Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі мен әдебиеті
(оқыту қазақ тілінде емес)
5-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
МАЗМҰНЫ
1-тоқсан 4
2-тоқсан 20
3-тоқсан 49
4-тоқсан 73
1-тоқсан
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Тірек сөздер негізінде мәтіннің тақырыбын болжайды
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдаңыз. Ондағы салт-дәстүрлерді анықтап, киіз үйге орналастырыңыз. Мәтінге ат қойыңыз.
Қазағымның дәстүрлері-ай
Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері-ай,
Көптен күткен халқымыздың асығып арман еді-ай.
Берекелі қазақ жері - ел мерекелі,
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана, бесік той,
Тұсаукесер, сүндет той,
Ай, шіркін-ай!
Құда түсу, сырға салу,
Беташарым-ай.
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы,
Әнімен елтіп тербеткен.
Ер жігітке жарасады озып шықса бәйгеден,
Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.
Жоғалмасын дәстүріміз, ұмытылмасын,
Ата-баба көзіндей қып сақтайық қазақ дәстүрін.
Мәтін тақырыбы _______________________________
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен 7 салт-дәстүрді анықтайды;
- анықталған сөздер негізінде мәтіннің тақырыбын болжайды.
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Ауызша мәтін құрауда қазақша амандасу мәнерін, ұлттық этикет формаларын қажеттілігіне қарай орынды қолданады
Қолдану
Тапсырма
Суреттердің бірін таңдап, ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде қазақша амандасу түрлері және ұсынылған сөздер мен сөз тіркестерін қажетінше пайдаланыңыз.
Ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: шырағым, қарағым, көп жаса, жасың ұзақ болсын, мал-жан аман ба?
Дескриптор
Білім алушы
- суреттерге таңдау жасайды;
- сурет бойынша ауызша мәтін құрайды;
- мәтінде қазақша амандасу түрлерін қолданады;
- сөздер мен сөз тіркестерін суретке қатыстырып қолданады.
Оқу мақсаты
5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды ажыратады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, берілген ақпараттардың ішіндегі негізгі ақпараттарға V белгісін қойыңыз.
Отбасы мүшелерінің арасында сыйластық пен махаббат орнаса, ол отбасы ең бақытты жанұя болып саналады. Отбасындағы адамдар бір-біріне тосынсыйлар ұйымдастыру, мерекелер сайын сыйлық жасау, бір-біріне қолдау көрсету арқылы өзара сыйластықтарын көрсетеді. Әр жексенбі және түрлі мейрамдар сайын отбасы мүшелері ата мен әженің шаңырағындағы мол дастарқан басына жиналып, бір-бірлеріне деген құттықтауларын білдіреді. Себебі оларды отбасылық рухани құндылықтар біріктіреді.
Жанұяның қонақ күту рәсімі ұлтына, салт-дәстүріне, мәдениетіне байланысты әр түрлі болады. Қазақ халқы қонақжай халық болғандықтан, келген қонақты төрге шығарып, ақ дастарқан жайған.
Қазақ отбасында үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу сияқты отбасылық дәстүрлер ертеден қалыптасқан. Бала дүниеге келгенде, шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туысқандарымен бірге тойлайды.
Орыс халқында балаға отбасындағы құрметті адамның есімін беру және отбасылық мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу дәстүрі бар.
Отбасылық дәстүр мен мейрамдар жанұядағы адамдардың бір-біріне деген сенімділігін әрі құрметін нығайтады. Ол болашақ ұрпақ тәрбиесінде де маңызды рөл атқарады. Себебі Отан отбасынан басталады.
Рс
Ақпараттар
Негізгі ақпарат V
1
Отбасы мүшелері бір-біріне тосынсыйлар ұйымдастырып, әр мейрам сайын сыйлық жасайды.
2
Қазақ халқы – қонақжай халық, себебі келген қонағына ақ дастарқан жайып, төрге шығарған.
V
3
Орыс халқында отбасына құрметті кісінің есімін балаға береді.
4
Қазақ жанұясында мерекелерді қара шаңырақта қарсы алу дәстүрі ертеден қалыптасқан.
V
5
Бала туғанда шілдехана, бесік той, тұсаукесер, сүндет той сияқты мерекелерді туған-туысқандарымен бірге тойлайды.
V
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен негізгі ақпараттарды ажыратады;
- берілген ақпараттардың ішінен 3 негізгі ақпаратты анықтайды.
Оқу мақсаты
5.5.1.1 Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Сөздерге жалғауларды дұрыс жалғайды
Жалқы және жалпы есімдерді ажыратады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына қажетті септік жалғауларын жалғаңыз. Мәтіннен жалқы және жалпы есімдерді ажыратыңыз. Төменде берілген кестеге жазыңыз.
Балаға ат қою
Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қария ... . немесе бала ... . атасына, әжесі ... немересінің атын қойғызады. Ат қоюдың өзінен бүкіл бір халықтың ұлттық ерекшелігі, ой-арманы, түсінігі ап-айқын көрініп тұрады. Мысалы, ерте заман... балаларға көз тию... немесе жын-шайтан... сақтасын деген оймен Итбай, Күшікбай, Жаманбай деген оғаш есім қоятын болған.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек-мақсаттар...байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай; күшті де батыл болсын деп Арыстан, Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар; ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдер... таңдап қойған.
Көптеген есімдер халық ... әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай; балалары қайтыс бола берген отбасылар жаңа туған сәби... Тоқтар, Тұрсын, Тоқтасын деген есімдер қойған.
Жалқы есім
Жалпы есім
1.
2.
3.
4.
5.
1.
2.
3.
4.
5.
Дескриптор
Білім алушы
- көп нүктелердің орнына септік жалғауларын жалғайды;
- мәтіннен 5 жалқы есім, 5 жалпы есімді анықтап, кестеге орналастырады.
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Мәтінге сай негізгі ақпараттарды анықтайды
Табылған ақпараттарды өз сөзімен жеткізеді
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, кестедегі ақпараттардың мәтін мазмұнына сай дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.
-Бұл кімнің үйі?
-Жұмағұлдікі.
-Жасай берсін Жұмағұл!
-Не жұмыс істейді?
-Қой бағады.
-Қойлары көбейе берсін!
-Шешең үйде ме?
-Үйде жоқ. Фермаға кетті.
-Солай де. Еее...
-Үйде қымыз бар шығар?
-Бітті.
-Сенің атың кім?
-Дәулет.
-Жақсы ат екен. Әдемі ат. Менің де атым - Дәулет. Мұндай аты жақсы адам әсте өтірік айтпайды. Қымыз бар ғой, иә?
-Бар.
-Тамаша!
-Үйге кірейік, қожайын. Қожа, жүр, үй иесі ренжіп жүрер. Жүр, жүр, жүр. Дәмнен үлкен емеспіз ғой.
-Бәрекелді! Сен өзің жомарт екенсің. Кеңпейіл ниетіңе ризамыз. Мә, мынаған кәмпит алып жей ғой.
-Бұл ақшаға ине сатып алуға бола ма? Мамам айтып еді, ине таусылып қалды деп.
-О, мына ақшаға мың ине сатып алуға болады. Үлкен қазан, шешеңе су жаңа орамал, әкеңе мылтық келеді. Пу, пу, пу.
-Ет жейсіңдер ме?
-Әкеле бер. Бәрін әкел.
Қожеке, төрге шығып, демалатын болдық.
-Тағы ақша бересің бе?
-Не?
-Тағы ақша бересің бе?
-Ой, сөз бе екен?! Ақшаны төбеңнен жаңбырша жауғызамын.
Ақпараттар
+ дұрыс
бұрыс
Жұмағұл жылқы бағады.
-
Анасы фермаға кетті.
+
Дәулет келген қонақтарға қымыз берді.
+
Дәулеттің үйінде ине бітіп қалған.
+
Қожа үйге кірген жоқ.
-
Мәтіндегі 3 нақты ақпаратты тауып, өз сөзіңізбен жазыңыз.
1. _______________________________________________________________________
2. _______________________________________________________________________
3. _______________________________________________________________________
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін мазмұнына сай ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтайды;
- мәтіннен 3 нақты ақпаратты табады;
- ақпараттарды өз сөзімен жазады.
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Қазақ тіліндегі төл дыбыстарды дұрыс дыбыстайды
Үндестік заңын ескеріп айтады
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттер бойынша мектептегі үйірмелер туралы ауызша мәтін құраңыз. Мәтінде қазақ тілінің төл дыбыстарының дыбысталуын және үндестік заңын дұрыс қолданыңыз.
Қазақша күрес Қолөнер Драма Аспаздық
Дескриптор
Білім алушы
- суреттердің көмегімен мектептегі үйірмелер туралы ауызша мәтін құрайды;
- мәтінде қазақ тілінің төл дыбыстарының дыбысталуын дұрыс айтады;
- үндестік заңын ескеріп айтады.
Оқу мақсаты
5.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білім алушы
Мәтіндегі мәліметтерді іріктейді
Тақырыппен байланыстырады
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға бір сөйлеммен жауап беріңіз.
Корей мектептерінде 12 жыл оқиды: 6 жыл - бастапқы, 3 жыл - орта, 3 жыл - толық орта мектепте. Бұл жүйе Корея тәуелсіздігінің алғашқы жылдарынан басталып, 6-3-3 деп белгіленеді. Корея мектептік білімінің аталмыш үш сатысы бір-бірінен өзгеше және де осы үш саты әртүрлі ғимараттарда орналасқан. Бір мектептен екіншісіне ауысу қиын, өйткені ондағы оқу бағдарламалары өзара тығыз байланысты.
Кореяда әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын арнаулы мектептер жоқ. Мектеп бағдарламасы барлық елге бірдей. Пәндерді таңдау мәселесі тіпті жоғары сыныптарда шектеулі.
Корея оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу мәселесі ерекше жолға қойылған. Осы себепті бүгінде бұл ел мектептерді компьютермен жабдықтап, интернетпен байланыс орнату жөнінен Сингапурдан кейін екінші орында тұр.
Жалпы елдегі мектептік жүйе оқушыларды жоғары оқу орны емтихандарына даярлауға бағытталған. Қазіргі Корея оқушылардың жоғары оқу орындарына қабылдануы жағынан және сол арқылы Батыс Еуропа елдерін басып озғандығымен әлемде бесінші орынды иемденеді.
Кореяда балалар 12-17 жасынан тынбай еңбек етеді, білім алады. Сондықтан болар корей көшелерінде ойнап жүрген балаларды кездестіру қиын. Олардың барлығы өз уақыттарын қажетті курстар және факультативтермен өткізеді.
А. Кореяда пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер не себепті жоқ?
_____________________________________________________________________
В. Кореяның мектептік жүйесі неге бағытталған?
_____________________________________________________________________
Корея мен Қазақстандағы білім беру жүйесін салыстырыңыз.
Білім беру жүйесі
Корея
Қазақстан
Мектепте білім алу мерзімі
Пәндерді тереңдетіп оқу
Ақпараттық технологияларды енгізу
Дескриптор
Білім алушы
екі сұраққа мәтін мазмұны бойынша бір сөйлеммен жауап береді;
Корея мен Қазақстанның мектептеріндегі білім алу мерзімін салыстырады;
екі елдегі пәндерді тереңдетіп оқыту жүйесін салыстырады;
екі елдің мектептерінде ақпараттық технологияларды енгізу бойынша салыстыру жұмысын жүргізеді.
Оқу мақсаты
5.4.4.1 Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтайды
Жинақталған ақпараттар негізінде постер дайындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тірек сөздерді қолдана отырып, мектеп тақырыбында постер жасаңыз.
1-топ
Мектеп, ғимарат, қабат, дәліз, кабинет, асхана.
2-топ
Кітапхана, кітап қоры, үйірме, спорттық секция, сыныптан тыс жұмыстар
Дескриптор
Білім алушы
- берілген тірек сөздердің көмегімен топта постер әзірлейді;
- постерге ат қояды;
- постерді сынып алдында қорғайды.
Оқу мақсаты
5.5.1.2Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сын есімдерді мағынасына қарай ажыратады
Мәтін құрауда сын есімдерді дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген мақал-мәтелдердегі көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып жазыңыз. Сын есімдердің лексикалық мағынасын анықтаңыз.
Сын есімдер
Лексикалық мағынасы (заттың түрі, түсі, сапасы)
Мақал- мәтелдер
Жақсы
... ... ... ... .. адам тағаланған атпен тең.
Тәрбиелі
... ... ... ... адам жолдасынан белгілі.
Алтын
Кітап - ... ... ... қазына.
Ақылды
... ... ... ... . адам айтқызбай біледі.
Берілген сын есімдерді қолдана отырып, адамгершілік туралы ауызша шағын мәтін құрап айтыңыз.
Сын есімдер: жақсы, жаман, еңбекқор, талапты, тәрбиелі, сыпайы, мейірімді, үлкен, кіші
Дескриптор
Білім алушы
сын есімдерді мақал-мәтелдердің мағынасына қарай орналастырады;
сын есімдерді лексикалық мағынасына қарай ажыратады;
берілген сын есімдерді қажеттілігіне қарай қолдана отырып, адамгершілік туралы ауызша мәтін құрайды.
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін тақырыбын ажыратады
Тақырыпқа қатысты тірек сөздерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді 2 рет тыңдап, кейіпкерлерді олардың әрекетімен сәйкестендіріңіз.
Ертеде хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы:
- Адам менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылыма дейін арқан, жіп еседі. Жыл басы мен боламын, - дейді.
Түйе:
Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп арпа, сұлы сұрамаймын. Су табылмаса, шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр айтады:
- Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май жасайды, жыл басы болу маған лайық.
Қой айтады:
- Адам жүнімді алып, киіз басады, киім тігеді, арқан еседі. Сүтімнен құрт-май алады.
Ит айтады:
- Мен болмасам, сендерді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді.
Тауық айтады:
- Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да, қулық ойлап, жиылғандарға айтады:
- Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері тышқанның сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады.
Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.
Кейіпкерлер
Сәйкестендіру
Сөз тіркестері
1.
А. күшін және сүтін пайдаланады
2.
В. шөлге шыдамды
3.
С. сүтінен құрт-май жасайды
4.
Д. жүнінен киіз басады
5.
Е. адамның досы
6.
Ж. адамдарды оятады
7.
З. жылды бірінші көреді
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі кейіпкерлерді әрекеттеріне қарай ажыратады;
- кейіпкерлерге қатысты сөз тіркестерін сәйкестендіреді.
Оқу мақсаты
5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Шағын диалогке қатысады
Сұраққа жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тақырыптардың бірін таңдаңыз. Бір-біріңізбен тақырып бойынша жұпта диалог құрыңыз (әр оқушыға 2 минут).
Диалог тақырыптары:
1. Жабайы жануарлар
2. Хайуанаттар бағында
3. Қызыл кітапқа енген жануарлар
4. Үй жануарлары
5. Адам ағзасына пайдалы көкөністер мен жемістер
6. Жануарлар туралы ертегілер
Дескриптор
Білім алушы
- тақырыпқа таңдау жасайды;
- таңдалған тақырып бойынша бір-біріне сұрақ қояды;
- сұраққа лайықты жауап береді.
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Әдеби шығарманың мазмұны бойынша сұрақ құрастырады, жауап береді
Мәтіннің тақырыбын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, мазмұны бойынша өз бұрышыңызға бір сұрақ құрастырып жазыңыз. Дастарқанды сағат тілімен айналдырып, көршіңіздің сұрағының астына жауап жазыңыз. Топта ақылдаса отырып, мәтіннің тақырыбын анықтаңыз.
Ертеде хайуандар жылдың басы болуға таласыпты. Сонда жылқы:
- Адам менің күшімді пайдаланады, сүтімді ішеді, қылыма дейін арқан, жіп еседі. Жыл басы мен боламын, - дейді.
Түйе:
Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, алыс жерлерге барамын. Аш болдым деп, арпа, сұлы сұрамаймын. Су табылмаса, шөлде де жүре беремін. Жыл басы болу маған лайық.
Сиыр айтады:
- Адам егін ексе, менімен егеді, сүтімді ішеді, құрт-май жасайды, жыл басы болу маған лайық.
Қой айтады:
- Адам жүнімді алып, киіз басады, киім тігеді, арқан еседі. Сүтімнен құрт-май алады.
Ит айтады:
- Мен болмасам, сендерді не ұрлап, не қасқыр жеп тауысар еді.
Тауық айтады:
- Мен болмасам, кісі ерте жұмысына бармай, ұйықтап қалар еді.
Тышқан не айтарын білмей тұрады да, қулық ойлап, жиылғандарға айтады:
- Бұл таластан ешнәрсе өнбес, жылды кім бұрын көрсе, сол жыл басы болсын.
Өзгелері тышқанның сөзін қостайды. Біраздан соң тышқан жорғалап, түйенің өркешіне шығып отырады.
Сонан соң жылды бәрінен бұрын тышқан көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты. Түйе бойына сеніп құр қалыпты.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін мазмұны бойынша өз бұрышына 1 сұрақ құрастырып жазады;
- көршісінің сұрағына мазмұн бойынша жауап береді;
- топта ақылдаса отырып, мәтінге тақырып қояды.
Оқу мақсаты
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін ажыратады
Тақырыпқа сай хат жазады
Жазба жұмысын жазудың талаптарын ұстанады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттерді қолдана отырып, басқа қалада тұратын досыңызға хайуанаттар бағына жасаған саяхатыңыз туралы хат жазыңыз. Хаттың құрылымын сақтаңыз (70-80 сөз).
Оқу мақсаты
5.5.2.1 Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін құрамындағы қажетті сөйлемдерді анықтайды
Айтылуына қарай сөйлемдердің тыныс белгілерін қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, сұраулы және лепті сөйлемдерді анықтаңыз. Айтылу интонациясына қарай тиісті тыныс белгілерін қойыңыз.
Сымбатты сиыр жайлы хикая
Ертеде жануарлардың ішінде ең жүйрігі де, сымбаттысы да сиыр болыпты. Келе-келе сиырға менмендік пайда болады.
Бірде ол жайылымда жүрген жылқыға кездесіп:
– Ей, ашқарақ, менің сөзіме құлақ сал. Сен өмірі күйіс қайтармайсың, жетер осы жайылғаның. Менімен жарысасың ба? – дейді.
– Мейлі, жарыссақ жарысайық, - деп жылқы келісімін береді.
Олар өздеріне ыңғайлы жерді белгілейді. Жолдың ортасында суыр жарысқандарға су беріп отырды.
Бірден сиыр шаба жөнеліп, жылқыдан озып кетеді. Орта жолда ол:
– Суыр сасық, су қайда? – дейді көкіректеніп.
– Сиыр пасық, су мұнда – деп ызасы келген суыр сиырға көптен тұрып қалған суды ұсынады. Сиыр қарамастан сіміріп салады да, шауып кетеді. Сиыр бір қыр асып кетеді. Жылқы ентігіп жетіп, суырға:
– Суыр сұңқар, су қайда? – дейді.
– Жылқы тұлпар, су мұнда – деп суыр риза болып жылқыға салқын, таза суды ұсынады.
Салқын су бойын ширатқан жылқы сиырдан озып межеге бұрын жетеді.
Міне, содан бері жылқы баласы сұлу да сымбатты, жүйрік болыпты. Ал сиыр сол оқиғадан соң демігіп жүгіре алмай, шабан жүрісті болып қалған деседі.
2-тоқсан
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ақпараттарды мәтін мазмұнына қатысты ажыратады
Нақты ақпараттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз. Мәтіндегі нақты ақпараттардың төртеуін кластер сызбасы арқылы көрсетіңіз.
Ұлы Жібек жолы – біздің дәуірімізге дейінгі ІІ ғасырдан бастап, ХVІ ғасырға дейін қолданылған сауда жолы. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана дами бастаған. Қытайдың атақты жібегі осы жолмен тасымалданған. Соның құрметіне ол Жібек жолы деп аталған. Бұл жол Қытайдың орталығынан басталған. Ол қазақтың кең даласындағы ірі сауда орталықтарын басып өтіп, Самарқанд, Бағдад қалалары арқылы Жерорта теңізіне дейін созылып жатты. Оның жалпы ұзындығы 7 мың шақырымға жетті.
Жібек жолы әртүрлі елдердің арасында экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың дамуына ықпал етті. Мысалы, ертедегі Тараз қаласында мыстан жасалған тұрмыстық бұйымдар мен қару-жарақтар, киім-кешек пен ер-тұрмандар сатылған. Ал Отырар қаласында саудамен қатар үлкен кітапханалар салынып, мәдениет пен білім және ғылым салалары өте жоғары дамыды.
Қазақстанды Алтай, Моңғолия, Ресей, Орта Азия, Шығыс елдерімен байланыстырған. Қазір осы Жібек жолы өтетін елдер мен қалалар арасында сауда байланыстары қайта қалпына келтірілуде. Қазақстан Республикасы Жібек жолының дамуына көп үлес қосуда. Жібек жолы нарық экономикасы үшін бірден-бір сауда көзі болып табылады.
Дескриптор Білім алушы
кестедегі ақпараттармен танысады;
тыңдалым кезінде кестедегі ақпараттардың мәтінге сай дұрыс, бұрыс екенін белгілейді;
мәтіндегі 4 нақты ақпаратты анықтайды;
анықталған ақпараттарды кластерге орналастырады.
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің мазмұнына қатысты нақты ақпаратты ажыратады, мәтінге ат қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Берілген сұрақтармен мұқият танысыңыз. Мәтінді 2 рет тыңдап, сұрақтарға бір сөзбен жауап жазыңыз. Мәтіндегі нақты ақпаратқа байланысты мәтінге ат қойыңыз.
Парсы патшасы Кир түркі көшпенділер еліне елші жіберіп, Тұмар ханшайымның өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің массагеттермен соғысу үшін тапқан амалы болатын. Тұмар Кир патшаның ұсынысын қабылдамайды. Кир жауынгерлерімен Аракс өзеніне жетіп, көпір салуды әмір етеді. Тұмар олардың дариядан өту үшін көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге елші жібереді. Екі жақтың келісімімен өзеннің массагеттер жағынан соғыс алаңы дайындалады. Кир Лидияның бұрынғы патшасы Крездің үйреткен айласымен массагеттерді жеңіп, Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар ханшайым Кирге ұлын ерлікпен емес, қулықпен қолға түсіргенін айтып, босатуды өтінеді. Тұтқынға түскеніне намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Парсы патшасы Кир Тұмарға жеңгенше шайқасатынын хабарлайды.
Екі жақтың арасында қырғын соғыс басталып, далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел жояды. Қанқұмар Кир де соғыс алаңында қаза табады.
Аңыз бойынша, Тұмар ханшайым шайқас аяқталған соң, сарбаздарына Кир патшаның денесін таптырып алып, басын кестіріп, қан толтырылған ыдысқа салып тұрып:
- Әйтеуір тірі қалдым, сені жеңіп шықтым демесем, жалғыз ұлымды арамдықпен қолға түсіріп, сен менің түбіме жеттің, жауыз! Енді берген сертімді орындап, басыңды қанға батырып, сусыныңды қандырғаннан басқа амалым жоқ,- деген екен.
Cұрақтар
1. Парсылардың патшасы кім? _______________________
2. Массагеттердің ханшайымы кім?_____________________
3. Кирге ақыл берген кім? ________________________
4. Кир кімді қолға түсіреді? ______________________
5. Соғыста кімдер жеңіске жетеді? ____________________
6. Кирдың басын Тұмар ханшайым неге батырады? ___________________
Тақырып
Дескриптор Білім алушы
- берілген сұрақтармен мұқият танысады;
- сұрақтарға бір сөзбен жауап жазады;
- негізгі ақпаратқа қатысты мәтінге сөз тіркесімен ат қояды.
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды
Нақты ақпараттарды ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді екі рет тыңдап, ақпараттарды мәтін мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.
Қазақ тарихында 1464-1466 жылдары қазақ хандарының билік құру кезеңі басталды. Керей мен Жәнібек хандардың қол астына екі жүз мыңға жуық адам жиналды. Бұл тайпаларды тіл мен дін, салт-дәстүр ұқсастығы қазақ деген ортақ атауға біріктірді. Ежелгі Алтай мен Сібір халықтарының тілдерінде қазақ деген сөз берік, мықты, алып дегенді білдіреді екен. Керей мен Жәнібек хандық құрған кезеңде қазақ термині ұлттың атауына айналды. Моғолстан хандығының билеушісі Есен бұға қайтыс болғаннан кейін, хандық бұрынғы күш-қуатынан айырылып, оның көптеген тайпалары Қазақ хандығына қосылады. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақ хандығы нығайып, шекарасы кеңейді. Керей мен Жәнібектен соң хандыққа Мұрындық хан болып сайланды. Жәнібектің ұлы Қасым әрі сұлтан, әрі кеңесші болды. Билікке тартыста Қасым жеңіп шығып, Мұрындықты елден қуып жібереді. Дана билеуші, батыл қолбасшы ретінде Қасым хан Орта Азиямен, Астраханьмен, Сібір хандығымен және Ресей мемлекетімен жақсы қарым-қатынас орнатады. Қасым хан билік құрған уақытта қазақ мемлекеті гүлденіп, өркендеді. Оның реформалары тарихта Қасым ханның қасқа жолы деген атпен белгілі болды.
1. 1464-166 жылдар
А) мықты, берік, алып
2. Моғолстан хандығының билеушісі
В) Керей мен Жәнібек хандық құрған уақыт
3. Қазақ сөзі - ұлттың аты
С) Қасым хан
4. Қазақ сөзінің мағынасы
Д) Қазақ хандығының құрылу уақыты
5. Мұрындықты елден аластатып жібереді
Е) Есен бұға
6. Тату байланыс орнатады
Ж) Қасым ханның реформасы
7. Қасым ханның қасқа жолы
З) Көрші мемлекеттермен
Жауап кілттері: 1-Д; 2-Е; 3-В; 4-А; 5-С; 6-З;7-Ж
Дескриптор Білім алушы
екі бағандағы ақпараттарды мазмұнға сай бір-бірімен сәйкестендіреді.
Оқу мақсаты
5.2.1.1Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ойын жеткізуде жаңа сөздерді антоним, омоним, синонимдермен бірге қолданады
Ойын еркін жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Тұмар ханшайым туралы алдыңғы сабақта алған мәліметтер бойынша А3 парағына 1 сурет және суретке қатысты 3 сөзді синонимімен жазыңыз. Жұбыңызға салған суретіңізге қатысты ақпарат беріңіз. Ақпаратта сөздерді синонимдерімен бірге қолданыңыз.
Үлгі:
Соғыс, шайқас
Қулық, арамдық
Батыл, қайсар
Дескриптор Білім алушы
Тұмар ханшайым туралы алдыңғы сабақта алған мәліметті еске түсіреді;
мәлімет бойынша 1 сурет салады;
суретке қатысты 3 сөзді синонимімен жазады;
жұбына сурет бойынша ақпарат береді;
ақпаратында жазған сөздерін синонимімен қолданады.
2-тапсырма
Жұбыңызбен берілген мақал-мәтелдегі көп нүктенің орнына берілген антонимдердің ішінен мағынасына қарай қажеттісін қойыңыз. Мақалдың мағынасын жұпта талдап, келесі жұпқа антонимдерді қолдана отырып түсіндіріңіз.
1.Туған жердің ... ... . де ыстық, ... ... ... де ыстық. (күн-түн; ай -күн)
2.Ер жігіт ел үшін ... ... ... ,
Ел үшін ... ... ... .. (туады-өледі, жеңеді-жеңіледі )
3. ... ... ... .. бір рет өледі,
... ... ... .. мың рет өледі. (батыр, қорқақ; адал,арам)
4.Ақылдан жақын ... ... .. жоқ,
Ашудан жаман ... ... ... . жоқ. (дос-қас, қуаныш-қайғы)
5. ... ... ... . күлдіріп айтады,
... ... ... жылатып айтады. (дұшпан-дос, ақымақ-ақылды)
6 ... ... ... .. құрмет, ... ... ... ... ізет. (үлкен-кіші, жақсы-жаман )
Дескриптор Білім алушы
мақал-мәтелдің мағынасына сай антоним сөзді анықтайды;
мақал-мәтелдің мағынасын жұбымен талқылайды;
өзге жұпқа мақал-мәтелдің мағынасын түсіндіреді;
антонимдерді қолданады.
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ауызша мәтіндер құрастырады
Қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Берілген суреттер бойынша жұпта постер жасап, еліміздің тарихы туралы ауызша мәтін құраңыз. Мәтінге ат қойыңыз. Ауызша мәтінде қазақтың төл дыбыстарының дыбысталуын ескеріп айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
суреттерді мәтін мазмұны бойынша ретімен орналастырады;
мәтін мазмұнына сай ат қояды;
мәтінді ауызша баяндауда қазақтың төл дыбыстарын үндестік заңына сай айтады.
2-тапсырма
Берілген сөз және сөз тіркестерін пайдалана отырып, ішкі немесе сыртқы шеңбердегі жұбыңызға ауызша мәтін құраңыз. Мәтінді жұбыңызға 2 минут баяндаңыз. Жұбыңыздың ауызша мәтінін мұқият тыңдаңыз. Қазақтың төл дыбыстарының дыбысталуын ескеріп айтыңыз.
Ішкі шеңбердегі оқушыларға ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: батыр әйел, жауына қатал, ұмытылмайтын, семсер, соғыс, ашу, жерін кеңейту, әскери жорық, қаһарман, елші жіберу, жауынгер.
Сыртқы шеңбердегі оқушыларға ұсынылатын сөздер мен сөз тіркестері: Ұлы Жібек жолы, қарым-қатынас құру, бұйымдар, табылу, орта ғасыр, безендіру, әшекейлер, гүлдену, құрылыс үлгісі, күнделікті тұрмыс.
Дескриптор Білім алушы
берілген сөздерді қатыстыра отырып, ауызша мәтін құрайды;
мәтінді жұбына әңгімелейді;
мәтінді ауызша баяндауда қазақтың төл дыбыстарын үндестік заңына сай айтады.
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Хат, хабарлама, жарнама мазмұнына қатысты ақпараттарды түсіндіреді
Стильдік ерекшелігін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Хатты түсініп оқып, стильдік ерекшелігіне сай құрылымына талдау жасап, түсіндіріңіз.
Сәлеметсің бе, құрметті досым, Әнуар! Денсаулығың, сабағың жақсы ма? Отбасың аман ба? Өзім туралы айтсам, үй-ішім аман, сабағым өте жақсы. Менің еліміздің тарихына ерекше қызығушылық танытатынымды сен жақсы білесің ғой. Осы хатымда саған ел тарихындағы батыр әйел Тұмар патшайымның ерлігі туралы айтқым келеді.
Сақ тайпасының патшайымы Тұмарға парсы патшасы Кир кісі жіберіп, өзіне тұрмысқа шығуын сұраған екен. Бірақ бұл - массагеттерге соғыс ашу үшін Кирдің ойлап тапқан амалы еді. Өйткені Тұмардың келісім бермейтінін ол жақсы біледі. Кир Крездің ақылы бойынша сақ әскеріне қарсы аз ғана әскерін қалдырып, кейін шегінеді. Сақтар парсылар жеңілді деген оймен жеңістерін тойлай бастаған еді. Сол кезде парсы әскерлері кенеттен шабуыл жасайды. Кир Тұмардың ұлы Спаргапты тұтқынға алады. Тұмар патшайым Кирге кісі жіберіп, ұлын босатуды сұрайды. Бірақ Кир Спаргапты босатпайды. Тұтқынға түсіп қалғанына намыстанған Спаргап өзін-өзі өлтіреді. Бұл хабарды естіген Тұмар патшайым ашу-ызамен Кир әскерімен соғысады. Нәтижесінде массагеттер әскери амалдарды өте жақсы меңгергендіктен, парсыларды жеңеді. Осы шайқаста Кир де қаза болады. Тұмар патшайым Кирдің басын кесіп алып, оны қан толған ыдысқа батырып, сертін орындаған екен.
Әнуар, тарихымызда ерлермен қатар ерлік көрсеткен аналарымыздың батырлығын біліп жүргеніміз қандай жақсы! Сен де осындай қызықты тарихи оқиғалар туралы білсең, менімен бөлісуіңді өтінемін. Хат күтемін. Сау бол!
Сәлеммен досың Айдар (198 сөз)
Сұрақ
Жауап
Хат құрылымының ерекшеліктері қандай?
Хаттың кіріспе бөлімі не туралы? (2 сөйлем)
Хаттың негізгі бөлімі не туралы? (3 сөйлем)
Хаттың қорытынды бөлімі не туралы? (2 сөйлем)
Хаттың соңы қалай аяқталады?
Дескриптор Білім алушы
- хат құрылымындағы ақпараттарды өз сөзімен айтады;
- кіріспе бөлімнің жазылу ерекшелігін түсіндіреді;
- негізгі бөлімнің жазылу ерекшелігін түсіндіреді;
- қорытынды бөлімнің жазылу ерекшелігін түсіндіреді;
- хатты аяқтаудағы жазылу ерекшелігін түсіндіреді.
2-тапсырма
Үзінділерді оқып, хаттың құрылымына қарай сәйкестендіріңіз. Құрылымға сай хаттың стильдік ерекшелігіне талдау жасап түсіндіріңіз.
Хат құрылымы
Хат мазмұны
Стильдік ерекшелігі
Кіріспе бөлім
Хатымды оқығаннан кейін ата-анаңмен бірге біздің елге келетініңе сенемін. Мені қуантып жауап жаз. Хатыңды асыға күтемін. Отбасымнан ата-анаңа сәлем жолда. Біз сендерді күтеміз. Кездескенше сау бол!
Сәлеммен: қазақстандық досың Абай
Негізгі бөлім
Досым Майкл, мен елімнің тарихымен мақтанамын. Қазақ халқының тарихында оның жеке ел болуы қазақ хандарымен, би-шешендерімен, батырларының атымен байланысты. 2015 жылы біздің еліміздің барлық жерлерінде Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесі тойлануда. Сондықтан да сенің отбасыңды елімнің тарихымен терең таныстыру үшін осы мерекенің қонағы болуға шақырамын. Ата-анамызбен еліміздің тарихи жерлері Тараз, Түркістан, Алматы қалаларына саяхат жасаймыз. Осы қалалардағы тарихи мұражайларда елімнің тарихы туралы қызықты тарихи мәліметтермен танысасың. Қазақ хандары мен билерінің кесенелеріне, ескерткіштеріне барамыз. Мерекелік шаралардың қонағы ретінде қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын тамашалап, тағамдарынан дәм татасың.
Қорытынды бөлім
Сәлем, Майкл! Денсаулығың жақсы ма? Ата-анаңның қалдары қалай? Сабағыңды жақсы оқып жүрсің бе?
Менің денсаулығым, отбасымның қалдары жақсы. Атам мен анам саған сәлем айтып жатыр. Майкл, сен қысқы демалыста отбасыңмен біздің елге қыдырып келсейші. Сені Қазақстанның тарихы қатты қызықтырады емес пе? Олай болса, демалысыңда Қазақстанға келсең, менің елімнің тарихымен танысуға көп мүмкіндігің болады.
Дескриптор Білім алушы
хатты мазмұнына қарай құрылымымен сәйкестендіреді;
кіріспе бөлімнің ерекшелігін түсіндіреді;
негізгі бөлімнің ерекшелігін түсіндіреді;
қорытынды бөлімнің ерекшелігін түсіндіреді.
Оқу мақсаты
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Хат, хабарландыру, хабарлама жазудың талаптарын ұстанады
Тілдік ерекшелікті дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
(https:www.youtubewatch?v=96Bi_J-MeR4 сілтемесі бойынша Бүгін Таразда Қазақ хандығына 550 жыл монументі ашылады бейнебаяны оқушыларға алдын ала көрсетіледі)
Сіз Тараз қаласындағы Қазақ хандығына 550 жыл монументінің ашылу салтанатына қатыстыңыз. Бейнебаянда көрсетілген, тыңдаған ақпараттарды негізге ала отырып, алған әсеріңіз туралы досыңызға хат жазыңыз (70-80 сөз).
Дескриптор Білім алушы
- кіріспе бөлімде досымен амандық сұрасады, хат жазудың мақсатын жеткізеді;
- негізгі бөлімде монументтің ашылуы, ерекшелігі туралы жазады;
- қорытынды бөлімде салтанатты ашылудан алған әсерімен бөліседі, қоштасады.
2-тапсырма
Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесінің Тараз қаласында тойланатындығы туралы қазақстандықтарға және қала тұрғындарына хабарландыру жазыңыз. Хабарландыру мазмұнында мерекенің өтілу мерзімі, уақыты, орны, мерекелік бағдарламаның қысқаша мазмұны туралы ақпарат беріңіз.
Дескриптор Білім алушы
хабарландыруда мерекенің өтілу орны, мерзімі мен уақыты туралы ақпарат береді;
хабарландыруда ұйымдастырылатын мерекелік шаралар (қазақ хандарының шеруі, театрландырылған қойылым, ұлттық ойындар, эстрада жұлдыздарының концерті, т.б.) туралы ақпарат береді;
соңында хабарландырушы мекеменің атын көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.5.1.4 Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба жұмысында қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Тұмар патшайымның ерлігі туралы алты хабарлы сөйлем жазыңыз. Көршіңізбен жұмысыңызды алмастырыңыз. Жұбыңыздың әр сөйлемінің құрамындағы бір зат есімді жіктеу немесе сілтеу есімдіктерімен алмастырып, сөйлемдерді қайта жазыңыз.
6 хабарлы сөйлем
Қайта жазылған сөйлем
1.
2.
3.
4.
5.
6.
Дескриптор Білім алушы
- Тұмар патшайым туралы 6 хабарлы сөйлем жазады;
- жұбының әр сөйлемін мұқият оқиды;
- сөйлемнің құрамындағы бір зат есімді жіктеу немесе сілтеу есімдігімен алмастырады;
- сөйлемді қайта жазады.
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды
Тақырыпты болжайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият 2 рет тыңдап, 5 тірек сөз бен сөз тіркестерін анықтап, бағдарсызық бойына жазыңыз. Олардың көмегімен мәтіннің тақырыбын болжап, кластердің ортасына жазыңыз.
Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру.
Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады, - деп жазады. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны ретке келтіреді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді. Азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады, ішектердің жұмысын реттейді.
Сонымен қатар су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, теріні ылғалдандырып, емдейтін қасиеттерге де ие екен.
Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Ал денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.
(180 сөз)
Су Ауыз су
Денсаулық Масару Эмото
Энергия
Ағза
Дескриптор Білім алушы
- мәтін құрауға негіз болған 5 тірек сөзді анықтайды;
- тірек сөздердің көмегімен мәтінге тақырып ұсынады.
Оқу мақсаты
5.1.5.1 Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтайды
Тірек сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тыңдалым мәтінін екі рет тыңдаңыз. Берілген сұрақтарға тірек сөздер арқылы өз сөзіңізбен жауап беріп, мәтінге ат қойыңыз.
______________________
Су - тіршілік көзі. Тіпті су ішпеген бір күнімізді елестетудің өзі өте қиын. Біз күн сайын мөлдір сұйықтықты рахаттана ішеміз. Ең қызығы, біз суды ішіп қана қоймаймыз. Жер бетіндегі барлық тіршілік иелерінің үштен екі пайызын су құрайды екен. Мысалы, адам ағзасының 86 пайызы судан тұрса, балықтардың 75 пайызы, ал қияр мен қарбыздың 95 пайыздан астамы судан тұрады екен.
Су өте пайдалы бола тұра, оны ішудің де өз ережесі бар екен. Негізі дәрігерлер суық судың бүйрекке күш түсіретіні туралы айтады. Суды бірден жылдамдата жұтқаннан гөрі, ауызда ұстап, біртіндеп жұтқан пайдалы.
Қалай ойлайсың, үйдегі құбырмен келіп тұрған суды ішуге бола ма? Оның құрамында хлор бар. Хлордың ағзаға зиянды екенін ескеру керек. Сондықтан үйіңізге су тазалайтын арнайы сүзгі орнатсаңыз, ағзаңыз таза, денсаулығыңыз мықты болады. Ал өзен суын неге ішуге болмайды дейміз? Өйткені оның тазалығына ешқандай кепіл жоқ. Лас суды ішіп, ауырып қалуымыз әбден мүмкін.
(
Сұрақ
Жауап
Адам ағзасындағы судың мөлшері қанша?
Суық судың ағзаға қандай зияны бар?
Суды қалай ішкен пайдалы?
Құбыр арқылы келетін суды неге ішуге болмайды?
Өзен суын неліктен ішуге болмайды?
Мәтіннің атауы
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнына қатысты берілген 5 сұраққа жауап береді;
- мәтінге ат қояды.
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады
Жоспарға сай мәтінді баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, азат жолдар бойынша жоспар құрыңыз. Жоспарыңыз бойынша мәтін мазмұнын жұбыңызға баяндаңыз.
1-оқушыға мәтін
Су - тіршілік көзі. Жер бетінің 70 пайызын су алып жатыр. Бірақ оның тек 3 пайызы ғана ішуге жарамды екен. Ауыз судың 2 пайызы мұздықтарда сақталғандықтан, ғаламшар тұрғындары тек бір пайыз суды ғана пайдалана алады. Сондықтан жер бетіндегі халық саны көбейген сайын тұщы су да жетіспейді. Әсіресе, Африка елдері ауыз суға зәру.
Судың адам денсаулығына пайдасы өте көп. Жапондық психолог-ғалым Масару Эмото: Судағы таза энергия көп ауруларға ем болады, - деп жазады. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, ағзаға қажетті азық пен оттегіні тасымалдайды, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны ретке келтіреді, көздің көруін жақсартады, иммунитетті күшейтеді. Қанды сұйылтып, бүйрек және бауырдағы қалдықтарды тазалап, ағзаға дәрумендер мен минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, су - мидың жұмысын жақсарту үшін күш және электрлік энергия көзі. Ішіп жүрген суымыз денені жарақаттанудан қорғайтын, теріні ылғалдандырып, емдейтін қасиеттерге де ие екен.
Жалпы, ересек адамның денесінде 40-50 литр су болады. Қанның 83 пайызы, бұлшық еттердің 75 пайызы, мидың 74 пайызы, сүйектердің 22 пайызы судан тұрады. Денеде 20 пайыз су жетіспеушілігі болса, адам денсаулығына үлкен қауіп төнеді екен.
(169 сөз)
2-оқушыға мәтін
Сұрауы бар судың біз білмейтін құпиясы жетерлік. Ғалымдар су салқындағанда оның қысымы неге күшейіп, жылығанда неге азаятынын анықтай алмауда. Ертеде құрылысшылар тасты таудан ойып алу үшін бұлақ суын пайдаланған. Ағаш тығынын тастың ойық жеріне қағып, үстіне су құяды. Ағашқа сіңген су тау-тасты қопаруға ыңғайлы. Суды сіңіріп өсетін өсімдік те осыған дәлел.
Судың ақпарат сақтайтын және тасымалдайтын қасиеті бар. Оған дәлел 1956 жылы болған тарихи жағдай. Атом бомбасының құрамын анықтайтын әлемдегі нөмірі бірінші зертханада ғалымдар бір минутта күллі әлемді улаудың жолын іздейді. Алайда, жиын соңына дейін бармайды. Ғалымдар аяқ астынан тамақтан уланды деген диагнозбен ауруханаға жеткізіледі. Үстелдің үстінде судан басқа ештеңе болмаған еді. Судың құрамынан да улы заттар табылмаған. Анықтай келгенде, бас қосуда айтылған ақпаратты су молекулалары бойына сіңіреді. Жаман ақпаратпен бүлінген суды ішкен ғалымдар жаппай уланады.
Судың ақпаратты қабылдайтыны туралы ғылыми тұрғыдан дәлелдеген жапондық ғалым - Эмото Масару. Ғалымның зерттеулеріне сәйкес, Рақмет, Кешір, Жек көремін деген сөздерді айтқан кезде су молекулалары өзгеріске ұшырайды екен. Ақпаратты қабылдаған судың құрылысы ғана өзгереді, ал құрамы сол күйінде қалады.
(164 сөз)
Жоспар
1. ___________________________
2. ___________________________
3. ___________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі азат жолдардағы ақпарат бойынша шағын жоспар құрады;
- жоспар бойынша мәтінді жұбына мазмұндайды.
Оқу мақсаты
5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып, иллюстрацияларды сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Иллюстрацияларды сипаттауда тірек сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тірек сөздерді суреттермен (кейбір суретке бірнеше тірек сөз сәйкес келеді) сәйкестендіріңіз. Тірек сөздерді қолдана отырып, суретті сипаттау арқылы ауызша шағын мәтін құраңыз.
1-оқушыға ұсынылатын иллюстрациялар
Тірек сөздер: адам ағзасы, су мөлшері, тіршілік көзі, суды үнемдемеу, табиғаттағы су айналымы, суды ластау
2-оқушыға ұсынылатын иллюстрациялар
Тірек сөздер: судың тартылуы, су тапшылығы, су жетіспеушілік, ауызсу, судағы демалыс, су үшін соғыс
Дескриптор Білім алушы
- әр суретке қатысты тірек сөздерді сәйкестендіреді;
- иллюстрацияларды сипаттауда тірек сөздерді қолданады;
- сипаттауды шағын мәтін арқылы жеткізеді.
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің мазмұнына қатысты стильдік ерекшелігін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жарнама мәтінін оқып, мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап беріңіз. Жарнаманың стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Судан рахат алып, денсаулығыңызды қалыпқа келтіргіңіз келе ме? Олай болса, Асем-ай Сарығаш минералды суы сіздің армандарыңызды бір сәтте ақиқатқа айналдырады. Жан мен тәнді емдейтін Асем-ай Сарығаш минералды суы 1300 метр тереңдіктен ерекше технологиямен өндіріледі. Егер сізді асқазан, бүйрек, қант диабеті секілді аурулар мазаласа, онда Асем-ай Сарығаш минералды суы - таптырмас ем. Минералды су күн сайын ішуге жарамды болғандықтан, дәрі-дәрмектермен ағзаңызды улағанша, күнделікті Асем-ай Сарыағашты тұтыныңыз.
Асем-ай Сарығаш - арзан баға, жоғары сапа, қымбат денсаулық!
Сұрақ
Жауап
1.Асем-ай Сарығаш минералды суының ерекшелігі қандай?
2.Минералды су қандай дерттерге ем?
3.Асем-ай Сарығашты пайдаланудың артықшылығы неде?
Тұтынушыға тауар туралы ақпарат беретін қай сөйлемдер?
1.
2.
Тұтынушының назарын аударатын қай сөйлемдер?
1.
2.
Дескриптор Білім алушы
мәтін мазмұнына қатысты 3 сұраққа сөйлеммен жауап жазады;
мәтіннен тауар туралы ақпарат беретін 2 сөйлемді анықтайды;
мәтіннен тұтынушының назарын аударатын 2 сөйлемді анықтайды.
Оқу мақсаты
5.3.6.1 Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіруде үйренген сөздерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтінге сәйкес мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты берілген ашық сұрақтарға жауап беріңіз.
Халықаралық сарапшылар 2030 жылдары планета тұрғындарының 47 пайызы тұщы су жетіспеушілігінен зардап шегетінін айтады.
БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Муннің: Әлем тұщы су үшін соғыс жағдайына жақындады деген сөзінің өзі қауіп-қатердің мәнін байқатады. Ұйымның Бас хатшысы бекер алаңдамайды. Оны халықаралық сарапшылардың зерттеулері де дәлелдей түседі. БҰҰ сарапшыларының зерттеулеріне қарағанда, 2020 жылдан кейін әлемнің 22 ірі мегаполисі құбырлар арқылы келетін тазартылған судың жетіспеушілігіне ұшырайды. Құрғақшылық, әсіресе, Африка мен Қытай елдерінде де қатты білінетін болады. Соның салдарынан Африка халқы Еуропаға көше бастайды екен. Бұдан бөлек, 2025 жылы әлемдік нарықта су экспорты халықаралық алып бизнеске жол ашады. Ғаламшардағы су тапшылығы мәселесі суды қайталап пайдалану технологиясын жасауға әкеледі. Ауыз судың бағасы мұнай бағасынан да бірнеше есе қымбат болады. Бұл болашақта күрделі мәселеге айналып, ауыз су үшін болатын соғыстарға әкелуі мүмкін.
Қазақстан да су тапшылығы мәселесі бар елдердің қатарына жатады. Біздің еліміз жерүсті суларына қарағанда, жерасты суларына өте бай. Бірақ осы байлықты еліміз тиімді пайдаланбайды.
(151 сөз)
1. Мәтінде қандай мәселе көтерілген?
А. Ауыз су тапшылығы
В. Суды тазарту
С. Суды сақтау
Д. Суды үнемдеу
2. Тұщы судың жетіспеушілігінен болашақта қандай мәселелер туындауы мүмкін?
А._____________________________________________________________________ В._____________________________________________________________________
3. Қазақстанда ауыз су мәселесін қалай шешуге болады?
А._____________________________________________________________________ В._____________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
мәтінге сай мәселені анықтайды;
тұщы судың жетіспеушілігінен туатын 2 мәселені анықтайды;
Қазақстандағы ауыз су мәселесін шешудің 2 жолын ұсынады.
Оқу мақсаты
5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Табиғатты, оқиғаны сипаттап жазады
Мәтін құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
1-тапсырма
Ғаламшардағы су мәселесі тақырыбында жер бетіндегі су қоры мен ауызсу тапшылығын ауызша сипаттаңыз. Есептік және реттік сан есімдерді қолданыңыз.
Төменде ұсынылған тірек сөздерді қолданыңыз: су қоры, тұщы су, су тапшылығы, су үшін соғыс, суды үнемдеу.
Дескриптор Білім алушы
мәтінде су тапшылығын сипаттауда есептік және реттік сан есімдерді дұрыс қолданады;
берілген тірек сөздерді қолданады;
мәтін құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды.
2-тапсырма
Сіз тұратын ауылда өзен бар. Жаз бойы оған демалушылар келеді. Өзенге демалуға барған сіз оның айналасындағы шашылып жатқан қоқыстарға тап болдыңыз. Көргеніңізді достарыңызға айтып, өзен жағасын қоқыстардан тазартуды шештіңіз. Достарыңызбен бірлесіп атқарған істеріңізді сипаттап жазыңыз (60-70 сөз).
Дескриптор Білім алушы
эссенің кіріспе бөлімінде өзен жағасының қоқыс орнына айналғанын сипаттайды (15 сөз);
эссенің негізгі бөлімінде достарымен өзен жағасын тазалау жұмысы туралы сипаттайды (40 сөз);
эссенің қорытынды бөлімінде ауыл
тұрғындарының ризашылығы туралы сипаттайды (15 сөз);
эссе құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды.
Оқу мақсаты
5.4.4.1 Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәліметтерді жинақтайды
Ұсынылған тақырып бойынша постер әзірлейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топта берілген тақырыптар негізінде ақпараттарды жинақтап, постер жасаңыз. Постер дайындауда төменде берілген талаптарды ескеріңіз.
постердің мазмұндылығы;
көркем безендірілуі;
креативтілігі.
1-топ. Судың пайдасы мен зияны
2-топ. Су - адам ағзасында...
3-топ. Су тапшылығы
4-топ. Су - тіршілік көзі
Дескриптор Білім алушы
су туралы алдыңғы сабақта алған ақпараттарды қолданады;
постерді көркем безендіреді;
ерекше идеялар ұсынады.
Оқу мақсаты
5.5.1.3 Сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сан есім атауларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топта берілген тақырыпқа қатысты постер жасаңыз. Постер мазмұнында жер бетіндегі су тапшылығына қатысты есептік және реттік сан есімдерді қолданыңыз.
1-топ. Ауыз су тапшылығы
2-топ. Су ресурстарын үнемдеу
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа сай постер дайындайды;
постерде есептік және реттік сан есімдерді қолданады.
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Әдеби мәтіннің мазмұнын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Мәтінді екі рет тыңдап, мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін Жылқы сұлбасының аяқтарына жазыңыз. Денесіне әр тірек сөздерді қатыстыра отырып, 4 сөйлем құрап жазыңыз.
Әлемде қанша кітапхана бар?
Халықаралық Кітапханалық Ассоциациясының мәліметінше, дүниежүзі бойынша 570 мыңға жуық кітапхана бар. Қазіргі таңда Кітапханалық континенттер болып Еуропа мен Солтүстік Америка есептеледі. Себебі Еуропа елдеріндегі кітапханалар саны 440 мыңнан асса, Солтүстік Америкада 125 мыңнан астам кітапхана бар екен. Кітапханалар саны ең аз континент - Африка құрлығы. Онда бар болғаны 1200 кітапханалық бөлімшелері бар екен.
Дүниежүзінің кітапханаларында 807 мыңнан астам адам қызмет атқарады. Жер шары кітаптардың сақталуына жылына 8,7 трлн. көлемінде қаражат жұмсайды. Кітапханалардағы кітаптар сөрелерінің жалпы ұзындығы 15 мың км кұрайды. Кітапханалардың абоненттер саны 2,5 млрдқа шейін жетеді. Бұл дегеніміз орташа есеппен жер шарының 13 бөлігі болып табылады. Жыл сайын кітапханалар оқырмандарға қызмет көрсету үшін 1,5 трлн операцияларды атқарады екен. Қызықты жайт.
Дүниежүзінде жұлдызды мәртебесі бар кітапханалар да бар екен яғни, кітапханалық қызмет көрсету индексі, кітапханаларға бару көрсеткіші, материалдарды беру, интернетті қолдану т.б. Оларға АҚШ-тағы Конгресс кітапханасы, Ресейдегі мемлекеттік кітапханалар жатады.
(148 сөз)
Дескриптор Білім алушы
мәтінді тыңдау барысында тірек сөздер мен сөз тіркестерін (4 тірек сөз) жылқы сұлбасының аяқтарына жазады;
әр тірек сөзді қатыстыра отырып сөйлем құрайды.
2-тапсырма
Абайдың Ғылым таппай мақтанба өлеңін мұқият тыңдап, бағдарсызық арқылы ақпараттарды өлең мазмұнына сай сәйкестендіріңіз.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Бес асыл іс
Пайдасыз нәрселерден аулақ бол
Жамандық көрсең нәфрәтлі
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Жақсылық көрсең ғибрәтлі
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым
Бес дұшпан
Пайдалы нәрседен үлгі-өнеге ал
Дескриптор Білім алушы
- әдеби мәтінді мазмұндайды;
- мәтін мазмұны бойынша ақпараттарды сәйкестендіреді.
Оқу мақсаты
5.2.5.1 Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Жұбыңыздың сүйікті кітабының қандай екенін, сүйікті кейіпкері, одан алған әсеріне бағытталған 5 сұрақ дайындаңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызға ретімен қойыңыз, оның жауаптарын қысқаша жазып алыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына жауап беріңіз.
Сұрақ қою немесе жауап беру барысында төменде ұсынылған диалогке қатысты сөз тіркестерін қолданыңыз: сіздің пікіріңізше, менің ойымша, оның мынадай себептері бар, себебін былай түсіндіремін, кітап оқуға қызығушылық, ерекше әсер қалдыру, рухани азық.
Дескриптор Білім алушы
жұбына сүйікті кітабы, оның авторы жайлы сұрақ дайындайды;
шығармадағы сүйікті кейіпкері, оны неліктен ұнататыны жайлы сұрақ дайындайды;
кейіпкердің бойында кездесетін жақсы қасиеттері туралы сұрақ дайындайды;
кейіпкердің ерекше әсер қалдырған әрекеті туралы сұрақ дайындайды;
кітаптан алған әсері туралы сұрақ дайындайды;
қойылған бес сұраққа сай жауап береді.
2-тапсырма
Мәтінде берілген ақпараттар туралы жұбыңызбен бөлісіңіз. Жұбыңыздың мәтін мазмұнын мұқият тыңдаңыз. Айтылған ақпаратқа қатысты жұбыңызға екі сұрақ қойыңыз. Сұрақтарға лайық жауап беріңіз.
1-оқушыға ұсынылатын мәтін
Қазақстанның ең ірі кітапханаларының бірі – Семейдегі Абай атындағы кітапхана және өлкетану мұражайы 1883 жылы Е.П. Михаэлис, Н.Я. Коншиндердің жәрдем беруімен ашылған болатын. Алғашқы жылы кітапхана қорында 274 дана кітап болып, 130 оқырманға қызмет көрсеткен.
Ең алғашқы мәдениет ошақтарының бірі қоғамдық кітапхананың ашылуы Семей қаласының тұрғындары үшін маңызды оқиға болды.
Абай қыстың бір күнінде Семейдің Гоголь атындағы кітапханасына барып, өзі оқып бітірген Толстойдың 1-том кітабын қайтарып, 2-томын сұрайды. Кітапхананың ішіндегі оқырмандар орыстар екен, басында тымағы бар, аяғында етігі, үстінде қара тоны бар қазақтың Толстойдың кітабын сұрап тұрғанын көргенде, отырған орыстар қайран қалады. Ақынның жанына Е.П.Михаэлис келіп танысып, ол таныстық баянды достықпен жалғасады.
Кітапхананың алғашқы оқырмандарының бірі болған Абай бұрын қолына түскен кітапты оқитын болса, енді Михаэлистің кеңесімен кітаптарды таңдап оқитын болды. Абай қалаға келген сайын кітапханаға соғып, өзіне қажет кітап, газет - журналдарды алып, қыста қалада жатып, ал жазда қоржынын толтырып, ауылына алып қайтып, үзбей оқыған. (146 сөз)
2-оқушыға ұсынылатын мәтін
Тарихта ең қымбат кітапты итальян суретшісі, сәулетші, ғалым Леонардо да Винчи жазған. Ол Су, жер және аспан істері туралы трактат деп атаған кітабын құрастыру үшін 4 жылын жұмсады. Ғалым өзінің байқағандарын, логикалық тұжырымдарын суреттермен, схемалармен, математикалық есептеулер және сызбалармен көрсеткен.
Жұмыстың нәтижесінде айналық әріппен жазылған 18 парақтан тұратын кітап жазылды. Оны тек жарыққа шағылыстыру арқылы ғана оқуға болатын. Трактат 1717 жылы ұзақ уақыт бойы оның қожайыны болған Англиядан шыққан ежелгі графтық рудың тегі Лестер Кодексі деген атауына ие болған.
1980 жылы кітапты Лестерлердің ұрпақтарынан атақты коллекционер Армад Хаммер сатып алған. Ол да аз уақыт кітаптың атауын Хаммер Кодексі деп те өзгерткен.
Хаммердің қазасынан кейін 1994 жылы кітап аукционға қойылып, оны Билл Гейтс (Microsoft-тың негізін қалаушы) сатып алған. Алайда, Билл Гейтс Су, жер және аспан істері туралы трактатты тығып қойған жоқ, ол әлемнің түрлі мұражайларындағы көрмелер кезінде кітапты құрметпен таныстырып келеді. Көрмелерде бұл кітапты кез келген адам көре алады.
(148 сөз)
Дескриптор Білім алушы
мәтін мазмұнын жұбына баяндайды;
жұбын мұқият тыңдайды;
тыңдалған ақпарат бойынша жұбына екі сұрақ қояды;
жұбының қойған екі сұрағына лайықты жауап береді.
3-тапсырма
Кітапханаға барғанда... тақырыбында жұпта кітапханашы мен оқырман арасындағы диалог құрастырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
өз рөліне (кітапханашы, оқырман) қатысты үш сұрақ дайындайды;
жұбының сұрақтарына лайықты жауап береді.
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Әдеби шығарманың тақырыбын анықтайды
Оқиғалар ретін белгілейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
1-тапсырма
Мәтінді оқып, оған ат қойыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
______________________________
Ертеде жалғыз ұлы бар кедей әйел болыпты. Өлер алдында әйел баласына: – Саған үлкен байлық қалдырамын. Оны маған бір ғұлама берген болатын. Ол кітапта байлыққа жету жолы жазылған. Бірақ оқуға уақытым болмады. Бірақ сен кітапты оқып, кедейліктен құтыл! - дейді.
Баласы анасынан қалған ескі кітапты оқуды бастайды. Кітаптың бірінші бетінде былай жазылыпты: Қазынаға жету үшін кітаптың әр бетін кезегімен оқыңыз. Бір бетін оқымай, екіншіге өтпеңіз. Егер де шыдамсыздық танытып, дереу соңғы бетін ашсаңыз, кітап жоқ болып кетеді. Содан кейін қазынаға ешқашан жете алмайсыз.
Кітаптың бірінші беттері парсыша жазылса, бір жерінен бастап араб тілінде жалғасады. Жас жігіт құнды кітап туралы басқа біреу біліп қоймасын деп, арабша жазылған беттерін оқу үшін араб тілін үйренеді. Енді бір жерден бастап кітап қытай тілінде жалғасады. Сосын тағы-тағы басқа тілдерде. Кітап қай тілде жазылса, жігіт сол тілдердің бәрін меңгереді. Көп тілдерді меңгергендіктен қаланың ең жақсы аудармашысы атанады. Өмірі жақсара бастайды.
Көп тілді беттерден кейін кітапта байлықты қалай жұмсау керектігі жайлы нұсқаулар жазылады. Осы беттерді оқып, жігіт экономика мен сауда салаларын да меңгереді. Оның көп тілді, ғылымның әр саласын меңгерген маман екенін сол елдің патшасы да естіп, жігітті жақсы қызметке тағайындайды.
Осылайша жігіт кітаптың соңына жетеді. Кітаптың соңғы бетінде бір ғана сөйлем жазылған: Білім – дүниенің ең үлкен қазынасы!
(200 сөз)
Мәтіндегі оқиғаларды ретімен орналастырыңыз.
Оқиғалар
Реті
Қаладағы жақсы аудармашы болғандықтан, тұрмысы түзеле бастайды.
5
Анасы баласына мұра ретінде кітап қалдырады.
1
Кітаптың соңына қарай қазынаны жұмсау туралы кеңестер жазылған.
6
Анасының кітапты оқуға уақыты болмаған екен.
2
Кітаптың соңғы бетінде бір сөйлем жазылған.
7
Кітаптың көмегімен түрлі салаларды игереді.
4
Жігіт кітапты оқу үшін тілдерді меңгереді.
3
Берілген ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын ажыратыңыз.
Ақпараттар
V-дұрыс
X-бұрыс
Анасына кітапты бір бай адам сыйға тартқан.
Х
Анасы баласына кітапты оқуды тапсырады.
V
Байлыққа жету үшін кітап парақтарын ретімен оқу керек.
V
Ақырғы бетін ашқан жағдайда кітаптың сиқырлық қасиеті жоғалып кетеді.
V
Жігіт көп тілдерді білгендіктен, мықты аудармашы болады.
V
Кітаптың ақырғы бетінде білімнің өмірдегі ең маңызды байлық екені жазылған.
V
Билеуші жігітті өзіне уәзір етіп алады.
Х
Дескриптор Білім алушы
мәтінге ат қояды;
мәтіндегі оқиғалардың ретін көрсетеді;
берілген сөйлемдердің мәтін мазмұнына сай дұрыс немесе бұрыс екенін V,Х белгілерімен белгілейді.
2-тапсырма
Мәтінді оқып, жұбыңызға мәтін мазмұнына қатысты 3 сұрақ әзірлеңіз. Сұрақтарыңызды жұбыңызға қойып, жауабын тыңдаңыз. Жауаптары бұрыс болса, дұрыс жауабын өзіңіз беріңіз. Мәтінге ат қойыңыз.
Отырар - шамамен V ғасырда белгілі бола бастаған қала. Тарихи жазбалар авторларының айтуынша, ежелден бері Отырардағы кітапхананың даңқы жер жарған екен. Мұнда қой терісімен қапталған қыпшақтар шежіресі, араб дастандары, теріге жазылған кітаптар, балық қабыршақтарымен безендірілген үнді дастандары, мұсылмандар мен христиандардың өсиеттері, көркем және ғылыми кітаптар, өлеңдер жинақтары, саяхатшылардың жазбалары, діни әрі өте көне әдебиеттер әлемнің әр түкпірінен әкелінген деседі. Ғалымдардың айтуынша, кітапхана қорында бабылдықтардың қыштан күйдірілген тас кітаптарынан бастап, түркі, парсы, қытай, грек, еуропалық тілдердегі кітаптар болуы әбден мүмкін. Ал ғұндардың өздері өз тілінде жазбалар қалдырып, географиялық карта сызған деседі. Бұл кітапханада ежелгі сына жазуымен жазылған туындылар мен папирус орама қағаздарынан бастап, ортағасырлық Еуропа, Араб және Қытайдың көрнекті ғалымдарының шығармаларына дейін жинақталыпты.
Ғасырлар бойы кітаптар қоры әлемнің әр түкпірінен мыңдаған әдебиеттермен толықтырылды. ХІІ ғасырдың аяғында Отырар кітапханасы атақты Александрия кітапханасынан кейінгі ең ірі кітапханаға айналды дейді көне шежірешілер. Бұхар тарихшысы Рузбейханның мәлімдеуіне қарағанда, Отырардың қолжазба кітаптары Сығанаққа дейін таратылған. (149 сөз)
Сұрақтар
Жауаптар + -
1.
2.
3.
Мәтіннің аты
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнына сай үш сұрақ құрастырады;
- қойған сұрақтарына жұбы жауап береді;
- жауап бұрыс болса, дұрыс жауабын береді;
- мәтінге ат қояды.
Оқу мақсаты
5.4.5.1 Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады
Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
1-тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғаңыз. Жалғаудың қай түрі екенін түсіндіріңіз. Сөйлемдерді мұқият оқып, соңына қажетті тыныс белгісін қойыңыз.
Сөйлемдер
Ереже
Әлемде ең қымбат кітап ... .. Леонардо да Винчи жазған
Қазақстандағы ең ірі кітапхананың қай қала ... екенін білесің бе
Кітап... соңғы бетінде бір ғана сөйлем жазылған: Білім – дүниенің ең үлкен қазынасы
Қай құрлықта саны жағынан ең аз кітапхана ... бар
Билл Гейтс Леонардо да Винчидің кітаб... 1994 жылы сатып алыпты
Дескриптор Білім алушы
сөздерге сөйлем мағынасына қарай жалғауларды жалғап жазады;
жалғаудың қай түрі екенін ажыратады;
сөйлем соңына қажетті тыныс белгісін қояды.
2-тапсырма
Оқыған кітаптарыңыздың ішінде ерекше әсер еткен кейіпкеріңізге хат жазыңыз. Хат мазмұнында тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрыс қолданыңыз. Сөйлем соңындағы тыныс белгілерін (сұрақ белгісі, леп белгісі, нүкте) қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
сүйікті кейіпкеріне хат жазады;
хат құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды;
хат мазмұнында тәуелдік және жіктік жалғауларын қолданады;
сөйлемнің айтылу мақсатына қарай лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді қолданады;
сөйлем соңына қажетті тыныс белгілерді қояды.
Оқу мақсаты
5.5.1.5 Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Болымды, болымсыз етістіктерді жазба жұмысында қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндегі көп нүктенің орнына сөйлем мағынасына қарай болымды және болымсыз етістіктерді қойып жазыңыз.
Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше ғасыр бұрын пайды бол... . Олар қазіргі кітаптарға мүлдем ұқса... . Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жас... . Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп, соған да жаз... . Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жаз... . Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз ХІІІ ғасырда пайда бол... .
Ал кітаптың мекені - кітапхана грек тілінен аударғанда кітап сақтайын орын деген мағынаны білдір... . Кітапхананың өзіне сай ережесі бар. Мысалы, кітапханада шулауға бол ... . Кітапханада кітаптар тек сақталып тұр..., оқырмандар оларды қажетіне жарату үшін үйге жаздырып ал... . Сондықтан кітапты уақытында қайтаруды ұмыт... керек. Кітап өзіңдікі болса да, кітапхананікі болса да, беттерін шимайлап, сызуға бол... .
Көп жасаған біл..., көп оқыған біл... дегендей, кітап оқуды үнемі әдетке айналдырсақ, рухани жан дүниеміз кеңей... .
Дескриптор Білім алушы
- болымды және болымсыз жұрнақты дұрыс жалғап жазады.
3-тоқсан
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Әдеби мәтіннің мазмұнын түсінеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдаңыз. мәтін мазмұнына сай ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз.
Ең үлкен байлық
Ертеде бір жас жігіт өзінің кедейлігін айтып, әрдайым мұңын шағудан жалықпайды. екен.
- Шіркін-ай, егер менің байлығым көп болса, жақсы өмір сүрер едім, - деп зарлауын қоймапты.
Бір күні жігіттің лашығының алдынан қарт тас қашаушы өтіп бара жатып, зарлап отырған жігіттің қасына келеді.
- Саған не болды сонша жылап? Сен нағыз бай адам емессің бе? – дейді.
- Мен баймын ба? – деп жігіт таң қалады. – Ол қандай байлық?
- Сенің көздерің ше? Бір көзіңді біреуге қаншаға сатар едің? – деп сұрайды қарт.
- Оның не?! – деп шошып кетеді жігіт, - көзімді ешқандай байлыққа айырбастамаймын.
- Ал енді екі қолың мен аяғыңның біреуін алтынға айырбастар ма едің?
- Жоқ, ешқайсысын да алтынға айырбастамаймын, - дейді жігіт.
- Міне, көрдің бе, сен өте бай адамсың. Адамның ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы, — дейді қарт. – Оны ақшаға сатып ала алмайсың.
Қарт осыны айтады да, жөніне кетеді.
(137 сөз)
Ақпараттар
+ дұрыс
- бұрыс
Жігіт өзінің кедейлігін айтып ренжіді.
+
Жігіттің алдынан жас тас қашаушы өтіп бара жатты.
-
Көзімді ешқандай байлыққа алмастырмаймын.
+
Қолы мен аяғын алтынға айырбастауға келісті.
-
Ең үлкен байлығы — күш-қуаты мен денсаулығы.
+
Дескриптор Білім алушы
- берілген ақпараттардан 3 дұрыс ақпаратты белгілейді.
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Шағын көлемді мәтіндердің мазмұнына жоспар құру, соған сүйеніп баяндау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін мазмұнына сай жоспар құрады
Жоспар негізінде мәтінді мазмұндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, азат жолдар бойынша шағын жоспар құрыңыз. Жоспар бойынша мәтінді жұбыңызға мазмұндаңыз.
Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз Дені саудың – жаны сау деп орынды айтқан. Денсаулық – бұл адамның еңбекке белсенді болуы, әрі ұзақ өмір сүруі, тәннің саулығын және рухани саулығын сезіну.
Жеке бас тазалығының ережелері:
-күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
-таңертең тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
-ұйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
-ұқыпты да жарасымды киінетін бол. Киімің таза және үтіктелген болсын;
-мектепте ұстайтын, үйде пайдаланатын заттарыңды реттеп ұста;
-өзің отыратын орынның тазалығын қадағалап, шаңын сүрт;
- сырт киіміңді орындыққа тастай салмай, киім ілгішке іл. Мектеп формасы мен үй киімің араласып жатпасын.
Тері тазалығы – адам денсаулығы кепілінің бірі. Ыстық сумен және сабынмен жуынған жағдайда ғана теріні түрлі микробтар мен лас нәрселерден айықтырып, тазартуға болады. Адам терісінің ең өсімтал бөлігі – шаш пен тырнақ. Ол адамның миын күн сәулесі мен суықтан сақтайды. Шашты аптасына 1 рет жуған жөн. Өте суық күндері бас киімсіз шығуға болмайды.
(174 сөз)
Жоспар
1. ______________________
2. ______________________
3. ______________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі азат жолдар бойынша 3 жоспар құрады;
- жоспар бойынша мәтінді жұбына мазмұндайды.
Оқу мақсаты
5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін мазмұнындағы маңызды ақпараттарды іріктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Ондағы 3 маңызды ақпаратты іріктеп, маңызды болу себебін бір сөйлеммен түсіндіріңіз.
Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек?
Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дұрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар қатерлі ісіктің пайда болуына әкеледі.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.
(148 сөз)
рс
Маңызды ақпараттар
Себебі
1
2
3
Дескриптор Білім алушы
мәтіннен 3 маңызды ақпаратты анықтайды;
әр ақпараттың маңызды болу себебін 1 сөйлеммен түсіндіреді.
Оқу мақсаты
5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа сай эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі тақырыбында 80-90 сөзден тұратын эссе жазыңыз.
Дескриптор Білім алушы
кіріспе бөлімде денсаулықтың адам өміріндегі маңызы туралы жазады (10-15 сөз);
негізгі бөлімде салауатты өмір салтының түрлері, олардың адам ағзасы үшін пайдасын жазады (40-50 сөз);
қорытынды бөлімде адам денсаулығына зиянды заттардан аулақ болып, пайдалы істермен айналысу туралы ұсынысын білдіреді (10-15 сөз).
Оқу мақсаты
5.5.1.6 Мекен және мезгіл үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мезгіл үстеулерін жазба жұмысында дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Салауатты өмір салтын сақтап, ұзақ өмір сүргісі келетіндерге кеңес беру мәтінін жазыңыз. Мәтінде төмендегі мезгіл үстеулерін қажетінше қолданыңыз.
Мезгіл үстеулері: таңертең, түсте, кешке, ерте, күні бойы, қыста, жазда, көктемде, күзде.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты кеңес беру мәтінін құрастырады;
мәтін құрамында берілген мезгіл үстеулерінің кем дегенде 6 түрін қолданады.
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің негізгі мазмұнын анықтайды
Нақты ақпараттарды ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді екі рет мұқият тыңдап, мазмұны бойынша 3 жабық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызға қойып, жауабын тыңдаңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Нұрсұлтан Әбішұлының дүниеге келуінің өзі ерекше екен. Көптен балалары болмаған соң, ата-анасы әулиенің басына түнеп, құдайдан сәби тілеген екен. Сол күні анасы түс көріп, түсінде теңіздің түбінен күміс мылтық тауып алады. Міне, осының өзі баланың болашағы жарқын екенін, көп нәрсеге қол жеткізетінін білдірген ғой. Елбасы дүниеге келгенде қатты жаңбыр жауған екен. Мұны нұр жауды деп атын Нұрсұлтан деп қойған екен. Бала кезінен Сұлтан деген есімге ие болған Нұрсұлтан Әбішұлы ұшқыш болуды армандаған екен. Мектепті бітірген соң, Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түсуге мүмкіндік алады.
Алайда тағдыр оны мүлдем басқа арнаға бұрады. Нұрсұлтан ертерек еңсесін тіктеп, ата-анасына, туған-туыстарына материалдық жағынан көмектескісі келді. Өйткені ол отбасының үлкені еді.
Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты зор ынта-ықыласпен оқыды. Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың наным-сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді ықыласпен тыңдайтын.
Нұрсұлтан өз қатарластарының арасында терең білімімен, ой-өрісінің кеңдігімен ерекше көзге түсті.
(147 сөз)
1. ___________________________________________________________________
2. ___________________________________________________________________
3. ___________________________________________________________________
Берілген ақпараттардың ішінен 3 негізгі ақпаратты анықтаңыз.
рс
Ақпараттар
V белгісі
1
Себебі ол отбасының үлкені болатын.
2
Нұрсұлтан Әбішұлы бала кезінен ұшқыш болуды армандаған екен.
V
3
Мектепті бітіргеннен кейін Киевтегі азаматтық авиация институтына оқуға түседі.
V
4
Елбасы туғанда, нөсер жаңбыр жауыпты.
5
Нұрсұлтан өз сыныбының ғана емес, мектептің ең үздік оқушыларының бірі болды.
V
Дескриптор Білім алушы
мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады;
сұрақтарын жұбына қойып, жауабын тыңдайды;
жұбының сұрақтарына мазмұн бойынша жауап береді;
берілген ақпараттардан 3 маңызды ақпаратты анықтайды.
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөздердің антоним, омоним, синонимін анықтайды
Ойын білдіруде сөздерді синонимдерімен, омонимдерімен, антонимдерімен қатар қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздердің синонимдік қатарын анықтаңыз.
Сөздер
Синонимдік қатары
Тәуелсіз
Тату
Әйгілі
Ұлттар
Болашақ
Сөздерді синонимдік қатарымен қолдана отырып, Елім - мақтанышым деген тақырыпта ауызша шағын мәтін құраңыз (5-6 сөйлем).
Дескриптор Білім алушы
берілген сөздердің синонимдік қатарын анықтайды;
тақырып бойынша ауызша мәтін құрастырып айтады;
мәтінде кем дегенде 3 сөзді синонимдік қатарымен қолданады.
Оқу мақсаты
5.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннен сөздерге қатысты ақпараттарды іріктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Балық қаңқасының жоғары жағындағы сөздерге қатысты мәліметтерді мәтіннен табыңыз. Төменгі қаңқаларға анықталған мәліметтерді өз сөзіңізбен жеткізіңіз.
1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын. Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.
Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді. Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО қырғи-қабақ соғыс деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен жаңа мазасыз додаға қосылды.
Бұл ел әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті. Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.
Дескриптор Білім алушы
жоғары қаңқадағы төрт сөзге қатысты ақпараттарды мәтіннен іріктейді;
төменгі қаңқаларға іріктелген мәліметтерді өз сөзімен береді.
Оқу мақсаты
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ресми стильдің тілдік ерекшеліктерін анықтайды
Тақырыпқа сай хат, хабарлама, хабарландыру жазады
Хат, хабарлама, хабарландыру жазудың талаптарын ұстанады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тәуелсіздіктің мерекесіне орай мектебіңізде оқушылар мен ұстаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақшы. Мектеп дәлізіне ата-аналарды осы шараны тамашалауға шақыру туралы хабарландыру мәтінін дайындаңыз. Хабарландыру мазмұнында берілген суреттер мен тірек сөздерді қолданыңыз (70-80 сөз).
Тәуелсіздікке тарту Ұлттық аспаптар оркестрі Достық биі
Сахналық қойылым Оқушылар хоры Жұлдызды жұп
Дескриптор Білім алушы
суреттер және тірек сөздермен танысады;
мәтіннің кіріспе бөлімінде 1-суретті негізге ала отырып, концерттік бағдарламаның атауы, өту мерзімі туралы ақпарат береді;
мәтіннің негізгі бөлімінде 5 сурет негізінде бағдарламаның жоспары туралы ақпарат береді;
қорытынды бөлімде ұйымдастырушылар туралы ақпарат береді.
Оқу мақсаты
5.5.1.2 Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жазба жұмысында сын есімдерді ажыратады
Анықталған сын есімдерді жазба жұмысында қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қ. Сариннің Тәуелсіздік өлеңіндегі сын есімдерді анықтаңыз.
...Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!
Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!
Өлеңнен анықталған сын есімдерді қатыстыра отырып, сөйлемдер құрап жазыңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дескриптор Білім алушы
өлеңдегі 4 сын есімді табады;
анықталған сын есімдерді қатыстырып, сөйлемдер құрастырады.
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды
Тірек сөздер арқылы мәтін тақырыбына болжам жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді екі рет мұқият тыңдап, ондағы тірек сөздерді анықтаңыз. Тірек сөздердің көмегімен төменде берілген жұлдыздың ортасына мәтінге ат қойыңыз.
Жұлдыздар жерден өте көп қашықтықта орналасқан. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3 мыңға тарта жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманда ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді.
Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді. Ғаламшарлар - өзінен жарық шығармайтын салқын денелер.
Жердің серігі - Ай. Дегенмен олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кеңдігі соншалық аспан денелерінің бір - бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық километрмен өлшеу мүмкін емес.
(107 сөз)
Дескриптор Білім алушы
мәтінді тыңдау барысында 5 тірек сөзді анықтайды;
тірек сөздерді жұлдыздың бес бұрышына жазады;
тірек сөздердің көмегімен мәтін тақырыбын болжайды;
мәтінге сөз тіркесімен атау беріп, оны жұлдыздың ортасына жазады.
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа сәйкес сөз бен сөз тіркестерін мағынасына қарай ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген сөздердің синонимін мәтіннен тауып жазыңыз.
Планета дегенде әуелі әлеміміз және күннің айналасында орналасқан қалған сегіз ғаламшар ойымызға келеді.
Күн Жүйесі деп аталатын тоғыз планетаның Күннен алшақтығы бойынша реті мынандай: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон. Күнге ең жақын болған Меркурий, Шолпан, Жер планеталары Ішкі планеталар, ал Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон планеталары Сыртқы планеталар деп аталады. Марс пен Юпитердің арасында Астероид деп аталатын кішкене планеталар да бар. Меркурий, Шолпан және Плутон планеталарынан басқа бүкіл планеталардың бір немесе бірнеше серіктері бар.
Планеталардың пайда болуы жөнінде көптеген болжамдар мен теориялар айтылған. 1944 жылға дейін планеталардың күннің жарылысы нәтижесінде күннен бөлініп шыққан деген пікір басым еді. Кейін неміс астрономы Кеплер планеталардың пайда болуы жөнінде жаңа теория ұсынған.
Қазіргі таңда планеталарды зерттеу жұмыстары барынша дамыған. Келешекте адам баласының Шолпан, Марс планеталарына барып, базалар құруы жоспарлануда.
(130 сөз)
Сөздер
Синонимі
ғаламшар
планета
алыс
алшақ
жетілген
дамыған
таяу
жақын
Берілген сөздердің мағынасын мазмұнды негізге ала отырып, өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
Сөздер мен сөз тіркестері
Мағынасы
Ішкі планеталар
Сыртқы планеталар
Астероидтар
Дескриптор Білім алушы
мәтінді тыңдау барысында төрт сөздің синонимін мәтіннен тауып жазады;
үш сөз бен сөз тіркесінің мағынасын мәтін мазмұнына сүйеніп, өз сөзімен түсіндіреді.
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа сай ауызша мәтін құрайды
Мәтінді әңгімелеуде қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын ескереді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Аспан әлеміндегі ғаламшарлар тақырыбына 3 сурет салыңыз, 2 сөз жазыңыз. Сурет пен сөз арқылы ауызша мәтін құрап, жұбыңызға әңгімелеңіз. Әңгімелеу кезінде қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын ескеріп айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты 3 сурет салады, 2 сөз жазады;
сурет және сөздердің көмегімен ауызша мәтін құрайды;
мәтінді жұбына әңгімелейді;
әңгімеде қазақтың төл дыбыстарын дыбысталуы бойынша айтады.
Оқу мақсаты
5.3.6.1 Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жаңа сөздерді тақырыпқа қатысты қолданады
Көтерілген мәселеге өз көзқарасын жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Төменде берілген сұрақтардың ішінен 2 сұраққа таңдау жасаңыз. Жаңа сұрақтарға өз көзқарасыңызды білдіріп, жазбаша жауап жазыңыз.
Күн жүйесінде адам баласы барып, қоныстануға үміттенген ғаламшарлар — Ай, Марс, Шолпан, Ганимед пен Ио. Соның ішінде Жерге ең жақыны — Ай. Ай — Жердің жалғыз табиғи серігі. Ғылымға жүгінсек, ай қараңғы, суық шар. 1969 жылы адамзат тұңғыш рет Айға сапар шекті. Ал не суы, не атмосферасы жоқ Ай бетінде адамдар қалай өмір сүрмек?
Ай бетіне ел орнатуды көздеген ғалымдардың ғылыми дәйектемелеріндегі қызықты деректер мынадай:
Айдың ешқашан Күн сәулесі түспейтін полярлық бүйіріндегі қат-қат мұзды тазалап, ауыз суға айналдыратын құралдарды пайдалансақ, су алуға болады-мыс.
Айдың сарғыш-қоңыр құмды көзге елестететін топырағы таптырмайтын құрылыс материалы болатынын дәлелдепті.
Айдың бір күні біздің бір аптамызға, бір түні жеті күнге созылады екен. Таңертең Ай температурасы минус 200 градусқа, түсте плюс 150 градусқа жететін көрінеді. Мұнда жел соғу, жаңбыр жауу, найзағай ойнау деген болмайды.
Айда травматолог дәрігердің қажеті шамалы. Өйткені қанша құласаңыз да, еш жеріңіз ауырмайды-мыс. Мұнда ауыр көтеру де аса үлкен проблема емес. Өйткені Жердегі 70 килограмм салмақ Айда небәрі 11,5 килограмм тартады. Яғни, Айда жүк тасу ешқандай қиындық келтірмейді екен...
(162 сөз)
Сұрақ
Жауап
Сіздің ойыңызша, Айда өмір сүру мүмкін бе?
Айдағы мұздарды ауыз су ретінде пайдалануға бола ма?
Айдағы күннің ұзақтығының адам денсаулығына кері әсері болуы мүмкін бе?
Дескриптор Білім алушы
сұрақтармен танысады;
2 сұраққа таңдау жасайды;
сұрақтарға өз көзқарасы бойынша жауап жазады;
тақырыпқа байланысты алдыңғы сабақтарда өткен жаңа сөздерді қажетінше қолданады.
Оқу мақсаты
5.4.3.1 Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін құрастыруда берілген бейнелеу құралдарын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Біздің ғаламшарымызға өзге планетадан келген Томпақтың келбетін сипаттап, мәтін құраңыз. Сипаттауда берілген бейнелеу құралдарын қолданыңыз.
Бейнелеу құралдары: тамшыдай көзі, шамды кепеш, домалақ бас, қысқа аяқ, қалқандай құлақ
Дескриптор Білім алушы
суретпен мұқият танысады;
Томпақтың келбетін сипаттау үшін ұсынылған бейнелеу құралдарын қолданады;
Томпақтың бет-әлпетін сипаттайды;
Томпақтың дене бітімін сипаттайды.
Оқу мақсаты
5.5.2.1 Жазба жұмыстарында хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін құрамындағы сұраулы, хабарлы және лепті сөйлемдерді анықтайды
Тыныс белгілерді дұрыс қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөйлемдерді мұқият оқыңыз. Сұрау есімдіктерін қолдана отырып, әр сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
әр сөйлемді мұқият оқу арқылы сұрау есімдіктерін еске түсіреді;
сұрау есімдіктерінің бірін қатыстыра отырып, әр сөйлемді сұраулы сөйлем етіп жазады.
Оқу мақсаты
5.1.5.1 Тірек сөздер, жетекші сұрақтар арқылы негізгі тақырыпты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі тірек сөздерді анықтайды
Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтін тақырыбын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, берілген сөздер мен сөз тіркестерінің ішінен тірек сөздерді анықтап, берілген төртбұрыштарға жазыңыз.
Күн сайын біз адамдармен әртүрлі жолмен байланыс жасаймыз. Олар: хат, телефон, ұялы телефон, факс, электрондық пошта, ғаламтор. Ақпараттарды іздеуге және өзара алмасуға қолайлы ғаламтор компьютерлік желісі құрылды. Ғаламтор планетадағы барлық компьютерлік желілердің басын қосатын дүниежүзілік өрмекші торға айналды.
Ғаламтордың көрсететін қызметі алуан түрлі, соның ішінде кең тарағандары:
- электрондық хатты алу және жіберу;
- алыс компьютерден файлдарды тасымалдау қызметі;
- ақпаратты іздеу;
- сұраныс бойынша бейне және аудиосигналдарды алу;
Ғаламторды көптеген мақсатқа пайдалануға болады. Ғаламтор арқылы әрбір оқушының дистанциялық жобаларға қатысуға мүмкіндігі бар. Ғаламтордың көмегімен кино көруге, ағылшынша газеттер, кез келген қалалардан кітаптар сатып алуға, Германиядағы қарсыласыңызбен шахмат ойнауға, тіпті басқа елдегі танысыңызбен еркін сөйлесуге болады.
(102 сөз)
Сөздер мен сөз тіркестері: компьютерлік желі, сұраныс, ғаламтор, жоба, өрмекші тор, байланыс, кино көру, қызмет, хат
Берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз.
Сұрақтар
Жауаптар
Ғаламторды неге өрмекші тор деп атайды?
Адамдар қандай байланыс түрлері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасайды?
Мәтін тақырыбы
Дескриптор Білім алушы
берілген сөз және сөз тіркестерінен тірек сөздерді анықтайды;
тыңдау кезінде берілген сөздердің ішенен 5 тірек сөзді анықтап, төртбұрыштарға жазады;
екі сұрақтың әрқайсысына мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен жауап береді;
мәтін тақырыбын сөз тіркесімен береді.
Оқу мақсаты
5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін мазмұнына бағытталған сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Ы. Алтынсариннің Өнер-білім бар жұрттар өлеңін екі рет мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға қазіргі өмірмен байланыстыра отырып жауап беріңіз.
Өнер-білім бар жұрттар,
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден,
Көзіңді ашып-жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны,
Мың шақырым жерлерге,
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді.
Теңізде жүзді балықтай,
Дүниені кезді жалықпай,
Білгендерге осылар
Бәрі-дағы анықтай...
Рс
Өлеңдегі ақпарат бойынша сұрақ
Қазіргі өмірмен байланысты жауап
1.
Алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын нелер?
2.
Мың шақырым жерлерге күн жарымда жететін қандай арба?
3.
Адам неге құстай ұшады?
Дескриптор Білім алушы
өлең мазмұнынан алынған сұрақтарды қазіргі өмірмен байланыстырады;
1 сөйлеммен жауап жазады.
Оқу мақсаты
5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып иллюстрацияларды сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Иллюстрацияларды сипаттауда тірек сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суретті назарға ала отырып, кем дегенде 5 тірек сөз дайындаңыз (әр жұпқа 1 суреттен ұсынылады.)
Сурет пен оған қатысты тірек сөзіңізді жұбыңызбен алмастырып, жұбыңыздың тірек сөздерін қолдана отырып, суретке сипаттама жасаңыз.
Дескриптор Білім алушы
- бір суретке таңдау жасайды;
- сурет негізінде 5 тірек сөз дайындайды;
- сурет пен сөзін жұбымен алмастырады;
- жұбының дайындаған тірек сөздерін қолдана отырып, суретке сипаттама жасайды (5-6 сөйлем).
Оқу мақсаты
5.3.4.1 Мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Екі мәтіннің тақырыбына, мәтіндердің құрылымына салыстыру жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндерді мұқият оқып, тақырып жағынан салыстырыңыз. Әр мәтінге ат қойыңыз.
1-мәтін
Компьютер тарихы көлемді есептеулерді жеңілдету жолдарын іздестірумен тығыз байланысты. Көп санды қарапайым арифметикалық операциялардың өзі адам миына қиындық туғызады. Сол үшін ежелден-ақ қарапайым есептегіш құрал пайда болған.
XVII ғасырда күрделі математикалық есептерді жеңілдететін логарифмикалық сызғыш пайда болған. 1642 жылы Паскаль Блез сегіз зарядты есептегіш механизм құрастырып шығарған. 1820 жылы француз Шарль де Голь көбейту мен бөлуді орындай алатын арифмометр ойлап шығарған.
Ғылым мен техниканың одан әрі дамуының нәтижесінде 1940 жылдары бірінші рет есептегіш машиналар пайда болды. 1960 жылдардың басында көлемді статистикалық мәліметтерді өңдеу үшін компьютерлер кеңінен қолданыла бастады. Бағасы қымбат болғандықтан компьютерлер барлық салада қолданыла алмады.
(96 сөз)
2-мәтін
Ғаламтор – компьютер желілері жүйесін біріктіретін әлемдік кеңістік. Оған қосылмаған компьютер кемде-кем шығар. Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттар бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әртүрлі құрылғылар арасында ақпараттарды тасымалдауға болады. Егер екі немесе одан да көп компьютерлерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютерлердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрады.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, компьютерді біріктіру үшін қолданылады.
(107 сөз)
1-мәтіннің тақырыбы
2-мәтіннің тақырыбы
Әр мәтіннің құрылымына салыстыру жасаңыз.
Мәтін №
1-мәтін
2-мәтін
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды
бөлім
Дескриптор Білім алушы
сөз тіркесі арқылы әр мәтіннің тақырыбын анықтайды;
әр мәтіннің кіріспе бөліміндегі ақпараттарды өз сөзімен 2 сөйлем арқылы береді;
әр мәтіннің негізгі бөліміндегі ақпараттарды өз сөзімен 3 сөйлем арқылы береді;
қорытынды бөлім туралы өз болжамын 2 сөйлеммен көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.4.4.1 Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтап, постер дайындайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Топта берілген тақырып бойынша өткен сабақтағы мәліметтерді жинақтап, постер дайындаңыз. Төмендегі талаптарды ескеріңіз.
постердің мазмұндылығы;
көркем безендіру;
креативтілік.
1-топ Ғаламтордың пайдасы
2-топ Ғаламтордың зияны
3-топ Компьютер тарихы
Дескриптор Білім алушы
топта тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтайды;
жинақталған ақпараттарды жүйелеп, постерге түсіреді;
дайын постерді сынып алдында қорғайды.
Оқу мақсаты
5.5.1.7 Ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды сөйлем мағынасына қарай қолданады
Негізгі ойды толықтырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
рс
Сөйлемнің басы
Қандай шылау түрін қолдану керек?
1
Ғаламтордың адам үшін пайдасы зор, _______________________________________________
_______________________________________________.
қарсылықты жалғаулық шылау
2
Әлемнің әр жеріндегі адамдар бір-бірімен әлеуметтік желілер________________________________________
______________________________________________
ыңғайластық жалғаулық шылау
3
Компьютер алдында ұзақ отыру адамның денсаулығына зиян,___________________________________________
_______________________________________________
қарсылықты жалғаулық шылау
4
Ғаламтордың көмегімен кино көруге, ағылшын тілін үйренуге
_______________________________________________.
ыңғайластық жалғаулық шылау
Сөйлемді оқып, мағынасына қарай кестеде көрсетілген жалғаулықтардың бірін қолданып, сөйлемді аяқтаңыз.
Жұбыңызбен Wi-Fi пайдасы мен зияны қандай? деген тақырыпта ауызша диалог дайындаңыз. Диалог мазмұнында ыңғайластық және қарсылықты жалғаулықтарды қажетінше қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
әр сөйлемнің мазмұнымен мұқият танысады;
қандай шылау қолдану қажеттігін ойластырады;
шылауды қолданып, сөйлемнің мағынасына сай ойды аяқтап жазады;
жұпта тақырыпқа қатысты диалог мазмұнын құрастырады;
диалог мазмұнында әр оқушы кем дегенде бір жалғаулық, бір қарсылықты жалғаулықты қолданады.
4-тоқсан
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгей
Білім алушы
Мәтіннің мазмұнына сай ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін ажыратады
Мәтіндегі нақты ақпараттарды анықтайды
Қолдану
1-тапсырма
Мәтінді мұқият 1 рет тыңдап, кестедегі ақпараттардың дұрыс немесе бұрыс екенін белгілеңіз.
Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні мейрамы елімізде 1996 жылдан бастап тойлана бастады. Бүгінде 17 миллионға жуық халқы бар Қазақстанды 130-дан аса ұлт өкілдері мекен етеді.
Бұл мерекенің тарихы туралы не білеміз?
1886 жылы халықаралық жұмысшылардың ынтымақтастығы күні чикаголық жұмысшылар көтеріліс ұйымдастырып, 8 сағаттық жұмыс күнін талап етіп, демонстрацияға шықты. Алайда көтеріліс соңы полиция мен көтерілісшілердің арасындағы қақтығысқа айналды. Ал үш жылдан соң париждік ІІ интернационал конгресі 1 мамырды әлем жұмысшыларының ынтымақтастығы күні деп атап, жыл сайын осы күні демонстрацияға шығып, талап қоюға шақырды.
Ресей империясында бұл мереке алғаш рет 1890 жылы аталып өтілді. Ал 1917 жылы 1 мамыр мерекесі ашық тойланды. 1 мамыр ұзақ уақыт бойы Халықаралық барлық елдер жұмысшыларының ынтымақтастығы күні болып тойланып келді. Бірақ уақыт өте келе мереке саяси сипатынан айырылды.
Қазір Қазақстанда 1 мамырды Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы күні деп атап, еліміздегі барлық ұлт өкілдері мереке күні салтанатты шеруге шығып, түрлі мерекелік шаралар ұйымдастырып тойлайды. (146 сөз)
Бөлім: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Оқу мақсаты
5.А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Суреттерді пайдалана отырып, ауызша мәтін құрайды.
Мәтінде қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айтады.
Тапсырма
Суреттердің көмегімен ауызша мәтін құраңыз. Мәтінді ауызша жеткізуде қазақ тілінің төл дыбыстарын үндестік заңына сай айтыңыз. (4-6 сөйлем)
Дескриптор Білім алушы
- суреттерді қатыстыра отырып, Қазақстандағы ұлттар
достастығы тақырыбында ауызша мәтін құрайды;
- мәтінде қазақтың төл дыбыстарын үндестік заңына
сай айтады.
Бөлім: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Оқу мақсаты
5.А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Таңдалған тақырып төңірегінде жұбымен диалогке қатысады.
Шағын диалогке қатысу арқылы сұрақты түсінгендігін көрсетеді.
Тапсырма
Жұбыңызбен 1 мамыр мерекесінде... немесе Өзге ұлтты достарым туралы... деген тақырыптардың бірін таңдап, шағын диалог құрастырыңыздар. (4-6 сөйлем)
Дескриптор Білім алушы
- тақырыптардың біріне таңдау жасайды;
- тақырып төңірегінде жұбына сұрақ қояды;
- жұбының қойған сұрағына жауап береді.
Бөлім: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Оқу мақсаты
5.ТБ1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Болымды, болымсыз етістіктерді диалог мазмұнында қолданады.
Тапсырма
Жұбыңызбен 1 мамыр мерекесінде... немесе Өзге ұлтты достарым туралы... деген тақырыптарда диалог құру барысында болымды және болымсыз етістіктерді қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- берілген тақырыптардың біріне таңдау жасайды;
- сұрақ және жауап мазмұнында кем дегенде 2 болымды
және 2 болымсыз етістікті қолданады.
Бөлім: Қазақстандағы ұлттар достастығы
Оқу мақсаты
5.О2 Хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсіну, стильдік ерекшелігін анықтау.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийі
Білім алушы
Хабарлама мазмұнындағы тірек сөздер мен идеясын анықтау арқылы мәтінді түсінгендігін көрсетеді.
Мәтіннің стильдік ерекшелігін талдайды.
1-тапсырма
Мәтінді оқып, Жылқы сұлбасының аяқтарына мәтіндегі тірек сөздер мен сөз тіркестерін, басына мәтіннің идеясын жазыңыз.
2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Сонымен қатар 2015 жыл Астана Бейбітшілік пен Келісім қаласы атты ұранмен өтеді. Бұл туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 21 сессиясында мәлімдеді.
Маңызды жиын Қазақстан - 2050 стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті тақырыбының аясында өтеді. Бейбітшілік және келісім сарайы атына заты сай. Қазақстан халқы ассамблеясының 21- сессиясы әдеттегідей осы ғимаратта шақырылды. Жиынға еліміздің түкпір - түкпірінен 400-ден астам делегат қатысып жатыр. Кең байтақ қазақ даласындағы 130 ұлттың өкілін ассамблея сессиясы ғана бір жерге жинаған. Ассамблея мүшелері - түрлі ұлт өкілдері көздің жауын алар сан түрлі ұлттық киімдерін киіп, соңғы әзірліктің үстінде. Барлығының аузынан шыққан сөз - ортақ. Президент 21- сессияны салтанатты түрде ашып, жиынды ұлы Жамбылдың дана сөзімен бастады. Президенттен кейін сөз алған делегаттар сессияның көркін қыздырып, бірі өлеңін оқыса, енді бірі Елбасына ән салып берді.
(136 сөз)
2-тапсырма
Мәтіннің стильдік ерекшелігіне талдау жасаңыз.
Стильдік ерекшеліктер
Дәлел
Мәтін жанры
Стиль түрі
Етістіктер қандай шақта?
Көзделген аудитория
Дескриптор Білім алушы
- мәтіндегі 4 тірек сөзді анықтап, жылқының аяқтарына
орналастырады;
- мәтіннің идеясын сөз тіркесімен жылқының басына жазады;
- мәтіннің жанрын анықтайды;
- мәтіннің стилін анықтайды;
- мәтіндегі етістіктердің қандай шақтарда қолданылғанын
анықтайды;
- мәтіннің кімдерге арналғандығын анықтайды.
2-тапсырма
Мәтінді екінші рет тыңдап, мәтіндегі төрт нақты ақпаратты кластер сызбасы арқылы көрсетіңіз.
Дескриптор Білім алушы
кестедегі ақпараттардың мәтінге сай дұрыс, бұрыс екенін белгілейді;
мәтіндегі 4 нақты ақпаратты кластерге жазады.
Оқу мақсаты
5.3.6.1 Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіруде жаңа сөздерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, ондағы мәселені анықтаңыз. Жаңа сөздерді қолдана отырып, ПОПС формуласы бойынша мәселеге қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Ахмет ақсақал балаларды бастарынан сипап өтті де, шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады. Ертеңіне Ахмет көрші ауылдан Сейітбек қожаны алып келіп, баласын сүндетке отырғызды. Кешке бүкіл ауылды баласының тойына шақырды. Жылы төсекте жатып ұйқыға кеткен Зигфрид Вагнер таңертең Зекен Ахметұлы Бегімбетов болып оянды.
Көп ұзамай Ахаң ауыл тұрғындарымен бас қосқан жерде үнемі баласы туралы әңгімелейтін болды.
- Өзі ұғымтал,- дейді мақтанып. - Аса зерек. Бірақ биыл мектепке бермеймін. Тілі жаттықсын...
- Тіпті бөтендігі жоқ,- дейді қуанып. Алғашқы күндері үркек еді. Қазір мені мен шешесін қойшы, осы бәріңе, бүкіл ауылға бойы үйреніп қалды.
Зигфрид кекшілдігі жоқ, жайдары бала боп шықты. Көбіне жалғыз ойнайды. Әкесінің тымағын киіп алып, көк шыбықты ат қып мініп алып, күні бойы үй маңында асыр салады. Ептеп қазақша сөйлей бастағаннан бері ауыл балаларымен арадағы алалық азайды. Кейбір балалар өзі іздеп келіп ойнайтын болды. Зигфрид кім келсе де жақсы қарсы алады. Бар-жоқты адал бөлісіп жейді.
(143 сөз)
ПОПС формуласы
Бірінші сөйлем Менің ойымша, мәтінде ... ... мәселе көтерілген
Екінші сөйлем Себебі, мен оны былай түсіндіремін ...
Үшінші сөйлем Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын ...
Соңғы сөйлем Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... .
Дескриптор Білім алушы
мәтіндегі мәселені анықтайды;
мәселені бірінші формулаға салады;
екінші формулада оның неге мәселе екендігін айтады;
үшінші формулада пікіріне қатысты 2 дәлелді мәтіннен немесе өмірден келтіреді;
төртінші формулада мәселеге қатысты қорытынды ой айтады.
Оқу мақсаты
5.4.2.1 Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Оқиғаға сай эссе жазады
Эссе құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Өзге ұлтты досыңызбен араңыздағы достық туралы оқиғаны сипаттап жазыңыз (80-90 сөз).
Дескриптор Білім алушы
кіріспе бөлімде достық ұғымына 10-15 сөзбен түсініктеме береді;
негізгі бөлімде досымен қалай танысқандығы, екеуінің арасындағы достық қарым-қатынасты 40-50 сөзбен сипаттап жазады;
қорытынды бөлімде ұлттар арасындағы достықтың маңыздылығын 10-15 сөзбен жеткізеді.
Оқу мақсаты
5.4.4.1 Мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа қатысты ақпараттарды жинақтайды
Постер арқылы мәліметтерді жинақтағанын көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Алдыңғы сабақтарда алған ақпараттарды жинақтай отырып, Қазақстан - тату ұлттар мекені тақырыбында постер әзірлеңіз. Постеріңізді жұбыңызға таныстырыңыз.
Дескриптор Білім алушы
алдыңғы сабақтарда өткен мәтіндерді еске түсіреді;
жаңа сөздерді ажыратады;
мәтіндердегі ақпараттарды постер мазмұнында қолданады;
постерді жұбына түсіндіреді.
Оқу мақсаты
5.2.6.1 Тірек сөздерді дұрыс қолданып, иллюстрацияларды сипаттау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Иллюстрацияларды сипаттауда тірек сөздерді орынды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттердің ішінен біреуіне таңдау жасаңыз. Тірек сөздерге сүйеніп, суретті сипаттаңыз (әр оқушыға 1 суреттен ұсынылады) (4-6 сөйлем).
Тірек сөздер: биік таулар, қарлы шыңдар, табиғат-мүсінші, кең дала, орман, өзен-көл, жасыл желек, жасыл кілем
Дескриптор Білім алушы
- бір суретке таңдау жасайды;
- суреттегі табиғатты сипаттайды;
- сипаттауда берілген тірек сөздерді мүмкіндігінше қолданады.
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Тақырып бойынша меңгерген жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдану, ойын жеткізе білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жаңа сөздерді синоним, антоним, омонимдерімен қатар қолданады
Ойын жеткізеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сіз - Қазақстанның көрікті жерлерін аралаған саяхатшысыз. Саяхат барысында көрген жерлеріңіздің табиғаты туралы жұбыңызға әңгімелеңіз. Әңгіме мазмұнында жаңа сөздерді синонимімен қолданыңыз (4-6 сөйлем).
Дескриптор Білім алушы
жұбына Қазақстанның көрікті жерлері туралы әңгімелейді;
әңгіме мазмұнында кем дегенде 3 сөзді синонимімен қатар қолданады.
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну, тақырыбын анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Әдеби шығарманың мазмұнына сай ақпараттарды анықтайды
Мәтінге тақырып қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұнға сай 2 дұрыс ақпаратты анықтаңыз.
Сұлу Көкшетаудағы биік тау туралы мынадай аңыз бар.
Ертеде Бурабай, Көкше жерін мекендеген елде бір бала дүниеге келіпті. Ол зор денелі, батыр болып өседі. Ірі болғаны сонша, өзін көтеруге мал шыдамаған соң пілге мініп жүріпті. Осы кезде қазақ жеріне қызыққан жау көп еді. Бала келген жаумен шайқасып, еліне жолатпапты.
Бір күні сол бала шайқастан кейін сəл тынығып алмақшы болады. Көлдің суына шомылады да, қалың қарағайдың арасына келіп жатады. Орман ішінде жасырынып жүрген жау осы сəтті дереу пайдаланады. Ұйқыдағы батырды қолға түсірмек болады. Байқаусызда қарусыз қалған батыр жаулармен айқаса кетеді. Батырдың күші азайып, əл-дəрмені таусылады. Сонда батыр жаулардан қорлық көргенше өлгенін артық санап, Құдайдан өзін тасқа айналдыруын тілейді. Пілін де жау қолына тастамас үшін төбесіне көтеріп алады. Сол батыр осы Оқжетпес болса керек.
(122 сөз)
Ақпараттар
+ дұрыс
бұрыс
Баланы ешқандай мал көтере алмапты.
+
Батыр дұшпанның қолында қалуды тілемейді.
+
Оқжетпесте қайың мен теректер өседі.
-
Мәтін мазмұнына сай тақырып қойыңыз.
_______________________________________
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұнына сай келетін 2 ақпаратты анықтайды;
- мәтінге сөз немесе сөз тіркесімен ат қояды.
Оқу мақсаты
5.3.5.1 Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа байланысты мәліметтерді іріктейді
Іріктелген ақпараттарды жинақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, ақпараттарды кестедегі бағандарға сай іріктеңіз.
Кең байтақ қазақ жерінің бір бөлігі - Сарыарқа. Сарыарқа Қазақстанның ұлан-ғайыр жерін алып жатыр. Арқадай кең көсіліп жатқан сары дала қайталанбас тамылжыған табиғатымен тамсандырады. Сарыарқаның төсінде соғатын самал жел есіп қоя бергенде, өзіңді тамаша күйде сезінесің. Сары даланың самал желі ғана емес, табиғатының өзі керемет. Мұнда тұңғиық көлдерді, асау өзендерді, аласа тауларды, сарғайған сары шөптерді, жазық даланы көруге болады. Табиғат адам жанына жылулық, сұлулық өміріне мән сыйлайды.Таңғажайып табиғаты көңіліне бір реніш түсірмейді. Сонау Сарыарқадай сары даладан елін жаудан қорғаған, жұртына қорған болған батырларымыз да шыққан. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С.Сейфуллин және ақын Қ.Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н.Әбдіров, ғалымдар А.Чижевский және Е.Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. (127 сөз)
Дескриптор Білім алушы
мәтіндегі бұрыннан білетін ақпараттарды білемін бағанына толтырады;
мәтінді оқу арқылы білген ақпараттарын білдім бағанына жазады;
мәтіндегі ақпарттардан нені білгісі келетінін білгім келеді бағанына жазады.
Оқу мақсаты
5.4.1.1 Ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, хабарлама, хабарландыру, хат жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тапсырмаға сай құрылымы сақталған хат, хабарлама, хабарландыру жазады
Хат, хабарлама, хабарландыру жазудың талаптарын толық ескереді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жазғы демалыста танысқан шетелдік досыңызға еліміздің табиғатының сұлулығы туралы ақпарат беріп, келесі демалыс уақытын Қазақстанда өткізуге шақыру туралы хат жазыңыз (80-90 сөз).
Дескриптор Білім алушы
хаттың кіріспе бөлімінде амандық-саулық сұрасады;
негізгі бөлімде Қазақстанның табиғаты, көрікті жерлері туралы жазады;
қорытынды бөлімде жазда демалуға шақыру туралы жазады.
хат соңында аты-жөнін және мерзімін көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.5.1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Болымды, болымсыз етістіктерді жазбаша жұмыста қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жазғы демалыста танысқан шетелдік досыңызға еліміздің табиғатының сұлулығы туралы ақпарат беріп, келесі демалыс уақытын Қазақстанда өткізуге шақыру туралы хатта болымды және болымсыз етістіктерді қолданыңыз (80-90 сөз).
Дескриптор Білім алушы
- құрылымы мен мазмұны сақталған хат жазады;
- хат мазмұнында кем дегенде 2 болымды және 2 болымсыз
етістікті қолданады.
Оқу мақсаты
5.Ж3.Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жазба жұмыс мазмұнында бейнелі сөздерді дұрыс қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Бейнелі сөздерді қолданып, өзіңіз тұратын елді мекеннің табиғатын сипаттап жазыңыз.
Аспанмен таласқан таулар, жазық дала, қарағайлы орман, табиғат-мүсінші, жасыл желек, сылдыраған өзен, сары дала, самал жел, суы шипалы
Дескриптор Білім алушы
Қазақстанның табиғатын сипаттап жазады;
негізгі бөлімде бейнелі сөздердің кем дегенде төртеуін қолданады.
Бөлім Ер есімі - ел есінде
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа қатысты жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Бейнебаянды мұқият тыңдап, берілген тірек сөздердің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.
-Ата, мына от не үшін жанып тұр?
- Балам, елін, жерін қорғап, Отан үшін мерт болған ерлердің есімі осы оттай мәңгілік өшпейді. Бұл от, бұл алау - Ер есімі ел есінде мәңгі сақталсын деген құрмет. Түсіндің бе, балам?
- Түсіндім, ата.
- Айналайын! Сонау соғыстың сұрапыл жылдарында менің талай майдангер достарым Отан үшін жанын пида еткен, балам. Еее... Әлі есімде. Қиян-кескі шайқаста қандыкөйлек досым Дәуіт екеуіміз...
- Міне, ата! Міне, Ерназаров Дәуіт деп жазылып тұр!
(Ата майдандағы досын есіне алады.)
- Кеттік пе?
- Кеттік!
- Өтебаев!
- Қане, достым! Демеп жібер!
- Жаралысың ғой.
- Отан үшін қасық қаным қалғанша шайқасамын!
- Жеңіс үшін жан пида!
- Ерназаров!...
- Ата, сіз неге жылап тұрсыз?
- Балапаным, қаншама қазақ жауынгерлері елге қайта оралмай, бүгінгі бейбіт заманды аңсаумен кетті. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек, балам!
(122 сөз)
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.
Оқу мақсаты
5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, мазмұн бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызға қойып, жауап алыңыз. Жұбыңыздың қойған сұрақтарына жауап беріңіз.
Отан үшін, әкем үшін... деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін өрлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасына өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр.
Екі ержүрек апаларымыздың ескерткішін көргенде, жанынан бей-жай өте алмайсың. Олардың бейнесіне қарап тұрып, сол зұлматтың ызғарын сезініп, жан түршігерлік соғысты көріп тұрғандай күй кешесің. Өзгелердікінен өзгеше жүрегі бар мәрт арулардың жүрек соғысының дүрсілін естігендей болып, қайсар қыздардың рухына тәу етіп тұрғаныңды байқайсың. Сөйтесің де, өр апалардың өжеттілігіне басыңды иіп, батырлығына тәу етесің. Ескерткіштен ұзап бара жатып, осындай тұлғалардың жанымен, бабалардың қанымен келген жеңісті күндердің баянды болғанын тілейсің.
(151 сөз)
рс
Сұрақтар
1
2
3
Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады;
- сұрақтарды жұбына қояды;
- жұбының сұрақтарына жауап береді.
Оқу мақсаты
5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сұрақтарға мазмұны бойынша жауап береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, берілген сұрақтарға өз сөздеріңізбен 1 сөйлеммен жауап жазыңыз.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.
1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты. 19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен.
Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.
Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген.
(129 сөз)
Сұрақ
Жауап
Әлия хатында не туралы жазды?
Соғыстағы достары Әлияны қалай атаған?
Әлия Молдағұлованың ерлігі қалай марапатталды?
Дескриптор Білім алушы
- сұраққа жауапты өз сөзімен жазады;
- жауапты мәтін мазмұны бойынша 1 сөйлеммен береді.
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Қазақша амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын пайдалану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ауызша баяндауда амандасу мәнерін қолданады
Сөйлеу барысында ұлттық этикет формаларын орынды пайдаланады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақ солдаты романының бас кейіпкері Қайрош ағамен кездесу ұйымдастырылды. Қайрош ағамен қалай амандасар едіңіз? Не туралы әңгімелесер едіңіз? Жағдаят бойынша топта сахналық көрініс дайындаңыз.
Дескриптор Білім алушы
шағын көрініс сценарийін дайындайды;
сұхбат, көрініс мазмұнында қазақша амандасу түрлерін қолданады;
Қайрошқа соғыс тақырыбына қатысты сұрақтар қояды;
Қайрошпен кездесуді көрініс етіп көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескеріп айту
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа қатысты ауызша мәтін құрайды
Мәтінде қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын ескеріп айтады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ерлер мәңгі есте! тақырыбына 3 сурет, 2 сөз арқылы ауызша мәтін құрап, жұбыңызға әңгімелеңіз. Әңгіме барысында қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын ескеріп айтыңыз.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты 3 сурет салады, 2 сөз жазады;
сурет және сөздердің көмегімен мәтін құрайды;
мәтінді жұбына әңгімелейді;
әңгімеде қазақтың төл дыбыстарын дыбысталуы бойынша қолданады.
Оқу мақсаты
5.3.1.1 Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі маңызды ақпаратты анықтайды
Ақпараттардың маңызды болу себебін түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен 3 маңызды ақпаратты анықтап, себебін 1 сөйлеммен түсіндіріңіз.
Отанды артқа тастап, ерлермен қатарласып жүріп жаумен алысты. Әйелмін деп әлсіздік танытпады, жаспын деп соғыс жалынын жатырқамады. Бар арманы – қалайда жеңіске жету!
1943 жылдың 15 қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде қантөгіс соғыс болды. Сол күні Мәншүк жан серігі - пулеметімен дамылсыз оқ атып, ерен ерлік көрсетті. Жауыз жаудың Мәншүкке қарсы атқан оғы оның ажал оғы болып, өрімдей қызды қыршыннан қиып түсті.
Отан үшін, әкем үшін... деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін өрлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасына өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр...
(151 сөз)
рс
Маңызды ақпараттар
Себебі
1
2
3
Дескриптор Білім алушы
-мәтіннен 3 маңызды ақпаратты анықтайды;
- әр ақпараттың маңызды болу себебін 1 сөйлеммен түсіндіреді.
Оқу мақсаты
5.3.6.1 Тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіруде үйренген сөздерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, жұбыңызға мазмұндаңыз.
1-оқушыға ұсынылатын мәтін
Саламатсыңдар ма, менің ардақты анам мен бауырларым! Сендер жіберген хат қолыма енді ғана түсті. Амандықтарыңды оқып, қуанышымда шек жоқ болып отырмын. Біздің батальон екі апта бойы соғысып жатыр. Прибалтиканы азат етуге күш салып жатырмыз. Бұл жерді көзбен көру қорқынышты: айнала қара түнек, қираған үйлер мен өртенген ғимараттар. Ауа райы қолайсыз болып тұр, бірде қар, бірде жауын, енді бірде қар аралас жауын жауады. Не жылына алмаймыз, не жуына алмаймыз. Бірақ біз мойымаймыз. Анашым, есіңде ме, мен кетер кезде өзім жақсы көретін кәмпит пен иіссу және юбкамды чемоданға салып алып едім ғой. Сендердің суреттеріңді де ала кеткем. Қандай күлкілі болғанмын: мұнда аз уақыт қана болып, қайта оралам деп ойлаппын. Ерболат, Бекен, анама көмектесіңдер, оған қазір ауыр, өте ауыр. Оқуларыңды тастамаңдар, жақын арада соғыс бітіп, елге басында білімі бар ақылды адамдар керек болады. Ал мені еш уайымдамаңдар. Ыстық сәлеммен: мәпелеп өсірген қыздарың мен апайларың.
(141 сөз)
2-оқушыға ұсынылатын мәтін
Гитлердің үйінде барлау взводының командирі, лейтенант Рақымжан Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл Туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті. Гитлер үйі мен Рейхстагқа дейін ара қашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқ жауған ашық алаңда еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдаттарымен толассыз атылған оқтың астынан жерге жабыса 7 сағат бойы еңбектеп өтті. Межелеген орынға ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетіп, бұйрықты орындап, Рейхстагқа туды тікті. Бұл оқиға сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи оқиға жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады. Рейхстаг түбіндегі ұрыстарда қазақстандықтар Нығмет Наукенов, Әлімқұл Жылқыбаев, Павел Василевский, Алексей Ковалев және басқа да жауынгерлер ерлік көрсетті.
Мысалы, Төлеухан Шайділдинов Рейхстаг қабырғасына былай деп жазып кетіпті: Мен - қазақпын, Қазақстаннан келдім. Қан майданда жүріп Мәскеуден Берлинге дейін жеттім. Рейхстагқа шабуыл жасап, жеңіске жеттік. Шайділдинов Төлеухан.
(141 сөз)
Мәтіндегі бір мәселені анықтап, оған өз көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Ойыңызды білдіру барысында жаңа сөздерді қолданыңыз.
Мәтіндегі мәселе
Менің көзқарасым
Дескриптор Білім алушы
- мәтінді жұбына мазмұндайды;
- мәтіндегі бір мәселені анықтайды;
- мәселеге қатысты өз ойын білдіреді;
- ойын жеткізуде үйренген сөздерін қолданады.
Оқу мақсаты
5.5.1.4 Жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сұхбат мазмұнында жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұбыңызбен ҰОС батыры мен тілші арасында сұхбат дайындаңыз. Сұхбат мазмұнында жіктеу, сұрау есімдіктерін қажетінше қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
тақырыпқа қатысты сұхбат дайындайды;
сұхбаттың жанрлық ерекшелігін ескереді;
әр оқушы 4-6 сөйлем айтады;
сұхбатта кем дегенде 2 жіктеу, 2 сұрау есімдігін қолданады.
Оқу мақсаты
5.4.5.1 Жазба жұмыстарында жалғаулардың ерекшелігін ескеріп, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу; сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жалғауларды орфографиялық нормаға сай қолданады
Сөйлем соңындағы тыныс белгілерді қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Қазақстанның болашақ ұрпағының атынан соғыс ардагерлеріне хат жазыңыз. Хат мазмұнында тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрыс қолданыңыз. Сөйлем соңындағы тыныс белгілерін (сұрақ белгісі, леп белгісі, нүкте) қолданыңыз.
Дескриптор Білім алушы
- хат мазмұнында тәуелдік және жіктік жалғауларын қолданады;
- хат құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды;
- лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді мүмкіндігінше қолданады;
- соңына қажетті тыныс белгісін қояды.