Тiл халықтың қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста дамиды, кемелденедi.
Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму
шеңберi бiрде кеңейiп, бiрде тарылып отырады. Бұл заңды өзгерiстер тiлдiң барлық категорияларын өз iшiне алады. Бiрақ
қандай өзгерiс болмасын, тiл қалай дамымасын, ол өзiнiң адамдар арасындағы қатынас құралы ретiндегi қызметiн өз
дәрежесiнде атқара береді. Әсiресе, егемендiк алған көптеген халықтардың әдеби тiлдерiнiң бүгiнгi кемелденген кезiнде тiлдiң
атқаратын қызметi орасан зор, себебi тiл неғұрлым кемелденген болса, тiл мәдениетi, сол тiлдi дүниеге келтiрген халық
менталитетi де соғұрлым жоғары болмақшы. Ал бұл әдеби тiлдiң мәдениетiн, байлығын, көркемдiлiгiн, бейнелiлiгiн арттыратын
лексикалық категория –мақал-мәтелдерге де байланысты. Басқаша айтқанда, тiлдiң лексикалық құрамының бөлiнбес бiр
сыңары саналатын ММ-дер де ұлт тiлiнiң ғана емес, ұлт мәдениетiнiң де көрсеткiшi болып табылады