Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңт.-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көл.
1,648 млн. км2. Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%),
арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12
млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар.
Ресми тілі — парсы тілі. Мемл. діні — ислам дінінің шиит тармағы. И. — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд
Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Мин. Кабинетін
басқарады. Жоғ. заң шығарушы орган — бір палаталы парламент — Ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып
отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым
салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан — Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі — риал