Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
6-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге, 6-сынып білім алушыларына Қазақ тіліі пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектептің (5-9-сыныптары) Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімдерге, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2
МАЗМҰНЫ
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
4
Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография
4
Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика, Әлемнің жеті кереметі.
Лексикография бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
10
Астана - мәдениет пен өнер ордасы. Лексика
10
Тарихи тұлғалар. Лексика бөлімі бойынша жиынтық бағалау
13
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
16
Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен, көлдер. Морфология
16
Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология, Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен
салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология
19
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
22
Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
22
Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация
25
3
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография
Оқу мақсаты 6.1.1.1- мәтіннің атауын талқылау және алғашқы
бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің атауын талқылап, көтерілген
мәселені болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтіннің атауын жұпта талқылаңыз. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, қалған бөлігінде көтерілген мәселені болжаңыз.
Оқжетпес туралы аңыз
Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын нәрсе - табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы Оқжетпес тасының жөні бөлек, атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол Оқжетпес жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз.
Ал аңыз былай дейді:
____________________________________________________________________
Бурабай дейтін елді мекенде кезінде Оқжетпес атты баһадүр өмір сүрген. Оқжетпес туа салып күн сайын емес сағат сайын өсіп, жетіле берген . Тіпті бойы тоқтаусыз өскен. Бала күнінде далада ойын қуып жүрсе, қасындағы балалардың атқан садағы оның кеудесіне әрең жеткен. Бойы ұзын, өзі батырдың тірі кезінде елде абыройы асқақ болады. Жаугершілік заман келіп, күн артынан күн өтіп жаумен шайқасады. Ол әр күн сайын жаудың бетін қайтарып, елін аман сақтап отырған. Жарақат алса, жарасын сол көлдің бойында емдеп, Бурабайдың ауасымен тыныстаған. Дәл сондай күннің бірінде ол жауға қарсы соғысады. Соғыс ұзақ күндерге созылады. Жаудың беті қайтар емес. Тіпті жау санында есеп жоқ. Айларға созылған соғыстың салдарынан Оқжетпес шаршап, түнде тынығып жатқан кезінде жау тыңшылары сырын біліп, үстінен бас салады. Бірақ алып денелі батыр оған да көнбей орнынан сілкіне тұрып тағы соғысады. Тек ең ақырында әлі кетіп , ақыры демі бітті-ау деген кезде, Оқжетпес қатты даусымен: Уа, Тәңірім, мені жау қолынан өлтіріп, ұятқа қалдырғанша, тасқа айналдыр десе керек, лезде аспан айналып жерге түскендей күй тұнып, Оқжетпес сол жерде жартасқа айналып кеткен. Бұл аңыздың бір түрі ғана. Жалпы Бурабайдағы түрлі ескерткіштерге қатысты көптеген аңыздар бар. Аңыздың өзі ертегі емес, шындыққа жанасатын жанрдың түрі екенін ұмытпаңыз.
2. Берілген сұрақтарға тыңдалған мәтіннен дәлелдер келтіре отырып, жауап беріңіз.
1. Батыр бала күнінде қандай болған?
2. Батыр алған жарақатын қалай емдеген?
3. Оқжетпес қалай тасқа айналған?
4
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Мәтіннің атауын талқылап,
1
мәтіннің атауын
1
көтерілген мәселені
талқылайды;
1
болжайды
мәтіннің алғашқы
1
бөлігінің мәнін
1
ашады;
көтерілген мәселені
1
болжайды;
1
2
сұрақтарға мәтіннен
дәлелдер келтіріп
жауап береді
1-сұрақ;
1
2-сұрақ;
1
3-сұрақ.
1
Барлығы
9
5
Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні____________________________________________________
Бағалау
Оқу жетістігі деңгейі
критерийі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіннің атауын
Мәтіннің атауын талқылауда,
Мәтіннің атауын талқылауда,
Мәтіннің атауын талқылайды,
талқылап,
көтерілетін мәселені болжауда,
көтерілетін мәселені болжауда,
көтерілетін мәселені болжайды,
көтерілетін
сұрақтарға (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-
сұрақтарға (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-
сұрақтарға (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-
мәселені болжайды
сұрақ) мәтіннен дәлелдер
сұрақ) мәтіннен дәлелдер келтіріп,
сұрақ) мәтіннен дәлелдер келтіріп,
келтіріп, жауап беруде қиналады
жауап беруде қателіктер жібереді
жауап береді
6
Бөлім Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика, Әлемнің жеті кереметі. Лексикография
Оқу мақсаты 6.2.2.1- Ауызекі сөйлеу және көркем сөйлеудің стильдік
ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы тану
6.3.6.1- Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық
қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету,
редакциялау
6.4.2.1 екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні,
логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тілдік құралдар арқылы мәтіннің стилін, тілдік
ерекшеліктерін ажыратады
• Мәтіндегі пунктуациялық, орфографиялық қателерді
түзетуде сөздікке, емле ережелеріне сүйенеді
• Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні,
логикалық екпін) қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтіндерді мұқият оқып, стильдерін анықтаңыз. Әр стильге тән ерекшеліктерді сөздік қолданыстар арқылы ажыратыңыз.
1-мәтін
Келіннің тапқырлығы
Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай Қасқырбай Қойбай Қубай Субай Қайрақбай Пышақбай Баубай Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп: Келін ау, келін, судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Тез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу!, - депті. Мұнысы - қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен? деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: Шапқы-ау шапқы, шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: жаныманы білемеге жанып әкелсін дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті, - депті.
2-мәтін
Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері.
Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді.
Берекелі қазақ жері - ел мерекелі
Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.
Шілдехана бесік той,
Тұсау кесер сүндет той,
Ай, шіркін-ай!
Құда түсіп сырға салу,
Беташарым-ай.
7
Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,
Қыз-бозбала кең даланы
Әнімен елтіп тербеткен
Ер жігітке жарасады озып шыққан бәйгеден, Қыз балаға жарасады алқа шашбау сәукеле Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын, Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін
2. Екі мәтінді қайталап оқыңыз. Түсіп қалған тыныс белгілерін тауып, тиісті орнына қойыңыз. Мәтіндерде кездескен екпін түрлерін анықтаңыз.
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Тілдік құралдар арқылы
1
мәтіннің
1
мәтіннің стилін, тілдік
стилін ажыратады;
1
ерекшеліктерін ажыратады
әр стильге тән
1
ерекшеліктерді
1
ажыратады;
тілдік құралдарды
1
қолданады;
1
Мәтіндегі пунктуациялық,
2
тиісті тыныс
орфографиялық қателерді
белгілерді қояды
1
түзетуде сөздікке, емле
-үтір
1
ережелеріне сүйенеді
-нүкте;
орфографиялық
1
қателерді емле
ережелеріне сүйеніп,
дәлелдейді;
мәтіннен екпін
1
түрлерін табады.
Барлығы
10
8
Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика, Әлемнің жеті кереметі. Лексикография
бөлімі бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Бағалау
Оқу жетістігі деңгейі
критерийі
Төмен
Орта
Жоғары
Тілдік құралдар арқылы
Мәтіннің стилін, әр стильге тән
Мәтіннің стилін, әр стильге тән
Мәтіннің стилін, әр стильге тән
мәтіннің стилін, тілдік
ерекшеліктерді ажыратуда,
ерекшеліктерді ажыратуда, тілдік
ерекшеліктерді ажыратады, тілдік
ерекшеліктерін
тілдік құралдарды қолдануда
құралдарды қолдануда қателеседі
құралдарды қолданады
ажыратады
қиналады
Мәтіндегі пунктуациялық,
Тиісті тыныс белгілерді қоюда
Тиісті тыныс белгілерді қоюда
Тиісті тыныс белгілерді қояды
орфографиялық қателерді
(үтір, нүкте), орфографиялық
(үтір, нүкте), орфографиялық
(үтір, нүкте), орфографиялық
түзетуде сөздікке, емле
қателерді емле ережелеріне
қателерді емле ережелеріне
қателерді емле ережелеріне
ережелеріне сүйенеді
сүйеніп дәлелдеуде қиналады
сүйеніп дәлелдеуде қателіктер
сүйеніп дәлелдейді
жібереді
9
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика
Оқу мақсаты 6.2.6.1- оқылым стратегияларын қолдану: комментарий
жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу
6.3.4.1- эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін
жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-
келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу (келісу,
келіспеу эссесі)
6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің
қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқылым мәтінінен қажетті ақпаратты іріктеп, рөлге
бөліп оқиды
• Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу
эссесін жазады
• Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің
қолданылуын ажыратады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, Астана - ел жүрегі деген пікірді дәлелдейтін жолдарды іріктеңіз.
Елімнің жүрегі – Астана
Жер бетіндегі әрбір адам өз елінің елордасын мақтан тұтады. Біздің мақтанышымыз – Сарыарқа төсіне қанат жайған шырайлы шаһар. Астанамыз жыл санап көркейіп, гүлденіп, ажарланып келеді. Келбеті де асқақ, айбарлы. Өзге жұрт қызыға, қызғана қарайды. Тамсанып, таңдай қағады.
Астана - бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік.
Астана – Қазақ елі болашағының қаласы. Мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Еліміздің көгілдір туы желбіреген тәуелсіздігіміздің ордасы. Жаңа Астанамыздың құрылысы - жас мемлекетіміздің жасампаздықка ұмтылысының, бүкіл қоғамымыздың жаңаруының ерекше символына айналған құбылыс. Адамзат тарихында астанасын жаңғыртқан мемлекеттер жетерлік . Біз жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа өркениетті ұлт ретінде, тарих сахнасына егеменді ел ретінде ендік. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Тәуелсіздігіміздің айғағындай, елдігіміздің белгісіндей, алтын күндей Елтаңбамызды, желбіреген көк байрағымызды көргенде, әуелеген Әнұранымызды естігенде бойыңды ерекше бір асқақ азаматтық сезім билейді. Бұны көру, сезінудің өзі бір бақыт, маңдайға біткен бақ. Аз уақыттың ішінде көркейіп, түрленіп, тәуелсіздігіміздің түлегі, Отанымыздың жүрегі - Астанамыз да елдігіміздің жаңа беттерін ашқандай, тәуелсіздігімізді әйгілеп тұр. Жастарымызды болашаққа бастайтын бас қаламыз, арман қала - жас қаламыз - өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналуда.
10
2. Астана - елімнің жүрегі ме? деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Жазба жұмысыңызда неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қажеттісін қолданыңыз. Эссеңізде мәтіннен іріктелген мысалдарды қолданыңыз.
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Мәтіннен қажетті
1
тақырыбын анықтайды;
1
ақпараттарды іріктеп оқиды
қажетті жолдарды іріктейді;
1
дәлелді пікірлерді ажыратады;
1
қажетті мысалдарды іріктейді;
1
Тақырыбына сай,
2
келісу не келіспеу эссесін жазады;
1
құрылымы жүйелі келісу-
келіспеу эссесін жазады
неологизм, термин, диалект сөз,
1
кәсіби сөздердің қажеттісін
қолданады;
мәтіннен мысалдар келтіреді.
1
1
Барлығы
8
11
Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Бағалау
Оқу жетістігі деңгейі
критерийі
Төмен
Орта
Жоғары
Оқылым мәтінінен
Мәтінді мұқият оқып, қажетті
Мәтінді мұқият оқып, қажетті
Мәтінді мұқият оқиды, қажетті
қажетті ақпараттарды
мысалдарды іріктеуде қиналады
мысалдарды іріктеуде
мысалдарды іріктейді
іріктеп оқиды
қателеседі
Тақырыбына сай,
Келісу не келіспеу эссесін
Келісу не келіспеу эссесін
Келісу не келіспеу эссесін жазады,
құрылымы жүйелі
жазуда, мәтіннен мысалдар
жазуда, мәтіннен мысалдар
мәтіннен мысалдар келтіреді
келісу-келіспеу эссесін
келтіруде қиналады
келтіруде қателіктер
жазады
жібереді
12
Бөлім Тарихи тұлғалар. Лексика
Оқу мақсаты 6.1.5.1 тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы
және нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі
ақпаратты шынайы өмірмен байланыстыру
6.4.3.1-көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу
сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
• Ақпаратты өмірмен байланыстырады
• Көнерген сөз, эвфемизм, дисфемизм, табу
сөздерді анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқып, жұбыңыздың мәтін бойынша сұрақтарына жауап беріңіз (2-3 сұрақ), көнерген сөздер, эвфемизм, дисфемизм және табу сөздердің астын сызыңыз.
Шоқтығы биік ғалым
Қазақстан археология мектебінің негізін салушы Әлкей Марғұлан этнография, тарих, шығыстану, әдебиеттану, өнертану бойынша көптеген еңбек сіңірген. Филология ғылымдарының докторы, академик, профессор. Ол 1904 ж. 11 мамырда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Əкесі Хақан – атақты Олжабай баҺадүрдің тікелей ұрпағы. Əлкейдің əкесі Хақан мен шешесі Нұрила көптеген халық ертегілері мен аңыз-әфсаналарын білген. Жай отындай жарқыраған, қағілез бала бес жасында оқып, жаза білуді үйренеді, бала кезінде Қобыланды, Алпамыс, Көрұғлы, Қозы Көрпеш - Баян сұлу дастандарын оқып, жатқа білген. Хақанның шаңырағында қазақ даласына белгілі адамдар жиі бас қосқан. Құймақұлақ Əлкей бастауыш білімді ауыл мектебінен алды. 1915 жылы Баянауылда үш сыныпты орыс мектебінде оқыды. 15 жасында гимназияда оқу үшін Екатеринбургке сапар шегеді, алайда Азамат соғысында опат болып жатқан адамдардың жағдайы балаға әсер етуінің кесірінен оқи алмайды. 1919 жылы Əлкей Хақанұлы Павлодар қаласындағы мұғалімдер курсына түсіп, оны бітірген соң туған ауылына оралады да, Далба мектебінде мұғалімдік қызмет атқарады. 1921 жылы Семей техникумына оқуға түседі. Одан кейін Ленинградқа оқуға барады. Ленинградта оқып жүргенде-ақ зерттеушілікпен айналысады. Әлкей елге келгеннен кейін де көп ізденіп, түрлі қазба жұмыстарын жүргізеді және көне жәдігерлерді тауып, мұражайға тапсырады. Ол жинаған материалдарының негізінде Ежелгі Қазақстан қалалары мен құрылыс өнерінің тарихы деген монографиялық еңбек жазады. Кейін Орталық Қазақстанды зерттейді. Әлкей Марғұлан қазақ халқының тарихы мен әдебиетін зерттеуге зор еңбек сіңірді. Оның қаламынан туған тарих, археология, этнография, әдебиет және өнер салаларына қатысты ондаған кітап, үш жүзден астам ғылыми зерттеу және жүзден астам энциклопедиялық мақалалар жарық көрді.
2. Қазіргі уақытта Әлкей Марғұлан сияқты ғалымдар немесе тарихи тұлғалардан сіз кімді айтар едіңіз? Өзіңіз тарихи тұлға деп есептейтін адам туралы қысқаша айтыңыз. Өмірмен байланыстырыңыз.
13
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Көнерген сөз, эвфемизм,
1
мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға
1
дисфемизм, табу сөздерді
жауап береді;
1
анықтайды
мәтіннен көнерген сөзді табады;
1
эвфемизмді табады;
1
дисфемизмді табады;
1
табу сөзді табады;
1
2
кейіпкер туралы ойын айтады;
1
өмірмен байланыстырады.
1
1
Барлығы
9
14
Тарихи тұлғалар. Лексика бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Көнерген сөз, эвфемизм,
Мәтіннен көнерген сөзді,
Мәтіннен көнерген сөзді,
Мәтіннен көнерген сөзді,
дисфемизм, табу
эвфемизмді, дисфемизмді, табу
эвфемизмді, дисфемизмді, табу
эвфемизмді, дисфемизмді, табу
сөздерді анықтайды
сөзді анықтауда, көнерген сөз,
сөзді анықтауды, көнерген сөз,
сөзді анықтайды, көнерген сөз,
эвфемизм, дисфемизм, табу
эвфемизм, дисфемизм, табу
эвфемизм, дисфемизм, табу
сөздерді қатыстырып, жазылым
сөздерді қатыстырып, жазылым
сөздерді қатыстырып, жазылым
жұмысын орындауда қиналады
жұмысын орындауда қателіктер
жұмысын орындайды
жібереді
15
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология, Спорт. Белгілі
спорт жұлдыздары. Морфология
Оқу мақсаты 6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну,
детальді ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтін мазмұнындағы детальді ақпараттарды
анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді зейін қойып тыңдап, мазмұнын жұпта талқылаңыз.
Былғары қолғап шебері
Қонақбаев Серік Керімбекұлы 1959 жылы 25 қазан күні Павлодар қаласында дүниеге келген. Әкесі Қонақбаев Керімбек техника ғылымының кандидаты. Шешесі Қонақбаева Балтуған Темірғалиқызы мұғалім болған. Қазақтың атын күллі әлемге танытқан Серік ағамыз КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері атағын 1981 жылы еншілеген. Былғары қолғап шеберіміз Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын 1981 жылы аяқтаса, қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын 1984 жылы бітіріп, маман иесі болған. 1999 жылы Халықаралық Х.А.Яссауи атындағы Қазақ-Түрік университетінің заңгер-құқықтанушы мамандығын бітірген . Серік Қонақбаев бокспен 14 жасынан бастап айналыса бастады. Спортшының атақтарына келетін болсақ, ол КСРО халықтар спартакиадасының және КСРО чемпионатының күміс жүлдегері, екі мәрте Еуропа чемпионы, әлем кубогінің иегері. Дәл сол жылы әлемнiң ең үздiк боксшысы деген атақ Серiк Қонақбаевқа бұйырған. Әлем кубогінің иегері Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындарының күміс иегері (1980), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, КСРО чемпионы. Мәскеу Олимпиадасынан кейін жастардың боксқа деген қызығушылығы артып, Серік Қонақбаев оқыған Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтындағы бокспен айналысатын студенттердің саны 40-тан 600-ге дейін өсті. Бұл қазақ боксының дамуына үлкен ықпал етті . 1981-1987 жылдары Серік Керімбекұлы бапкерлік жұмыстар атқарып , коммерциялық Қазақстан спорт клубының, ҚР кәсіпқой бокс Федерациясының, ҚР президенті жанындағы ұлттық спорт қорының президенті болды. Ол қазір қазақ туризм және спорт академиясының профессоры. Серік Қонақбаевтың есімі қазақ бокс тарихында алтын әріппен жазылған.
2. Мәтінді қайта тыңдаңыз. Мәтіндегі детальді ақпараттарды анықтаңыз.
рс
Детальді ақпараттар
1
2
3
16
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Мәтін мазмұнындағы
1
мазмұнын жұпта талқылайды;
1
детальді ақпараттарды
1
анықтайды
1
2
мәтіндегі детальді
ақпараттарды табады
1
1-ақпарат
1
2-ақпарат
1
3-ақпарат
1
Барлығы
7
17
Су – тіршілік көзі . Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология, Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Оқу жетістігі деңгейі
Бағалау критерийі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтін мазмұнындағы детальді
Мазмұнын жұпта талқылауда,
Мазмұнын жұпта талқылауда,
Мазмұнын жұпта талқылайды,
ақпараттарды анықтайды
мәтіндегі детальді
мәтіндегі детальді
мәтіндегі детальді ақпараттарды
ақпараттарды (1,2,3-
ақпараттарды (1,2,3-
(1,2,3-ақпараттар) табады
ақпараттар) табуда
ақпараттар) табуда қателеседі
қиналады
18
Бөлімі Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология
Оқу мақсаты 6.2.7.1- энциклопедия, сөздік, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпараттарды алу, авторына сілтеме жасау
6.3.2.1-жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып, құттықтау құрастырып жазу
6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
• Энциклопедия, сөздік және газет-журналдардан алған ақпараттардың авторына сілтеме жасайды
• Құттықтау жазудың жанрлық,
ерекшеліктерін, құрылымын сақтайды
стильдік
• Үстеудің мағыналық түрлеріне
синонимдік қатарды қолданады
қарай
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
15 -20 минут
Тапсырма
Наурыз мерекесі туралы мәтіннен ақпараттар іріктеңіз. Өз бетіңізше газет-журнал, энциклопедия, сөздіктерден ақпараттар жинақтап көріңіз, авторына сілтеме жасаңыз.
Қазақстаннан хат-хабар айдарымен жарияланған мақалада Орталық Азия тұрғындары асыға күтетін Наурыз мерекесінің мән-мағынасы және Қазақстан Республикасында оны қалай тойлайтыны жазылған. Мақалада Шығыс халықтары үшін аса маңызды мереке Наурыз келгенде ежелгі ғұн заманындағы көшпенділер ерте тұрып, Күнді қарсы алғандығы туралы айтылады. Көктемді қарсы алғанда Орталық Азия халықтары ағаш егіп, бұлақ көзін ашады дей келе, Наурыздың қазақ танымымен байланысын баяндайды. Автор қазіргі замандағы наурыз айшықтарын да суреттеген. Мереке күні Астана, Алматы шаһарларында Елбасы мен қала басшыларының құттықтау сөзімен ашылатын Наурыз мейрамының тойлануы туралы жазылған. Мақаланың Тау баурайындағы Жамбыл ауылында деген бөлімінде бір топ жапон азаматтарының Жетісу жеріндегі Жамбыл ауылында қонақта болып, анасының қолынан наурыз көжеден дәм татқанын есіне алған журналист наурыз көже дәмінің ерекшелігі мен пісіру әдістеріне тоқталады. Журналист Жапонияда 21 наурызда жеті түрлі өсімдіктен көже әзірленсе, Қазақ елі Ұлы мейрамға арналған наурыз көжені бірлік пен берекенің символы санайтынын, Наурыз күні ешкімді алаламай, дастарқаннан әр адам дәм тату керектігін айтқан.
https:egemenarticletokiodaghy-gazette-nauryz-turaly-maqala-shyqty
2. Наурыз мерекесі туралы жинаған ақпараттар негізінде жақын адамыңызға құттықтау жазыңыз. Құттықтаудың жанрлық және стильдік, құрылымдық ерекшеліктерін сақтаңыз. Құттықтауда үстеудің мағыналық түрлеріне қарай синонимдерді қолданыңыз.
19
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Энциклопедия, сөздік және
1
мәтіннен ақпараттар
1
газет-журналдардан алған
іріктейді;
ақпараттардың авторына
энциклопедия, сөздік және
1
сілтеме жасайды
газет-журналдардан
ақпараттар алады;
авторына сілтеме жасайды;
1
Құттықтау жазудың
2
құттықтау жазады;
1
жанрлық, стильдік
1
ерекшеліктерін, құрылымын
жанрлық
және стильдік,
1
сақтайды
құрылымдық
1
ерекшеліктерін сақтайды.
1
үстеудің
мағыналық
түрлерін ажыратады;
үстеудің
синонимдерін
қолданады
Барлығы
8
20
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз. Морфология бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне
қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Оқу жетістігі деңгейі
Бағалау критерийі
Төмен
Орта
Жоғары
Энциклопедия, сөздік
Энциклопедия, сөздік және
Энциклопедия, сөздік және
Энциклопедия, сөздік және газет-
және газет-
газет-журналдардан ақпараттар
газет-журналдардан ақпараттар
журналдардан ақпараттар алады,
журналдардан алған
алуда, авторына сілтеме
алуда, авторына сілтеме
авторына сілтеме жасайды
ақпараттардың
жасауда қиналады
жасауда қателеседі
авторына сілтеме
жасайды
Құттықтау жазудың
Құттықтау жазуда, жанрлық
Құттықтау жазуда, жанрлық
Құттықтау жазады, жанрлық және
жанрлық, стильдік
және стильдік, құрылымдық
және стильдік, құрылымдық
стильдік, құрылымдық
ерекшеліктерін,
ерекшеліктерін сақтауда
ерекшеліктерін сақтауда
ерекшеліктерін сақтайды
құрылымын сақтайды
қиналады
қателіктер жібереді
21
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар
Бөлім Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология
Оқу мақсаты 6.1.2.1- әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери тақырыптарға
байланысты диалог, монологтердегі (өмірбаян, хабарландыру) көтерілген мәселені талдау
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтінде көтерілген мәселені талдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңдаңыз (мәтінді ықшамдауға болады). Жұпта мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыз.
Әлемнің ең үлкен кітапханасы
Александрия кітапханасы өртенген 391 жылдан 1220 жылға дейін 830 жыл Отырар кітапханасы әлемдегі ең үлкен кітапхана болған деп қорытындылайды профессор Еренғайып Омаров. Өкінішке қарай, даңқты бабаларымыздың мыңдаған жылдың тарихымен, ғылым, білім, өнердегі жетістіктерінің алтын қоры сақталған осы кітапхана түгі қалмай жойылып кетіпті . Жер түбіндегі мысырлық ғалым Птоломей болмаса, біз де ондай кітапхана болғанын білмес те едік. Осы кітапханадан білім алған, бүкіл әлем мойындаған Әбу-Насыр әл-Фараби туралы деректерді де тек соңғы кезде алыс шетел деректерінен таптық. Отырардын өзінде әл-Фарабиден де білімі жоғары, оған білім үйреткен талай ғалымдардың болуы да мүмкін. Себебі Отырар кітапханасын әл-Фараби жинамағаны айтпаса да түсінікті. Бұл кітапханада жүздеген жылдар бойы қаншама ғалымдар еңбек етті. Ол заманда кітаптың өте қымбат тұратынын ескерсек, бұл кітапхананы жинауға мол қаржы кеткені анық. Ол кітаптарды сатып алу, жинақтаудан басқа осы кітаптарды сақтайтын үлкен кітапхана ғимараты және ондағы жұмыс істейтін ғалымдарды қаржыландыру қала бюджетіне оңайға түспесе керек. Бұндай шығынды кішігірім қалалардың көтере алмасы белгілі.
Осындай үлкен кітапхананы IX ғасырда әлемнің жарты бөлігінен байлық тоқтаусыз құйылып жатқан Бағдат халифтері жинақтаған. Халиф Әл-Мамун (813-833ж.) Бағдат қаласында Байт Әл-Хакма (Даналық үйі) атты ғалымдар үйін ашып, дүниенің түкпір-түкпірінен ғалымдар шақырып, кітапхана қорын әзірлеген. Обсерватория ашқан. Кейін Бағдатта өте үлкен кітапхана жинақтаған. Бұл Даналық үйінде Орта Азияның, гректің, парсының, Мысырдың көптеген ғалымдары жұмыс жасады. Солардың еңбегінің арқасында кейін араб өркениеті деген түсінік пайда болды.
Даналық үйінде ең бірінші болып Орта азиялық математик Әл-Хорезми басшылық жасады. Әбу Насыр әл-Фараби де Бағдат халифінің шақыртуымен Бағдатқа барған. Осы кездегі Бағдат Халифінің басты уәзірлері Фараб қаласынан болған деген дерек бар.
Халифке ақыл қосатын уәзірлердің тек білімді, қабілетті адамдардан жиналатынын ескерсек, Фараб қаласының бұл заманда ғылым-білім, мәдениеті өте жоғары қала болғаны айтпаса да түсінікті. Ғылым-білімде осындай үлкен жетістікке жеткен Фараб-Отырар қаласының негізгі табыс көзі сауда деп білеміз. Кейін ғалымдар Ұлы Жібек жолы деп атаған үлкен сауда жолының күре тамырында орналасқан қаланың табысы жоғары қала болғаны даусыз.
22
2. Мәтінді екінші қайтара тыңдаңыз. Мәтінде орын алған мәселелерді анықтаңыз. Жұпта талдаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Мәтіннің мазмұнын,
1
қысқаша мазмұнын айтады;
1
көтерілген мәселені
1
талдайды
2
мәтіндегі мәселелерді
1
анықтайды;
1
1
топта талқылайды.
1
1
Барлығы
7
23
Әлемдегі ірі кітапханалар. Морфология бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Оқу жетістігі деңгейі
Бағалау критерийі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіннің қысқаша мазмұнын
Мәтіннің қысқаша мазмұнын
Мәтіннің қысқаша мазмұнын
Мәтіннің мазмұнын,
айтуда, негізгі мәселелерді
айтуда, негізгі мәселелерді
айтады, негізгі мәселелерді
көтерілген мәселені
анықтауда, топта талқылауда
анықтауда, топта талқылауда
анықтайды, топта талқылайды
талдайды
қиналады
қателеседі
24
Бөлім Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация
Оқу мақсаты 6.2.5.1- мәтіннен негізгі және қосымша
ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру 6.3.5.1 - оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Негізгі, қосымша ақпаратты, көтерілген
мәселені анықтайды, сұрақтар құрастырады • Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді • Материалдар негізінде жинақы мәтін жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 -20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият оқыңыз (мәтінді ықшамдауға болады). Мәтіндегі негізгі, қосымша ақпараттарды және көтерілген мәселелерді ажыратыңыз. Негізгі ақпараттың тұсына + белгісін, қосымша ақпараттың тұсына - белгісін, ал мәселенің тұсына ? белгісін қойыңыз.
IPhone 6 смартфонын құлтемірлер құрастырады
Apple өнімдерін құрастыратын Foxconn Technology компаниясы жұмысшы адамдарды құлтемірлерге ауыстыруды бастады. Нақтырақ айтсақ, iPhone 6 смартфондары жиналатын конвейерлер толық құлтемірлер арқылы басқарылатын болады, - деп хабарлайды mashable сайты. Қазіргі кезде Фоксбот (Foxbot) деп аталатын арнайы жабдықталған автоматты құрылғылар тәжірибе жүзінде тексеруден өтіп жатыр. Алдағы уақытта Foxconn зауыттарының бірі осы құлтемір аппаратымен жұмыс жасайтын болады. Ал Apple компаниясының мобильді құрылғылары жансыз темір аппараттар жасап шығарған алғашқы өнім болмақ. Бұл ақпаратты Foxconn компаниясының атқарушы директоры Терри Гоу акционерлердің жиналысында хабарлады. Гоудің жасаған хабарламасына орай, iPhone сериядағы жаңа смартфондарды құрастыратын компания 10 000 Фоксботты іске қоспақшы екен. 20 000-нан 25 000 АҚШ доллары шамасында тұратын әрбір темір жұмысшы компанияға қаржының біршама үнемдеуін алып келеді. Apple Insider ақпаратына сенсек, бүгінде, Қытайда орналасқан Foxconn компаниясында 1 миллион адам еңбек етеді екен.
Жалпы бұл жоспар Foxconn компаниясында 2011 жылы басталған болатын. Сол кездегі жоспар 10 000 темір аппарат болған. Ал 2014 жылға дейін олардың саны 1 миллионға жетуге тиіс болған. Дегенмен, құлтемірдің бағдарламасын жасау біраз қиындық тудырып, жасалған жоспар уақытынан кешіктірілген болатын . 2014 жылдың наурыз айында Apple iPhone смартфондарының қуат жинақтағышын толық автоматты түрге өткізу туралы ақпарат жарияланған болатын. Оған түрткі болған басты себеп смартфонның құрастырылуы кезінде адам еңбегін көп қажет етуі еді. Дегенмен, бар еңбек құлтемірдің есесіне жазылмасы анық. Қалай дегенмен де, құрастырудың бастапқы кезеңде Foxconn компаниясы адам еңбегінсіз белгіленген нәтижеге жете алмайды. Сондықтан компания басшылығы тағы 100 000 адамды жұмысқа алуды көздеп отыр. Себебі біз алдында хабарлағандай, iPhone 6 смартфондарының ең көп мөлшердегі сандық көрсеткішін жоспар бойынша өз уақытында жасап үлгеру мүмкін болмай қалады. Бұл жыл Apple жаңа смартфонның екі түрлі нұсқасын шығаруды жоспарлап отыр. Қытайлық жабдықтаушылар құрастыруды осы тамыз айынан бастауға дайын.
25
2. Мәтіннен анықтаған негізгі, қосымша ақпараттар мен көтерілген мәселелер бойынша жұбыңызға сұрақтар (кемінде 3 сұрақ) құрастырыңыз. Сұрақтардың ақпараттар мен мәселелерді анықтауға бағытталуын ескеріңіз.
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
3. Мәтін бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
№
Білім алушы
Негізгі, қосымша ақпаратты,
1
негізгі ақпаратты табады;
1
көтерілген мәселені анықтайды,
қосымша ақпаратты
1
сұрақтар құрастырады
табады;
мәселені анықтайды;
1
2
негізгі
ақпаратты
1
анықтауға
қатысты
сұрақтар құрастырады;
қосымша
ақпаратты
1
анықтауға
қатысты
сұрақтар құрастырады;
мәселелерді
анықтауға
1
қатысты
сұрақтар
құрастырады;
Негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді
3
қажетті
сөйлемдерді
1
іріктейді
табады;
Материалдар негізінде жинақы мәтін
ақпараттарды іріктейді;
1
жазады
жинақы мәтін жазады.
1
Барлығы
9
26
Ғылым мен технология жетістіктері. Пунктуация бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні ____________________________________________________
Бағалау критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Негізгі, қосымша ақпаратты,
Негізгі, қосымша ақпараттарды
Негізгі, қосымша ақпараттарды
Негізгі, қосымша ақпараттарды
көтерілген мәселені анықтайды,
табуда, мәселені анықтауда,
табуда, мәселені анықтауда,
табады, мәселені анықтайды,
сұрақтар құрастырады
сұрақтар (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-сұрақ)
сұрақтар (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-
сұрақтар (1-сұрақ, 2-сұрақ, 3-
құрастыруда қиналады
сұрақ) құрастыруда қателеседі
сұрақ) құрастырады
Негізгі ойды білдіретін
Қажетті сөйлемдерді табуда
Қажетті сөйлемдерді табуда
Қажетті сөйлемдерді табады
сөйлемдерді іріктейді
қиналады
қателіктер жібереді
Материалдар негізінде жинақы
Ақпараттарды іріктеуде, жинақы
Ақпараттарды іріктеуде,
Ақпараттарды іріктейді, жинақы
мәтін жазады
мәтін жазуда қиналады
жинақы мәтін жазуда қателеседі
мәтін жазады
27