер баға деңгейі
өзгермелі болса, онда бір жылға 5 пайызбен беруге келіссе, бірақ келесі жылға дейін 6%ға дейін өсті дейік; егер банк қарыз
алушыға 5%дан 100 долл. берсе, онда ол жылдың соңында 105% алады, бірақ инфляция о