Құран тарихы
Уахи
Аллаһ тағала адамзаттың тура жолды тауып, Өзіне құлшылық етуі үшін оларға қажет нәрселермен қатар уахи арқылы пайғамбар
жіберген. Жалпы пайғамбарлар адамзатты надандықтан құтқарып нұрға бөлеу мақсатымен жіберілген. Сондықтан да Хақ
тағаланың адамдарға пайғамбар жіберуі – Оның махаббатымен жаратқан адамзатына деген ерекше рақымдылығы.
Адам баласы өзінің шектеулі ақылы арқылы дүниедегі жаман мен жақсыны ажырата алмақ емес. Сондықтан да адамдар
арасындағы құндылықтар заман мен мекен және ұлттарға қарай бөлінеді. Бір қоғамның жақсы дегені басқа қоғам үшін
жаман ұғымға ие болмақ. Әсіресе, өз нәпсісіне табынғандар үшін жақсылық атаулы жамандыққа айналмақ. Уахи келместен
бұрынғы арабтардың құндылықтары – қызын тірідей жерге көму, әйел затын мүлік ету, жарлының қанын сүліктей сору, бұрыс
та болса жақынына болысуды әділдік саналу, шарап ішу, зина жасау, пұттарға табыну т.б еді. Қазіргі заманда да батыс
мемлекеттерінде адамның рухына жат нәрсе олар үшін құндылық саналған іс-әрекеттер көп. Мұндай адам болмысына қайшы
мінез-құлықтар бейне бір вирустай теледидар, интернет, радио т.б арқылы жалпы әлемге тарап, әсіресе үш ғасырдан бері
өзінің төлқұжатын іздеп жүрген мұсылман елдерінің ішкі ниетіне шабуыл жасауда. Ендеше, нәпсісінің қалауымен жүріп,
бойындағы барлық құмарлық сезімдерді кез-келген жолмен қанағаттандыруды құндылық санаған әрбір қоғам ақыр соңында
азғындықтың шыңырауына құламақ. Жалаң ақылды ғана ұстанып, әлемге материалдық көзқараспен қараған бір қоғамның
барар межесі де қаратүнек құрдым болмақ. Өйткені, Ұлы Жаратушы мен ақырытке сенімі болмаған ондай қоғамның күмбезі
көркем мінезділікпен қамтылуы екіталай. Оның ғұмырға не үшін келіп, қайда баратынын, бойындағы сансыз қабілеттерін
қалай, қандай нәрсеге пайдаланатынын жаратқан Жаратушысы ғана білмек. Демек, жақсы мен жаманды айырыу «адами
өлшеммен» емес, «илаһи өлшеммен» болмақ дүр. Міне, жер бетіне Өзінің ұлылығы мен құдыреттілігін паш ететін өкілі етіп
жаратқан ардақты адам баласына «илаһи өлшемді» уахи арқылы білдірмек