МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫ
1. Мемлекет функциясының түсінігі, оның белгілері
1-Өткен тақырыптарда мемлекеттің пайда болуын, оның мазмұнын, типологиясын, нысанын, әкімшілік-аймақтар құрылысын,
саяси, әкімшілік басқаруын жан-жақты қарастырып өттік. Бүның бәрі мемлекеттің статистикалық көрінісі. Енді мемлекеттің
динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай
орындауына, қандай қызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы
мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады