Құран оқу және оның қасиеттері жайлы
Құрметті мұсылмандар!
Бұл жолы біз Құран Кәрім оқудың қасиеттері, оның үкімдері мен амал етудің пайдалары жөнінде айтақпыз. Құран Кәрім Алла
Тағаланың Жәбірейіл періште арқылы ең соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.ғ.с) жіберілген Құдай заңы, өмір сүру ережелері.
Құран – бұл дүние өзінің соңына жеткенше жасайтын, күллі адамзат үшін өмірдің барлық салаларында (қоғамдық, әлеуметтік,
экономикалық және моральдік) ең жоғары дәрежелі кемел заң үлгісі болатын Хақ кітап.
Құран Кәрім сөздері адамзатты надандықтан, зұлымдықтан, қараңғылықтан жарық жолға -–ілім жолына, мәдениет жолына
бастайды. Сондықтан оған заманның, уақыттың өзгеруі еш әсер етпейді. Құран еш уақытта заман, ғасыр соңында қалмайды,
керісінше ғасырды, заманды өз соңынан жетелейді. Ол – қашан болса да жаңа, қай заманда болса да кемшіліксіз, кемелденген
заң. Осылайша ол қиямет күніне дейін жалғаса береді.
Алла Тағала: «Бақара» сүресінің 23-аятында