Сабақ жоспары

Скачать



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1. Алматы облысы Жамбыл атындағы №6 кәсіптік мектеп оқу­-өндірістік сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1. Алматы облысы Жамбыл атындағы №6 кәсіптік мектеп
туралы жалпы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1.2.Табиғи климаттық және жер жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Алматы облысы Жамбыл атындағы №6 кәсіптік мектеп кәсіптік материалдық-техникалық базасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.4. Алматы облысы Жамбыл атындағы №6 кәсіптік мектеп оқу- өндірістік жұмысына талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Әдістемелік тарау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 .1 Берілген кәсіп бойынша тақырыптың оқу процесінде алатын орны
мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Ауылшаруашылық машиналары пәні бойынша күнтізбелік- сеткалық кестені құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Құрылымдық логикалық талқылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.4Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар тақырыбы бойынша перспективалық – тақырыптық жоспарын жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.5 Сабақ жоспарын жасау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.6 Пәнаралық байланыс картасын жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.7 Лабораториялық, практикалық сабақты өткізу әдістемесі
оны ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.8 Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.9 Жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларын орналастыру
кестесін жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.10 Жұмыс орындарының оқу материалдары мен құрал –сайман, аспаптары, жабдықталған жұмыс орындарының тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы
3.1 Қазақстан Республикасында еңбек қорғау шараларының құқықтық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.2.Кәсіпорындарда еңбек қорғау шараларын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ...
3.3.Өндіріс жарақаттан Н-1 АКТ – сын дұрыс толтыру ... ... ... ... ... ... ... ...
3.4.Адамды шудан, ультрадыбыстан, вибрациядан қорғау. Шу ... ... ... ... ...
3.5.Қауіпсіздік ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Қазіргі қоғамның алдында бойында биік кәсіби шеберлігі жоғары адамгершілік қасиетпен ұштасып жататын шығармашыл тұлғаларға деген қажетін қанағаттандыру міндеті тұр. Өйткені оны шебер, озық тәжрибелі жоғары іскерлік пен маманданған кадрлар меңгергенде ғана егістіктер мен комплекстерге бар күш қуатын жумсай алмақ.Осы себепті де мемлекетіміз басқа да көптеген міндеттермен бірге ауыл шаруашылығына көпшілік мамандық кадрларын даярлауды жақсарту. Әр еңбеккерді өзіндік және ұжымдық рухында, халық игілігіне оның ішінде және бірінші кезекте ауылдық жерлерде өндірістің ең басты құрал болып табылатын жерге, техникаға, тыңайтқыштарға, мунай өнімдеріне ыждағаттылықпен қарау рухында тәрбиелеу міндетін қойып отыр. Сонымен қатар қазіргі Егеменді Қазақстанымыздың экономикасы жоғары деңгейде деп те айта алмаймыз, соның әсерінің бірі деуге болады, ел техника тапшылығы, Республиканың нарықтық экономика программасы белгіленген ауқымды шаралар комплексі, оны іске асырудың түпкі нәтижесі еңбек құралдарын өндірістік экономикасы мен техникасын ұйымдастыруды жаңа принциптерге байланысты сапалы түрде қайта құру, бұл ауыл шаруашылық жұмысшылары еңбегінің сипаты мен мазмұнын түбегейлі өзгертсе, яғни индустриялды еңбегінің бір түріне айналады.
Ауыл шаруашылығының дамуының жаңа жағдайында тек кәсіби даярлығын жоғары ете алады. Қазіргі тракторлық машинистер өнірістің міндеті мен мақсатын терең түсінетінін білімге, біліктілікке және дағдыға ие болу керек. Ол өзінің әр қимылын творчестволық тұрғыдан ойластыру, қабілетін игеріп, нақты жағдайға бағдарлануы, бірнеше мамандықты игеруі қажет. Облысымыздың орта кәсіби – техникалық мектептерінде жыл сайын үш мыңнан аса түрлі мамандықтар ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қатарын толықтыруда, онда оқитын кең профилді тракторшы – машинист мамандығымен қоса автомобиль жүргізуші мамандығында алады. Сондықтан болашақ механизатордың кәсіби шеберліктеріне сай болуы өте қажет. Демек орта кәсіптік -техникалық мектептердің инженер – педагогтардың кәсіптік әдістемелік даярлықтарын өзгертіп, теория мен әдістемелік білімдерін арттыру, педагогикалық дағдылары мен шеберліктерін жетілдіру өскелен заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі.

Осыған орай жаңашыл педагогтардың оқыту -әдістемелік әдістерін сабақ процесінде кең пайдалану, жеке пәндерді оқыту әдістерін дамыту жұмысында әлі де басқа кемшіліктер бар.
Дипломдық жұмыс тақырыбына орай ауылдың арнайы мектептер мен ауыл шаруашылық колледжінің оқу-тәрбие процесінде арнайы пәндерді оқыту әдістемелерді маңыздылығы ескеріліп, әсіресе, Ауыл шаруашылық машиналары пәнінің маңызы зор. Ауыл шаруашылығында күллі аграрлық өндіріс негізін егіншілік қалайды. Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылығының негізгі салаларының бірі. Ауыл шаруашылығын ілгері дамытуда өнім өндіру үшін қолданылатын машиналардың материалдық-техникалық базасын жасау ерекше орын алады. Сондықтан мемлекет бұл мәселеге ерекше көңіл бөлуде.
Ауыл шаруашылық машиналарын пайдаланудың түпкі мұраты - дақыл өсіру жұмысын агротехникалық мерзім ішінде түгелдей және саналы атқарып, жарақталған жұмыстың экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету. Жоғарыда атиалған машина пайдалану ісінің әрқайсысы ос мақсатқа қызмет етеді. Олардың әрбіреуінің өзіндік атқару технологиясы, техникалы инженерлік қызметі мен материялдық - техникалық қоры бар.
Солардың бәрінің түрлі мақсатқа жұмылдырудың ұтымды жолын Ауыл шаруашылығы машиналар пәні зерттеп, оның технологиялық, техникалық және ұйымдастыру шарасын белгілейді.

1. Алматы облысы, Жамбыл атындағы №6 кәсіптік мектебінің оқу мекемесі туралы жалпы мәлімет.
Қазіргі кезедгі Қазақстан мен ТМД елдерінің экономикалық жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр. Саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты орынға шықты. Қалыптасқан жағдайда халықты әлеуметтік қорғау институттары нарықтық қатынастар саласында болып жатқан өзгерістердің даму қарқынына ілісе алмай,еңбекке жарамды белгілі бір әлеуметтік топ қорғаусыз қалады. Бұл адамдар үшін басты қорғаныс қызметі, әрі кепілі – ол елдегі кәсіптік білім беру жүйесін дұрыс жолға қою бьолып табылады. Білім беру оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы немесе кәсіптік білім бере аламыз. Тек қана нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғары білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп, колледж не жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар арқылы ғана ішкі ресурстарын толықтырып,жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады. Сөйтіп қоғамда болып жатқан экономикалық өзгерістер талаьын бұрынғы білім беру жүйесі қанағаттандыра алмайды. Өндіргіш күштердің даму қарқынына үлесу үшін білім беру жүйесі мына төмендегі екі заңдылыққы сүйену керек:
өндіргіш күштердің даму деңгейіне білім беру жүйесінің сәйкестігі;
өндіріс қатынастар жағдайына білім беру жүйесінің сәйкестігі;
Бұл сәйкестік алдыңғы қатарда болса ғана нәтиже бермек.

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А.Новиковтың пікіне сүйенсек, жеке тұлғаға жалпы және кәсіби білім беру ісінің даму қарқыны өндірістің даму деңгейінен асып түсуі керек - деген дамыта білім беру ісін басты принцип етіп ұстауымыз керек.
Қай кезді алсақта, ел экономикасын қарқынды дамуын жас маман кадрларынсыз елестете алмаймыз.
Осы тұрғыда кәсіптік мектептердің орны бір төбе. Мыңдаған жастар кәсіби білім алып, еңбекке етене арасты. әсіресе мамандықтарды игеріп, ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істей бастады.
Осындай жас жұмысшыларды тәрбиелеп, білім нәрін сеуіп келе жатқан №6 кәсіптік мектебіне 75 жыл толып отыр.
Жамбыл атындағы №6 кәсіптік мектептің негізі 1935 жылы қазан айының 15-ші жұлдызында қаланған. Бұрынғы Қастек қой кеншары құрамында Ұзынағаш ауылында орналасты. 1970 жылдан бастап кәсіби мектеп жерлес ақынымыз Жамбыл Жабаев атымен аталады.Бұл кәсіби мектеп 1952 жылға дейін Алматы олблысы және Республикамыздың басқа облыстарының совхоз, колхоздарынаа мамандар дайындап келді. Өз тарихында мектеп көптеген жетістіктерге жетіп, талай марапаттарға ие болған.
1958 жылы Қазақ КСР, министрлер кеңесінің және Қазақстан Компартиясының Грамотасымен марапатталған.
1967 ж. Республикалық жарыстың жеңімпазы ретінде Республикалық кәсіптік білім беру комитетінің, Кәсіподақтар Кеңесінің және ҚЛКЖО ОК ескерткіш туын иеленген.
1972 ж. Халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып ІІ дәрежелі Дипломмен, ал 5 қызметкер медальдармен марапатталған.
1980 ж. Бүкілодақтық социолистік жарыстың қорытындысы бойынша, сол кездегі кәсіптік-техникалық училище кәсіпкер жұмысшылар дайындаудағы жетістіктері үшін Үздік кәсіптік училище атанып,

КСРО кәсіптік білім беру комитетінің Дипломымен марапатталды.
1985 ж. әр түрлі үш марапатқа ие болған. Олар: Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының құрмет Грамотасы, Орта Азиялық Әскери округының ауыспалы Қызыл Туын мәңгілікке иеленеді және Кеңестер Одағы Қорғаныс Министрлігінің Құрмет Грамотасы.
1996 жылы шілденің 1-ші жұлдызынан Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығы бойынша №6 кәсіптік-техникалық мектеп қайта құрылды.
Ал 2003 жылдың 1-ші қаңтарынан Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес №6-шы Ж.Жамбыл атындағы кәсіби мектеп деп қайтадан бекітілді. Қазіргі таңда мектеп директоры қызметін Шаяхметов Ж. атқаруда.
Қазіргі кезеңде де кәсіптік мектептің оқу-тәрбие жұмысында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Мектеп оқушылары Фермер, Газ электрмен дәнекерлеу және Аспаз мамандықтары бойынша өткізілген облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды.
Қазіргі таңда мынадай мамандықтар даярлайды: Газэлектрмен дәнекерлеуші, Фермер, Тамақтандыру мекемесінің маманы, ЭЕМ операторы, Тракторшы - машинист . Жақында кәсіптік мектеп жөндеуден өтіп, күзге таман өздерінің материалдық-техникалық базаларын кеңейтіп, лицей деп өзгертіледі. Сонымен қатар Бухгалтерия мамандығын енгізбекші.
№ 6 кәсіптік мектепте, соңы 3-жылдың ішінде жалпы мұғалімдер саны -26 адамнан тұрады. Үшеуі жоғары категориялық, 17-адам жоғарғы білімді. , олар мыналар: Шаяхметов.Ж. (1935ж), Шаяхметов.Е.Ж. (1965ж), Агибаев.З.К. (1948ж), Агибаева Р.Н. (1949ж),Аксамбаева Г.А.(1950ж),

Атымбаева Б.Е.(1966ж), Алимова Ж.М. (1951ж), Абекова Л.У.(1977ж), Джанбаева А.Н. (1946ж), Еменханова.С. (1958ж), Кемелбекова К. (1940ж), Нуршаева Г.Ш. (1954ж), Абдрахимов М.Д. (1964ж), Абикаева М.К. (1978ж), Алдабергенов С.А. (1950ж), Асипов С.Т. (1955ж), Шаяхметов Н. (1956ж), 3 мұғалім орта-арнайы білімді, олар: Мухамединова К.А. (1965ж), Битхуда И.Ф.(1949ж), Кубалаева С.Р. (1960ж) және орта арнайы білімді оқу-өндірістік шебер қызметін атқаратындар: Аденов С.А. (1957ж), Тұтқынбаев М.Т.,Қыпшақбаев Ж.Т., Базарбаев О.Ж. , Ярков В.В. , Аязбаев М.О.
Жоғары аталған қызметкерлердің ішінен төртеуі Қазақстан Республикасының білім беру озаты белгісімен марапатталған.Осыларға қоса есепшілер, кітапханашылар, хатшылар, асхана меңгерушісі, аспазшы, дәрігерлер, жатақхана жетекшілері, лаборант, еден жуушы, механик, тракторист, қарауыл, сантехник, тәрбиешілер тағы сол сияқты мамандар жұмыс істеуде. Мекеме бойынша 68 маман қызметкерлер жұмыс істеуде.
№6 кәсіптік мектептің басқару жүйесінің құрылымы қазіргі таңда мынадай:

Кәсіптік мектептің жалпы білім беретін мектептің арасында едауір айырмашылық бар. Себебі: кәсіптік мектепке келген оқушылыардың, біріншіден сауаты шамалы, кейбір оқушылар кітапты жүргізіп оқи алмайды, сауатсыз жазады, екіншіден оқуға ықылассыз, оқудан гөрі техникаға үйір. Сондықтан арнайы білім беретін пәндерден өткізілетін лабораторияларды оқушылар оқыған теориялық білімін практика жүзінде көзімен көріп, қолымен ұстайды.
№6 кәсіптік мектептің қызмет жүйесінің ұстанымы.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы
Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңы
Мемлекеттік Білім бағдарламасы
Мемлекеттік базистік оқу жоспары.
ҚР гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы
ҚР кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттар
Нарық талабына сай мамандықтар толықтырылды. Атап айтар болсақ,
Ауыл шаруашылығының есепші және ЭВМ операторы ,Ауыл шаруашылығы электро монтеры мамандықтары өз деңгейінде жүргізілуде.
Жастарға білім беруді жетілдіре түсуді мұрат тұтқан №6 кәсіптік мектеп ұжымына 75 жыл толып отыр. Алдағы уақытта ұжым мүшелеріне жемісті еңбек етіп, творчестволық табыс шыңына көтеріле беруіне тілектестік білдіреміз.
Мұғалімдердің сапалық құрамы:

1

Мұғалімнің саны

26

2
Жоғары білімді
17

3

Штатты
10

4

Жоғарғы
11
Біліктілі санатты
5
Бірінші
6

6
Екінші

-

7

Үшінші
3

8
Білім үздігі.
4
Наградалары
9
Министрлік мақтау қағаздары
8

10
Облыстық білім департаментінің мақтау қағаздары
12

11
Өндірістік оқыту шеберлердің саны
6

№6 кәсіптік мектептің 2007-2008 жыл оқу жылында жүргізілген оқу тәрбие жұмыстары.
Бастауыш және кәсіптік білім берудің одан әргі шаралары туралы №721 Қаулысын басшылыққа алған №6 Кәсіптік мектебінің жаңа оқу жылын зор жауапкершілікпен оқу жылын бастады.
Мектеп ішілік оқу-тәрбие, әдістемелік, ашық сабақ, ашық тәрбие сағаты, пән апталықтарының кестесі, педогогикалық кеңістіктің жылдық жоспары жасалынды, педагогикалық кеңістікте бекітілді, хаттамасы жазылды.
Мұғалімдерің оқу-тәрбие жөніндегі мониторингі және оқушыларды және оқушыларды бағалау рейтингі жасалды.
Мектепте 268 оқушы оқиды. 2007-2008 оқу жылында №6 кәсіптік мектепте төмендегідей мамандықтар бойынша жас жұмысшыларды дайындап жатыр:

Бұл мамандықтар дайындауға алынған мемлекеттік білім беру лицензия сериясы ББ № 0008816, 18.02.1996 жылы берілген.
2007-2008 оқу жылында Қазақстан Республикасының президентінің Қазақстан халқының Жолдауы талқыланып, кітапша жасалды, педагогикалық кеңестің хаттамасы жазылды.
2007-2008 жылының оқу тәрбие жұмыстары ҚР Білім туралы, Тіл туралы, 2010 жылға деінгі білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша инженерлік-педагогикалық ұжым тәрбие жұмыстары, оқу-материалдық базаның беріктігі мен сақтау жұмыстары және оқушылырдың контингентін толықтыру бойынша жұмыстарды толықтай атқарды.
Кәсіптік мектеп оқу корпусынан, өндірістік корпустан, жатақханадан, спорт және акт залынан тұрады., асхана жұмыс істейді.
Оқу-материалдық база негізінен лабораториядан,кабинеттерден және шеберханадан тұрады. Лаборатория және кабинеттер алғашқы кәсіптік білімнің мемлекеттік стандарт талаптарына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Арнайы цикл кабинеттерінде және лабораторияларында электрофицикалық экспонаттар, детальдар, бөлшектер, стендтермен қамтамасыз етілген.
Комбайн кабинетінде комбайнның кесіндісі және Трактор (ұстаз Жадыков.С.) кабинетінде трактордың кесіндісі бар. Электрдің көмегімен механизмдерді толықтай және бөлек көрсетуге болады.
Ұстаздар Аксамбиева Т.А., Саханова М.К, Джаманбаева А.Н. осы оқу жылында оқушыларды жеке сұрақ қою арқылы тексеру,өзіндік жұмыстарына аса көңіл бөлді. Өздерінің мақсаттарын жоғары қойып, оқушылардың оқу-танымдық әрекеттерін дамыта түсіп, үлкен табысқа жетті.
Оқушылар белсенді салтанатты кештерге,апталық жиындарға қатысты. Мына тақырыпта Математика сабағында экологиялық білім беру, Самостоятельная работа – залог развития способностей учащихся , Ұлттық ойындарды физика сабағында қолдану , рефераттар жазып, үйірмеде қорғады.
Кәсіптік мектепте 5 әдістемелік комиссия жұмыс істейді: бірлескен әдістемелік комиссия, арнайы пәндерден беретін мұғалімдердің әдістемелік комиссиясы, өндірістік оқыту шеберлердің, гуманитарлық циклдердің мұғалімдерінің, математика циклдердің мұғалімдерінің әдістемелік комиссиясы.
Жамбыл Жабаевтың 163 жылдығына орай әр топта сыныстан тыс тәрбие сағаттары жүргізіліп, Мен бір биік бәйтерек атты кеш өткізді.
Сонымен қатар Кто возмет миллион? атты интеллектуальды ойындар өткізіледі. Аптиалық тәрбие сағатын кураторлар топтарында өткізеді.
Дәстүр бойынша республикалық күрес жарыстан Фермер мамандығы бойынша 198 топтың 2курс оқушысы Тукенов Мақсат 1 орынға ие болды. Спортпен оқушылардың бәрі қатысады.
Оқу тәрбие жұмысына байланысты зерттеледі. Олар — сабақ
жоспары, тақырыптық, күнтізбелік жоспар, сынып жетекшілерінің тәрбие және үйірме жұмыстарының жоспары, сынып журналы, оқушының дәптері, рефераттары, техникалық және көркем шығармашылық жұмыстары, әдістемелік және педагогикалық тақырыптарға жасалған баяндамалар, журнал газет беттерінде жариялаланған мақалалары және басқа да еңбектері.
Осы кезеңде мектеп ауданымыздағы басқа мектептерге байланыс орнатып тәжірибе алмасады. Нәтижесінде шығармашылық жұмыс қалыптасып, ең басты ұжымның ішкі өмірінде ынтымақпен білім нығайып, қолайлы ахуал қалыптасады.
Оқудың кабинеттік жүйесі енгізілген, 15 кабинет оқу бағдарламасымен оқу жоспарына сай жабдықталған.
Оқушылар білімін тест жүйесі бойынша тексеру жұмыстары батыл қолға алынды. Мұның өзі жастар арасында жарыс пен бәсекенің өріс алу мүмкіндігін туғызады.

Мектепке қабылданған оқушылар саны:
Оқуға қабылданғаны
Бітірушілер
2005
2006
2007
2005
2006
2007
120
115
125
110
107
119

Оқушылар контингенті
Педагогикалық кадрлар
2005
2006
2007
2005
2006
2007
200
220
268
20
25
26

1.2. Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы №6 Кәсіптік мектептің табиғи климаттық жағдайы.
№6 кәсіптік мектеп орналасқан жері Қазақстаннның таулы- жазық дала аймағына жатады.
Облыстың климаты шұғыл континентті: жазы ыстық, қысы суық, қар тым алағат түседі. Облыс бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +6 - +10, ауа температурасының жылдық ауытқуы +29 градустан +34градусқа дейін.
Жылдың жылы кезеңі 3-10 сәуірден 11-16 қарашаға дейін. Ең суық ай қаңтар, ең жылы ай шілде. Қыс ең қатты болған жылдары жекелеген күндерде ауаның ең төмен температурасы 34-39 градусқа дейін жетуі мүмкін. Жаз ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда ауаның орташа температурасы 20-23 градус төңірегінде болады.
Кәсіптік мектеп таулы маңайда орналасқандықтан ауа райы салқын болып келеді: №6 Кәсіптік мектебінде көлемінде шамамен 110-160 миллиметрге дейін жауын жауады. Ылғал неғұрлым мол жылдары 400-600 миллиметр жауын жаууы мүмкін.
Желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 5-6 метрден аспайды. Желдің ең жоғарғы жылдамдығы көктем-қыс айларына сай келеді. Көктемде ауаның орташа тәуліктік температурасының жылылыққа қарай тұрақты ауысуы 26-30 наурызда болады.
№6 Кәсіптік мектеп аумағында аяз болмайтын мезгіл орта есеппен 150-165 күнге созылады. Көктемгі үсік сәуір айының екінші он күндігінде тоқталады, бірақ жекелеген жылдары мамырдың бірінші он күндігінде және екінші он күндігінің бас кезінде байқалуы мүмкін.
Алғашқы күзгі үсік қазанның бірінші онкүндігі мен екінші онкүндігінің бас кезінде түседі, бірақ қыркүйектің үшінші онкүндігінің бас кезінде, кейде тіпті екінші онкүндігінде де түсуі ықтимал.
Облыстың территориясындағы жылудың мол қоры суармалы жағдайда дәнді дақылдар, көкөніс, бақша, жеміс дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді. Мал шаруашылығында ауа райы жағдайын ескере отырып жүргізілуге тиісті негізгі шаруашылық шараларына мыналар жатады: қойды қыста жайып бағу, көк шөпке жаюдың бастапқы кезі ерте көктемде және көктемде қой төлдету, көктемгі қырқым, жазда жайып бағу.
Облыс өзеннің бойында орналасқан.Сондықтан барлық шаруашылыққа қолайлы. Жалпы аймақ ауданының 90 %-тен астамы ауылшаруашылығы пайданылады, оның 35%- тейі егіншілік, 50%- тен астамы жайылым, 10%-тейі шабындық және т.б.
Ылғалдануы мен рельеф жағдайының алуан түрлілігі, шөкпелердің бір текті еместігі, жекелеген табиғи аудандарды шаруашылық тұрғысынан пайдалану бағыттары мейлінше топырақтың алуан түрлілікке әкеп соқтырады.
Тегіс жазық даласында жайылым жерлер көптеп кездеседі. Облыс та жекеменшік шаруа қожалықтары көп. Оларда өздеріне қолайлы шаруашылықпен айналысады.
1.3. Оңтүстік Қазақстан Облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені, Шұбар ауылы №18 Кәсіптік мектептің материалдық-техникалық базасы.
№6 Кәсіптік мектеп аудан орталығынан 20 км қашықтықта орналасқан.
Жалпы жер көлемі – 10926 кв.метр.Оқу өндірістік базасының жалпы көлемі 9416 квадрат метр . Оның ішінде 3828 кв.м теориялық, 2265 өндірістік оқуға арналған. 1977 жылы қызыл кірпіштен үш этаждан тұратын оқу бөлшесі соғылды. Оқушылардың білім сапасын және тәрбие деңгейін көтеруге жақсы жабдықталған 37 кабинет жұмыс істейді. Кітапханасында 10613 кітап қоры бар.
Сонымен қатар соңғы жылдары кітпаханаға толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқулықтарымен толықтырылған және Республикалық, облыстық газет, журналдармен қамтамасыз етілген.Осы ғимаратта мұражай орналасқан, онда мектеп жайлы ашылған күннен бастап, бітірген түлектер жөнінде көптеген ақпарат-деректер бар.
1965 жылы қызыл кірпіштен, 1-этажды етіп, 0,5 мың метр квадрат көлемінде, 150 орындық акт залы салынды. 1 спорт залы бар, 1 спорт алаңы бар, 1 алғашқы әскери дайындық алаңы, 1 полигон, 1 медпунк, 1 тир бар.

Асхана 358 метр квадрат көлемінде 1962 жылы жылы кірпіштен 1 этажды етіп салынған 150 адамдық орны бар жатақхананың бір бөлігінде орналасқан. Жатақханасы 1,1 мың метр квадрат көлемінде, 300 адамдық орны бар. 1968 жылы кірпіштен 2 этажды етіп соғылған. Онда тамақ істеуге, тұрмыстық жағдайға, жуынатын жер, телевизор көретін бөлме және т.с.с. арнайы бөлмелер бар.
Гаражы 1,2 мың метр квадрат көлемінде оқу шеберлерінің көмегімен жүргізіп үйрету сабағы оңды жолда қойылған өндірістік 7 шеберханалық кабинет бар.
Жалпы тракторлар саны-21, экскаватор -1, комбайн-6, жүк автомобильі-4, жеңіл автомобильі-1, автобус-1, арнаулы машиналар-2.
Осылармен бірге металкескіш станок,ағаш өңдейтін станок, ұсталық пресс жабдықтары,электро дәнекерлік,газдәнекерлік аппараттар, тігін машиналары – 8, слесарлық верстактар – 24 және басқада құрал-жабдықтар бар.

№6 кәсіптік мектептің техникалары және жабдықтары.


Техниканың атауы
Саны
1.
К-701 тракторы

3 дана
2.
Шынжыр табанды тракторлар

9 дана
3.
Доңғалақты тракторлар

9 дана
4.
Астық комбайндар

5 дана
5.
Арнайы комбайндар

1 дана
6.
Жүк автомобильдер

4 дана
7.
Жеңіл автомобильдер

1 дана
8.
Автобус

1 дана

9.
Бульдозер

1 дана
10.
Эксковатор

1 дана
11.
Электростанциясы
1 дана

Көрсеткіштердің аттары.
Жалпы базалық көрсеткіштердің сипаттамасы.
Жалпы жер көлемі
10926 м2
Оқу бөлімі.
Жалпы көлемі 9416 м2
Оның ішінде 3828 м2 теориялық,
2265кв.м. өндірістік оқуға арналған.
1935жылы қызыл кірпіштен,
3- этажды етіп салынған.
Кітапхана.
10613 кітап қоры бар.
Алаңдар.
1-спорт алаңы,
1-алғашқы әскери дайындық алаңы,
1-полигон,
1-медпунк,
1-тир бар,
Спорт залы.
2-спорт залы бар,
1 мың м2 көлемінде.
Асхана.
1965 жылы кірпіштен,
1-этажды етіп салынған.
358 м2 көлемінде.
150 адамдық орны бар.
Жатақхана.
1968 жылы кірпіштен, 2-этажды етіп,
1,1 мың м2 көлемінде, 130 адамдық орны бар.

Гараж.
1962 жылы кірпіштен, 1-этажды етіп,
1,2 мың м2 көлемінде өндірістік,
7-шеберханалық кабинет бар.
Оқу-тәжірибелік шаруашылығы
Жалпы көлемі 790 га.
Оның ішінде:
Егістік – 230 га; жайылым -560 га
Шаруашылықтың мал саны:
Қой – 252 бас;
Жылқы – 18 бас;
Ірі қара – 5 бас;

2. Әдістемелік тарау

2 .1 Берілген кәсіп бойынша тақырыптың оқу процесінде алатын орны мен мазмұны.

Арнайы пәндерді оқыту білімді, білікті маман жұмысшыларды дайындауда маңызы зор. Оқу процесінде мақсатының мазмұны, формасы және оқыту әдістемесіне қарай білім беру пәндерімен салыстырғанда олардың жүйелілік спецификалық ерекшелігі бар. Кәсіптік-техникалық пәндердің мақсаты белгілі бір саланың өндірістік процесінің негізінде жатқан принциптерді ашып көрсету, жабдықтардың негізгі теориясы мен құрылысын, материалдық – техникалық базасының қолайлысын, білікті маман жұмысшыларды дайындау бағытын тереңдету болып табылады. Арнайы пәндерді оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың механизмдер, машина, аппараттар, приборлар және өндірістегі жұмыстардың ұйымдастырылуы мен оның технологиясы, еңбекті ұйымдастыру, белгіленген нақты кәсіп бойынша қолданылатын материалдар туралы ұғымды қалыптастыру.
Астық өндіруді үнемі көбейтіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, соғұрлым мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтың әл ауқаты шапшаң көтеріледі.
Астық шаруашылығындағы ең жауапты кезең оны жинап алу. Жинауды уақытында және жылдам жүргізсңбырлатқыше онда өнімді түгелдей жинап алуға мүмкіндік болады. Кеш қалған жағдайда көп ысырап болуы сөзсіз. Ал мұның өзі ауылшаруашылығы еңбеккерлерінің сол астықты өсіруге жұмсалған орасан көп күшімен жабдықтарының текке кетпегендігі деген сөз. Берілген кәсіп бойынша тақырыптық оқу процесінде алатын орны мен мазмұны Білімді, білікті маман жұмысшыларды дайындауда арнайы пәндерді оқытудың маңызы зор. Оқу процесінде мақсатының мазмұны, формасы және оқыту әдістемесіне қарай, білім беру пәнімен салыстырғанда олардың жүйелілік спецификалық ерекшелігі бар. Кәсіптік-техникалық пәндердің мақсаты белгілі бір саланың өндірістік процесінің негізінде жатқан принциптерді ашып көрсету, жабдықтардың негізгі теориясы мен құрылысын, материалдық - техникалық базаның қолайлысын, білікті маман жұмысшыларды дайындау бағытын тереңдету болып табылады.

Арнайы пәндерді оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың механизмдер, машина, аппараттар, приборлар және өндірістегі жұмыстардың ұйымдастырылуы мен оның технологиясы, еңбекті ұйымдастыру, белгіліенген нақты кәсіп бойынша қолданылатын материалдар туралы ұғымды қалыптастыру.
Астық өндіру үнемі көбейіп, арттыра берудің біздің еліміз үшін аса зор маңызы бар. Астықты неғұрлым мол өндірсек, соғұрлым мал шаруашылығы мен ауылшаруашылығының басқа да салалары жақсы өркендейді, жалпы халықтың әл-ауқаты шапшаң көтеріледі.
Астық шаруашылығындағы ең жауапты кезең оны жинап алу. Жинауды уақытында және жылдам жүргізсе онда өнімді түгелдей жинап алуға мүмкіндік болады. Кеш қалған жағдайда көп ысырап болары сөзсіз. Ал мұның өзі ауылшаруашылық еңбеккерлерінің сол астықты өсіруге жұмсалған орасан көп күші мен жабдықтарының текке кеткендігі деген сөз. Комбайндардың, дестелеуші жаткалардың, жинауыштардың және басқа да механизмдердің астық жинау процесінде маңызы зор, олардың құрлымын, құрлысын білу ауылшаруашылық маманның міндеті жүйеден жасалатын орынға байланысты тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың тыңайтқышты арасан тыңайтқыш шашқыштар және органикалық тыңайтқыш шашқыштар болып бөлінеді.

2.2 Ауылшаруашылық машиналары пәні бойынша күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру.

Күнтізбелік-сеткалық кесте оқу жоспарларының және оқу бағдарламаларының жүйелігінің тақырыптарды үйренудің кестелік түсіндірілуі болып есептелінеді. Күнтізбелік-сеткалық кестені жасау алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжірибе. Күнтізбелік-сеткалық кесте күнтізбелік мерзімді, лабароториялық-практикалық сабақтармен және басқа тақырыптармен байланысты анықтауға мүмкіндік туғызады.
Күнтізбелік-сеткалық кесте сабақтардың тақырып бойынша күнтізбелік мезгілді сабақтардың формуласын (саны және сабақтардың ұзақтығын, олардың алмасуын) анықтауға, теориялық және лабораториялық – практикалық сабақтардың аралығындағы байланысты анықтауға болады.
Оқушыларға оқу информациясын жеткізу үшін алдымен оқытушы сол материалдардың мазмұнын анықтап терең білуі керек. Бұл дайындық жұмысы алдын-ала, яғни, оқу материалын оқып үйренуге дейін жасалады. Оған мынадай элементтер кіреді:
-бар материалдарды теріп,оқып, жүйелендіру;
-оқу және көрнекі құралдарды даярлау және пәнаралық байланысты анықтау.

Күнтізбелік-сеткалық кестені құрастырғанда оқу жоспарына сүйенеді. Оқу жоспары дегеніміз-оқу орындарында оқылатын оқу пәнінің құрылымын, оның оқу жылы бойынша өту тәртібі мен бірізділігін, әр оқу пәніне берілетін уақыт мөлшерін және оқу жылының құрылымын белгілемейтін мемлекеттік құжат.
Күнтізбелік-сеткалық кесте кесте түрінде құрылады. Кестенің сол жақ бөлігінде пәндердің реті көрсетіледі, жоғарғы бөлігінде курсқа, жарты жылдыққа, аптаға бөлінген уақыт беріледі. Әр пәнге аптаға сәйкес, қарама-қарсы жағында сағаттар саны көрсетіледі.
Күнтізбелік-сеткалық кестені құрастыру жүйесі:
-курстағы апталық оқу сабақтарының санын анықтайды;

-тақырыпты қай курста оқитындығын анықтайды;
-оқу жоспары бойынша аптадағы оқу сағаттарын анықтайды;
-пәннің тақырып жоспарына сәйкес тақырыптың графикалық бейнесін көрсетеді;
-техникалық және практикалық оқу байланысын көрсетеді.
Күнтізбелік-сеткалық кестенің мүмкіндіктері:
-тақырып бойынша күнтізбелік сабақ мерзімін анықтау,яғни қай тақырып, қай уақытта, қай күні, мерзімі мен өткізілетіні нақты белгіленеді;
-теориялық және лабораториялық-практикалық сабақ арасындағы байланысты анықтайды. Яғни, теориялық және лабораториялық-практикалық сабақтарды бекіткен кезде оқытушы оқушыларға тақырып материалын тереңірек оқытады;
-сабақ формуласын анықтайды.

2.3. Құрылымдық логикалық талқылау

Құрылымдық логикалық талқылау дегеніміз-оқу элементтерін және олардың дәрежелерін, байланыстарын, қарым-қатынастарын анықтау. Оқу материалдарының логикалық құрамында байланыстар мен ұсыныстар өздігінен болмайды, олар оқу элемент терінің арасындағы қатынастарды анықтайды. Сондықтан құрылымдық логикалық талқылауды сол түсініктерді анықтаудан бастаймыз. Ол үшін оқу элементтерінің алгоритімін білу, яғни тақырыптың оқу материалының құрылымдық логикалық сұлбасын түсіруінің бірінші кезеңі.
Әрбір оқу пәні білімінің бір тобы немесе топтардың бірлігі болып келеді.
Техникалық білімдердің тобына төмендегілер жатады:
1.Түсінік, объектінің қызметі.

2. Объектінің жұмыс істеу негізіне жататын құбылысы, заңдылық қасиеті, жұмыс істеу принципі.
3. Объектінің құрылымы, құрылысының топтасуы.
4. Құрылым ерекшеллігі.
5. Объектінің жұмыс істеу көрсеткіштері, белгілері, техникалық сипаттамасы.
6. Объектіні күту.
Әрбір блоктың мазмұны, саны және сапасы жағынан әр түрлі және оқыту мазмұнына бағынышты болады, бірақ блоктарға кіретін сұрақтарды кез-келген оқып үйренетін объектілерге ұсынылған жүйелілікпен ғана атау керек.
Оқу элементтерін таңдау оқу материалы мазмұнының құрылымдық логикалық сұлбасын жасаудың екінші кезеңі болып табылады. Түсініктерді қалыптастырудың деңгейін анықтау үшінші кезең болып саналады.Түсініктің маңызы, демек оны игеру және қызықтау мақсатымен деңгейі осыған тиісті төрт деңгейде, яғни танысу-еске түсіру-іскерлік-трансформация бойынша атқарылуы мүмкін.

Блок нөмірі
Негізгі оқу элементтері және негізгімен бірге оқылатын басқа оқу элементтері

I

II

III

IV

V

VI

Тақырыптың оқу элементтерінің спецификациясы

I

Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар туралы түсінік, ұғым

II

Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың негізгі қасиеті, жұмыс істеу принципі, тәртібі

III

3-органикалық тыңайтқыш шашатын ПРТ-16

4- арасан тыңайтқыш РУМ -5 РУМ -8

IV

Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың құрылым ерекшелігі

V

Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың жұмыс істеу және пайдалану көрсеткіштері

VI

Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналарды техникалық күту

2.4. Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар тақырыбы бойынша перспективалық – тақырыптық жоспарын жасау.

Теориялық оқытуды жоспарлайтын негізгі құжаттар, олар: перспективалық тақырыптық жоспар және сабақ жоспары болып саналады.
Сабақты ғылыми - әдістемелік деңгейде өткізу үшін мұғалім өзінің жұмысын жоспарлау тиіс.
Оқытушы оқу пәнінің тақырыбын оқу жоспары мен бағдарламасына сүйеніп, перспективалық тақырыптық жоспар алдын ала құрастырылады, яғни тақырып бойынша сабақ жүйесін анықтайды.
Перспективалық тақырыптық жоспарының негізі-тақырып бойынша сабақ жүйесін құрастыру. Ал, сабақ жүйесіне тақырып бойынша оқу процесінің мынадай негізгі элементтері: жаңа білімді хабарлау, білім мен білікті бекіту, білімді жүйелендіру және қорытындылау, бақылау және тағы басқалары кіреді.
Перспективалық тақырыптық жоспардың құрылымын үш компонентке бөлуге болады:
1. Тақырыптың оқу материалын сабақтарға бөлу (1,2,3,4 графалар)
2. Әрбір сабақтың әдістемесі(5,6,7,8,9 графалар)
3. Оқу тәрбие процесін жабдықтармен қамтамасыз ету(10 графа)
Перспективалық тақырыптық жоспарының тақырып бойынша сабақ жүйесі тақырыптың мазмұнын логикалық байланыстырады.
Перспективалық тақырыптық жоспарда оқу материалы сабаққа рационалды бөліне отырып, келесі сұрақтарды қарастыру керек:
-оқыту жұмысын ұйымдастыру формасы;
-сабақ барысындағы оқушылардың өзіндік жұмысы;
-пәнаралық байланысты іске асыру;
-тәрбиелік жұмыспен байланыс;
-көрнекі оқу-құралдарын, дидактикалық материалды және техникалық оқу құралдарын пайдалану жолдары;
-оқушыларға үй тапсырмасын беру;
-тақырып бойынша оқу және әдістемелік әдебиеттерді пайдалану.
Мұғалім перспективалық тақырыптық жоспардың компоненттерін өзі жасайды. Жоспардың компоненттері оқу пәніне, тақырыптың мазмұнына, кәсіптік мектептің оқу-материалдық базасына, оқушының білім деңгейіне байланысты жасайды. Перспективалық тақырыптық жоспар әдістемелік комиссияда қаралып, бекітіледі.

2.5. Сабақ жоспарын жасау әдістемесі.

Сабақ жоспары перспективалық тақырыптық жоспарға сүйене отырып, оқулықтар мен оқу құралдары негізінде жарты немесе толық оқу жылына құрастырылады. Сабақ жоспары- бұл әр сабаққа жасалады, ол оқу жұмысын жоспарлаудың негізгі формасы. Жасалған жоспар бойынша мұғалім: сабақ
тақырыбы бойынша оқулықты, оқу құралын және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, өз білімін тексереді және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып, алдын-ала жаттығуларды дайындап, сабақ міндеттерді шешіп және тәжрибелерді орындайды, жабдықтарды тексереді.
Сабақ жоспарында сабақтың оқу-тәрбие мақсаты мен тақырып көрсетіледі. Негізгі оқу элементтері мен құрылымы, уақыты, сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы, оқытушының жұмыс мазмұны, сабақтағы өзіндік жұмыстың мазмұны, үй тапсырмалары және тағы басқа сұрақтар қарастырылады.
Сабақты жоспарлау негізінде өткен сабақтардың нәтижелерін есепке алып, мұғалім әрбір сабаққа дайындалады. Сабаққа дайындалудың басты компонентерінің бірі-оқу материалын таңдап алу.Бұл жерде сабақтың идеялық-теориялық бағыты анықталады, сабақта негізгі идеялар, ұғымдар, заңдылықтар, тарихи және политехникалық мәліметтер айтылады. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды ойластырады, оқытуды ұйымдастырудың формалары мен функцияларын пайдаланады.
Сабаққа дайындалу үшін өткен сабақты талдау қажет, ол үшін мына мәселелерді еске алған жөн: тақырып мазмунын оқытушылар қалай игереді, сабақта қолданылған оқыту әдістерінің тиімділігі, сабақтың дидактикалық және тәрбиелік міндеттері қалай шешіледі, сабақтың жетістіктері мен кемшіліктері, сабақ процесінде болған кемшіліктерді келесі сабақтарда болдырмау жолдары.
Сабақты осындай тәсілдерді пайдаланып өткізу мұғалімнің ғылыми-әдістемелік, педагогикалық шеберлігін сипаттайды. Ал педагогикалық шеберлік дегеніміз-оқыту мен тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері.

АШМ пәні бойынша сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар түрлері және олардың құрылысы.
Сабақтың мақсаты: Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың түрлерімен және олардың жұмысымен танысу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың көрнекілік жабдықталуы: Плакаттар, макеттер, техникалық
оқыту құралдары
Сабақтың уақыты: 2 сағат

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: аудиторияның дайындығы, техникалық оқыту құралдарының дайындығы, жабдықтарды дайындау, журнал бойынша оқушылады тексеру (2-3 мин)
2. Өткен сабақтың тақырыбы бойынша сұрау (3-5 мин)
3. Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың түрлері (10-12 мин)
1. Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың жұмыс ерекшеліктері туралы не білесіз? (9-10 мин)

2.Консольді насостың құрылысы және оның жұмыс істеу принципі (9-
10 мин)
3.Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың жұмыс істеу принципі (9-11 мин)
Сабақтың екінші сағаты:
3.1.Плакаттар көрсету (8-11 мин)
3.2.Өзіндік жұмыс РУМ -5 тыңайтқыш енгізуге арналған машиналарының сұлбасын сызу (7-8 мин)
3.3..Жеке сұрау (6-8 мин)
1. Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың түрлерін айту
2. РУМ -5 алысқа шашатын тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар жұмысы
3.Машиналардың қандай ақаулары мүмкін?
5.Сабақты қорытындылау: оқушылардың білімдерін тексеру, бағалау,
жіберген қателіктерін түсіндіру (3-4 мин)
6. Үй тапсырмасын беру: Л.Н. Крупенка Ауыл шаруашылық
машиналары оқулығы бойынша (2-3 мин)

2.6. Пәнаралық байланыс картасын жасау.

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында философиялық , психологиялық , дидактикалық және әдістеме жағынан қарастыратын күрделі кешенді сала. Пәнаралық байланыс жалпы білім беру кәсіби техникалық цикл дәне өндірістік оқыту пәндер арасында органикалық үйлесімді қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыруға зор әсер етеді.
Пәнаралық байланыс бүкіл жұмыстың мәнін оқушыларға кез-келген теориялық және практикалық сабақта оқыған кезде бүкіл жинақтаған білімдерді , дағдаларды қолдануды білу үшін мазмұнымен құрылымы бойынша тиімді дидактикалық бірыңғай білім жүйесін қалыптастырған.

Пәнаралық байланыс дегеніміз – жалпы ғылымдар жүйесінің дидактикалық мақсаттардан туындайтын оқу бағдарламаларының өзара шартты байланыстар. Педагогика ғылымында пәнаралық байланыстарды белгілі педагогтар , Коменский , Песталлоций , Ушинский. Пәнаралық байланыс оқытудың мазмұны мен әдістері жете ұйымдастыру арқылы шектер қоймайды.
Пәнаралық байланыс тұтас бір сабақ немесе сол сабақтың үзіндісі кино , диафильм , телекөріністер арқылы жүзеге асырылады. Пәнаралық байланыс ең маңызды міндетті оқу процесінің білім беру , тәрбиелеу , дамытушылық ақпараттар арасындағы байланыстарды құру болып есептеледі. Сонымен пәнаралық байланыстың негізгілері мыналар:
Оқу пәндер арасындағы байланыстың болуы , ғылымдар негізінің білім жүйесінің дамуының негізгі шарты деп есептеу.
Пәнаралық байланыс жан – жақты тәрбие , білім беру жүйелерінің барлық салаларына кешенді жүйе жасайды.

Маман даярлауда білім мазмұнының барлық құрылым бөлшектерінің байланысын табады.
Пәнаралық байланыс педагогикалық еңбектің ғылыми негізінен танымды ұйымдастыруына жатады.
Педагогикалық ұжымның барлық іс - әрекетінің бір–бірімен келісуі және демократиялық негізінде жүріп – отыруына әсер етеді.

2.7. Лабораториялық , практикалық сабақты өткізу әдістемесі оны ұйымдастыру.
Сабақ жоспары – нақты бір сабақты өткізу үшін тақырып бойынша жасалатын міндетті құжат. Сабақ жоспарының міндетті формасы бекітімеген. Кәсіптік мектептерде лаборатория , практикалық сабақты өткізудің негізгі ерекшеліктері звено бойынша ұйымдастырылады.
Лабораториялық – практикалық сабақтың негізгі мақтасы – оқушылардың тоериялық сабақта алған білімдері мен біліктілігін қайта жаңғыртып , бекітіп , жұмыс орындарымен таныстырып , машиналардың құрылысымен реттеулерін бөлшектеп , жинап жөндеу әдістерін үйрету. Сонымен қатар лабораториялық – практикалық сабақ барысында оқушыларға мамандыққа деген сүйіспеншілігін , қызығушылығын тәрбиелеу қажет. Лабораториялық – практикалық сабақтың жоспары мыналарды қамтиды:

Сабақтың тақырыбын
Мақсатын
Сабақтың материалдық – техникалық жабдықталуын.
Уақыты
Сабақ барысы – ұйымдастыру бөлімінен ( 5 минут ), кіріспе нұсқаудан (25 – 30 минут ) оқушылардың жаттығуларымен ағымдык нұсқау (5сағ) және қорытынды нұсқаулардан (10 – 15 минут) тұрады.
Кәсіптік мектептерде лабораториялық – практикалық сабақтарда арнайы құрал – жабдықтармен жабдықталған лаборатормяда және шеберханада өтеді. Оқытушы лабораторияда әрбір жұмыс онын қажетті жабдықтармен , құрал – саймандармен қамтамасыз ете отырып , жұмыстың белсеңді әдістерін ұйымдастыруды көздейді. Лабораториялық – практикалық сабақты өткізу үшін оқытушы және оқу шебері төменгідей құжаттарды жасау қажет :
Сабақ жоспарын;
Технологиялық нұсқау карталарын;
Басқада дидактикалық құрал – жабдықтарын;
Сабақтын тақырыбын , мақсатын;
Материалдық – техникалық жабдықтарын;
Оқушылардың жұмыс орындарының алмасу кестесін.

Нақты цикл ЛПС бойынша оқу тәрбие процессін жоспарлау.

Тақырыбы: Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар.
Мақсаты: Жаңа білімді меңгеру.
Құрал жабдықтар: ТСО, плакаттар, сұлбалар.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі: (3-5мин) (тізім бойынша оқушыларды тексеріп, журналға белгілеу, оқушылардың лабораториялық – практикалық сабаққа дайындығын тексеру).
II. Кіріспе нұсқау: (20-25мин). Оқушыларды жұмыс орындарына бөліп, оларға тапсырмалардың мақсатын, оларға технологиясын түсіндіру. Әр бір звеноға техника қауіпсіздік талаптарын айтыьп беру. Технологиялық нұсқау картасын үлестіру, звенолардың алмасу кесте ережесін түсіндіру. Тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеріп шығу.
III. Негізгі нұсқау: оқушылардың өзіндік жұмысы. Бірінші айналым – оқушылардың осы тақырып бойынша теориялық білімін тексеру. Тапсырманы орындауға дайындығын тексеру. Жұмыс барысы туралы түсіндіру, технологиялық нұсқау картасымен қалай түсінуін тексеру.
Екінші айналым – оқушылардың жұмыс барысында материалды ұғынуға көңіл аудырып, қиын сұрақтарға түсінік беру.

Үшінші айналым – тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың жұмыс істеу сүлбесі әдістерін тексеріп, оларға әр оқушының іс әрекетіне көңіл аударып, құрал жабдықтарын пайдалануына назар аудыру.
Төртінші айналым – көрсетілген Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналардың реттеуін, құрамын тексеру. Құрал жабдықтарды, жұмыс орындарын қабылдау.
IV. Қорытынды нұсқау: (10мин) Әр оқушының жұмысын бағалау, звенолардың жұмысын талдап, оларды бағалап, ерекшеліктерін айту. Келесі сабаққа әр бір звеноның жұмыс орынын көрсету, үйге тапсырма беру.

Лабораториялық – практикалық сабақтың жоспарын жасау.

Сабақ жоспары дегеніміз тақырып бойынша нақты бір сабақты жүргізу үшін жоспарланатын негізгі қажет. Ол педагог пен өндірістік оқыту шеберінің дайындық жұмысының нәтижесі болып табылады. Сабақ жоспарының стандартты міндетті жоспары бекітілген. өйткені жоспар формасы оның мазмұны, өткізу әдісі тақырып материалын ашу тереңдігі сияқты сабақ мазмұнына оның оқу және тәрбиелік мақсатына, онда тұрған жұмыс сипатына жаттығуларды ұйымдастыруға педагог пен шебер тәжірибесіне байланысты өзгеріп отырады.
Лабораториялық – практикалық сабақтың жоспары мыналарды қамтуы тиіс: сабақ тақырыбын, мақсатын сабақтың оқу материалы мен жабдықталуын.

Лабораториялық – практикалық сабақ барысы.
Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, тексеру және тағы басқалары)

1. Кіріспе нұсқаунама;
2. Ағымды нұсқаунама;
3. Қорытынды нұсқаунама.
ЛПС өткізі үшін оқытушы келесі оқу құжаттарын дайындау керек:
1. Перспективалық тақырыптық жоспар
2. Звенолардың жұмыс орындары бойынша алмасу кестесі
3. Сабақ жоспары
4. Нұсқау технологиялық карта
5. Нұсқау жоспары
6. Оқу жұмысын есепке алу журналы

2.8. Кіріспелік нұсқауға қысқаша мазмұндама жасау.

Лабораториялық – практикалық сабаққа байланысты сабақ құрылымы да өзгеше болады. Кіріспелік нұсқаудың негізгі міндеті оқушылардың міндеті тұрған оқу өндірістік процессін, міндеттерін толық қалыптастыру, тапсырманы орындау, шарттармен, ерекшеліктерімен, әдістерімен, жабдықтармен және өздерін бақылау әдістерімен таныстыру.
Кіріспелік нұсқауға сабақтың мақсатымен және жүргізілетін жұмыстардың ретімен таныстыру. Оқушылардың МТА – ның құрылысы, техникалық күтімі туралы білімін тексереміз.
Оқушыларды мазмұнымен толық таныстыру. Оларға техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігіне көңіл бөлу, оқушыларды звеноларға бөліп, олардың жетекшілерін тағайындау, жетекшіге звеноның алмасу кестесінің орындауын талап ету. Әр звеноның жетекшісі өндірістік оқу шеберінің көмегі арқылы техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауға арналған нұсқау беріледі.
Алдағы оқу өндірісінің міндеттері туралы оқушыларға толық және кең жайылған ұсынуды құру және оның жағдайларын, құралдарын, әдістерін және жасау ерекшелігін, бақылау және өзін өзі бақылау туралы мәлімет беру.

a. Жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларын орналастыру кестесін жасау.

Лабораториялық – практикалық сабақтарды жүргізу үшін оқытушы теория және лабораториялық – практикалық сабақ бағдарламасын және олардың өзара байланысын таңдауы керек.
Тапсырмалардың көлемін және мазмұнын дәл анықтап лабораториялық – практикалық сабақтардың белгілі бір бөлімінің өткізілуін дұрыс жоспарлау қажет.

Лабораториялық – практикалық сабақтардың бағдарламасымен толық таныса отырып, оқытушы әр бір тапсырманың мақсатын алдын ала міндетті анықтап, теориялық және лабораториялық – практикалық сабақта оқытылатын машиналардың маркаларын анықтау, тапсырмаларды орындауға қажетті жабдықтардың, аспаптардың, құралдардың, материалдардың санын санау керек.

Оқытушы жұмыс орындарының санын әр бір тапсырма бойынша белгілі кәсіптік мектеп жағдайын есепке ала отырып, әр бір жұмыс

орнында 2-3 оқушыдан артық істемейтіндей етіп ұйымдастыру қажет.

Оқу шеберханасының жабдықталуы 3 бөлімге бөлінеді:
1. Оқушының жұмыс орны
2. Шебердің жұмыс орны
3. Жалпы пайдалану құрал саймандары
Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының талаптарына сай кәсіптік оқытуға қажетті жабдықтармен, аспаптармен, приборлармен, құралдармен жабдықталынады. Оқушының жұмыс орны оқу бағдарламасының талаптарына сай кәсіптік оқытуға қажетті жабдықтармен, аспаптармен, приборлармен жабдықталады.
Оқушы жұмыс орнын қамтамассыз ететін жабдықтардан басқа оқу шеберханасы жалпы пайдалану жабдықтарымен де бейімделеді.
Тұрақты жұмыс орындарында бірдей жұмыс түрлерінде оқушылардың фронтальды оқытуды ұйымдастыру мүмкіншілігі жоқ немесе қолайсыз жағдайларда бөлек бригадалар немесе оқуэшылар звеноларының лайықты жұмыс түрінде немесе жұмыс орындары бойынша алмасу. Осындай алмасуға жоспарланатын құжат ол – кесте.

Жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларын орналастыру кестесін жасау

Тақырып
нөмері
Тапсырма мазмұны
жұм.
орнының
нөмері
Оқу күндері

1
2
3
4
5
1
Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар
1
1
9
7
5
3

Рычаг
2
2
10
8
6
4
2
Дискілі лақтыру
3
3
1
9
7
5

Негізгі редуктор
4
4
2
10
8
6
3
Тыңайтқыштың деңгейін көрсетуші
5
5
3
1
9
7

Бұру механизмі
6
6
4
2
10
8
4
Жұмыс доңғалағы
7
7
5
3
1
9

Корпус
8
8
6
4
2
10
МТА
9
9
7
5
3
1

10
10
8
6
4
2

2.10 Жұмыс орындарының оқу материалдары мен құрал – сайман, аспаптары, жабдықталған жұмыс орындарының тізімі.


Жұмыс орындары
Оқу материалдар мен құрал-саймандар, аспаптар
1
Жаңбырлатқыш аппарат
Балта, балға, шайба, ключ, отвертка, поршень, целиндр
2
Соратын түтік желісі
Балға, шайба, ключ, поршень, целиндр, білік
3
Консольды носос
Арнайы жиынтық кілттер
4
Негізгі редуктор
Аспаптар жиынтығы, кілттер
5
Қоректендіргіш бак
Монтажка, болттар, өлшеуіш аппараттар
6
Бұру механизмі
Темір сызғыш, болттар, донкрат, кілттер
7
Жұмыс доңғалағы
Аспаптар жиынтығы, балға, өлшеуіш аспаптар
8
Корпус
Болттар, өлшеуіш, темір сызғыш

2.11 Лабораториялық – практикалық техникалық циклына арналған технологиялық нұсқау картасын құрастыру әдістемесі.

Өндірістік оқытуда оқушыларға ақпараттың маңызды қайнар көзі болып, ауызша сөз ғана емес, жазбаша сөзде (чертеж, техникалық жағдай, технологиялық нұсқау картасы) болып қызмет етеді.
Өндірістік оқыту процесінде баспалы мәтін мен жұмыстың ең маңызды түрі бұл оқушылардың технологиялық нұсқау картасының көмегімен жазбаша нұсқау. Олар оқушыларға лабораториялық – практикалық сабақтарында және сабақтардың басқа түрлерінде беріледі.
Оқушылардың өзіндік жұмысына арналған біртіндеп қажеттілікті ескере отырып, технологиялық нұсқау картасының көлемін біртіндеп азайтуға болады.
Технологиялық нұсқау картасы – бұл оқушының белсенді және өзіндік танымды іс әрекетін ұйымдастыру құралы. Мүмкін болса, қол және машина еңбек сөзбен сипаттауға сұлбалармен суреттермен ауыстыру қажет.
Технологиялық нұсқау карталары оқушыларға әр жұмыс орында нені және қалай жасау керек екендігін түсіндіреді. Олардың ішінде жұмыс тәсілдерінің мазмұны және орындау бірізділігі технологиялық операциялардың сапалығына талаптар, олардың орындау бірізділіктері, жұмыс өткізетін агрегаты, жұмыс сапасын өзін өзі бағалау қарастырылады.
ЛПС орындау үшін технологиялық нұсқау картасында жұмыстың аты, мақсаты, құралдар және материалдар тізімі, тапсырманы орындауға береілген уақыт, жұмысты өткізу тәртібі (бөлшектеу, реттеу, жинау) болуы керек. Мәтіні қысқа және нақты болуы керек, оқушылардың өзіндік шығармашылық белсенділігін көрсете алу үшін, оқушылардың іскерлігін бағыттау қажет. Әр түрлі кемшіліктерді жою үшін технологиялық нұсқау картасында оқушылар үшін шығармашылық тапсырмалар қарастырылады. Осының барлығы оқушыларға шығармашылық практикалық сұрақтарға саналы шешуге көмектеседі және техникалық құжаттарды қолдану дағдысын алуға, олардың алу шарттарын өндірістікке жақындатады. Сонымен қатар технологиялық нұсқау картады монтажды, димонтажды жұмысты орындауға негізгі мәліметтер қарастырылуы маңызды, тағы да реттеу операцияларды өткізу өте маңызды.
Технологиялық нұсқау картасының бағалы элементі оқушылардың техникалық сауатын көтеретін, бұл оқылатын машиналардың сұлбалары. Білімдерді нақтылау және бекіту үшін карталарда бақылау сұрақтары қойылады.

ЛПС-тың технологиялық нұсқау картасын құрастырудағы әдістемелік талаптар.
1. Оқу бағдарламаға сәйкестігі
2. Технологиялық нұсқау карта маңызы бойынша аяқталуына қатысты болуы тиіс
3. Пунк құрылымы бойынша жай қатысты болуы керек
4. Технологиялық нұсқау картасының жақсырақ нұсқауы екі графадан тұрады: а) тәсілді орындау реті (не істеу керек?); б) құрылымдық нұсқаулар (қалай істеу керек?)
5. Құрылымның мазмұны еңбек іс әрекетінің талдау негізінде анықталуы керек. Оқу процессінің шынайы жағдайларын ескере отырып кәсіпке сәйкес болуы қажет
6. Оқытудың бірінші деңгейлерінде технологиялық нұсқау карталарды тереңірек пайдалану қажет
7. Технологиялық нұсқау картаны құрастырғанда зейінді айқындылыққа, нақтылыққа, техникалық сауаттылыққа қалыптастыру қажет, бұлар негізгі дидактикалық құндалықтар
8. Жазбаша нұсқаудың графикалық бөлімі (суреттер, сұлбалар, графиктер, фотолар, эскиздер) ауыртпалық болуы тиісті
9. Технологиялық нұсқау картаның мазмұнына өзін өзі бақылау, өлшемі көрсетілуі тиіс немесе оқу өндірістік жұмыстарының соңғы нәтижелері
10. Технологиялық нұсқау карталарының мөлшерлері, көлемдері оқушылардың жұмыс орындарында қолдану мүмкіншілігін қамтамасыз ету керек.

Ауылшаруашылық машиналары пәнінен ЛПС технологиялық нұсқау картасы.

Тақырыбы: Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар.

Мақсаты: Тыңайтқыш енгізуге арналған машиналар және тыңайту әдістері бойынша теориялық білімдерді бекіту, олардың ерекшеліктерімен танысу.
Материалды техникалық – жабдықтар:
Болттар
Донкрат
Кілттер
Аспаптар жиынтығы.

3. Еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы
3.1 Қазақстан Республикасында еңбек қорғау шараларының құқықтық негіздері

1995 жылы 30- тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 24-і бабында адамдарға еңбек ету құқын, еңбек ету, жағдайын жасауға қауіпсіздік талабы мен гигиена – тазалығына сенімді кепілдеме берілген, еңбекақы төлеуде ешқандай дискриминациялық алалушылықты болдырмау, сонымен қатар жұмыссыз қалудан әлеуметтік қорғаушылармен қамтамасыздандырылады. Осы бабында жеке және ұжымдық еңбек толасына құқығы бар, ереуліге шығуына да құқы бар. Қазақстан Республикасының азаматтары демалуға құқы бар, онда демалысжәне мейрам күндері жеке есебінде есептеліп жыл сайын ақысы төленетін демалыс белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығымен шектеледі.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 28- бабында еңбек және зейнеткерлік ақының ең төменгі шегімен кепілденеді, егер ауарған жағдайдағы мүгедек болуы, бас иесінің болмауына, жасының жетуіне байланысты әлеуметтік қамтамасыз етілуі және басқа заңды жағдайларын қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикамыздың алдына қойған мақсаты – мемлекетімізде тұратын адамдардың өмір сүруіне денсаулығына қолайлы жағдай жасау ҚР- ң батарында еңбек қорғаудың мына анықтамасын береді Еңбек қорғау дегеніміз –бұл ұйымдастыру, техникалық, гигиеналық және емдеу – профилактикалық, шаралар мен қауіпсіздігін қамтамасыздандырушы тәсілдер еңбек ету кезінде адамдардың денсаулығын сақтау және жұмыс істеуқабілетін арттыру.

Өндіріс, мекеме, ұйымдар, фермерлік шаруашылық жұмыскерлеріне, жоғарғы оқу орын студенттеріне, жұмыскерлеріне арнаулы орташа оқу мекемелерінің оқушыларына, мектептердің әскр қатарындағы және басқа адамдардың еңбек етуге қатысушылардың барлығына еңбек қорғау жөніндегі ұлттық саясатпен анықталады және өкімет басшылары, кәсіподақ қызметкерлерімен жұмыс берушілердің барлығы бірге отырып, мына принципке негізделеді.
- Өндіріс орындарында жеке меншік түрінде болуына қарамастан еңбек қорғау талабын орындаудағы тексеру мен мемлекеттік қадағалаушылар жүргізіледі;
- Еңбек қорғаудағы мемлекет тарабынан қаржыландыруға қатысу;
- Тікелей жұмыс орындарында жұмыс қауіптілігін бағалау және өндіріс заңдылығын мемлекеттік экспертиза қызметкерлерінің анықталуы тиіс;
- Өндірістік кездейсоқ жағдайда зақымданудың әрқайсысын есепке алу оны тексеру және жұмыскерлердің әлеуметтік мүддесін қорғау. Еңбек қорғау туралы заңның 17- бабында 17- жастан төмендегілеріне және әйелдер үшін біраз жеңілдіктер берілген. Жұмыс орындарында қолмен көтеру немесе тасымалдаудағы ауыр жұмыс істеуге байланысты әкімшілік міндетті түрде жүкті тасымалдауға құралдарды автоматтандыру механикаландыру пйдалануға берілуі тиіс.
Еңбек адамның өмірі үшін қажет материалдық рухани және де басқа да табиғи құндылықтар жасауға бағытталған адам қызметі. Еңбек қатынастары – талаптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдылық материалдар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыру жөнінде туындайтын еңбек жұмыс берушімен қызмет арасындағы қатынастар.
Еңбек қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкерлердің денсаулығына кенеттен әсер етуі. Жарақаттарды денсаулықтың нашарлауына немесе қайтыс болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары. ҚР еңбек туралы қорғау заңында мемлекеттік мекемесі бақылау мен тексеруін жүргізеді. Олар:
1. ҚР мемлекеттік органы өкіметтің арнаулы еңбек қорғау туралы мемлекеттік инспексиясын жасайды.
2. Өндіріс және тау –кен жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуін бақылайтын ҚР мемлекеттік бақылау комитеті (ГОСГОРТЕХ НАДЗОР РК). Мемлекеттік санитарлық бақылауда санитарлы гигиеналық және санитарлық эпидемиялық қарсы шараларын табиғи ортаның былғануын болдырмауға және жоюбағытталған, еңбек ету жағдайын, тұрған халықтың тұрмыс жағдайы мен демалуын жақсартуға, сонымен қатар шараларды жүргізу және ұйымдастыруын бақылау арқылы, ауру сырқауды және оны болдырмауға бағытталған.

3.2. Кәсіпорындарда еңбек қорғау шараларын ұйымдастыру

ҚР Еңбек туралы заңы жұмыскерлердің денсаулығын және еңбек жағдайын қорғауды қамтамасыз ету жауапкершілігін, еңбек қорғаудың бақылау жағдайын ұйымдастыру жұмыс берушілерге (басқармалар, кәсіпорын басшысы) жүктеледі. Олар жұмыскерлерді арнаулы киімдермен, аяқ киімдермен жеке қорғаушы құралдармен, жуу мен дизенфекциялармен материалдармен емдеуші – сақтану, дәрі – дәрмекпен және басқалармен қамтамасыз етуге міндетті. Құрылымдық бөлімшелердің жұмысын бақылаудағы еңбек қорғаудың ережесі мен нормасын сақтауды еңбек қорғау қызметкерлерді жүргізеді.
Еңбек қорғау қызметі: оқытады, дәйекті нұсқау береді, білімін тексереді. Цех механигі жұмыс алдында шеберхананың міндетін сақтауды бақылайды. Олардың жұмысшы киімдерінің жағдайын, жұмыс орнының ұйымдастыруының жақын және дұрыс болуын, құрал жабдықтың таза болуын бақылайды.Оның мықты бекітілуінің сенімділігін бақылайды. Егер жұмыс орнында ақауы болса, механикалық жұмысқа кірісуіне рұқсат етпейді.

Жұмыстың барысы кезінде механикалық шебер жөндеушінің механизмдерді, станоктарды тоқтатпауын және қоспауын қадағалайды. Құралдарды жинау және жөндеу кезінде механизмдердің айналуы және өзімен - өзі жүріп кетуге қарсы шараларды қарастыру керек. Жүргізерде аспатарға қосуға болмайды жөндеу жұмысы жүріп жатыр деген хабарлама іліп қою керек. Құрал бөліктің жұмыс істе тұрған жағдайында жөндеу жұмыстарын жүргізуге болмайды. Бөлшектері мен түйіндердің бензин мен немесе басқа еріткіштермен сүртуді арнаулы қолғаппен өртке қарсы шараларды сақтай отыры жүргізу керек.
Механик – электрлі инструменттерді пайдаланған кезде, бу қазандарын жөндегенде, резервуарларды, қысымды аппараттармен жұмыс істеген кезде қадағалап тексеріп отыруы тиіс.
Жұмыс соңында механик шебер жөндеушілердің жұмысшы ортаның тазалығы мен жағдайын, жөндеу сапасын тексереді. Жұмысын бақылаудан басқа станокты құрал – саймандарға, механизмдерге, құбырларға қысымын жұмыс істейтін бу қазандары мен ыдыстарға профилактикаға сынық жүргізеді. Мекеменің инструктажы және еңбекті қауіпсіз тәсілмен оқытуды және жұмысшыларды аттестациялап отыруы тиіс.

3.3.Өндіріс жарақаттан Н-1 АКТ – сын дұрыс толтыру

Сәтсіз оқиғаларды тексеру және есепке алу реті жөніндегі ереже мемлекеттік бірлестіктер мекемесіндегі, әскери бөлімдерге, экспериментті бөлімдерге, мемлекеттік емес, ұғымдармен әр түрлі меншік иелеріне бірдей әсер етеді. Тексеру мен есепке алу жұмыскерлерін қызметкерлердің тұрақты, уақытша, ауысымды жұмыстарда, қосымша және жеке шаруамен айналысатын жанұялық немесе үй жұмысына жалданғандар немесе жұмыс істеп жүрген студенттер мен оқушыларға, қарауылдарға құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқада жұмысқа жіберілгенәскерилермен болған сәтсіз оқиғалар жатады.

- Сәтсіз оқиғалар болғанда жарақат, кәсіби ауыру, улану, ыстық өту, күйіп қалу, қатып қалу, найзағай түсу, бал мен насикомдарға жақындау әсерінен және төтенше жағдайда (жер сілкіну, су басып қалу) кезінде денсаулығын нашарлатып алғандар. Еңбек міндетін атқару кезінде (оның ішінде іс сапар уақыты) сондай – ақ әкімшілік тапсырмасынсыз, мекеме үшін қажет жұмыс істеу кезінде. Жұмыс міндетін атқару кезіндегі басқа біреудің жарақаттануы немесе арнайы өлтіру жағдайлары іс жүзінде жүргізіледі.
Төмендегіден сәтсіз оқиғалар тіркеуге жатпайды, олар табиғи өлім. Өзін - өзі өлтіру және қылмыс жасау кезіндегі алғанжарақат. Медицина қорытындысы бойынша өндіріске байланысты болған сәтсіз оқиға кезінде жұмыс істеу қабілетін бір күнде немесе олармен көп жоғалтқандарға № 1 формалы АКТ толтырылады. Сәтсіз оқиғаларға байланысты мемлекеттік тілде толтырылған (орысша аудармаларда) қамтамасыз етілген. № 1 формалы АКТ зақымданушыға тексеру біткеннен кейін 3 күн ішінде берілуі керек. Мекеме әкімшілігі Н -1 формалы АКТ толтыруға келіспей немесе толтырылған АКТ мазмұны мен жәбірленуші келіспеген жағдайда кәсіп орын кәсіп одағына жүктеледі.Шағымды берілген күннен бастап 7 күн ішінде қарайды да оның шешімшілігі әкімшілік үшін орындауына міндетті болып есептеледі. Н-1 АКТ – ны дұрыс толтырмаса немесе мемлекеттік бақылау органдары мекеме басшысымен қайта толтыруды талап ету мүмкін. Әкімшілікпен техникалық инспектор арасындағы келіспеушілік бас техникалық инспекторлар шеше алады. Өндірістегі әрбір сәтсіз оқиға жөніндегі жәбірленуші немесе куә болған адам смена үшін кәсіп орын басшысына хабар беруі керек.
Жұмыс берушілердің актілері- (жұмыс берушілер өкілінің) шығаратын актілерә (бұйрықтар, үкімдер, нұсқаулар ішкі еңбек тәртібінің ережелері. Зиянды (өте зиянды) еңбек белгілі өндіріс факторларының әсер етуі қызметтерінің жұмыс қабілетінің төмендеуіне немесе ауруына не оның

ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әке соқтыратын жұмыс актілері. Еңбек қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкерлердің денсаулығына кенеттен әсер етуі жарақаттарды денсаулықтың нашарлауына немесе қайтыс болуына әкеп соқтыратын еңбек жағдайлары.

3.4.Адамды шудан, ультрадыбыстан, вибрациядан қорғау. Шу.

Шу дегеніміз - әр түрлі дыбыстардың денгейімен жиілігі. Шу биологиялық тітіркендіргіш. Ол есту аппаратына әсер етеді. Жүрек нерв жүйесіне, асқазан, бүйрек гипертониялық ауруларға ұшыратады. Шу мен вибрацияны санитарлық анықтайды. Жұмыс жағдайына байланысты дыбысты қысым денгейі 2 тәсілмен бағалаған.
1. Шуды шекті спектрмен нормалау
2. Дыбыстық денгейді нормалау.
Вибрация қатты дененің механикалық тербелісінен ауырлық центірінің қозғалуы және сонымен қатар белгілі бір жиілікте статикалық жағдайының өзгеріп отыруын анықтаймыз. Вибрация жабдықтардан еденге, еденнен адамға беріледі. Ең зиянды жиіліктер 6-9 герц шамасында. Вибрация пайда болуына байланысты келесі тотарға бөлінеді.
1. Көліктік транспорт
2. Көлікті технологиялық
3. Технологиялық
Вибрация ішкі организмге қатты әсер етеді. Оның жүйелі әсер етуі неврит деген ауруға шалықтырады.

3.5. Қауіпсіздік ережесі

Адамның еңбекке белсенділігінің артуы және өндіріс тиімділігі, еңбекті қорғау жағдайы және техника жетістіктері пайдалануынан туындайды.
Өндіріс орындарында ұйымдастыру жұмыстарын басқару шешімдерін қабылдау және оны іске асыру жұмыстарымен еңбекті қорғау инженері айналысады. Енді ережелерге тоқтала кетсек:
1. Жұмысты жасауға, тақырыптың оқу материалын меңгерген оқушылар ғана жіберіледі.
2. Барлық бөлшектеу және құрастыру жұмыстарын тек кескіш аппарат іске қосылмай тұрған кезде істеу керек.
3. Жұмыс уақытында әрбір оқушы өз орнында оған бекітіп берген тапсырманы орындауы керек.
4. Шашуды, жинауды, сондай-ақ басқа жұмыстарды тек оқытушының басқаруымен немесе нұсқауымен орындауы керек.
5. Жұмысқа арнайы киім киіп кіріскен жөн. Жұмыс жасап болған соң жұмыс орны мен аспаптар жиналып, сүртуге арналған материалдар өздігінен тұтанып кету қаупінен сақ болу үшін, су тиіп, құм түсуден сақталған жерге салынуы тиіс.
6. Жұмыс барысындағы құрал-жабдықтар ақаусыз болуы тиіс.

Қорытынды
Бірінші тарауда кәсіптік мектеп жүйесіндегі оқу орындарының оқу-өндірістік жұмысына қысқаша сипаттама жазылған. Кәсіптік мектептің басқару жүйесінің, мамандықтардың сапасының жақсарғаны, мектептің техникалық базасы әлі де болса жеткіліксіз екендігі, тәрбие әдістері тиімді, мұғалімдердің құрамы сапалы, климаттық жағдайы қолайлы екендігі қарастырылған.
Екінші тарауда Ауылшаруашылық машиналар пән бойынша оқу процесін талдау, оқу жоспарын оқу пәнінің бағдарламасын, пәнді оқыту кезінде оқытушының рөлі жазылған.
Үшінші тарауда кәсіптік мектепке қажетті оқу әдістемелік құжаттардың тиімді жақтары жасалынған: күнтізбелік сеткалық сетка,құрылымдық-логикалық талдау, перспективалық-тақырыптық жоспар, пәнаралық байланыс кестесі көрсетілген.
Сонымен қатар кәсіптік мектепте көбінесе сабақ практика жүзінде өтетіндіктен лабораториялық-практикалық сабақтың құжаттары жаңашалап енгізілген: лабораториялық-практикалық сабақ жоспары, жұмыс орындары бойынша оқушылар звеноларының алмасу кестесі, жұмыс орнының жабдықтарымен, құралдарымен және оқу материалдарымен жабдықталғаны жайлы тізімі, технологиялық - нұсқау картасы.
Төртінші тарауда техника қауіпсіздігі, еңбек қорғау, азаматтық қорғаныс бойынша іс-шаралар жазылған.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Алшынбай М. Р ауыл шаруашылығы машиналарының теориясы (оқулық)— Алматы: Қаз Мем Агру-1999.203 бет.
2. Атамекен-ай Еларналақ журналы "Адал еңбек елге жеткізер" №1 2008. 35-37 беттер.
3. "Іле шұғыласы" қоғамдық-саяси газеті Арнайы курстан лицейге дейін
4. Алшынбай М. Р. Әлиев Б.А. Ауыл шаруашылығы машиналары — Алматы Қайнар 1979.224 бет.
5. Жақсыбаев Ү.Ж. Усманов А. А топырақ өңдеуді механикаландыру (анықтамалық құрал) Алматы Қайнар 1986.214. бет.
6. Қоныспай Қ. Агроинженерлік орысша-қазақша сөз қоры Алматы Агро-университет баспасы, 1997.141бет.
7. Қоныспай Қ, Қозыбай А Ауылшарушылығында машина пайдаланудың анықтамалық деректері (оқу құралы) Алматы: Қаз Мем Агру 1996.160.бет.
8. Мухин А.А Машина трактор паркін пайдалануды ұйымдастыру және жұмыс жүргізу технологиясы (Оқу құралы) Алматы Қайнар 1988.320.бет.
9. Селькохозяйственная техника Каталог 1 и 2т Москва 1982 ж.
10. Система машин для комплексной механизаций растениеводства Казахской ССР на 19958-2000 год. Алматы 2000.162.бет.
11. Иофинов С. А. Бабенко Э. П. Зуев Ю. А. Справочник по эксплуатаций машино-тракторного парка — Москва Агропромиздат 1985.
12. Тұрғанбаев С. Г. Дихан серігі — Алматы: Қайнар 1989.304.бет.
13. Фортуна В.И. Миронюк С.К. Технология механизированных селькохозяйственных работ — Москва Агропройздат 1986.304.бет.

14. Фортуна В.И. Эксплуатация машино-тракторного парка — Москва 1979ж.
15. Қ. Қоныспай, А. Қозыбай Ауыл шаруашылығында машина агрегаттардың теориялық негізі (оқулық) — Алматы, 2000.196. бет.
16. Журнал Техника в селькохозяйстве №12, 1987. 17. бет.
17. Васильевская А. К, Маркелова В. А. Проблемы оптимизации процесса теоритического обучение в СПТУ — Москва, Высшая школа, 1980ж.
18. Гришина Л. Н, Левина Г. Г. К методике отбора содержания обучение по техническим причинам. Содержание и методика психолого-педагогической подготовки инженеров педагогов. Средловск; 1990ж. 111-119. бет.


Скачать


zharar.kz