Оңтүстік Қазақстан облысы - республикасының мақта өсіретін негізгі аймағы. Қазіргі кезде осы дақылмен облыстың Төлеби және Созақ аудандарынан басқа аудандары айналысады.
Соңғы он бес жылда ОҚО-нда мақта алқабының ауданы екі есеге өсті, бірақ мақтаның өнімділігі екі есе төмендеді. Бұл көрсеткіштер серпінін облыс бойынша жалпы емес, шаруашылықтың жекелеген категориясы - ауыл шаруашылық кәсіпорындары, шаруа қожалықтары мен үй шаруашылығында Сонымен қатар, қозаның өзіндік құны күрт өсті: соңғы бес жылда ол тоннасына 25 мың теңгеден 45 мың теңгеге көтерілді."Онтүстік Қазақстанның мақта өсіру шаруашылығы мен мақта тазалау салаларының талдауы өнімділік пен тиімділіктің төмендеуінің негізгі себептері оңтүстікке тән негізгі жағдайлардың салалық ерекшеліктері екендігін көрсетілді. Қазіргі таңда мақта өндірумен облысымызда 45 мың шаруа қожалықтары айналысады. Олардың 80 % астамы жер иелері 5-10 гектарға шейін.
Элиталық тұқым шаруашылығының болмауы және элиталық тұқымдарды қолайлы бағада жаппай шығару мәселесі. Облыста тұқымды бес элиталық тұқым шаруашылығы шығарады. Бірақ, олар негізінен ОҚО-нда бірнеше ондаған жылдар бұрын бейімделген және өзінің құнды қасиетін жоғалтып үлгерген "С47-27" сортын өсірумен келеді. Тәжірибе станцияларынан алылған элиталық тұқымдар мақта зауыттарында бір буртқа салынады және басқа тұқымдармен араласып кетеді, ал ол ғалымдардың еңбегін “жоққа” шығарады. Мақта себетін аудандарда жақсы элиталық және жаппай тұқым шаруашылығы болмауынан сорттар қоспасы пайда болуда. Элиталық тұқымды жаппай өндіру мәселелерін шешу үшін мемлекет жақын болашақта мына тәжірибе станциясында құрылатын элиталық шығаратын кіші зауыт салуға 35 миллион есе болып отыр.
Мамандардың айтуы бойынша қажеттілікті қанағаттандыру үшін облыста 6,5 мың тонна тұқым керек. Қазіргі таңда 14 элиталық шарауашылықтардың бесеуі ғана жұмыс істейді. Сонымен қатар ұлттық өнім 50-55 теңге тұрады, ал импорттық баға 2 есе төмен. Тұқымның бағасы жоғары болса қарапайым шаруа қожалықтары базардан контрабандалық жолмен әкелінген сапасыз сертификатсыз төмен бағалы тұқымды алуларына тура келеді.
Мақтаның бағасы сұранысқа және Ливерпульдық биржаның ұсынысына айланысты қойылады. Әрине әлемдік бағаның өсуі немесе төмендеуі қазақстандағы мақтаның бағасына әсер етеді. 2003 жылы Мақтааралда 1 сорттық мақтаның бағасы тоннасына 90000 теңге болды. Соның арқасында келесі жылы 220 мың теңге гектарына егілді, бірақ 2004 жылы шаруа қожалықтарындағы мақтаның өзіндік құны тоннасына 42-45 мың арасында болды. 2006 жылы 10 тамызда мақтаның бағасы Ливерпульдық биржада 1324 $ құрады.
Ауыспапы егістің болмауы тек қана өнімділікке ғана емес, сонымен қатар топырақтың құнарлылығына да әсер етіп отыр. Бірақ кіші тәлімде (5-10 гектар) ауысымын сақтау мүмкін емес, өйткені тек жоңышқа шаруа отбасын асырай алмайды. Нәтижесінде Мақтаарал ауданында егіс алқабынын 3 % - ына жоңышка егілген, ал қалған алқапқа жылма-жыл мақта егілуде.
Ескірген ауыл шаруашылық техникасы және оның техникаяық жарақатануының төмендеуі. Қамтылған колхоз бен совхоздың мүліктік пайызы қалған техника моралъдық және техникалық пайыздан ескірген, жарамсыз жағдайда. Мақта жинау машиналарының, тракторлар мен автомобильдерінің көп бөлігі жоғары дәрежеде болуына байланысты қолда бар техниканы тек ағымды етуу мен техникалық қызметке ғана емес, сонымен күрделі жөндеуге де маңызды қаржылай буындарды талап етеді.Көптеген мақта өсіруші шаруашылықтарда мақта жинау машиналары олардың қымбат бағасына байланысты болмай отыр. Мелиорация жүйесінің және тыңаптқыштарды жинаудың жоқтығы, агротехниканы сақтамау. Тыңайтқыштарды пайдалану көлемі жылдан-жылға өсіп келеді. Тынайтқьпшарды пайдалану жөніндегі ең жоғарғы көрсткіш ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен салыстырғанда шаруа қожалықтарында байқалып отыр. Соның нәтижесінде мақтанын өнімділігі артуда. Бірақ, мақта алқаптарын өңдеуде негізінен азотты тыңайтқыштар пайдаланылуда,оныі ішінде аммиакты, ол топырақ өнімділігін көтерудегі кешенділікті көрсетеді.
Зиянкестермен күрес. Мақта алқабында басты зиянкесі қарапайым (мақта) өрмекші кенесі, темекі трипсы, шіркей мен мақта совкасы. Күрестің негізгі шараларына агротехникалық тоңғақ жерді жырту, қысқы суару және мақтаға бедер салу), химиялық және биологиялық тәсілдер жатады.
Зиянкестермен тиімсіз күресу кей кезде болса да мақтадың әлеуетті өнімділігінің 30-40%-ьш жойып жібереді.
2002 жылы мақта алқаптарының зиянкестермен күресіне республикалық бюджеттен 133,9 млн теңге, 2003 жылы 394,3 млн теңге, 2004 жылы 441 млн теңге бөлінді.
Шаруа қожапықтарын ірілендіру мәселесі. Кішігірім жер үлесі бар шаруашылық кооперациның артықшыльтғын түсінеді: ауыспалы егіс, ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану, несие алу. Бірақ, адамдардың бір - біріне деген, тіптен туысқаңдар арасыңда да сенімнің жетіспеуішлігі кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, кішігірім шаруашылықтардың біріккісі келмейтін себебі: жеке тұлға мәртебесінен айрылу оларды жеңілдікгерден айырады және қағазбасгылыққа әкеледі.
Өндірістік ерекшеліктері. Кәсіпорыпда басқарушылық есепті құру оның ұйымдасшрушылық және өндірістік құрылымына сүйенеді. Ұйымдастырушылық құрылымы кәсіпорын қызметінің жекелеген түрлері арасындағы келісімділікті және бөлімшелердің негізгі міедеттері мен мақсаттарын орындаудағы жігерлерін қамтамасыз етеді.Мақта тазалау кәсіпорынын, ұйымдастырушылық құрьшымы өндірісті басқарудың әр түрлі деңгейлерінің құрамы мен қатынасын және осы ұйымдастырудың формаларын анықтайды. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы бөлімшелердің, цехтардың, қызметтердің құрамы мен құрылымын, олардың қуатын, құру формасын және өндірісті басқарудың әрбір деңгейіндегі өзара байланысты көрсетеді.Мақта тазалау кәсіпорнындағы өндірістік құрылымды құрудың ерекшеліктері зауыттың мақта шикізатын өндеудегі жылдық қуатына түйіндес өнімді одан әрі өңдеу қызметінің түрлеріне, технологиялық процестердің күрделілігіне,бөлімшелердің, цехтардың, қызметтердің мамандаңдырылу дәрежесі мен түрлеріне шартталады және т.б. Басқарушылық есеп-қисатпы ұйымдастыру маңызды дәрежеде осы ерекшеліктерді есепке алумен негізделеді. Басқарушылық есеттте жауапкершілік орталығы ретінде әрбір бөлімшелердің нақты шаруашылық-экономикалық жағдайы, оның тәуедсіздік дәрежесі мен бөлімше басшысына берілген өкілеттік арқылы анықталады. Ішкі бөлімшелер, жауапкершілік орталықтары, басқарудың әр түрлі деңгейлері арасындағы өзара байланыс ішкі экономикалық механизмі арқылы реттеледі.
Ішкі экономикалық (шаруашылық ішіндегі механизм түсінігі тұтас кәсіпорынның да, оның бөлімшелерінің де қызметі мен дамуына қолайлы жағдай жасауға мақсатты әсер ететін құралдардың жиынтығын қамтиды. Оның негізгі элементтеріне төмендегілер жатады: жоспарлау, талдау, баға құрылымы, ынталандыру, есеп, бағалау, бақылау және реттеу. Ішкі шаруашылық механи элементтері арасындағы байланыс кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін бағалау және бақылау жүйесі, өнім және атқарылған қызмет көлемін өлшеу және бағалау көрсеткіштері, бөлімшелердің жеке шығындары құрамына енетін шығыңдар құрамы және шаруашылықты жүргізудің нәтижесін анықтау арқылы реттеледі.
Технологиялық ерекшеліктері. Мақта тазалау кәсіпорындарының негізгі өндірістік бөлімшелеріне қозаны дайындаудың зауыттық және зауыттан тыс пункттері жатады. Мақта зауыттары дайындау пункттерінің әр-түрлі санын иеленеді. Ол өндірістік қуатқа, мақтаны тасымалдау сипатына, дайындау мөлшеріне байланысты болады. Сондықтан технологиялық ерекшеліктерін мақта дайындау пункті қызметінің мысалында қарастырамыз.
Дайындау пункттерінің міндеттеріне өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтары, үй шаруашылықтары, тұрғындар мен басқа да өткізушілер тапсырған қозаны қабылдау, сақтау, кептіру және тазалау мен өндіру жатады. Дайындау пунктіне енуге қолмен және машинамен жиналған селекциялық және өнеркәсіптік сорттағы әр түрлі қоза түседі. Шығысында қоспа мен қоқыстардан тазартылған, кептірілген, өнеркәсіптік сорт бойынша бунттарға салынған қозаны аламыз. Дайындау пунктінің өндірістік құрылымында басқарушылық есепті ұйымдастыруда жауапкершілік орталықтарына теңестірілген келесі бөлімшелерді ерекшелеуге болады: қозаны қабылдау аймағы, лаборатория, кептіру-тазалау өндірісі, қозаны сақтау аймағы.
Мақта зауытының міндеті: қозаны қоқыс қоспалардан тазарту, талшықты тұқымнан бөлу, үлпілдеген тұқымнан ажырату мақсатында өңдеу. Мақта зауытына енуге мақта дайындау пунктінің кептіру және тазалау аймағынан берілген қоза түседі. Мақта талшығын және оған түйіндес өнімді: тұқым, линт, улюк және басқа да талшықты өнімді аламыз. Осылайша ОҚО –дағы мақта шаруашылығының жағдайының таңдауы мақта шикізатының өндіру жыл сайын саланың тиімділігі есебінен емес, тек қана мақта алқабының көлемін көбейту есебінен ғана ұлғайып отырғанын көрсетеді. Мақта тазалау өнеркәсібінде де жағдай мәз емес. Бүгінгі таңда республикамыз жылына 130 мың тонна мақта талшығын өндіреді, бірақ талшықтың 97 % төменгі бағамен, сапасыз шикізат ретінде ең төменгі классификатор арқылы экспортқа шығарылады. Бір үлгіде келтірудің ұлттық жүйесі жоқ. Көптеген ұсақ компаниялар өздерінің мақсаттарына жетуге ұмтылады. Бірақ әлемдік нарыққа Қазақстандық тоқыма өткізуі жалпы стратегиялық мақсатынсыз шығу мүмкін емес. Осының нәтижесінде ЖҰӨ өнімнің жалпы көлемі тоқыма және тігін өнеркәсібінің үлес салмағы 0,5 % -ді ғана құрайды. Салыстыру үшін Германия мен АҚШ –та осы саланың үлесі ЖҰӨ -нің 9 %, Түркия мен Қытайда 12 %, Үндістанда 16 % -тен жоғары.
Оңтүстік Қазақстан облысы крезистік жағдайдан шығу үшін екі негізгі факторға сүйенген жөн.
- шаруақожалықтарының мықты болуы;
- мақтаның сатып алу бағасының артуы.
«Тек қана шаруа қожалықтарының бір-бірімен бірлесуі арқылы ғана олар мемлекеттен көмек ала алады. Мысалы: несие, агротехникаға инвестиция салу» деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев