Әкімшілік жазалар
Әкімшілік жазалардың мақсаты
Әкімшілік жауаптылықты жалпы сипаттаудың келесі элементі әкімшілік жазалар болып табылады. Олар жасалынған әкімшілік
құқық бұзушылық үшін қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы болып табылады және оны жасаған адамның ӘҚБтКте
көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды. Бұл жазалар әлеуметтік әділеттілікті
қалпына келтіру, бұзушылық жасаған адамды тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзінің де, сол сияқты басқа адмдардың
да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады