ХVI-ХVII ғасырлардағы қазақ хандығы

Скачать

ХVI-ХVII ғасырлардағы қазақ хандығы

Қазақ хандығының этномемлекеттiк шекараларының өсуi

ХVI-ХVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуiр ұлғая түстi. Өз тұсында "жердi бiрiктiру" процесiн жедел
жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бiрi – Жәнiбек ханның ұлы Қасым. Туған жылы 1445 ж. Қасым
ханның тұсында /1511-1523 жж. билiк құрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түстi.
Ол феодал ақсүйектердiң қарсылығына тойтарыс берiп, әскери күштердi нығайтты, өз билiгiндегi жерлердi кеңейттi. Қасым хан
билiк құрған кезде қазақ халқы өзiнiң осы күнгi мекен тұрағының негiзгi аймақтарын бiрiктiрдi. Хандықтың шекарасы батыста
Жайыққа, оңтүстiк-батыста Сырдың оң бойындағы бiрсыпыра қалалар қосылды, солтүстiкте Қасым ханның қол астындағы
қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстiк-шығыста оған Жетiсудың көп бөлiгi /Шу, Талас, Қаратал, Iле
өлкелерi/ қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Едiл бойы, Сiбiрмен сауда және елшiлiк байланыс жасалып, Орыс
мемлекетiмен қатынас қалыптасты. Қазақ хандығымен елшiлiк байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердiң бiрi – ұлы князь
III Василий /1505-1533 жж./ билiк жүргiзген кездегi Мәскеу мемлекетi едi. Осы тұста қазақтар өз алдына дербес халық ретiнде
батыс Еуропаға мәлiм болды


Скачать


zharar.kz