1-Бөлім Компьютердің аппараттық құралдары
Лазерлік дискіден жаңа бағдарламаны қою үшін,
оны алдымен қатқыл дискіге көшіру керек.
Мұндай тасымалдау операциасын бағдарламаны
орнату деп атайды. Лазерлік дискіден
оқу үшін,СD ROM дискі жетегі пайдаланылады.
Сканер
Сканер – қағаздағы кескінді (жазуды, суретті) түсіріп, дисплей экранына шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы. Оның көмегімен
суретті, графикті, мәтіндерді сканерлеуге (түсіріп алуға ) болады. Кескін сканерленгеннен кейін, графикалық бағдарламаларда
оларды өңдеуге (үлкейтуге, кішірейтуге, қайта бояуға т.б.) болады. Сканер кескінді машина кодына ауыстырып, компьютердің
жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс
принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі-түсті болады
олардың планшетті, барабанды және қол түрлері болады