Бүгінгі таңда қонақ жайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр.Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді.Ал туризм болса , әлеуметтік – тұрмыстық инфрақұрылымның салааралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1\10 бөлігін қамтамасыз етеді.Қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді .Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті проценті, салық түсімдерінің бес проценті, тұтынушы шығындарының он бір проценті келеді.бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының , оның ішінде , қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталынады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп,халықтың танымдық деңгейін көтереді.
Қазақстанның туризм саласында келесідей қайта құрулар орын алды: туристік қызметтердің жалпы көлемінде ішкі туризм көрсеткіштері өсуде, келу туризмінің көрсеткіштер динамикасы жыл сайын артуда , кету туризмінің көрсеткіштерінің үлесі тұрақталуда.
Қазақстандық туризмнің стратегиялық міндеті-туристік қызметтердің жалпы көлемінде келу туризмінің үлесін арттыру.
Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатаынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық қызметтің сферасы ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда.Қонақ үй каәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет.
Дипломдық жұмыстың мақсаты-қазіргі кезде қонақ үй бизнесінде кездесетін проблемаларды анықтап,оларды ұтымды шешу жолдарын табу арқылы қонакқ үй кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.
Атаулы қойылған мақсаттан мақсаттан келесі міндеттер анықталады:
• экомика саласы ретінде қонақ үй бизнесінің мәнін және ерекшеліктерін анықтау;
• қонақ үй кәсіпорындарының бәсекелестікке қабілеттілігін және оны анықтайтын факторларды анықтау;
• қонақ үй кәсіпорнының ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау;
• қонақ үй кәсіпорны ұсынатын қызмет жиынтығының ерекшеліктерін зерттеу;
• ұтымды технологиялар мен маркетингтің тиімді құралдарын пайдалану арқылы кәсіпорынның бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.
Берілген жұмыста орналастыру құралдары мен нөмірлердің негізгі жіктелімі, Қазақстандағы қонақ үй шаруашылығының даму эволюциясы, қонақ үй бизнесіні қазіргі жағдайы туралы мәліметтер көрсетілген. “Қазақстан” қонақ үйі мысалында басқару құрылымы немесе қонақ үйдің негізгі қызметтеріне сипаттамалар келтірілген.Сонымен бірге қонақ үйдің экономикалық , соның ішінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсететін нөмірлер жүктемесі, табыс , пайда , шығындар ,рентабельділік сияқты көрсеткіштер көрсетілген.
“Қазақстан” қонақ үйінің тұтынушылары зерттеліп ,олардың негізгі сұранымдары анықталды.
Қазіргі нарықта бәсекелестіктің өршелене түсуі жағдайында бәсекелестердің қызметіне талдау жасау маңызды орынға ие болады , яғни өзінің қызметін негізгі бәсекелестер қызметтерімен салыстырып отырып,артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтауға болады.
Артықшылықтар мен кемшіліктерді ескере отырып қонақ үйдің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мақсатында , кіршіксіз беделді қалыптастыруда , басқаруды ұйымдастыруды жетілдіруде маңызды аспект ретінде менеджмент және маркетинг құралдарын пайдалану ұсыныстары жасалынған.