Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып, су ішеді

Скачать


Қасқыр судың жоғарғы жағында, қозы төменгі жағында тұрып, су ішеді. Қасқыр қозыны жегісі келіп, бір айла іздей бастайды. Қасқыр қозыға айғайлап:
         — Мен ішетін суды неге былғайсың! – дейді.
         Қозы:
         — Қасеке, мен қалай сен ішетін суды былғаймын? Сен судың жоғарғы жағында, мен төменгі жағындамын, мен ішкен су саған бармайды ғой, – дейді.
         Қасқыр тағы айғайлап:
         — Сен өткен жылы менің әкемді қорлағансың, – дейді.
         — Қасеке, мен қалайша сенің әкеңді қорлаймын, өткен жылы тумаған да едім.
         Қасқыр ашуланып:
         — Әдепсіз, үлкенге неге қарсы сөйлейсің! – деп, қозыны сол жерде бас салыпты.


Скачать


zharar.kz