Кіріспе.
Ордовик дәуірі.
Алғаш ордовик жүйесі деген атауды 1879 жылы Ч.Лэпворт төменгі полеозойды жіктеуге арналған еңбегінде пайдаланған. Жүйенің
атауы көне заманда Уэлъсті мекендеген ор-тер тайпасы бойынша алынған. Осыған дейін ордовик түзілімдері 1835ж.
Р.Мурчисон анықтаған силур жүйесінің төменгі бөлімі саналып келген. Геологтар ұзақ уақыт силурды бөлімге төменгі ордовик
және жоғары готландиет Балтық теңізіндегі Готланд аралық аты, бөлімге жіктеп келген.
Кенес ғалымдары А.Ф.Лесникова мен Д.В.Наливкин 1930-шы жылдары ордовик пен силурды жеке қарауды ұсынған. 1951 ж
Ордовик жүйесі геологиялық карталарда ресми түрде бөлім көрсетіледі. Бірақ ордовик жүйесінің бөлінуі туралы мәселе тек
1960 ж ғана Копенганде өткен XXI Халқаралық геологиялық конгресте түпілікті шешілді.
Стратиграфиялық жіктелуі және стратотиптері ордовик Уэлъстің солтүстігі Арениг-Бал ауданының типтік қимасы бойынша
анықталды. Ордовиктің жікқабатық және белдемдік шкаласы граптолиттер бойынша жасалған. Ордовикті болу алғаш
Ч.Лэпворт пен Г.Эллес жұмыстарында келтірілген.
Ордовик дәуірінің ұзақтығы 65 млн жыл. Ең жаңа деректер бойынша ордовиктің төменгі шекарасы 500-495 млн жыл, жоғарғысы
-435-440 млн жыл деңгейде. Ордовик жүйесі үш бөлімнен, алты жікқабаттан тұрады (4.2 кесте).
4.2 кесте Ордовик жүйесінің жалпы стратиграфиялық бөліктемелері