Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде, Ұйқыдағы сәбидің келбетіне

Скачать

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
деп жырлаған –  Мұқағали  Мақатаев атамыз.
 
Сәбидің тыныш ұйқысын,әлемнің  тыныштығына  теңеген.Еліміз тыныш,жеріміз аман  болған күнде,сәбилеріміз ұйқысы тыныш болмақ.
Дегенмен де, тыныш елде өмір сүріп,сәбилеріміз өмірі сақталмай жатқаны өкінішті-ақ.
Сәбилеріне бір күн тыныш ұйқы сыйламай,өз  қолымен  өмірлерін қиып жатқан аналарымыздың  бары  көңіл құлазытады. Бір  сәт ғана ойға батып, не үшін? деген сұрақ мазалайды.
Амалсыздық ,  мүмкін  жауыздық -  сәби  өмірін қиюға себеп болған.
Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Жас  ұрпақ жасамасыншы, жазаламасыншы,өз қателіктері үшін-қимасыншы,сақтасыншы сәбилерді күнәсіз. Сақтайықшы  халайық,  сәбилерді  сақтайық!


Скачать


zharar.kz