ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
І тарау. Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны.
1.1. Сынып жетекшісінің қызметі.
1.2.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы және оның мақсатын анықтауы.
ІІ тарау. Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық
қызметі.
2.1. Сынып жетекшісінің оқушыларды танып-білу жолдары.
2.2. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспары.
2.3. Сынып
оқушыларының өзін-өзі басқару ұйымдары және оны ұйымдастыру.
ІІІ тарау. Сынып жетекшісінің оқу-тәрбие үрдісіндегі
жұмысының маңыздылығы
3.1. Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының
маңыздылығы.
3.2.Сыныптағы оқу-тәрбие жұмысы нәтижесінің талдауы.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Мектеп өмірінде мұғалім – басты тұлға. Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды, сонымен бірге
оларды тәрбиелейді. Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы,
ақылшы-кеңесшісі болып саналады. Сондықтан да ол қиын да әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің
кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізгі педагогикалық
әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол
балаларға өте қажет. Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол – сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті
ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады. Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға
бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері, алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың
жағымды көңіл-күй жағдайы жүзеге асырылады.
Олай болса, сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие әрекетін ұйымдастыру,
тәрбиелік шаралардың ықпалын үйлестіру тек сынып жетекшілеріне жүктеледі. Ол оқушыларға қатысты мектеп өміріндегі
мәселелерді шешуде нақтылы көмектесуге және оларды тартымды әрі қызық ұйымдастыруға тырысады.
Ол өзіне қатысты
сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыра отырып, осыған сол сыныпта дәріс беретін пән мұғалімдерін, оқушылардың
ата-аналарын және жұртшылықтың бала тәрбиесіндегі ықпалын біріктіріп, балаға деген талаптарын ортақтастырып отырады.
С
ынып жетекшісі жұмысының негізгі мақсаты – мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге
барынша ықпал жасау. Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын, адамгершілік қасиеттерін,
еңбекке деген сүйіспеншілігін қамтамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу. Сондықтан оның жұмысының
мазмұны мен тәрбиелік шараларының бәрі осы мақсатқа бағытталуы тиіс. Атап айтқанда тәрбиенің негізгі салалары: ақыл-ой,
адамгершілік, эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесіне, елжандылық т.б. тәрбие міндеттерін мектеп пен сыныптың нақтылы
өмір жағдайларына байланысты қарастыру.
Зерттеу мақсаты:
Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда сынып
жетекшісі жұмысының негізгі міндеттерін айқындап, әдістемелік негіздерін ашу