1812 жылғы орыс - француз соғысының батыры, ақын

Скачать

Аман байбатырұлы (т.-ө.ж.б.) — 1812 жылғы орыс-француз соғысының батыры, ақын. Ресей тарихында Отан соғысы аталатын бұл соғысқа қазақтың Нарынбай Жанжігітов (Георгиев кресінің толық иегері), Майлыбаев, Яков (Жақып) Беляков (шоқынған қазақ), Қарынбай Зындәуітов сынды есімдері белгілі-белгісіз жүздеген батыр жігіттері қатысты.[1] Солардың ішінде А. башқұрт полкінің құрамында Наполеон армиясымен шайқастарда асқан ерлігімен танылды. Оның есімі, әсіресе, Лейпциг қ. үшін болған ұрыстан кейін кеңінен мәлім болды. Ол ат үстінде ұрыс жүргізу, садақ, қылыш пен найзаны бірдей жақсы меңгеру шеберлігімен батыр жауынгерлер саналды. Орыс деректері А-ды Париж қ-на алғашқылардың бірі болып кіргендердің қатарында атап көрсетеді. 1814 ж. 19 наурызда М.И.Кутузовтың армиясы Парижге салтанатпен енгенде, таңдаулы әскер сапында қазақ сарбаздары А. мен Жанжігітов те болған. 


Скачать


zharar.kz