Кіріспе
Қазіргі кезде кеңінен қолданылатын программалау жүйесінің бірі-
Turbo Pascal. Оның алғашқы нұсқасын 1970 жылы Швейцария физигі
Никлаус Вирт ұсынған. Автор тілді алғашқы арифметикалық есептеу машинасын жасаған француздың ұлы ғалымы Паскальдың
құрметіне Паскаль деп атап, тіл атауының үнемі бас әріппен жазылуын сұраған.
1983 жылы Borland корпорациясының талантты қызметкері Андерсон Хейлсбергтің жасаған жаңа үлгісі – Turbo Pascal
программалаушылар арасында үлкен сұранысқа ие болды. Оның бұл нұсқасы CP/M операциялық жүйесіне негізделген. Турбо
Паскаль жүйесінде қарапайым есепті шешудің программасынан бастап ,күрделі мәліметтер қорын құрудың сан қырлы
жұмыстары жүргізіледі. Паскаль оқып үйренуге жеңіл, түрлі салалық информациямен жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан,
дүниежүзінде көп тараған тілдердің бірі болып табылады.
Турбо Паскаль тілінде жазылған программаның жалпы құрылымы мына түрде болуы тиіс:
Программа тақырыбы
Программа блогы
Ерекше белгілер бөлімі (label)
Тұрақтылар бөлімі (const)
Типтер бөлімі (type)
Айнымалылар бөлімі (var)
Процедуралар мен функциялар (Procedure, function)
Нұсқаулар немесе операторлар (Begin…end)
Турбо Паскаль тіліндегі типтер келесі топқа бөлінеді:
Қарапайым типтер
Күрделі типтер
Көрсеткіштер
Жолдар
Процедуралық типтер
Осылардың ішінде бөліп қарастыратынымыз – мәліметтердің күрделі типтері:
1.Массивтер
2. Жиындар
3. Жазбалар
4.Файлдар
Мәліметтердің күрделі типтеріне жататын «Массивтер» және «Жиындар» тақырыптарына арналған есептерді шеше отырып,
оған байланысты программасы мен алгоритмнің блок – схемасын құруды үйренеміз. Келесі бөлімде күрделі есептерді
шығарғанда программаның жиі қайталанатын үзінділері үшін процедура мен функцияны пайдаланып, оның алгоритмі мен
программасын құру мысалдарын қамтимыз