ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Нарық жағдайындағы еңбекақы бойынша есеп айырысу және оның жетілдіру жолдары
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаумен сипатталады. Елдегі нарықтық
қатынастар дамуының стратегиялық бағыты есеп пен есептік ақпараттың сапасына айрықша талаптар қоюда.
Сондықтан бухгалтерлік есептің теориялық негіздерін жас мамандардың жақсы меңгеруі олардың кәсіби дайындығы мен іскерлік
қабілеттерін қалыптастыруда маңызы зор болмақ. Осы проблемалардың шешімі бухгалтерлік есептің теориялық
қағидаларының бұдан былайғы дамуымен байланысты.
Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты – еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебін зерттеу және еңбекақыны ұйымдастырудың
нысаны мен жүйесін талдау болып табылады.
Бұл дипломдық жұмысты жазу барысында мен отандық және шетелдік әдебиеттерде жарияланған теориялық материалдарды
қолдандым. Бұл жұмысымда теориялық бөлігіне көп көңіл бөлдім: еңбектің және оның төлемақысының есебі; еңбеккерлердің
құрамының есебі, және т.б.
Бұл тақырыпта таңдау себебім, болашақта жалақы мәселесін жақсы меңгеріп аламын деген мақсатпен таңдадым. Жалақы ,
негізінде еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал
болып табылады. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне , тауардың
тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Бұл экономикалық құрал өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс
ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына
себепші болады.
Бұл дипломдық жұмыс нормативтік құжаттар,кезеңдік басылымдардағы әртүрлі авторлардың мақалалары және оқу құралдар
негізінде жазылған.
«Алматыинтергаз» Ашық Акционерлік Қоғамының көрсеткіштері негізінде, дипломық жұмыс орындалды.
Зерттеу кезеңі 2004 жылдан бастап 2005 жылдар аралығын қамтиды