Кіріспе
Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз
тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолдан өткені белгілі. XVI-шы ғасырда
адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері
журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдақ формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихын
рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси
тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсендә түрде әртүрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның
сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарынаың қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп, ол
барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен
зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т.б. көптеген салаларда шешім
жасап жүзеге асыруға ықпалы болады. Сөйтіп, журналистика қоғамнығ әлеуметтік институттарының бірі болып саналады.
Сондай-ақ ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы