Кеніштердің ішкі құрылымы және жыныс коллекторлардың қасиеттері.
§1.Кеніштердің ішкі құрылымын анықтайтын факторлар.
Жыныс коллекторлар және коллектор еместер. Өндірістік мұнай – газ геологиясының нақты мәселелерін шешудегі басты
мәселелердің бірі – мұнай және газ жатындарының ішкі құрылымын зерттеу. Бұл мәселенің мәні, коллектор – жыныстардан
және коллектор емес жыныстардан түзілген кеніштің жалпы көлеміндегі геологиялық бөліп ажырату, содан кейін коллектор –
жыныстары бар көлемде, негізгі өндірістік геология қасиеттерінің кеуектілік, өткізгіштік және т.б; - мәндерімен ерекшеленетін
геологиялық денелерді ажырату. Басқаша айтқанда, статикалық геологиялық кеңістікте зерттеу мақсатына сәйкес келетін,
қасиеттер тізіміне негізделген бір жүйені бөліп шығару керек және осы жүйенің құрылымын анықтау керек. Сонымен қатар, тау
жыныстарынан құралған геологиялық денелерді талқылап орытғандықтан, жатын құрылымын мезо – макро және
метоқұрылым деңгейінде зерттелу керек.
Жынысты коллекторларға немесе коллектор еместерге жатқызуда мұнай мен газдың оның кеуекті кеңістігіндегі қозғалу
мүмкіндігі ескерілуі қажет. Коллектор деп оның кеуекті кеңістігінде мұнай мен газдың физикалық қозғалуын қамтамасыз
ететін, геологиялық – физикалық қасиеттері бар тау жыныстары аталады. Жыныс – коллектор мұнай және газбен де, сумен де
қаныққан болуы мүмкін. Жыныс – коллектор мұнайлылықтың сыртқы контурында суға қаныққан, мұнайлылықтың ішкі
контурында мұнайға қаныққан газдылықтың ішкі контурында газға қаныққан болады. тәжірибе көрсеткендей, құрамында
физикалық қозғалатын мұнайы бар жыныс – коллекторлар, мұнайды қазіргі кезде қолданылатын технологиялар мен игеру
жүйесінде, барлығы бірдей бермейді. Осыған байланысты коллекторларды өнімді және өнімсіз яғни, қазіргі кездегі игеру
жүйесінде мұнай мен газды беретін және бермейтін деп бөледі.
Бойындағы мұна мен газдың қозғалысын физикалық мүмкін емес қылатын геологиялық физикалық қасиеттерімен сипатталатын
жыныстарды коллектор еместер деп атайды. Мұндай жыныстардың құрамында да мұнай ыдыраған күйде кездесуі мүмкін,
алайда бұл жағдайда мұнайға қанығу қалдықтылық сипатында болады.
Кәсіптік