Жезқазған

Скачать

Жезқазған



Кеңестер Одағындағы мыс кені мол негізгі аудандардың ең бай және қорының ең көп жері Жезқазған. 1935 жылы қаңтардың
1-дегі есеп бойынша Қоңыратта 2140 мың тонна, Дегтяркаде 1510 мың тонна мыс қоры болса, Жезқазғанда сол есеп бойынша
3230 мың тонна мыс бар, оның ішінде зерттелген мыс – 1330 мың тонна.

Жезқазғанның бұл толық зерттелген запасы 980 скважинаның мәліметі бойынша есептелген, бір скважинаға 2400 шаршы
метрдей жер тура келеді, орташа есеппен рудалы жерден 85-90 пайыз шамасы руда шығады. Бұл мәліметтер Жезқазғанның
мыс кенінің басқа жерлердегіден мол екенін көрсетеді. Мыс кені мұндай көп болу үстіне Жезқазған кен зерттеу жөнінен де
басқа жерлерден анағұрлым пайдалы. Бірінші бесжылдықтың ішінде Жезқазғанда кен зерттеуге жұмсалған шығын толық
зерттелген мыстың әрбір тоннасына болғаны 4 сом 50 тиыннан ғана келеді.

Жезқазған рудасы таза руданың санына қосылады. Жезқазған рудасында қорғасын, мырыш, алтын, күміс өте аз, мышьяк,
висмут және басқа мысқа зиянды қосымшалар жоқтың қасы. Мұның арқасында Жезқазған рудасын оншама көп шығын
шығармай және оңай айырып, нағыз жақсы қара мыс алуға болады.

Жезқазған рудасы оншама терең да емес, ең терең жері 150 метрге жетеді, руда жер астанда қат-қабат жатады, мұның
арқасында бір шахтадан бірнеше қабат руда шығаруға болады. Руда қабатының ұзындығы 1,5 километр, қалыңдығы 15-20
метр дейін жетеді. Мұның арқасында руданы арзанға түсетін механикалық әдістермен шығаруға болады. Кеннің өзі тұрақты
және мықты болғандықтан шахталарға тірек қоюдың қажеті болмайды, су ағарлардың да қажеті жоқ; сондықтан, руда арзанға
түседі, екінші жағынан кен жұмыстарын мейлінше кеңейтуге мүмкіншілік туады. 1935 жылы қаңтардың 1-не дейін толық
зерттелген руданың 40 пайызын тек орталық шахтаның өзінен шығаруға болады, 30 пайызын ашық жұмыс әдісімен шығаруға
болады. Орташа есеппен бір тонна руда 3 сом 50 тиынға түседі, бір тонна рудадағы мыс орташа есеппен 1 сом 82 тиынға
түседі. Кеңестер Одағындағы мыс шығатын басқа жерлердің бірінде де руда, мыс мұндай арзанға түспейді.

Жезқазғанның рудасында мыс 1,92 пайыз, Қоңыратта 1,04 пайыз, Алмалықта 0,77 пайыз, Дектяркаде 1,30 пайыз. Сондықтан – 1
тонна қара мыс шығаруға керекті руданың мөлшері Жезқазғанда басқа жерлердікінен анағұрлым кем болады


Скачать


zharar.kz