Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
5-сынып
Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі. Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге, бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.), форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ smk.edu ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ негізгі мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық емес мақсатта құрастырылған.
Мазмұны
1-тоқсан 4
Бөлім Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика 5
Бөлім Киім. Сән.Талғам. Фонетика 11
Бөлім Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Лексика 15
2-тоқсан 20
Бөлім Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі. Лексика 20
Бөлім Бос уақыт және хобби. Морфология 27
3-тоқсан 34
Бөлім Қиял әлемі. Морфология 34
Бөлім Көлік және жол белгілері. Морфология 42
Бөлім Адамның сырт келбеті мен мінезі. Морфология 48
4-тоқсан 53
Бөлім Аспан әлемінің құпиялары. Синтаксис 53
Бөлім Саяхат және демалыс. Синтаксис 60
1-тоқсан
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды
Анықталған мәселеге өз ойын білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.
Тілдарын мектепішілік байқауы
Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейту және дамыту, қазақстандық патриотизмдi нығайту, өзге халықтардың мәдениетi мен тiлiн құрметтеу мақсатында Тiлдарын байқауы өткiзілді. Байқаудың өткiзiлу мақсаты – үш тiлдi — қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiн жетiк меңгерген қабiлеттi жастарды анықтау және қолдау болатын.
Байқауға оқу тіліне қарамастан 7-11-сынып оқушылары қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Байқау:
1. Өзін-өзі таныстыру. Тұсаукесерін өткiзу;
2. Үш тіл кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру;
3. Мақал – сөздің мәйегі кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру;
4. Қызықты сұрақтар кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру.
Жеңімпаздарды анықтау барысында оқушылардың тiлдердi меңгеру деңгейiне, жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбыстауына, жауаптың орамдылығы мен сапасына, жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелiгіне назар аударылды. Байқау жеңiмпаздары түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтқан болатын. Әрине, тілді білу – халықты, тарихты білу. Тілді неғұрлым көп білсең, өмір жолың ашық, жарқын болмақ.
Дескриптор
Білім алушы
- көтерілген басты мәселені анықтайды;
- негізгі мәселеге қатысты өз ойын айтады.
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген тірек сөздер арқылы тақырыпқа болжам жасаңыз. Жасаған болжамыңыздың себебін түсіндіріңіз.
Қонаққа бару, ерекше қасиет, сыйластық, құрмет, достық ықылас, сыйлық, дастарқан басында, өнеге, ортақ әңгіме, қонақ шақыру, дастарқан мәзірі, үй иесінің жайдары қабағы, рұқсат сұрау, қоштасу.
Дескриптор
Білім алушы
- тірек сөздер арқылы тақырыпты болжайды;
- болжамының себебін түсіндіреді.
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді оқып, негізгі және қосымша ақпараттарды анықтаңыз.
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман Малайсарымен сөйлесіп отыр екен.
- Балалар, аман ба? - депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сонда Сырым жолдасына дауыстап:
- Жүр, кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой! - дейді.
Малайсары жалт қарап:
- Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без, - деген, сырнайдай сарнаған мына бала кім еді? - дейді.
- Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,- дейді Сырым.
- Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,- деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырып алған екен.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды;
- қосымша ақпаратты ажыратады.
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің түрін ажыратады
Мәтіннің құрылымын, рәсімделуін түсіндіру арқылы жанрлық ерекшелігін көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің түрін анықтап, құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшелігін ажыратыңыз.
Хабарландыру
2016 жылдың 21 қыркүйегінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай үш тілді жетік білетін 7-11-сынып оқушылары арасында Тілдарын мектепішілік байқау өткізіледі.
Сайыстың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті оқушыларды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.
Байқау төмендегідей кезеңнен тұрады:
1. Өзін-өзі таныстыру Тұсаукесерін өткiзу;
2. Үштұғырлы тіл кезеңі. Үш тілде берілген сұрақтарға жауап беру;
3. Мақал – сөздің мәйегі кезеңі. Үш тілде берілген мақал-мәтелдерді мағынасына қарай сәйкестендіру;
4. Қызықты сұрақтар кезеңі. Үш тілде берілген логикалық сұрақтарға жауап беру.
Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, марапатталады.
Өтетін орны: Шымкент қаласы, физика-математика бағыты Назарбаев Зияткерлік мектебінің мәжіліс залы.
Басталуы: сағат 15:30-да
Келемін деушілерге есік ашық!
Мәтіннің түрі
Мәтіннің құрылымы (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімі)
Мәтіннің рәсімделуі
(сайыстың мақсаты, өтетін орны, уақыты)
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің түрін ажыратады;
- мәтіннің құрылымын анықтайды;
- мәтіннің рәсімделуін көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.3.1.1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін құрылымын сақтайды
Құрылымына сәйкес жоспар құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, мәтін бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрыңыз.
Қонаққа бару мәдениеті
Қонақжайлылық - қазақ халқының бет-бейнесін ашар ерекше қасиеттерінің бірі. Бұл қасиет адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті арттыра түседі. Адамды тіліне, дініне, ұлтына қарамастан алаламай ас-дәм беру - қонақжайлылықтың белгісі.
Шақырған жерден қалма деген ұстанымды ұран еткен жұрт қонаққа барғанда мына кеңестерді естен шығармағаны абзал. Сізді қонаққа шақырды делік, алып баратын сыйлығыңызға қоса үй иесіне арнап, гүл алуды да ұмытпаңыз. Шақырған жерге ерте немесе кешікпей дәл уақытында бару - мәдениеттіліктің белгісі. Өйткені тым ертерек болмаса кешігіп келу үй иелеріне де басқа қонақтарға да ыңғайсыз жағдай тудырады. Әрі мұны сыйламау деп түсінуі мүмкін. Дастарқан басында дұрыс отыра білу де тәрбиені көрсетсе керек. Айтылар әңгіме ортақ болуына да көңіл бөлген жөн. Осындай бас қосуда үлкен кісілер көрген-білгендерін жастарға өнеге ретінде ортаға салады.
Кейде қонақтан ертерек кетуге тура келеді. Ондайда басқалардың көңілі бөлінбес үшін рұқсат сұрап, елеусіз шығып кеткені абзал. Қоштасарда үй иелеріне рақмет айтуды ұмытпаған жөн.
Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
а)
ә)
Қорытынды бөлім ________________________
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін құрылымын сақтайды;
- мәтін бойынша жоспар құрады.
Оқу мақсаты
5.4.1.1 Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Берілген сөздер негізінде мәтін құрастырады
Үндестік заңын, дыбыстардың жүйесін, емлені ескереді
Орфографиялық норманы сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Сандықшадағы сөздерді пайдаланып, мәтін құрастырыңыз. Дыбыстар жүйесіне, емлеге, үндестік заңына назар аударыңыз (60-70 сөз).
Сандық ішіндегі сөздер
Сәлемдесу, сыйластық, қонақжайлылық, отбасы құндылықтары, отбасындағы тәрбие, үлкенді сыйлау, туыстық қарым-қатынас, қонақ күту, адамгершілік қасиет.
Дескриптор
Білім алушы
- берілген сөздерді қатыстырып, мәтін құрастырады;
- ережелерді ескереді;
- орфографиялық норманы сақтайды.
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Тірек сөздер арқылы суретке қарап, өз ойыңызды білдіріңіз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Тірек сөздер: Ұлттық нақыш, сән әлемі, фестиваль, дизайнер, сәнгер
1. Әйелдің бас киімі, оның отбасы жағдайына тигізетін әсері туралы не білесіз?
2. Киімде бүкіл ұлттың, халықтың болмысы жатады деген ойға өз көзқарасыңызды білдіріңіз?
3. Ақ түстің қазақ халқы үшін қандай қасиеті барын білесіз бе?
Дескриптор
Білім алушы
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, ондағы ауызекі сөйлеу стиліне тән сөйлемдер мен сөз тіркестерін теріп жазыңыз.
Жәудір: Назым, кешегі газетті оқыдыңыз ба?
Бота: Не боп қапты, Жәудір?
Жәудір: Газеттің төртінші бетін ашыңызшы.
Бота: Иә, аштым.
Жәудір: Қай жарнамаға көзіңіз түсті?
Бота: Мына бір ерекше безендірілген жарнаманы бірден байқадым. Қара, қара, көйлектерге жеңілдіктер бар екен!
Жәудір: Қойшы, рас па? Онда неғып отырмыз? Әдемі көйлектерден құр қалып қоймайық!
Бота: Жоқ. Бүгін бара алмайм.
Жәудір: Мен бүгін бармасам, бармағымды тістеп қалармын. Сондықтан барып көріп, көңілімді жайландырайын.
Мәтін
Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер
Не боп қапты, ...
бара алмайм ...
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады;
- жұбының жұмысымен салыстырады;
- қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді
Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сіз - ұлттық нақыштағы заманауи сәнді киім үлгілерін тігетін жаңадан ашылған сән үйінің басшысысыз. Қазақстандықтарға сән үйіңіздің ерекше қызметтері туралы жарнама мәтінін жазыңыз (60-80 сөз).
Дескриптор
Білім алушы
- жарнама жанрының талаптарын еске түсіреді;
- жарнама мәтінінде сән үйінің атауы, ондағы қызмет түрлері туралы ақпарат береді;
- мәтін мазмұнында оқырманның назарын аударатын лепті сөйлемдерді қолданады.
Оқу мақсаты
5.4.4.1 Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі сөздердің грамматикалық нормаларын сақтайды
Ауызша және жазбаша жұмыста қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Жұпта Сән үйінде тақырыбында тілші мен сәнгер арасында сұхбат дайындаңыз. Сұхбат барысында төменде ұсынылған туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданыңыз.
Ұсынылатын сөздер: сән әлемі, ұлттық нақыш, заманауи үлгі, озық технология, заман талабы, әуесқойлық, кәсіпкерлік, көрікті
Дескриптор
Білім алушы
сұхбат жанрының талаптарын еске түсіреді;
жұбымен ақылдаса отырып, тақырыпқа сай сұхбат мазмұнын дайындайды;
сұхбат дайындауда ұсынылған туынды сөздер мен күрделі сөздерді қолданады;
сұхбатты сынып алдында көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Берілген суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтайды
Тірек сөздер мен суреттер бойынша тақырыпқа болжам жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Әр суретке қатысты бірнеше тірек сөздер жазыңыз. Тірек сөздер мен суреттерге ортақ тақырып қойыңыз.
Тірек сөздер
Ортақ тақырып
Дескриптор
Білім алушы
- әр суретке қатысты 3 тірек сөз жазады;
- барлық суреттерге ортақ тақырып ұсынады;
- тақырыпты сөз тіркесімен береді.
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын, стилін анықтайды
Айырмашылығын табады
Тілдік құралдарға салыстыру жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз (70-80 сөз).
1-мәтін
- Сәлеметсіз бе?
- Аманбысың, келе ғой.
- Сіз Оразәлі ата емессіз бе?
- Иә. Сен әкеңнің кенжесісің ғой.
- Жоқ, Нұрай - кенже, ал мен қара шаңырақ иесімін.
- Атаң бар ма?
- Атам бар, ол кісі жетпіс жаста.
- Кімнің баласысың?
- Атамның баласымын. Ес білгелі өзімді атамның баласымын деп білемін.
- Ақылыңнан айналайын!
- Атам да солай айтады.
- Бауырларың бар ма?
- Бір ағам бар. Кеше ол маған әдейілеп сен атаңның баласы емессің дегенде, кәдімгідей намыстанып қалдым.
- Қайтесің, үлкен ағаңа өкпелеме, ойнап айтқаны ғой.
2-мәтін
Астана қаласындағы АХАЖ отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.О.Өмірова жас жұбайлармен кездесті. Психолог кездесуге келген жас жұбайлардан отбасы түсінігінің мағынасын сұрады.
Жастардың жауабы:
Динара: Отбасы бұл – ең жақын, ең қымбат адамдарың. Мен, әрине, тек ана ғана жалғыз өзі отбасын құра алмайтынын түсінемін, өйткені отбасы – ұжым және отбасындағы ахуалды оның барлық мүшелері жасауы тиіс. Өзара көмек, отбасының әр мүшесіне жасалатын қамқорлық, мейірімділік қана отбасында жылылық, жайлылық және амандық жасайды.
Асқар: Сен үшін отбасы бұл – мүлдем ерекше түсінік, мен өзімнің туыстарымның бақытты және дендері сау болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Және менің оларды шынайы қолдайтынымды көргенін қалаймын.
Мәтіндерді салыстыру
1 -мәтін
2- мәтін
Тақырыбы
Мазмұны
Тілдік құрал ( ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестері)
Дескриптор
Білім алушы
- әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;
- әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткізеді;
- мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады.
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Суреттерді әңгіме желісі бойынша орналастырады
Суреттер ретімен тақырыпқа сай әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерді ретімен орналастырып, әңгіме құрастырыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- суреттерді ретімен орналастырады;
- әңгімеге ат қояды;
- реттілігі бойынша әңгіме құрастырады.
Оқу мақсаты
5.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтайды
Ақпараттарды қолданып, мәтінді өз сөзімен баяндайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген мәтінді мұқият түсініп оқыңыз. Оқу барысында мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп отырыңыз. Кестенің екінші бағанына белгіленген ақпараттарды қолдана отырып, мәтін мазмұнын жинақтап, өз сөзіңізбен жазыңыз (60-70 сөз).
Мәтін
Жинақы мәтін
Қазақ отбасында баланың ерте есеюіне көп көңіл бөлген. Оны жүзеге асыруда олар үлгі-өнеге көрсету, жауапкершілік арту әдістерін шебер пайдаланған. Баланы ерте жастан-ақ жауапты іс-әрекетке тартып отырған. Мысалы, бес жасында атқа мінгізіп, бәйгеге қосу, қозы баққызу, үлкендердің арасындағы дауды шешу, келіссөз жүргізу т.с.с. істерге бірге ертіп жүрген. Сондай-ақ қазақ отбасы тәрбиесінде ғасырлар бойы қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан отбасы мүшелерінің қатынасының маңызы зор. Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне сен деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептейміз. Қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруда оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі маңызды ақпараттарды белгілеп алады;
- іріктелген ақпараттар негізінде мәтінді өз сөзімен жазады.
Оқу мақсаты
5.4.5.5 Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің тыныс белгілерін дұрыс қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі төл сөздердің тыныс белгілерін қояды
Төл сөздерді төлеу сөзге айналдырып жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіндегі төл сөздердің тыныс белгісін қойып, төл сөзді төлеу сөзге айналдырып жазыңыз.
Итаяқ
Бір жігіттің әбден қартайған қарт әкесі бар екен. Ол тамағын ішкенде қолдары дірілдеп, алдына төгіп-шашып алатын көрінеді. Қайталана беретін болған соң әлгі жігіт әкесімен ақылдасып, үлкен кісіні дастарқаннан аластатып, тамақты пештің қуысына апарып беретін болған. Алдына шағын итаяқ астау қойған да тамақты соған құя салады екен. Бір күні үй иесінің 10 жасар баласы қолындағы пышақпен әлдебір ағаш жонып жатады. Жігіт таңданып Балам, мына істеп жатқаның не? деп сұрайды.
– Бұл – итаяқ дейді бала.
– Оны не істейсің?
– Әке, сіз қартайғанда ана қуысқа апарып тығамын да, осы итаяқпен тамақ беремін депті баласы. Сол кезде үй иесі өз ісінен қатты ұялып, әкесін пештің қуысынан шығарып, дастарқан басына қайта отырғызыпты.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі тыныс белгісі қойылмаған 3 төл сөзді анықтайды;
- анықталған сөйлемдердегі төл сөздердің тыныс белгілерін қояды;
- тыныс белгілердің қойылуын дұрыс нұсқасымен тексереді;
- анықталған төл сөздерді төлеу сөзге айналдырады.
2-тоқсан
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Суреттерге қатысты тірек сөздерді анықтайды
Суреттерге ортақ тақырып ұсынады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген суреттердің әрқайсысына тірек сөздер ұсыныңыз. Суреттерге ортақ тақырып беріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
- әр сурет бойынша 2 тірек сөз ұсынады;
- суреттерге ортақ тақырып ойластырады.
Оқу мақсаты
5.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Қыстырма, қаратпа сөздерді қолдану
арқылы диалогке дайындықсыз қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңдап, 2 ашық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ мазмұнында қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына өз пікіріңізді білдіре отырып, жауап беріңіз.
Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 жылы жарық көрді. Екінші бөлімі 1981 жылы өсімдіктерге арналып шығарылды. Қызыл кітаптың үшінші басылымында тіркелген омыртқалы жануарлар түрінің қандай отрядқа, қандай тұқымдасқа жататыны және әрбір жеке түрге қысқаша қазақша, ағылшынша деректер берілген. Сонымен бірге әрбір тіркелген түрдің суреті, Қазақстан аумағында таралуын көрсететін карта және сол жануардың түріне қатысты ақпарат көздері (кітаптар, мақалалар) көрсетілген. Оның өсімдіктерге арналған бірінші басылымында өсімдіктердің 307 түрі тіркелген. Онда жабықтұқымдылардың 288, ашықтұқымдылардың 2, қырыққұлақ тәрізділердің 3, мүктердің 3, саңырауқұлақтардың 10, қыналардың 1 түрі берілген.
Қазақстанның Қызыл кітабының әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.
Дескриптор
Білім алушы
мәтін бойынша 2 ашық сұрақ құрастырады;
сұрақ мазмұнында ойдың кімнен шыққандығын білдіретін қыстырма сөздерді қолданады;
күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды жауап береді.
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі ауызекі стиль элементтерін анықтайды
Тілдік құралдарды салыстырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтіндегі ауызекі стиль элементтерін анықтау арқылы тілдік құралдарды талдаңыз (70-80 сөз).
Бұрынғы өткен заманда хайуанаттар жиналып, Жыл басы болуға таласыпты.
Жылқы айтыпты: - Мен алысты жақын қыламын. Күшімді болса көреді, сүтімді болса ішеді, қылымнан арқан жіп еседі. Адамға менен пайдалы мал жоқ, жыл басы мен боламын.
Сонда түйе оған: Сен адамның жұмысын қылсаң, құлқының үшін құл болдың. Мен сен көтере алмайтын ауырды көтеріп, неше айшылық жерлерге барамын. Аш болдым деп сен сияқты арпа, сұлы сұрамаймын. Көде, жусан жеп табылса су ішіп, табылмаса шөлге де шыдап жүре беремін. Жыл басы болуға мен лайықтымын!- деді.
Барыс: - Тоқта, тоқта кербез түйе! Сен бойыңа сенсең мен күшіме сенемін, ендеше неге мен жыл басы болмаймын?
Сиыр тұрып: - Адам егін ексе, жер жыртса мен керекпін. Олар сүтімді ішеді, құрт, майымды жейді, Жыл басы болуға мен лайықпын.
Ит тұрып: - Мен болмасам сендердің барлықтарыңды қасқыр жеп қояр еді, мен бақташымын.
Ұлу: - Неге күштілер жыл басы болу керек. Жыл басы болу үшін ақыл мен ой керек.
Әтеш: - Мен жыл басымын, ерте тұрып, таң атты деп хабар беремін.
Қой: - Мен болмасам қазақ үйін немен жабар еді? Жүнімнен киіз басады, жабағымнан киім тігеді, арқан жіп еседі. Сүтімнен құрт, май алады, шаруаға менен пайдалырағың жоқ, жыл басы мен боламын.
Тышқан: - Таласқаннан еш нәрсе өнбес, жылды қарап тұралық, кім бірінші күннің көзін көрсе сол жыл басы болмақ.
Аңдар жиналып бір ойын ойнайды. Ал түйе болса ойнағысы келмей, аулақтау жерге барып ұйықтайды.
Дескриптор
Білім алушы
мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады;
тілдік құралдарды анықтайды.
Оқу мақсаты
5.2.5.1Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтідегі нақты ақпараттарды анықтайды
Анықталған ақпараттарға қатысты сұрақтар құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқыңыз. Мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтап алыңыз. Анықталған ақпараттар негізінде 3 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызға жұбыңыздан жауап алыңыз.
Жануарлар мен өсімдіктер
Жануарлар дүниесі алуан болып келеді. Бізге белгілі жануарлардың түрлері жылдан жылға көбеюде. Жәндіктердің қазір 1,5 млн түрі анықталып зерттелінді, бірақ жыл сайын 2 мыңға жуық жаңа түрлері қосылуда. Жалпы жануарлардың 2 млн түрі зерттелінді. Жануарлар суда, құрлықта, топырақта, ауада және өсімдіктердің, жануарлардың, адамдардың денесінде тіршілік етеді. Адамның өмір сүруі үшін жануарлардың маңызы зор. Олардан әр түрлі тамақ өнімдерін (ет, сүт, жұмыртқа, уылдырық, бал) және өнеркәсіп шикізаттарын (жүн, тері, құстың жүні, былғары, талшық) алады. Құстар өсімдіктердің тұқымдарын, саңырауқұлақтардың тұқымдарын жан-жаққа тасымалдаушы. Ал бал арасы гүлдерді тозаңданырады. Бүркіт пен үкі сияқты жыртқыш құстар, жыландар егіншілік алқабының зиянкеші тышқан тұқымдас кемірушілермен қоректенеді.
Өсімдіксіз жануар да, адам да өмір сүре алмайды. Өсімдіктердің ең үлкен маңызының бірі - барлық тіршілікке қажетті оттегін бөліп шығаруы. Өсімдіктер ауаны әр түрлі шаң-тозаңдардан тазалайды. Қарағай, пияз, сарымсақ сияқты өсімдіктер ерекше фитонцид деген затты бөліп шығарып, ауру қоздырушы бактерияларды жояды.
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар сияқты өсімдіктер де қорғауды қажет етеді.
Дескриптор
Білім алушы
мәтіндегі 3 нақты ақпараттарды анықтайды;
анықталған ақпараттарға қатысты 3 сұрақ құрастырады.
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді
Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төмендегі сөз тіркестерін қатыстырып, бір дәрілік өсімдіктің шипалық қасиетін насихаттап, жарнама мәтінін құрастырыңыз.
Емдік қасиет, мәдени өсімдіктер, дәрілік қасиет, дәруменге бай, ыстықты қайтарады.
Дескриптор
Білім алушы
- жарнама жанрының талаптарын еске түсіреді;
- жарнама мәтінінде сөз тіркестерін қолданады;
- дәрілік өсімдіктерді насихаттайды.
Оқу мақсаты
5.3.6.1 Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды
Анықталған қателерді сөздіктерге сүйеніп, түзетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннен орфографиялық нормаға сай жазылмаған сөздер мен сөз тіркестерін анықтаңыз. Қателерді сөздіктерге сүйеніп, орфографиялық нормаға сай түзетіңіз.
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы 6000 дай өсімдік түрлерінен тұрады. Басқа көрші елдермен Россйя, Орта Азиа, Капказ елдерімен салыстырғанда бұл онша көп емес. Қазақстанда өсімдік дүниесінің 303 түрлері Қызыл кітапқа енген және оның сақталуына мемлекеттік қорықтар қамқорлық жасайды.
Қазақстандағы қазырғы өсімдіктер түрлері қылқан жапырақты ормандар, ұсақ жапырақты орман тоғайлар, бұталы тоғайлар, даланың бұталы өсімдіктері, саксауіл, шөлдің бұталы өсімдіктері, дала өсімдіктері, суптробиктік өсімдіктер, шалғындар, тақырлар, шөлдің бір жылдық өсімдіктері болып бөлінеді.
Қазақстанның жануарлар дүниясі казір сүтқоректілердің 178, кұстардың 489, балықтың 104 және омыртқасыздардың 50 мыңнан астам түрлерінен тұрады. Таралуы жағынан олардың мекендері бірнеше зоогиографиялық аудандарға бөлінеді. Оларға дала және орманды дала (Солтүстік Қазақстан, Ертіс өзені бойы), шөлейт және шөл (Каспий теңізінің солтүстік және шығыс жағалары, Жайық бойы, Торғай, Қызылғұм, Балқаш пен Зайсан көлінің жағасы, Бетпағдала, Сарысу, Сырдариа жағалауы жатады.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен орфографиялық нормаға сай емес сөздер мен сөз тіркестерін анықтайды;
- қате жазылған сөздер мен сөз тіркестерін сөздіктерге сүйеніп түзетеді.
Оқу мақсаты
5.4.3.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөздер мен сөз тіркестерінің синоним, омоним, антонимдерін анықтайды
Тақырыпқа қатысты мәтін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төмендегі берілген сөздер мен сөз тіркестерінен синоним мен антонимдерді жіктеңіз.
Антоним, синонимдер: жүйрік, шабан жүйрік, шипалы, емдік қасиеті, киелі, қасиетті, тұнық, мөлдір.
Жылқы - қасиетті жануар тақырыбында мәтін құрастырыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздер мен сөз тіркестері антоним, синонимдерге жіктейді;
- тақырып бойынша мәтін құрастырады;
- мәтін құрамында антоним, синонимдерді орынды қолданады.
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды
Анықталған мәселеге өз ойын білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтап, жұбыңызға
6 сөйлеммен түсіндіріңіз.
Уақыт алтыннан да қымбат
Жаздың жарқыраған күні. Дала ерекше әдемі. Онда ақ, сары, қызыл, көк гүлдер құлпырып өсіп тұр. Алыстан дала гүлдері көз тартады. Жайқалған гүлдердің үстінде аралар ұшып жүр.
Бір кезде ара мен көбелек өте жақын кездесіп қалды. Сол кезде ақшыл көбелек араға тіл қатты:
— Сен, ара, ана гүлден мына гүлге ұшып-қонып не іздеп жүрсің?
— Ә, мен жұмысшы арамын ғой. Мен жаз шыға сала алғашқы гүлдердің шырынын сорып, гүл тозаңын жинап омартаға тасимын. Біз тасыған гүл шырыны мен тозаңы — аралардың өскелең ұрпағы және ұрпақ өрбітетін аналықтар үшін нағыз керек тамақ. Біз, жұмысшы аралар, аналықтарды, аталықтарды асырап отырмыз. Қыстың қамын жаз ойла деген даналық сөздер дәл біз үшін айтылғандай. Біз жаз бойы еңбек етеміз. Гүл шырынын, тозаңын іздеп бармайтын даламыз жоқ. Жұмысшы аралардың әкелген шырындары мен гүл тозаңдарынан тәтті бал пайда болады. Біз күн суыта ұямыздың тесіктерін жел, суық кірмес үшін тығындап, бекітеміз де, қаһарлы қыстың суығында бал жеп қыстан шығамыз, - деді жұмысшы ара.
— Ал мен болсам көбелекпін. Мен орамжапырақ және сол тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарына жұмыртқа саламын. Менің жұмыртқаларымнан шыққан құрттарым орамжапырақтың жапырақтарын жеп адамға залалын тигізеді. Ал сен, ара, керісінше адамға пайдаңды тигізеді екенсің. Сенің балың — адамға дәрі, - деді көбелек.
— Рақмет, көбелек, уақыт тығыз, мен басқа гүлдерден шырын соруға кеттім. Уақыт — алтыннан да қымбат. Сау бол! - деді ара.
— Сау бол, ара, нағыз еңбексүйгіш екенсің!
Дескриптор
Білім алушы
мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды;
мәселені 6 сөйлеммен түсіндіреді.
Оқу мақсаты
5.1.5.1 Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді
Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ қойыңыз. Мәтіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ойыңызды дәлелдермен келтіріңіз.
Бірде Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы деп көз ілмек болған Эйнштейнді қызметшісі біраз тынығып алсыншы деп бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, Жарты сағат уақытымды қайтарып беріңіз онда! - деген екен. Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал ұрланған уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың, - деген екен немістің ұлы ақыны Гете. Бұл жөнінде еңбекқор қытай халқында Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың деген нақыл сөз бар. Рас, біле білгенге уақыт – мүмкіндік. Ал сол мүмкіндікті кім қалай пайдаланып жүр?!
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырады;
- дайындаған сұрақтарын жұбына қояды;
- жұбының сұрағына жауап береді;
- өз ойына дәлелдер келтіріп, жауап береді.
Оқу мақсаты
5.2.4.1 Ауызекі стильдегі мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын және тілдік құралдарын салыстыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндердің мазмұнын, тақырыбын анықтайды
Тілдік құралдарға салыстыру жасайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Төмендегі екі мәтінді мазмұн, тақырып жағынан салыстырыңыз. Әр мәтіндегі тілдік құралдардың айырмашылығын анықтаңыз.
1-мәтін
Ұлтының қамын ойлаған әрбір азаматтың елі үшін жасаған өзіндік бір үлесі болады. Олардың ішінде әйелдердің де қосар үлесі мол. Соның бір айғағына айналған Aіqul Lіne компаниясы ежелгі қазақы салтымызды сақтап, ұлттық құндылықтарымызды қайта көркейтіп келеді.
Біз компания басшысы Айгүл Жексенбайқызына жолығып, сұхбаттасқан едік.
– Айгүл Жексенбайқызы, жалпы, киізден бұйымдар жасау қайдан ойыңызға келді?
– Бұл кәсіп, менің бойыма ата-бабаларымнан дарыса керек. Ары бармай-ақ, берідегі әкемнің әкесі – атам ауыл-аймақта беделді адам болған деседі. Аңшылық өнермен қатар, ағаштан ойып-қашап, қазақы дүниелер жасаған екен. Ал әжеміздің аң-құстың терісінен ішік жасап, киіз басып отырып, әнге салатын сәттері әлі күнге дейін көз алдымда.
– Бала күнгі арманыңыз қандай керемет еді... Әр бастау жолдың өзіндік ауыртпалығы болады емес пе? Бизнес жолыңызда қандай қиындықтардан өттіңіз? Aіqul Lіne тарихына тоқталсаңыз.
– Әрине. Қиындықсыз ешбір адам бүгінгі күнге дейін жеткен жетістігінің қадірін түсінбейді. Бірде табысты болсаң, бірде күрмеліп қаласың, келесі бір мәселе шешілмей жатады. Әйел заты болғандықтан, осы кәсіпке табандылықпен кірісуіме себепкер болған анам еді. Қыз баласы үшін ананың ақылы, дұрыс жол нұсқап, қолдауы ауадай қажет.
2-мәтін
Хобби (әңгімеден үзінді)
Сөйтіп жүргенде, мүйізі қарағайдай бір газеттен ауылға тілші келіпті. Жеке шаруашылықтың жұмысын көріп, іс-тәжірибесін басқаларға үлгі етіп жарияламақ.
Кезінде Шамшархан бұл қожалықты Машрап теледидар көріп отырғанда, бас иеміз ғой деп отағасының атына жаздырған еді. Тілші келіп, Машраптың денсаулығын, хал-жағдайын сұрады.
– Жұмыс барысында жараландыңыз ба? – деген сұраққа Машрап быдыңдап, сасып, не айтарын білмей:
– А, жо-о-ғә, не ғып... әлгі... ы-ы-һі, – деп жөткірініп алып, – Төлек, бері келші, жұмыстың жағдайын түсіндірші, – деді терге түсіп. Төлек байыппен барлық сұрақтарға жауап беріп отыр. Сол кезде сырттағы шаруаны жайғап, Шамшархан келе қалды.Тілші:
– Апай, жұмыстарыңыздың жемісті болып жатқанын естіп, сіздер туралы жазғалы келіп жатырмыз. Хоббиларыңыз не? – деді. Шамшархан тосылып қалды.
– Ешқандай қобдиымыз жоқ, – деді абдырап. Тілші күліп жіберді.
– Апай! – деді күлкісін тоқтатып, езуін әрең дегенде жиып. – Хобби деген адамның сүйікті ісі, көңілі қалаған жұмысы дегендей, – деді жайғап.
Мәтіндерді салыстыру
1 -мәтін
2- мәтін
Тақырыбы
Мазмұны
Тілдік құрал ( ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестері)
Дескриптор
Білім алушы
- әр мәтіннің тақырыбын сөз тіркесімен береді;
- әр мәтіннің қысқаша мазмұнын 3 сөйлеммен жеткізеді;
- мәтіндердегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады.
Оқу мақсаты
5.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану: жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды
Оқылым стратегияларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, мазмұны бойынша төмендегі тапсырманы орындаңыз.
Кез келген елдің экономикасы қарыштап дамыған сайын, ұлттық құндылықтары мен ерекшелігі, ұлттық мәдениеті айшықтала түсуі керек. Ұлттық өнім демекші бізде қазақты әлемге әйгілі еткен қандай ұлттық бренд бар? Мәселен, Германия мен Жапония жалпақ жұртқа көліктерімен танымал, Франция иіссуымен мақтанады, Голландия хош иісті гүлдерімен әйгілі, Үндістан шәйімен, Швейцария сағатымен мәлім. Корея озық технология мен электроника өндірісі арқылы әлемді мойындатса, Қытай көшірмемен әйгілі. Қазақ халқында да өзге халықта жоқ көп нәрсе бар. Ұлттық дәстүрге жанашыр болып жүрген жандардың бірі – Толғанай Елекбаева көптен бері көкейінде жүрген игілікті істі қолына алып, көздің жауын алатын, қанық түске малынған алуан түрлі қазақ оюларымен көмкерілген кілемдер өндіруге кірісті.
Толғанай Елекбаева, кәсіпкер:
Таза жүннен өндірілген қазақ оюлы кілемдер – қазақ халқының мақтанышына айналатын ұлттық өнім болу керек деген ойдың жемісі. Бұрындары таныстарыма қазақы нақыштағы бұйымдар өндіру жөнінде ұсыныс айтып жүрдім. 90-жылдардың басында Қазақстанда ою-өрнекті кілем, сырмақ, текеметтер жасайтын цех ашу туралы ой келді. Қандай өнім өндірсек те ұлттық бояуы бар өнім өндіреміз деп бекіндік. Кандидаттық диссертация қорғауыма байланысты ғылымға бет бұрдым, уақыт сырғып өтіп жатты.
Жүннен тоқылған кілемнің пайдасы неде?
Жүн – серпімді, икемді, берік материал. Оның талшықтары иілгіш болып келеді. Серпімді болуының арқасында жүннен жасалған бұйымдар бүктелмейді және сыртқы түрі мен түсі ұзақ уақытқа дейін сақталады. Қалыпты жағдайда пайдаланса, жүн көп электрленбейді және шаң жинамайды. Жүн су мен басқа сұйықтықтарды сіңірмейді. Жүннің талшықтары синтетикалық талшықтардан әлдеқайда пайдалы. Ол жаңартылған табиғи ресурс болып табылады.
Мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты кластерге түсіріңіз.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі 4 маңызды ақпаратты анықтайды;
- анықталған ақпараттарды кластерге түсіреді.
Оқу мақсаты
5.3.4.1 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа сай оқиғаны сипаттап жазады
Эссе құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Берілген суретті пайдалана отырып, ең жақын құрбыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін сипаттап жазыңыз (100-120 сөз).
Дескриптор
Білім алушы
- берілген суреттен тақырыпқа қатысты хобби түрлерін іріктейді;
- іріктелген хобби түрлерін қатыстыра отырып, оқиға құрастырады;
- кіріспе бөлімінде хобби сөзіне түсініктеме береді (25 сөз);
- негізгі бөлімінде құрбысының хоббилері және бос уақытын қалай өткізетіні туралы жазады (70 сөз);
- қорытынды бөлімінде бос уақытта хоббимен айналысуға кеңес береді (25 сөз).
Оқу мақсаты
5.4.2.1 Сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарына сәйкес айта білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөздер мен сөз тіркестеріндегі сингармонизм заңдылықтарын ауызша мәтін құрауда қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген сөздер мен сөз тіркестеріндегі сингармонизм заңдылығын ескере отырып, оларды ауызша мәтін құрауда қолданыңыз. Менің бос уақытым тақырыбында ауызша мәтін құраңыз.
Қолөнер, гүл егу, әдеби кітаптар, жұмсақ ойыншықтар, ермек іс, әуесқойлық, құнды зат.
Дескриптор
Білім алушы
- сөздер мен сөз тіркестерінің арасындағы ілгерінді және кейінді ықпалдарды анықтайды;
- берілген сөздерді ауызша мәтін құрауда қолданады;
- сингармонизм заңдылықтарына сай айтады.
3-тоқсан
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды
Анықталған мәселеге өз ойын білдіреді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, көтерілген мәселені анықтаңыз. Мәселеге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз.
Қиялмен көмкерілген шындық
Көркем әдебиеттегі автордың қалауына сәйкес өмірлік шындықты соны тәсілдермен жаңғыртатын магикалық кристалл туралы Пушкин заманынан бері айтылып келеді. Өмірде болмаған, болмайтын жайларды көркем образдар арқылы жаңаша бейнелеп, дүние бейнесін қайта құрып, оған төтенше, оқырманға таныс емес түр беретін әдеби амал – көркемдік ойдан шығарудың бір түрі. Жалпы, көркемдік қиял, ойдан шығару – әдебиеттің ажырағысыз белгілерінің бірі десек, әдеттегіден бөлекше бейнелеу – осы көркемдік ойлаудың, көркем шарттылықтың ең жоғары сатысы, яғни шындыққа сәйкеспейтін құбылыстардың поэтикалық шындыққа айналуы. Қиял – шығармашылық еркіндік көрінісі – негізінен романтикалық ирония бастауларының бірі болып табылады. Онда, көбінесе, дүние қияли сипат алып, автордың қалауымен һәм қиялымен жаңа қырынан көрінеді, екіге жарылып, өңі айналдырылып фантастикаға ұласып отырады, мұнда оқиға-құбылыстар қияли көрінеді, қандай да бір нақтылықтан адаланады, ...онда көптеген ғажайыптар орын алады.
Дескриптор
Білім алушы
- көтерілген басты мәселені анықтайды;
- негізгі мәселеге қатысты өз ойын айтады.
Оқу мақсаты
5.1.3.1 Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпараттарды іріктейді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төменде берілген ақпараттардың дұрыс-бұрыстығын анықтаңыз.
Қамбар екі апта жол жүріп Айлаққа жетеді. Ертеңінде оянса, бір үйде ұйықтап жатыр екен. Үйден шықса, бұл қалаға келген адамдардың барлығы осында екен. Ол қуанып бәрімен амандасып, мән-жайды сұрастыра бастайды. Сол кезде бір қарт адам: Балам-ау, отырып, дем ал, сол кезде не екенін айтамыз, - дейді. Бәрі тамақтанып отырады. Тамақтары біздің қазақ елінде жоқ, тіпті бүкіл жер шарында жоқ тамақтар екен. Тамақтары аузына сала бергенде, еріп кететін жақсы екен, дәмі де тіл үйірерлік. Тамсана жеп отырады. Сол кезде жаңағы қарт адам әңгімесін бастайды. Бұл жер әрине әдемі, жақсы және ең маңыздысы бұл жерде тұратын адамдар ешқашан қартаймайды, - дейді. Бірақ, ең жаманы бұл жерден бізге шығуға болмайды, - дейді. Сонда Қамбар: Сіз бұл жерде не бар екенін айтыңызшы, бұл жердегі белгісіз жан адам ба, не? - деп сұрайды. Сол кезде әлгі адам: Бұл жердегі жан адам емес, бір құбыжық. Бірақ өте мейірімді құбыжық. Бұл жерде тірі жан болмағанын біліп, осында адамдар қоныстансын деген оймен біздің ғаламшарымызға келген екен, - дейді. Сонда Қамбар: Онда неге біз бұл арадан шығып адамдарды шақырмаймыз? дегенде, әлгі құбыжық келіп: Мен сендерді жіберсем, сендер басқа адамдарды шақырасыңдар, ал олар бұл жерге қызығып осында келгісі келеді, - депті. Қамбар: Келсе не болыпты, оның зияны жоқ қой, саған керегі де сол ғой, - депті. Сонда құбыжық: Адамдардың бәрі осында келеді де, адам саны көбейіп, бұл Айлаққа сыймай кетеді, ақсүйектер қарапайым адамдарды бұл жерден қуа бастайды, - деп жауап қайтарады. Сонда Қамбар ауылына қайтып, осы жерде не болып жатқанын айтып, ауылға көшуі керек екенін айтып, жіберуін өтінеді. Бірақ құбыжық жібермеймін деп қоймайды. Сонда Қамбар қашып құтылмақшы болады. Бірақ қолынан түк келмейді. Егер қашса, онда отбасына кесірі тиетіні ескертіледі. Қамбар жарайды деп осында қалады. Ақжүніс Қамбар енді қайтпайды деп үмітін үзеді. Сол кезде ауылдағы адамдардың бұл отбасына жаны ашып, ауылға тұрғызады. Олар рақметін айтып, сол жақта тұра береді. Ақжүніс бір бай адамның үйінде аспазшы болып істеп ақша табады. Ал Қамбар сол қалпы Айлақта тұра береді. Біраз жыл өткеннен кейін құбыжық: Енді мен өз ғаламшарыма қайтайын, бұл жерде барлығы сол қалпы қалады, тек адамдар қартаяды, - деп өз ғаламшарына ұшып кетеді.
Ақпараттар
Дұрыс
Бұрыс
Қамбар екі ай жол жүріп Айлаққа жетеді.
-
Тамақтары біздің елде жоқ, тіпті бүкіл жер шарында жоқ тамақтар екен.
+
Қамбар Айлақта тұрмайтынын айтты.
-
Бұл жерде ешкімнің болмағанын біліп, осында адамдар қоныстансын деген оймен біздің ғаламшарымызға келген екен.
+
Ақжүніс ауқатты адамның үйінде аспазшы болып істеп ақша табады.
+
Мәтіннен 2 негізгі және 2 қосымша ақпаратты анықтаңыз.
Негізгі ақпарат
Қосымша ақпарат
Дескриптор
Білім алушы
тыңдау барысында кестедегі ақпараттың дұрыс-бұрыстығын белгілейді.
мәтіннен 2 негізгі және 2 қосымша ақпаратты табады.
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі ауызекі сөйлеу және жазба стиліне тән белгілерді анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген мәтінді мұқият оқып, ауызекі сөйлеу мен жазба стильдік айырмашылықтарына сараптама жасаңыз.
- Мама, бүгін бес алдым, барлық сабақтан!..
Қырмызы өзінен бірер жас кіші сіңлісін ертіп, анасының берген байғазы ақшасына дәріханадан гематоген сатып алады. Дүкендегі кәмпиттерден гөрі осы қызыл-қоңыр тәттіні ерекше ұнататын-ды. Әпкесінің Бестік алған күндері кішкентай сіңлісі үшін де бір мереке еді...
Басына байлаған ақ бантиктері желкілдеп, өмірдің әр қалт еткен көрінісінен қуаныш көріп жүретін ол бір ғажап күндер еді-ау!.. Қырмызы әжесінің баласы еді. Ол кісінің сөз саптауы мен ой-пайымын бала Қырмызы аудыртпай қағып алатын-ды. Әжесінің әр сөзі оған саф алтындай қымбат және әр уақытта орынды болып саналатын.
- Менің шешем өте көрікті кісі болған еді... Сен соған тартқансың.
Балапаным-ай, кейде осы көркіңнен де қорқам...
- Неге, әже? Сұлу болған жаман ба?
- Жарқыным-ай, жақсы ғой, тек... жамандығы да бар.
- Неге?..
- Болды, қазымыр болма, ол баланың ойыны емес!
- Айтшы, әже, сұлу болған неге жаман? Ұлдар бұрымыңнан көп тартқаны үшін бе?
- Е, жалған-ай... Сенің екеу болғаныңды көріп, маңдайларыңнан сүйіп барып өлсем - арманым болмас еді...
- Әже, сіз ешқашан да өлмейсіз, егер өлсеңіз сізді мен жүрегіме салып ап ешкімге көрсетпей, өзіміз ғана өмір сүреміз.
- Балапаным менің, кішкентай ақымағым... Е, Аллам, тіл-көзден аман ете гөр, бұлардың көз-жасын көрсетпе маған...
Мәтін
Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер
Дескриптор
Білім алушы
мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады;
жұбының жұмысымен салыстырады;
қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің түрін ажыратады
Мәтіннің құрылымын, рәсімделуін түсіндіру арқылы жанрлық ерекшелігін көрсетеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Өзіңізге ұнаған кейіпкерге хат дайындаңыз. Құрылымы мен рәсімделуіне көңіл бөліңіз.
Ертеде бір бес ағайынды жігіт бір байтеректің қасына жарты жер салған екен. Егіні піскен кезде түнде келіп, біреу жеп кетеді екен. Сонан соң олар егінін күзетіпті. Әуелі үлкен ағасы күзетіпті, бірақ ешкімді көрмепті. Солайша төрт ағасы - төрт күн күзетіпті. Бесінші күні ең кішісі күзетіпті, аты Қарағылыш екен, Қарағылыш күзеткен күні көктен бір қара бие келіпті, егінді жеп жатқанда Қарағылыш оны ұстап алыпты. Сонда әлгі қара бие айтыпты: - Ей бала, мені жібер, менің бес құлыным бар, бесеуін бесеуіңе берейін - деді. Қарағылыш оны қоя берді. Сонан соң қара бие құлындарын алып келіп, ең кішісін Қарағылышқа берді, бөтен төртеуін төрт ағасына берді. Сонда бәрі жарысқанда Қарағылыш озады екен. Бір күні Қарағылыш жұлындай жерден түтін көріпті, барса - бір жалмауыз кемпірдің үйі екен. Ол кемпірдің бес қызы бар екен; қыздарының ойнайтын, жататын, тамақ ішетін үйлері бөлек-бөлек екен. Сонда Қарағылыш қыздардың ойнайтын үйіне барып, кілемнің астына жатыпты. Қыздар келе бергенде кілемді көтеріп қалыпты. Кемпір Қарағылышқа: - Қыздарымды ертең ұзатайын, бүгін өзің қон! -депті. Сонан соң Қарағылыш қыздарын өзіне беріп, өзі қоныпты. Қарағылыш үйге келіп ұйықтамай жатыпты. Сонан соң кемпір қыздарын ырғап-жырғап ұзатыпты.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің түрін ажыратады;
- кейіпкерге хат дайындайды;
- құрылымы мен рәсімделуін сақтайды;
- жанрлық ерекшелігін ескереді.
Оқу мақсаты
5.3.1.1 Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтінге қарапайым жоспар құрайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннің оқиға желісі бойынша кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыз.
Ертегі десе әдетте әрдайым шындық, әділет жеңетін, ізгілік үстемдік құратын, бай мен кедей теңесетін әлем ретінде қабылдаймыз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан қыз ауқатты жігіттің етегінен ұстаса, оны Күлше қызға теңеп жатады. Бірақ Күлше қыз ауқатты отбасынан болған. Жай ғана кедей шаруаның қызы болса патша сарайында би кеші өтетінін қайдан білсін?! Сұлу мен Құбыжық ертегісінде жазушының айтпағы, сырт келбеттің маңызды емес екендігі болса, кейіпкер неге соңына дейін құбыжық болып қала бермейді? Неге құбыжық та, бақа да қарапайым жігіт емес, ханзадаға айналады? Адамның сырт келбетті жоғары қоятынын, билікті, байлықты аңсайтыны ертегілерде де көрініс тапқан сияқты. Ал сіз ертегілерден қандай шындықты байқай алдыңыз? Сайып келгенде ертегілер мен шынайы өмір ұқсас па?
Жоспар
Кіріспе бөлім ____________________________
Негізгі бөлім ____________________________
Қорытынды бөлім ________________________
Дескриптор
Білім алушы
- мазмұны бойынша жоспар құрайды.
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Суреттерді қатыстыра отырып, қиял-ғажайып ертегісін құрастырыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
ертегіге ат қояды;
суреттерді оқиға желісімен орналастырады;
барлық суреттерді қатыстыра отырып, қиял-ғажайып ертегісін құрайды;
мазмұны тақырыпқа сай, қызықты, әсерлі жазады.
Оқу мақсаты
5.4.4.3 Сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімді зат есім орнына қолдана білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сын есімдерді мағынасына қарай ажыратады
Сын есімдерді шырай түрінде қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннен сын есімдерді тауып, шырай түріне қойып қолданыңыз.
Бір бай ұлын шақырып алып: - Ұлым, мен көз жұмған соң жұма сайын қыз алып, қала сайын үй сал. Ас жесең, бал же, - деп, өсиет айтыпты. Бай дүниеден өтіп, ұлы атасының өсиетін орындай бастайды: жұма сайын қыз алып, қала сайын үй салады. Ас ішсе, бал ішіп, ақшасын бітіреді. Сөйтіп, жігіт жарлы болады. Бір күні жігіт далаға шығып біраз жүріп, бір үйілген тастың тасасына отырып, бөркін қолына алып басын ұстап отырған уақытта, бір жақтан бір шал келіп жігітке сәлем береді. Жігіт сәлемін алған соң, ол адам жанына отырады да жігітке: - Неғып отырсың? - дейді. Жігіт: - Жәй отырмын, - деп жауап береді. Шал: - Шыныңды айт! - деп қыса бастайды. Жігіт еш нәрсе айтпайды. Шал: - Сырыңды жасырма! Мен саған жақсылық көрсетемін, - дейді. Жігіт: - Менің атам бай адам еді, сол атамның өлер алдында айтқан өсиетін орындаймын деп, кедей болдым, - дейді. Шал: - Қандай өсиет айтып еді? - дейді. Жігіт: - Әуелгі өсиеті: Мен өлген соң жұма сайын қыз ал, - деп еді, мен атамның сол өсиетін тұтып, жұма сайын қыз алдым. Екінші өсиеті: Қала сайын үй сал, - деп еді. Мен қала сайын үй салдым. Үшінші өсиеті: Ас ішсең, бал же, - деп еді. Мен бұл өсиетін де орындап, әр күні бал жедім. Солай етіп, үш жылда барлық ақшам таусылды, - дейді. Шал тұрып жігітке: - Сен атаңның өсиетін ұқпаған екенсің, өйткені атаңның: Жұма сайын қыз ал - дегені: Әйеліңмен сыйлас бол, қадіріңді кетірме. Сонда ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүресің - дегені. Қала сайын үй сал дегені: Қала сайын достарың болсын, барғанда түсетін - дегені еді. Ас ішсең бал же - дегені: Еңбек істеп ас ішсең, балдан тәтті болады - дегені еді, - деп, қарт өз жөніне кетіпті. Жігіт әкесінің терең мағыналы өсиетіне сонда ғана түсініпті.
Сын есімдер
Шырай түрі
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннен 4 сын есімдерді анықтайды;
- әр сын есімдердің шырай түрін көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Негізгі ойды тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтаңыз.
Жол белгілері. Жаңа ережелер. Жол қауіпсіздігі. Ескерту белгілері. Басымдылық белгілері. Тыйым салу белгілері. Міндеттеу белгілері. Ақпараттық-көрсеткіш белгілері. Қызмет көрсету белгілері. Қосымша тақтайшалар.
Дескриптор
Білім алушы
- тірек сөздерді ажыратады;
- тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды.
Оқу мақсаты
5.1.5.1 Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді
Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен жеткізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдап, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Өзекті мәселе бойынша өз ойыңызды айтып талқылаңыз немесе дәлелдеңіз.
Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға тиіссіңдер.
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында теміржол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920 жылдары іске қосыла бастады. Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электрондық есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.
Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күймемен жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.
а)
1. Көшенің тәртібін кімдер қадағалайды?
2. Алғашқы бағдаршам қашан және қай жерде пайда болған?
3. Электрлі бағдаршам қайда пайда болған?
4. Ал бүгінгі таңда бағдаршам қалай жүзеге асырылған?
ә) Бүгінгі күні Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдер өте көп. Осы автомбильдердің адам өміріне келтіретін зияны мен пайдасы жайлы ойыңызды айтыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
қойылған сұрақтарға жауап береді;
өзекті мәселе бойынша өз ойын айтып талқылайды немесе дәлелдейді.
Оқу мақсаты
5.2.5.1 Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Негізгі ақпараттарды анықтайды
Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің негізгі ақпараттарын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңыз (3 сұрақ).
Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгіншілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.
Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында - алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.
Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ересектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.
Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.
Дескриптор
Білім алушы
нақты ақпаратты анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады (3 сұрақ).
Оқу мақсаты
5.2.7.1 Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ақпарат көздерінен қажетті материалдарды таңдайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Ақпарат көздерінен жол белгілеріне қатысты ақпаратты таңдап алыңыз. Жол көлік апатының алдын алу бойынша ұсыныс білдіріңіз.
Сілтеме ...
Дескриптор
Білім алушы
- қажетті ақпаратты табады;
- тақырыпқа сәйкестігін көрсетеді;
- жол көлік апатын болдырмау жолдарын болжайды, түсіндіреді, ұсынады;
- сілтемені (дереккөз) көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.3.4.1 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Болған оқиғаны сипаттап жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Жол апатының алдын алу үшін қандай шаралар қолдануға болады? тақырыбына кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, белгілі бір мекенде болған оқиғаны сипаттап, эссе жазыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
-эссе тақырыбына қатысты өз ойын білдіреді;
- эссе құрылымын сақтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды);
- бір мекенде болған оқиғаны сипаттап жазады;
- эссе көлемін сақтайды.
Оқу мақсаты
5.4.1.1 Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Сөздердің емлелік нормаларын сақтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суреттерді пайдаланып, үндестік заңын және орфографиялық нормаларды ескеріп, Жаяу жүргіншіге 7 кеңес құрастырып жазыңыз (50 сөз).
Дескриптор
Білім алушы
-үндестік заңын және орфографиялық нормаларды сақтайды;
-Жаяу жүргіншіге 7 кеңес құрастырып жазады.
Оқу мақсаты
5.1.1.1 Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпты тірек сөздер мен иллюстрациялар арқылы болжайды
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Суретке қарап, тақырыпқа болжам жасаңыз. Суретте берілген кейіпкерлер туралы өз ойыңызды айту үшін жоспар құрыңыз.
Төмендегі сұрақтарды басшылыққа алыңыз:
Бұл кім?
Қандай қызметпен айналысады?
Бұлардың мінезі қандай болуы мүмкін?
Сырт келбетіне қарап мінезі туралы не айтасыз?
Дескриптор
Білім алушы
-сурет арқылы тақырыпты болжайды;
-өз ойын жоспар бойынша білдіреді.
Оқу мақсаты
5.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жағдаятқа сай пікірі мен көзқарасын дәлелмен жеткізеді
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Мәтін бойынша эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысыңыз, өз пікіріңізді білдіріңіз.
Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті
Бұл өмірде адамдардың жан дүниесін танып-білудің, әрқайсысының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.
Дескриптор
Білім алушы
-эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданады;
- диалогке даярлықсыз түседі, өз пікірін білдіреді.
Оқу мақсаты
5.2.6.1 Оқылым стратегияларын қолдану:
жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін мазмұны негізінде маңызды ақпаратты анықтайды
Оқылым стратегияларын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз, мәтіннің мазмұнына талдау жасай отырып, идеяны анықтаңыз.
Адам тану - даналықтың қайнар көзі. Ағат айтқан бір сөзі, жаңсақ басқан бір қадамы, өтініш, тілегіңді кешеуілдетуі – асығыс шешім қабылдауға, ол кісі туралы теріс пікірде болуға негіз емес. Өйткені, оның әртүрлі себебі бар болуы мүмкін. Ал адамдардың кейбірі сылтау, себеп айтуға ұялады, тіпті арланады да. Осы есіңізде болсын.
Жүсіп Баласағұни айтқан екен: Кісі танымақ болсаң, ісіне қара, - деп. Адамның уәдесінде тұра білуі, өзгеге жақсылық жасауы, малға да, жанға да мейірімді болуы, жомарттығы, кеңпейілділігі, қарапайым, мәдениеттілігі, еңбекқорлығы оның қандай адам екенін айтқызбай-ақ танытады, өскен ортасы мен алған тәлім-тәрбиесінен де мол мағлұмат береді. Ал мұның сыртында адамның киген киімі мен үйінің тазалығы, ұстаған құрал-жабдықтарының, көлігінің жағдайы, қатысатын ойын-сауығы, әуес әдет-ғұрыптары да оның жан дүниесінің айнасы.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің негізгі идеясын анықтайды.
Оқу мақсаты
5.3.5.1 Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Негізгі ақпараттарды сақтайды
Жинақы мәтін жазады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген түпнұсқа мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Кестенің екінші бағанына негізгі ақпаратты сақтай отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
Мәтін
Жинақы мәтін
Мінез – әр адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктер жиынтығы. Мінез - адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттердің бірлігі, түрлі ерекшеліктердің қосындысы, жеке тұлғаны әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез - өте кең мағыналы ұғым. Онда түрлі сапалар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтығы – оның негізгі сапалары болып есептеледі. Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекеті сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл күйіне, зеректігіне, ақыл-ойына да байланысты болады. Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырады. Адамдарға деген қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өзінің міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық - мінездің осы сапасының негізгі компоненттері. Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам дейді. Мінез сапаларының бірі - оның бірқалыптылығы. Мұндай адам құйындай ұйтқып тұрмайды, оның қастерлейтіні ылғи да сөз бен істің бірлігі. Ал мінездің күшіне мақсатқа жету жолында алда тұрған кедергілерді жеңе білуде көрінетін адам ұстамдылығының мөлшері жатады.
Дескриптор
Білім алушы
- жинақы мәтін құрастыруда негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді;
- мәтіндегі негізгі ақпараттарға сүйеніп, жинақы мәтін жазады.
Оқу мақсаты
5.4.3.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі омоним, антоним, синонимдердің баламасын ажыратады.
Көп мағыналы сөздерді табады
Ойлау дағдыларының деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Синонимдердің баламасын тауып, сәйкестендіріңіз. Көп мағыналы сөздерді табыңыз.
Мiнез нақты адамның шыншыл, адал, ақкөңiлдiгiне орай сипатталмайды, аталған сапалар əртүрлi жағдайларды көрiнiс беретiн жеке адам қасиеттерi. Адам мiнезiн бiле отырып, оның алдағы ықтималды əрекеттерi мен қылықтарын күнi iлгерi барластырумен оларға тиiстi реттеулер жəне түзетулер ендiруге болады. Мiнездi адамның қандай əрекетке келетiнiн жаңылмай, дəл айтуға болады.
Алайда, жеке тұлға ерекшелiкке бай келедi, ал солардың бəрi де адам мiнезiн танытады деу қате. Мiнез көрсеткiшi адамның барша жағдайлардағы мəндi сипаты мен тұрақты сақталатын таңдаулы қасиеттерi. Егер адам қандайда дау-дамайлы жағдайда дөрекiлiк көрсетсе, сондай тұрпайылық пен ұстамсыздық осы адамның төл қасиетi деу жөн емес. Жайдары мiнездi, көңiлдi адамның өзi кей жағдайда мұңайып, сылбыр халге түсуi мүмкiн. Өмiрге келумен бастауын алып, мiнез нақты адамның өмiр барысында қалыптасады, тұрмыс жағдайларымен айқындалады. Тұрмыс қалпы əр адамның ойлау, сезiм, ниет, əрекет сипатын бiрлiктi анықтап барады. Мұнда адамның бүкiл өмiрiн жан-жақты қамтыған қоғамдық шарттар мен əлеуметтiк жағдайлар маңызды келедi. Дегенмен, мiнездiң нақты қалыптасуы əр түрлi деңгейде дамыған топтарда (отбасы, достары, сынып, спорт командасы, еңбек ұжымы ж.т.б.) қалыптасады. Осы топтар сипаты мен оларда ардақталатын адамгершiлiк, қоғамдық құндылықтарға тəуелдi мүшелерiнiң мiнез ерекшелiктерi орнығады. Мiнез бiтiстерi, сонымен бiрге тұлғаның отбасындағы абыройы, топтың басқа мүшелерiмен арақатынасына байланысты тұрақталып не, аса қажет болса, өзгерiске түседi. Жоғары деңгейлi дамыған топ, ұжым мiнездiң мəндi де ұнамды бiтiстерiнiң қалыптасуына оң əсер етедi. Жақсы мiнездi адам қалыптастыра отырып, ұжым өз дəреже, деңгейiн арттыра түседi.
а) Берілген сөздерге синонимдік қатар жасаңыз.
сөздер
синонимі
1
дәреже
2
әрекет
3
қасиет
ә) Берілген синонимдерді сәйкестендіріп, сызықша арқылы көрсетіңіз.
1) жеке
А) сергек
2) барша
Ә) баяу
3) көңілді
Б) дәл
4) сылбыр
В) барлық
5) нақты
Д) қажетті
6) тиісті
Е) дара
б) Мәтіннен көп мағыналы сөздерді тауып, теріп жазыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- синонимдік қатар жасайды;
- синонимдерді сәйкестендіреді;
- көп мағыналы сөздерді тауып, теріп жазады.
4-тоқсан
Оқу мақсаты
5.1.2.1 Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні, хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі мәселені анықтайды
Мәселеге өз көзқарасын білдіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Көтерілген мәселені анықтап, халықтың ауа райын болжауына өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Есте жоқ ерте замандардан бері адамзат баласы ауа райын үздіксіз бақылап келеді. Өйткені, олардың көшпелі өмірі ауа райымен тығыз байланысты әрі соған тәуелді еді. Олар жан-жануарлардың қылықтарын, Ай, Күн, жұлдыздардың сипатын назардан тыс қалдырмаған. Жалпы, ауа райын дәл айта білу де - кез келгеннің басына беріле бермейтін қасиет. Қазақтардың негізінен, мұндай адамдарды жұлдызшылар деп атағаны мәлім. Қазақ жұлдызшылары түрлі ырымдарды да ауа райын болжауда кеңінен пайдаланды. Осы орайда назарларыңызға қарапайым кәсіпті серік еткен (балықшылар, егіншілер т.б) ата-бабаларымыздың ауа райы хақындағы жорамалдары мен ырымдарын ұсынып көрмекпіз.
Шағала суға қонса, күн райының жақсы болатындығын білдіреді. Ал егер құмдақтың бетінде жүруін тоқтатпаса, қамдана бер деген сөз екен. Егер аспан күн ұясына қонып жатқанда алтын және қарақошқыл түсті болса, ал күншығыс бет қарауытып, қызғылт түске еніп тұрса, жаздыгүні ашық, жылы, тыныш күн, қыстыгүні желсіз, бірқалыпты аяз болады деген белгі. Бұлттар ауа райын болжауда үлкен рөл атқарады. Яғни, ертедегі адамдар олардың сыртқы көрінісіне, пішініне, қозғалысына қарап, күннің жағдайын біліп отырған деседі. Мәселен, егер бұлттардың долбары сирек болса, дауылды қарсы алуға дайын бол. Егер олар бір-бірінен алшақ әрі жеңіл көрінсе, желдің жолы әлі алыс дегені. Егер бұлттар бір жерге топырлап, тез қозғалып бара жатса, бір сұмдықтың болары анық. Суық күні терезе әйнегі мен жақтауы терлесе, күн жылынады, жазда терлесе, ауа райы бұзылады.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі көтерілген мәселені анықтайды;
- мәселеге өз көзқарасы бойынша жауап береді.
Оқу мақсаты
5.1.4.1 Тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі тірек сөздер арқылы негізгі ойды анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз, жұпта мәтіннің мазмұнын талдай отырып, балық қаңқасын толтырыңыз.
Үстіңгі қаңқаға – мәтіннің негізгі тірек сөздерін немесе сөз тіркестерін, басына – мәтіннің негізгі ойын, астыңғы қаңқасына – мәселені жазыңыз.
Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан 1,3 секундта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемінің шағын ғана бөлігі - Галактиканың бір шетіндегі екінші шетіне жарық жұлдыз мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы Галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады.
Адам ерте кезден-ақ ғарыш денелерін жердегі құбылыстарға әсерін зерттеп білуге тырысқан. Ол әзірге жер төңірегіндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты. Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды.
Дескриптор
Білім алушы
- қаңқаның басына мәтіннің негізгі ойын анықтап жазады;
- үстіңгі қаңқаға тірек сөздер мен сөз тіркестерін мәтіннен іріктейді;
- төменгі қаңқаларға іріктелген мәселелерді орналастырады.
Оқу мақсаты
5.2.1.1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау
Бағалау критерийлері
Білім алушы
Мәтін мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды іріктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқып, Жер мен Айдың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз. Негізгі ой мен қосымша ойды анықтаңыз.
Жұлдыздар жерден өте көп қашықтықта орналасқан. Жерді қозғалмайды деп ойлаудан және аспан денелерінің тепе-тең шеңберлік қозғалысының Пифагорлық принципінен көрінетін планеталардың жұлдыздар арасындағы ілмек тәрізді қозғалысын түсінуге тырысу ежелгі грек ойшылдарын әлем жүйесін таза геометриялық әдістермен қарастыруға себеп болды. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан төрт жарым миллиард жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталардың тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген. Ай - Жердің табиғи серігі, өзінен жарық шығармайтын Жерге ең жақын аспан денесі. Ол Жерді эллипстік орбита бойымен (1,02 кмсек жылдамдықпен) айналады. Жер мен Ай арасындағы орташа қашықтық 384 500 км. Ай орбитасы жазықтығы мен Жердің Күнді айнала қозғалу жазықтығының арасындағы бұрыш 50 градусқа жуық. Айдың эллипстік орбитамен шығысқа қарай бір тәулікте 13 оське жуық жылжуына байланысты оның Жерден қарағандағы көрінісі өзгеріп отырады. Осыған сәйкес Ай фазасы ауысады.
Жердің қасиеттері
Ұқсастықтары
Айдың қасиеттері
Дескриптор
Білім алушы
- жер мен айдың қасиеттерін салыстырады;
- мәтіндегі негізгі және қосымша ойды ажыратады.
Оқу мақсаты
5.2.2.1 Лексиканың ауызекі сөйлеу және жазба стильдік айырмашылықтарын мәтіндер арқылы тану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Берілген мәтінді мұқият оқып, ауызекі сөйлеу стиліне тән белгілерді анықтаңыз.
- Олжас, аспанның түсі неліктен көк екенін білесің бе?
- Жоооқ. Шынында да, не себепті олай?
- Аспан бізді қоршап тұратын ауадан тұрады. Бірақ басты шалқайтып, көкке көз тіксек, жүзін бұлт торламаған, ашық аспанның түсі көк екенін көреміз.
- Бекбау, оның сыры неде екен, ә?
- Күннің шапағы қызыл, сары, жасыл, көк, қою көк секілді түрлі түсті болады. Осындай алуан түсті сәуле қалың әуе қабаты арқылы таралғанда, ауа сәулені ыдыратып, шашыратады. Бірақ көк түс барлығынан көбірек бөлінеді, себебі ауа қысқа толқынды сәулелерді жақсырақ шашыратады. Ал көзге көрінетін сәулелердің ішіндегі толқыны ең қысқасы – көк түс. Міне, аспан түсінің бар құпиясы осында жатыр.
Мәтін
Ауызекі сөйлеу тіліне тән сөз тіркестері мен сөйлемдер
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіндегі ауызекі сөйлеу стиліне тән сөз тіркестерін теріп жазады;
- жұбының жұмысымен салыстырады;
- қажеттілігіне қарай өз кестесіне толықтырулар енгізеді.
Оқу мақсаты
5.3.3.1 Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыз.
Тірек сөздер: аспан, жұлдыздар, ғарыш, күн, жылу, жер, глобус, жер серігі, арман, қиялда, үшінші аспанның құпиясы, капитан, ғарыш әлемінде, аспан денесі.
Дескриптор
Білім алушы
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- әңгімеге ат қояды;
- сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Оқу мақсаты
5.3.6.1 Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау
Бағалау критерийі
Білім алушы
Орфографиялық нормаға сәйкес мәтінді түзетіп, редакциялайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтіннен қате жазылған сөздерді табыңыз. Қате жазылған сөздерді қандай ережеге сәйкес дұрыс жазуға болатынын анықтап, мәтінді ІІІ жақта жазыңыз.
Аспан әлемі, яғни сансыз планеталар мен жымыңдаған жұлдыздар бір-бірімен қақтығыспай өте жіңішке есеппен, өте керемет жүйемен миллиардтаған жылдар бойы істеп тұр. Бұларды бір-бірімен қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске қосып тұрған күш қандай күш? Тартылыс күші делік. Тартылыс күшіндегі нәзік те ғажайып тепе-теңдікті қойған тылсым күш қандай құдірет? Егер бір планетанын тұрақты тартылыс күші бір мезет кездейсоқтықтың әсерінен азайса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан боларын бір сәт ойландыңыз ба? Барлық планеталар мен жұлдұздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бір-бірінің ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері бар. Тартылыс күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес, арнайы бір Ұлы құдіреттің жаратқанын меңзейді.
Дескриптор
Білім алушы
- қате жазылған сөздерді анықтайды;
- дұрыс сөзбен салыстырады;
- ережемен сәйкестендіреді;
- мәтінді ІІІ жақта жазады.
Оқу мақсаты
5.4.1.1 Қазақ тілінің дыбыстар жүйесін, үндестік заңын, емлелік ерекшеліктерін ескере отырып, орфографиялық нормаға сай жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Дыбыстар жүйесін орфографиялық нормаға сай, үндестік заңына сәйкес қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Аспан әлемі құпияларын зерттейтін кейіпкерге хат жазыңыз. Хат мазмұнында дыбыстар жүйесін, тәуелдік және жіктік жалғауларын дұрыс қолданыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- кейіпкерге хат жазады;
- хат құрылымын (кіріспе, негізгі, қорытынды) сақтайды;
- хат мазмұнында тәуелдік және жіктік жалғауларын қолданады;
- сөйлемнің айтылу мақсатына қарай лепті, сұраулы, хабарлы сөйлемдерді қолданады.
Оқу мақсаты
5.1.5.1 Тыңдалған мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру, көтерілген мәселе бойынша өз ойын білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтін мазмұны негізінде қойылған сұрақтарға жауап береді
Өзекті мәселелер бойынша өз ойын дәлелдермен келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Мәтін мазмұны бойынша жұбыңызға 2 сұрақ қойыңыз. Мәтіндегі өзекті мәселелер бойынша өз ойыңызды дәлелдермен келтіріңіз.
Қайрат жазғы демалыста ауылға барды. Атасына шөп орысып жүрді. Бірде қамыс арасындағы соқпақпен үйіне қайтып келе жатты. Күн ыстық. Алдыңғы жақтан пыр етіп қырғауыл ұшты да, қайта қонды. Қайрат тұра жүгірді. Қуалап жүріп ұстап алды.
- Ата, қандай әдемі!.. - деді жотасынан сипап, енді мұны асыраймын.
Атасы қырғауылды қолына алып қарады, аяғы сынған екен. Қалтасынан қол орамалын алып жыртты да, қырғауылдың аяғын таңып, ұшырып жіберді.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша 2 сұрақ құрастырады;
- дайындаған сұрақтарын жұбына қояды;
- жұбының сұрағына жауап береді;
- өз ойын дәлелдер келтіріп, жауап береді.
Оқу мақсаты
5.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар құрайды
Сұрақтар құрастыруда қыстырма, қаратпа сөздерді қолданады
Сұрақтарға жауап беру арқылы диалогке дайындықсыз қатысады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді тыңдап, 2 ашық сұрақ құрастырыңыз. Сұрақ мазмұнында қыстырма, қаратпа сөздерді қолданыңыз. Жұбыңыздың сұрақтарына өз пікіріңізді білдіре отырып, жауап беріңіз.
Отбасымның демалысы
Мен өз отбасымды өте жақсы көремін. Әр демалысты біз отбасымызбен бірге өткіземіз. Әр жексенбі сайын саябаққа, қала сыртындағы демалыс орындарына барамыз. Жаздыгүні балық аулаймыз, күнге қыздырынамыз, саңырауқұлақ, гүл тереміз, суға шомыламыз.
Біз отбасымызбен жылда демалысқа шығамыз. Биыл жазда отбасымызбен Бурабайға барамыз. Демалыс күні жақсы өтеді деп ойлаймын.
Дескриптор
Білім алушы
- мәтін бойынша 2 ашық сұрақ құрастырады;
- сұрақ мазмұнында ойдың кімнен шыққандығын білдіретін қыстырма сөздерді қолданады;
- күтпеген сұрақтарға жауабы тез, әрі орынды жауап береді.
Оқу мақсаты
5.2.3.1 Хат, хабарлама, жарнама, нұсқаулық, хабарландырудың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіннің түрін анықтайды
Жанрлық ерекшелігін ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқып, құрылымы мен рәсімделуі арқылы ерекшелігін анықтаңыз.
Саяхат ережесі
Әлем елдеріне саяхат жасау – бүгінде әрбір заманауи адамның арманына айналды десек, артық айтқандық емес. Әрине, ел көру, жер аралаудың, адам танудың пайдасы да жоқ емес. Саяхат барысында жаңа дүниелерді көріп, танымыңды кеңейтуге, жаңа көзқарастарға ие болуға мүмкіндік бар. Тек саяхат ережелерін жақсы білу керек.
- Ойын-сауық орталықтарына бар. Ол жерден қаланың, адамдардың нағыз өмірін көре аласың, ой түйесің.
- Ашық бол. Ең мықты гид – жергілікті тұрғын. Олар арнайы қызметте істемегенімен, бәрін біледі, өз қаласын жақсы көреді. Көшеге шық та, Қалай баруға болады? сынды сұрақтарды кез келген адамға бағытта, біріншісімен үйлеспесең, екіншісі сенің көңіліңнен шығады.
- Жалғыз саяхатта. Топ болып жүретін болсаң, өз тіліңде сөйлеуді жалғастыра бересің және жаңа орындарға емес, айналаңдағы жолдастарыңның әңгімелеріне көп назар аударасың.
- Салыстырма. Ештеңеге салыстырмалы түрде қарама: бағасына, тазалыққа, өмір сапасына, транспортқа.
- Сені бәрі түсінеді. Өзің барған елдің тілінде сөйлей алмасаң да, қорқушы болма. Көп адамдар жалғыз жүргенде адасып кетеміз деп ойлайды.
- Тым көп сауда жасама. Анда-мұнда тасып әуре болмайтын заттарға ақша жұмсамағаның жөн. Мәселен, театр билеттері, мейрамханалар, ойын-сауық орталықтарына барып көр. Мұнда бәрін көру керек!
Дескриптор
Білім алушы
- мәтіннің түрін ажыратады;
- мәтіннің құрылымын анықтайды (кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім);
- құрылымы мен рәсімделуі арқылы ерекшелігін анықтайды.
Оқу мақсаты
5.2.7.1 Энциклопедиялар, балаларға арналған газет-журналдардан қажетті ақпаратты ала білу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Дереккөздерден қажетті ақпараттарды іріктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Уикипедия ашық энциклопедиясынан Қазақстанның көрікті жерлері туралы
6 ақпарат алыңыз.
Дескриптор
Білім алушы
- энциклопедия арқылы Қазақстанның көрікті жерлерімен танысады;
- мәтіннен қажетті 6 ақпаратты іріктейді.
Оқу мақсаты
5.3.2.1 Жанрлық ерекшеліктеріне сай ресімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді
Рәсімделуі мен құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Басқа қалада тұратын досыңызға өз басыңыздан өткен демалыс оқиғасы туралы хат жазыңыз (100-120 сөз).
Дескриптор
Білім алушы
- хаттың кіріспе бөлімінде досымен амандық-саулық сұрасады;
- негізгі бөлімде демалыс күніндегі оқиғаны әңгімелейді;
- қорытынды бөлімде демалыс күнін босқа өткізбеуге кеңес береді және қоштасады;
- хат соңында есімін және мерзімін көрсетеді.
Оқу мақсаты
5.3.4.1 Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Тақырыпқа сай оқиғаны сипаттап жазады
Эссе құрылымын сақтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Тапсырма
Сіз отбасыңызбен бірге саяхатқа шығып келдіңіз. Саяхат барысындағы бір күніңізде болған оқиғаны сипаттап жазыңыз (100-120 сөз).
Дескриптор
Білім алушы
- саяхатқа шыққан жерін қатыстыра отырып, оқиға құрастырады;
- кіріспе бөлімінде отбасыңызбен қай жерге саяхатқа шыққандығы туралы жазады (25 сөз);
- негізгі бөлімінде саяхаттағы бір күнінде болған оқиғаны сипаттап жазады (70 сөз);
- қорытынды бөлімінде саяхаттан алған әсерімен бөліседі (25 сөз).
Оқу мақсаты
5.4.3.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, көп мағыналы сөздер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану
Бағалау критерийі
Білім алушы
Ойын жеткізуде синонимдік қатарды өзгертіп қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Синонимдік қатарларды орынды қолданып, көрікті жерге саяхат жасауға шақыру мақсатында жарнама жасаңыз (100-120 сөз).
Көлсай көлдері
Көлсай көлдері мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы үкіметінің 2007 жылы 7 ақпандағы № 88 қаулысымен құрылды. Парк территориясында теңіз деңгейінен 1800-3500 метр жоғары өсетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, керемет өзендер мен көлдер, қырлы ландшафттар кездеседі. Әлі де болса адамдардың шаруашылық тіршілігі жүргізілмеген ерекше табиғи орта кездеседі. Тапу өзендері, құздар, көлдер мен өзендер түрлі-түсті бояуларға боялған, бұталы өсімдіктер осы аумақтың тартымды және көріктілігін көрсетеді. Ауа райы жағдайы демалу және сауықтыру үшін ыңғайлы, оған сәйкес қысы жұмсақ, ауасы таза, қысқы демалыс түрлері үшін қолайлы. Көлсай көлдеріне жаяу және атты маршруттармен, ал Қайынды көліне дейін автокөлікпен баруға болады. Сонымен қатар, сіздер гидтер мен экскурсовод-нұсқаушылардың қызметін пайдалана аласыздар. Ұлттық парк аумағы біркелкі массивтен құрылған Алматы облысының Талғар және Райымбек территориясында орналасқан. Көлсай өзенінің ағымында үш көл орналасқан: Жоғарғы Көлсай, Ортаңғы Көлсай, Төменгі Көлсай.
Дескриптор
Білім алушы
мәтіннен синонимдік қатарды іріктейді;
іріктелген синоним сөздерді өзгерте отырып, жарнама құрастырады;
кіріспе бөлімінде көрікті жер туралы түсініктеме береді (25 сөз);
негізгі бөлімінде көрікті жер туралы ақпарат беріп, ерекшелігін жазады (70 сөз);
қорытынды бөлімінде демалыс орнының мекенжайын көрсетіп, демалушылардың назарын аударады (25 сөз).