Кіріспе
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен оның жолдауы бойынша 2003-2005 жж. ауылды қайта жаңғырту жылдары
жарияланған болатын. 2006-2008 жж ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа бағыттарында алдағы жылдары ауыл
шаруашылығы өндірісін, Қазақстанның бәсекелік қабілеттілігін арттыру ескертілді. Ол үшін:
1-ден, республиканың азық-түлік нарығын тұрақтандыру қажет;
2-ден, халықты отандық азық-түлікпен қамтамасыз ету деңгейін түсірмеу;
3-ден, аграрлық және өнеркәсіптік секторларын корреляция арқылы экономиканың тұрақты өсуі үшін алғы шарт қажет;
4-ден, ауыл тұрғындарын оңтайландыру негізінде адамдардың тұрақты өмір сүруін қамтамасыз ету
«2003-2015жж. ҚР индустриялық-инновациялық даму стратегиясының мақсаты – экономика саласын әртараптандыру жолымен
еліміздің тұрақты дамуына қол жеткізу, сонымен қатар шикізат бағытынан қалдықтың болуына себепші болу, ұзақмерзімді
сервистік-технологиялық экономикаға көшу үшін дайындыққа жағдай жасау».
Бұл барлық қаулылар ауылда шаруашылықты рентабельді жүргізу мен өндірістің құлдырауының алдын алу мақсатында ауыл
шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Өнім өндіру табыстылығын (рентабельділігін) арттырудың өзектілігімен ғылыми-тәжірибелік маңызы нарықтық экономиканың
шарттары мен талаптарына байланысты туындайды. Нарықтық экономикада өндірістің рентабельділігі өнімді өткізуден түскен
ақшалай түсімдер арқылы өндіріс шығындарын жабу ғана емес, ұдайы өндірісті жүргізу үшін қажетті деңгейде пайда алудағы
кәсіпорынның рентабельділігін білдіреді.
Қабылданған аграрлық бағдарламада, ауылдың қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету, бәсекеге қабілетті өнім өндіру, импорт
алмастыру және экспорттық мүмкіндіктерді кеңейту қажеттілігі аталған.
Өндірістің табыстылық (рентабельділік) көрсеткіштері кәсіпорын жұмысының жалпы тиімділігін, әртүрлі бағыттағы қызметтердің
табыстылығын, түсімділігін сипаттайды, пайдаға қарағанда олар шаруашылықтың соңғы нәтижелерін анықтайды, себебі
олардың шамалары эффекттің қолда бар немесе тұтынылған ресурстармен арақатынасын көрсетеді.
Дипломдық жұмыс мақсаты – өндірістің табыстылығын арттыру жолдарын қарастыру.
Дипломдық жұмыста шешілетін мәселелер:
Өндірісітің табыстылық категорияларының теориялық негіздерін, оны анықтау әдістемесін қарастыру.
Аграрлық сектордағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының қызметінің табыстылығына талдау жасау.
«КВР» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметін бағалау
Акционерлік қоғамның табыстылығын талдау.
Ауылшаруашылық өндірісінің табыстылығын арттыру бағыттарын негіздеу.
Дипломдық жұмыс, кіріспеден, 3 бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде ауылшаруашылық кәсіпорындарының экономикалық тиімділік көрсеткіштері табыстылығы,
мәні, анықтау әдістемесі, жалпы ҚР-дағы ауылшаруашылық кәсіпорындарының қаржылық экономикалық көрсеткіштеріне, яғни
таза табысы мен рентабельділік деңгейіне талдау жасалған.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде «КВР» АҚ-ның жалпы сипаттамасы келтірілген, мұнда кәсіпорынның мінездемесі,
айналысатын қызметі немесе өндірілетін өнімнің түрлері келтіріліп талданған, сондай-ақ қоғамның табыстылық көрсеткіштері
анықталған.
Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде ауылшаруашылық өндірістерінің тиімділігін, табыстылығын арттыру жолдары келтірілген.
Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының статистикалық жинақтарының мәліметтері, монографиялар,
оқу құралдары, кәсіпорынның мәліметтері пайдаланылған.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының экономикалық тиімділігінің негізгі көрсеткіштері