Тарихта Әбілқайыр хан Барақ сұлтан қолынан қаза болуы - қазақ тарихында аса күрделі трагедиялық жағдай

Скачать



Барақ хан-Алтын Орда ханы, Орыс ханның немересі, Құйыршық ханның ұлы. Шамамен XIVғасырдың 2-жартысында дүниеге келіп, 1428 жылы қайтыс болған. 1419–1422 жылдары Ұлықпектің көмегімен Шығыс Дешті Қыпшақта (Ақ Орда) билік басына келеді. 1422 жылы Еділдің бойында Алтын Орда әскерін жеңіп, таққа отырады. 1426 жылы Ұлығ Мұхаммед ханнан жеңіліп, тағынан айырылады да, Ноғай Ордасының мырзасы Мансұр бимен одақ құрады. Мансұр би Құйыршықтың қызынан туған жиені болатын. Билік үшін таласта Барақ хан Мансұр биді өлтіреді. Осыдан кейін Алтын Орда жерінде қала алмаған Барақ хан ығысып келіп, 1426–1427 жылдары Сырдария бойындағы қалалар үшін Ұлықпекпен соғысады. 1427 жылы өзіне қарсы аттанған Ұлықпектің әскерін тас-талқан етіп, Мауреннахрға жорық жасайды.
Тарихта Әбілқайыр хан Барақ сұлтан қолынан қаза болуы- қазақ тарихында аса күрделі трагедиялық жағдай. Қазақ елін қызғыштай қорғап өмірінің 48 жылын Ресейге қарсы күреске арнаған есіл ердің қазасына бүкіл халық қатты қайғырады. Көп ұзамай оның жерленген жері халық көп баратын киелі орынға айналады.
Елдің осынау қарғысы мен лағнетін есіте бастаған Барақ кірерге тесік таба алмай сасқанынан- Мені үш жүздің үш биі ақтады-деп елге жалған хабар таратты. Шындығында оны ақтауға қатысқандар өзінің қол астында жүретін төртқара Қозанай, қаракесек Мәмет Аталық және найман Олжабай билер болатын. Бұл мәліметтің шындыққа келмейтіні мынада: біріншіден, Әйтеке би 18 ғасырда өмір сүрген жоқ, екіншіден, Төле би сияқты әйгілі билер мұндай қылмыс үшін Барақ сияқты адамды ешқашан ақтамайтыны белгілі. Оның үстіне Барақтың Төле би секілді адамдардың алдына баруға беті жоқ еді, өзі қашып-пысып өмір сүрді.
Көп ұзамай Барақ пен Күшік сұлтандар өлтірілді, тіпті олардың бала-шағасының көбі Әбілқайыр балаларының қолынан қырылғаны белгілі. Сондай-ақ Әбілқайырдың баласы Барақтың жанында жүріп арандап қалған Сырымбет батырды жанұясымен қырған.
Сондықтан сол кездегі хандар арасындағы билікке талас, таққа таласу өзара бірін-бірі өлтіру бірнеше ғасырға созылған.
Барақ хан 1428 жылы Ноғай Ордасының мырзалары Қази, Наурызбай соғыста қаза табады. Барақ өлген соң, Шығыс Дешті Қыпшақта (Ақ Орда) шайбанилықтар тақта ұзақ отырады. Барақ ханның Мір Сеид, Мір Қасым және Би Сайид (Жәнібек хан) деген үш ұлы болады.

Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы


Скачать


zharar.kz