XIX ғасырдың басыңда адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғам

Скачать

XIX ғасырдың басыңда адамзаттың қоғамдық санасы адам мен қоғамның, олардың өмірлік күштерінің өзара әрекет етуіне дәл
талдау қажеттігін пайымдауға әзір болған еді. Осы мәселеге әділеттілік, өмірдің мәнісі, әлеуметтік прогресті қамтамасыз ету
мәселелерінің шешілулеріне қанағаттанбаған XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропаның көптеген ойшылдары өз
еңбектерін арнады. Солардың арасынан бірінші қатарға ғылымның атын ойлап тауып, оның негізгі нұсқасын суреттеген, оны
ғылыми білімдер жүйесіне қосқан, әлеуметтануда позитивтік бағытты негіздеген және оның дамуына ықпал еткен Огюст Конт
(1798—1857) шықты.
Ол Францияда қаржы чиновнигінің отбасында дүниеге келген. 1814 жылы Жоғары политехникалық мектепке түсіп,
антиклерикаддық және республикашыл көзқарастары үшін оқудан шығарылады. Отбасындағы оқытушылық жұмысын,
кейінірек, яғни 1818 жылдан 1824 жылға дейін Сен-Симонның хатшысы қызметін атқарумен алмастырды. Бірақ Сен-Симонның
ұстанған утопиялық социализм идеясын қабылдамай, хатшылықтан кетіп, таптар келісімі идеясын уағыздайды, жеке меншікті
мейлінше қорғайды. Осы көзқарастары үшін К.Маркс және оның ізбасарлары оған салқын қарады. Сол тұста О.Конт өзінің
позитивизмін тұжырымдайды. Позитивизм — әлеуметтанулық білімді жаратылыстану ғылымының методологиясын қолдану
негізінде құрмақшы болған әлеуметтік ой мен қоғамдық ғылымдағы жаңа ағым болатын. Позитивизм ұғымы латынның
"позитивюс" - дұрыс, жағымды деген мағына беретін сөздерінен шыққан. Ол позитивтік көзқарастарын өзінің еңбектерінде
тұжырымдап, дәлелдеді. Осыған орай Конт алты томдық "Позитивтік философия курсы"деген еңбегінде (1830— 1842 жылдар аралығында жари


Скачать


zharar.kz