Қазiргi биосфера барлық тiрi организм мен олардың тiршiлiк ортасын қамтитын көптеген құрамды бөлiктерден тұратын күрделi
жүйенi құрайды.
Биосфераның пайда болуы мен оның тарихи дамуы қазiргi жаратылыстану ғылымының өзектi мәселелерiнiң бiрi. Бұл мәселеде әлi
де шешуiн таппаған құпия сырлар көп-ақ. Жалпы тiршiлiк химиялық қосылыстардың өте ұзақ уақыт аралығында биологиялық
эволюцияға ауысуының нәтижесiнде пайда болған деген көзқарастар бар