Тазыға сілтепті

Скачать


Таң алагөбеңнен бір түлкі тамақ іздеп жүріп, ағаштың бұтағына қонақтап отырған Қоразды көреді. Ағаштың түбіне келіп, мүләйімсіп Қоразға:
         — Тақсыр-ау, тақсыр, таң атты ғой, азан айтыңыз да төмен түсіп, имам болыңыз, жамағат болып намаз оқиық! – депті.
         Түлкінің қулығына түсінген Қораз:
         — Ар жағыңда молданың үлкені жатыр, сол кісіні оята қойыңыз, бәріміз бірігіп, қауым болсақ болайық! – деп, қуыста жатқан Тазыға сілтепті. Түлкі екі-үш аттап артына қараса, бір бұрышта бүк түсіп қара Тазы жатыр екен. Түкең аяғын мысықша басып, зыта жөнеліпті.
         Мұны көрген Қораз жымиып:
         — Пірәдар-ау, пірәдар! Намаз оқымайсыз ба? Қайда барасыз? – депті. Сонда Түлкі:
         — Дәретім сынып кетті, тез дәрет алып келе қояйын. Сен азан айтып, жұрттың тынышын алмай, сәл шыдай тұр! – деп тартып отырыпты.


Скачать


zharar.kz