Каучук және резеңке
Каучукпен европалықтар алғаш рет XV ғасырдың аяғында танысқан. 1493 жылы Христафор Колумб екінші саяхатында Оңтүстік
Америкадағы Гаити аралынын тұрғындарының ойнайтын добы мен хош иісті шайнайтын сағызына назар аударады. Бұл зат
каучук еді. X. Колумб саяхатында кездескен бұйымдармен бірге каучукты да Европаға ала келеді. Бірақ XVIII ғасырға дейін
Европада каучуктың сырын ешкім біле алмады. Каучуктың сырын 1735 жылы француз оқымыстысы Шарль Де Ля Кандалин
ашты. 1735 жылы Париж Академиясы жер меридианының доғасын өлшеу үшін Оңтүстік Америкаға географиялық экспедиция
жібереді. Осы экспедицияның құрамына Кандалин де енеді. Кандалин өз жұмысын орындай жүріп каучукты да зерттеп
Европаға келгеннен соң каучуктың қасиеттері туралы еңбек жазады.
Осы еңбек арқылы европалықтар каучукты алу жолы және оның қасиеттерімен танысады. Европалықтар осы еңбек арқылы
табиғи каучукпен танысады және каучук ағашының қабығын қырыққан кезде бөлінетін латекс деп аталатын сұйық заттан
алынатындығын біледі. Каучук деген сөз Бразилияның «као-очу» (ағаштың көз жасы) деген сөзінен шыққан.
Табиғи каучук белгілі топқа жатпайтын ботаникалық өсімдіктердің шырынынан өндіріледі. Каучук өсімдіктері Оңтүстік
Америка, Африка, Малайя Архипелагы сияқты экватордың тропикалық аймақтарында өседі