Негізгі капиталдың пайдалану тиімділігін бағалау
КІРІСПЕ
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттің экономикалық
саясатын қалыптастыра отырып, ел экономикасының шикізаттық даму бағытынан арылып, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту
жолымен экономика саласын диверсификациялау жолымен тұрақты даму жолына қол жеткізуді көздейді. Сондықтан өңдеуші
өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге жарамды және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және
қызметтер өндірісі мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламаны
жүзеге асыру экономика құрылымына сапалы өзгерістер әкелетіндігімен, соның ішінде адамзат, өндіріс және табиғи
капиталдарды тиімді пайдалана отырып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал ететіндігімен сипатталады.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор
маңызы бар.
Ел Президентінің халыққа жолдауында “Жаңа экономика кең тұрғыда - бұл жоғарғы технологиялар ғылымды көп қажет ететін,
барлық салалар мен сегментерде инновациялармен қаныққан экономика. Шикізаттық және индустриялдық экономикадан
санаткерлік ресурстаға, ғылымды көп қажетсінетін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа
құбылысқа көшу әлемдік шаруашылық барынша маңызды үрдістердің біріне айналды” деп атап өтудің маңызы зор. [1]
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне,
сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Мұнда жоғарғы өнімді
техникалар қолдану мәселелері кең тұрғыда шешілуі керек. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі
нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және
компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді уйымдастыратын және білікті
қызметкерлерге жоғарғы табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса. Сонымен қатар қазіргі
жағдайда кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай – күйінің орнығуында негізгі капиталдың атқаратын рөлі аз емес.
Отандық есептік аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалауда жүргізілмейді.
Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз. Нарықтық экономика жағдайында
әрбір кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Міне, осы табыс табуда
кәсіпорынның негізгі капиталы басты орын алады. [2]
Қазіргі таңда негізгі өндірістік қорлардың жағдайы мен оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы
нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорында негізгі құралдар мен өндірістік қуатын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру барлық
техника-экономикалық көрсеткіштердің оң нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде өнім көлемінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне,
дайындаудың еңбек сыйымдылығына, табыстау және өндіріс рентабельділігінің өсуіне ықпал жасайды.
Кәсіпорында негізгі капиталды қалыптастыруда ұтымды саясат жүргізудің маңызы зор. Ол ең алдымен кәсіпорында
шығарылатын тауарларға нарықтық талаптарды және негізгі өндірістік қолардың салалық ерекшеліктерін ескеру негізінде
жүргізілуі тиіс. Кейінгі кезде еліміздегі өнеркәсіптегі негізгі капиталдардың жағдайына ерекше мән берілуде. Өйткені, оларды
пайдалану деңгейі өнеркәсіптің және жалпы халық шаруашылығының даму жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Мұнымен қай
кезде де кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану мәселесіне үнемі назар аударылатыны түсіндіріледі.
Демек, негізгі капиталды жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Оларды өз уақытысында ауыстыру, техникамен
жарақтандыру, модернизациялау, реконструкциялау үрдістерін жеделдету үшін инвестициялық және инновациялық
ресурстардың қажеттілігі туындайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа техникаға қажеттіліктің өсуі, әсіресе аграрлық
өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға инвестицияның жеткіліксіздігі, кәсіпорынның техникалық базасының төмендігінен және
инвестицияның тартымды болмауынан соңғы жылдары өнеркәсіптің өңдеу секторында инвестиция белсенділігі бәсең болып
келеді. [3]
Кәсіпорындағы негізгі құралдарды талдаудағы негізгі мақсат – кәсіпорындағы және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі
құралдармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыздығын және оларды пайдаланудың жалпылама және жекеше көрсеткіштерінің
деңгейін анықтау, олардың деңгейінің өзгеру себептерін талдау, негізгі құралдарды пайдаланудың өнім көлеміне және басқа да
көрсеткіштерге әсерін есептеу, негізгі құралдарды пайдаланудың интенсивтілігі мен тиімділігін резервтерді ашу. Сонымен қатар
негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері арқылы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалану дәрежесін
сипаттап көрсету маңызды болып табылады.
Негізгі өндірістік капиталдың нәтижелілігі арттырудың аса маңызды факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту
– деп санайды ғылыми мамандар. Ол үшін осы негізгі капиталдардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту ауыстыру
коэффициентін көбейту жолымен қол жеткізу керектігін ұмытпауымыз керек деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы Салық
кодексіне сәйкес негізгі капитал элементтері бір жылдан аса қызмет етеді және оларды алған сәттегі құны республикалық
бюджет туралы заңмен белгіленген тиісті қаржы жылына елуден аса айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жазылып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы - ‘Өндірістік кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану және
арттыру”.
Зерттеу объектісі – Ұн және макарон өнімдерін өндіруші кәсіпорын “Байсерке Агро” Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. “Байсерке
Агро” ЖШС-і Алматы облысының алдыңғы қатарлы ұн және макарон өнімдерін өндіруші кәсіпорын болып табылады. Негізгі
қызметі - ауыл шаруашылық шикізаттарын қабылдау, тазалау, кептіру қайта өңдеу, сақтау және қайта
қорытып олардан халық тұтынатын тағам түрлерін шығару болып табылады.
Байсерке Агро” ЖШС – нің басты тапсырмасы - қоғамдық тұтынушыларды өз өнімдерімен қанағаттандыру, түскен пайданы еңбек
ұжымының мүшелері мен кәсіпорын меншігінің экономикалық - әлеуеттік жақсартуға пайдалану болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда - кәсіпорында негізгі капиталды пайдаланудың
теориялық негіздеріне тоқтала келе, оларды бағалау әдістері мен амортизациялық аударым жарнасы және негізгі капиталдың
тиімділігін арттыру факторлары қарастырылады.
Екінші тарауда “Байсерке Агро” ЖШС-нің экономикалық белсенділігі мен кәсіпорында негізгі капиталдың пайдалану дәрежесіне
талдау жүргізіледі.
Үшінші тарауда негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін арттыру мен оның жолдары және кәсіпорын экономикалық әлеуетін
көтеру, сонымен қатар “Байсерке Агро” ЖШС-де негізгі капиталды пайдалануды арттыру жолдары қарастырылып отыр.
Қорытынды бөлім зерттелу тақырыбының мазмұнына сәйкес оның негізгі бөлімдері бойынша қорытындыла мен ұсыныстардан
тұрады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – бүгінгі күнде бәсеке қабілеттілікті көтеруде басты міндет ғылымды көп қажетсінетін отандық
өндірісті дамыту,Қазақстан кәсіпорындарындағы негізгі капиталдардың үнемі жаңартып отыру саясатының маңызын ашу.
Ал, оның басты міндеті – осы мәселелердің артықшылықтарын айқындап көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында кәсіпорында негізгі капиталды пайдаланудың теориялық және практикалық
аспектілеріне терең зерттеу жүргізіле отырып, негізгі капиталдың экономикалық мәні, кәсіпорында тиімді пайдаланудың
ерекшеліктері, кәспорында ұйымдастырылу саясаты, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардағы негізгі капиталды жаңарту
құралы, өндіріске иновациялық жаңалық енгізу құралы және тағы да басқа тақырыптар төңірегіндегі мәселелер
қарастырылады. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдылық құжаттары, ғылыми
мақалалар мен оқулықтар интернет сайттарының және кәсіпорынның нақты мәліметтері, бұқаралық ақпарат құралдарының
мағлұматтары, отандық және шетелдік ғалым экономистерінің еңбектері, үкімет бекіткен бағдарламалар мен қаулылар,
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттары қолданылды