ЕГЕМЕНДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСЫНДА

Скачать

ЕГЕМЕНДІ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ
ҚАЗАҚСТАН
ҮШІНШІ МЫҢЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСЫНДА
Қазақстан Республикасы - Евразия деп аталатын қүрылылықтар кеңістігінің дәл ортаңғы бөлігінде орналасқан ел. Оның батыс аймақтары Европа қүрылығының жерінде жатыр. Қазақтар Жайық деп атайтын Орал өзені - Европа мен Азияны бөліп тұратын шекара. Ал еліміздің солтүстігі, шығысы мен оңүстігі Азия қүрылығында орналасқан. Қазақстан Республикасының аумағы - 2 миллион 724 мың шаршы километрді құрайды. Жерінің аумағы жөнінен ол бүкіл дүниежүзінде 9-орында түр. Мұндай жерге Франция сияқты 5 мемлекетгі сыйғызьп жіберуге болады. Елдің климаты мейілінше континентті. Солтүстіктегі орташа температура қыстыгүні Цельсий бойынша 20-25 градус болса, кей жылдары бұл 40-45 градусқа дейін төмендейді. Жаздыгүні солтүстіктегі температура 18, оңтүстіктегі температура 35-40 градус болады.
1999 жылғы ресми санақ бойынша Қазақстанда 15 миллион шамасыңда халық тұрады. Жыл өткен сайын бұл цифр үлғая түсуде. Елімізде халықтың 53,4 пайызын қүрайтын байырғы халық қазақтардан басқа үлттардың да өкіддері тұрады. Шамамен алғанда, орыстар - 30, украиңдар — 3,7, өзбекгер — 2,5 пайызды қүрайды. Сондай-ақ елімізде немістер, үйғырлар, кәрістер, дүнғандар, түріктер жөне басқа халықтардың өкілдері бар.
Елдің мемлекеттік тілі — қазақ, ресми тілі -орыс тілі болып табылады. Қазақстан Республикасының астанасы 1998 жылы Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілген. Қазақстан Республикасы -халықтың өзі басқаратын демократиялық, зайырлы (азаматгық), біртұтас (бөлінбейтін) президенттік басқару нысанындағы мемлекет.
Ел басшысы - Нүрсүлтан Әбішүлы Назарбаев
1999 жылы бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде сайланған Президент. Қазақстан Республикасының негізгі заңы Конституцияда Президент халық мүддесін қолдау үшін халық атынан әрекет етеді деп жазылған.
Қазақстан Республикасыңда 14 облыс, 159 аудан, 85 қала, 195 кент, 2150 ауылдық және селолық округгер бар. Еліміздің Еділ өзенінің төменгі ағысьнан Алтай тауына дейінгі ұзыңдығы 3000 километрдей болса, Батыс Сібір жазығынан Іле Алатауьша дейінгі аралығы мың жарым километрден астам. Ал Қазақстан шекарасының жалпы үзындығы 15 мың километрге жетеді. Еліміз батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігіңде Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстан республикаларымен, ал шығысында Қытай Халық Республикасымен шекараласады.Азапық үшін болған екі жарым ғасырдан астам уақыт күрестен кейін қазақ халқы төуелсіздікке 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол жеткізді. Соңдықтан да жыл сайын 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі ретінде ресми аталып өтеді. Қазақстан - Біріккен Үлтгар Үйымының тең қүқықты мүшесі. XXI ғасырға төуелсіз мемлекет больш аяқ атгаған біздің отанымыз Қазақстан Республикасы, міне, осындай.


Скачать


zharar.kz