Каталитикалық риформинг
Автомобильге арналған жанар-жағармайға қойылатын талаптардың ұлғаюына байланысты жанармайдың тікелей өндіруіндегі
оның сапасын (риформинг) арттыру барысы елеулі маңыздылыққа ие болды. Сонымен қатар бұл процесс таза ароматикалық
(хош иісті) көмірсутектерді (органикалық синтезге керек өнім) алуға қажетті мүмкіндік туғызады және гидрлеуді өткізуге
қажетті сутектің қайнар көзі болады. Оның негізінде Кеңестер Одағының ғалымдары ашып зерттеген реакциялар жатыр.
Олар: нафтенді дегидрлеу (Н.Д. Зелинский) және дегидроциклизациялау (Б.А. Казанский, А. Платэ, Б.Л. Молдовский).
Каталитикалық риформинг (хошиістендіру) үлкен көлемді күшейтілген қысымның үлкен көлемді сутектің қатысуымен 5000С
температура кезінде атқарылады; бұл жағдай сутектің бөлінуі арқылы және катализаторда қорытқы көмірдің жинақталуы
арқылы өтетін хош иісті көмірсутектердің жинақталуындағы керіайналымды реакциялардың өтуін қиындатады. Катализатордың
қызметін алюминийдің оксидіне жалатылған платина атқарады; ол бірнеше айлар бойы өзінің активтігін сақтайды, кейін
регенерация жолымен қайта алынады. Катализатордың құрамында сондай-ақ хлор бар, ал өнімге активтігін сақтау үшін аз
мөлшерде дихлорэтан СlCH2 CH2Cl енгізіледі