Word редакторында бірден мәтіннің бірнеше дана көшірмесін немесе құжаттың тек кейбір беттерін ғана баспаға шығаруға болады

Скачать

№ 8 лабораториялық жұмыс. Құжатты баспаға шығару
Мақсаты:
• құжатты қағазға басып шығару алдында оны алдын ала режимін қолдану;
• қағазға басып шығару іс әрекеттерін орындап үйрену.
1. Баспаға шығарылатын мәтінді алдын ала көру
Құжатты баспаға жібермес бұрын, алдымен оның қағаз бетінде қалай орналасатынын арнаулы алдын ала мәтін көру режимі
арқылы қарап шығуға болады. Бұл біраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Word редакторында бірден мәтіннің бірнеше дана көшірмесін немесе құжаттың тек кейбір беттерін ғана баспаға шығаруға болады.
Кез келген құжаттық мәтінді Файл>Қасиеттер (Свойства) командасын орындағанда ашылған "Қасиеттер" сұқбат терезесіндегі
сол құжат жайлы мәліметтерімен бірге қағазға басып алуға болады.
Баспаға шығарылатын мәтінді көру үшін келесі бес режимнің кез келгенін қолдана аламыз, олар: кәдімгі (обычный), электрондық
құжат (электронный документ), беттерді белгілеу (разметка страницы), құжат құрылымы (структура документа) және баспаға
шығару кезінде алдын ала көру (предварительный просмотр). Егер құжат құрамында арнайы элементтер (кестелер, кадрлар,
графикалық объектілер т.с.с.) болса, тек беттерді белгілеу және баспаға шығару алдында мәтінді көру - екі режимі ғана
баспаға шығарылатын құжат жайлы алдын ала толық көрініс бере алады.
Беттерді белгілеу арқылы көру режимі
Бұл әмбабап режим болып табылады, сол себепті ол құжатты оқу мен түзетуде және баспаға шығарудан бұрын алдын ала оны
көруде қолданылады.
Мәтінді беттерді белгілеу режимінде көру үшін мынадай әрекеттер орындалады:
• оқылатын (өңделетін) құжатты экранға шығару, яғни ашу керек;
• Түр=>Бетті белгілеу (Вид=>Разметка Страницы) командасын орындау немесе көлденең жылжу белдеуінің сол жақ шетінде
орналасқан бетті белгілеу режимінің батырмасын шертеміз;


Скачать


zharar.kz