Орбисинова Майра Басипқалиқызы.
Қ.Смағұлов атындағы орта мектебінің жоғары санатты химия пәні мұғалімі.
Атырау қаласы
Білім берудегі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы оқушыны өзіндік әрекетке дайындау мүмкіндіктері
Әлемдік білім беру жүйесі жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген. Бұл негіздеме Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында жан-жақты айқындалған: “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу.”
Бүгінгі таңда білім берудің мемлекеттік стандартына сай мектептегі тәрбиелеу және оқыту нақты өзгеріп, оқушыны пәндік білім,білікті және дағдылар жиынтығымен дәріс беру ғана емес, оқушының оқу- танымдық әрекетін дұрыс ұйымдастыру негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты қойылып отыр.
Ұстаздың ең басты міндеті - оқушыларға кез- келген білім саласын меңгертудің тиімді жеңіл жолдарын қарастырып, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.Білімді дайын қалпында қабылдамай, өздігімен құрастырылған білімнің ұзақ есте сақталатындығы бүгінгі күні дәлелденіп отырғаны белгілі.
Жеке тұлғаның тек ғана білімді болуы жеткіліксіз болуы қақ нәрсе.Білім беру мен алу жүйесіндегі басты қағида- өз-өзіне есеп беру, ой- әрекеттерін саралай білу, өзін-өзімен өзгені бағалай білетін, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін жүзеге асыратын,өз өмірін,іс-әрекеттерін нақтылай отырып жоғары жауапкершілігі бар жеке тұлға қалыптасуына мүмкіндігінше тиімді жағдай жасау.
Мектеп - халықтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан адамгершілік ізгі қасиеттерін жас жеткіншек бойына сіңіретін ортасы. Мектеп - жеке тұлғаның қалыптасатын жері. Заман ағымына сәйкес сабақ өткізуді жетілдіру әдістері мен жолдары жаңарып өзгеруде. Мектеп өмірінің өзгеріске ұшырауы жағдайында оның ішінде оқыту үрдісінің негіздері оқушылардың танымдық әрекеттеріне сәйкес білімді қажетсінуіне қарай әдістер мен құралдар қарастырылуда.
Қазіргі ғылыми техникалық прогресс заманындағы нарықтық қатынастардың талабына сай бизнес пен коммерцияның, кооператив пен жеке кәсіпорынның әртүрлі формаларын қарқынмен дамытудың қажеттілігі болашақ кадрлардан жаңаша ойлауға бейімділікті, тапқырлық пен ізденімпаздықты, шеберлік пен іскерлік қасиеттерді талап етеді.
Мұндай экономикалық және әлеуметтік маңызы зор істі мектептен бастап, жас өрендерге өнертапқыштық шығармашылықтың негізін үйретуіміз қажет.
Мектептегі оқыту үрдісінің жаңаша дамуы оқушының білімінің, дағдысының көтеру қажеттілігімен ғана емес,оқушының танымдық әрекетінің көтерілуіне байланысты.
Оқушылардың өз бетінше білім алып,өз білімін бағалауға, өзіндік әрекетке бейімдеу болып саналады.Танымдық әрекет өзіндік әрекеттің бір құрамы ретінде ерекшеленеді.Өзіндік әрекетті жүзеге асыруға қажетті тәсіл – әдістерді таныстыру және оны игеру үшін дербес тапсырмаларды орындату қажет.Бұл міндетті мұғалім жүзеге асырады.Ол үшін мұғалім оқушыда өзіндік әрекеттердің нақты мақсаттарын қалыптастыруы қажет.Сондықтан оқу тәрбие үрдісінде саналы түрде ретімен қолдануға болатындай мақсаттар жүйесінің негіздемесі қажет болады.
Мұндай мәселелерді шешуде мұғалім өте жоғары дәрежелі психологиялық – педагогикалық құзырлы дайындықпен келуі қажет.Білім беру саласының алдына қойған міндеттерді шешудің жолы- оқушылардың нақты оқу әрекеті арқылы өз оқу үрдісін жетілдіру болып табылады. Сондықтан өзіндік жұмыстарды орындау өте маңызды.
Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласының алдына қойып отырған басты және негізгі сұрақ – ХХІ ғасырда нені оқыту керек? және Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?. Осыған орай заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару қажет. Оқушы – үнемі біліммен толтыра беретін ыдыс емес, Әрбір бала – бір жұлдыз, жарқырауына көмектес! - деген ұстанымды ескеру қажет. Тек білімді меңгеріп қана қоймай, оны терең түсініп, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Ендеше оқу мен оқытудағы әдістерді өзгертудің қажеттілігі, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту туралы мәселелердің мемелекеттік деңгейде күн тәртібіне қойылуы – уақыт күттірмейтін заман талабы болды.
Оқушыларға білім беруде әлемдік білім алу деңгейіне жету үшін заманауи талапқа сәйкес білім беру үрдісін жақсартудың бір жолы бар. Сабаққа ғылыми ізденіс элементтерін енгізу мұғалімнің оқыту үрдісіне жаңаша көзқараспен қарауына және әрекеттерді оқушылармен күнделікті іске асыру қажеттілігі туындайды.
Ендігі жерде өз тәжірибемізді толықтыра отырып мектеп өмірінде білім беру ісін жаңарту жолдарын жүргізу деп ойлаймын. Cондықтан да өзіндік педагогикалық таңдаған тақырып бойынша зерттеу жүргізуді; педагогикалық және оқыту үрдісінің тиімді әдістерін игеру, кәсіби педагогикалық құзіреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, оқыту методикасымен мазмұнына тың идеялар енгізу, білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздерімен таныстыру, оқушының жеке тұлғалық келешегіне негізделген оқушы мұғалім арасындағы қарым –қатынастың озық үлгілерін таратуды мақсат етіп алдым.
Оқу үрдісінде нақты нәтижеге жетудің жолдары деп мына негіздемелерді айтар едім. Білім берудегі жаңа тәсілдерді меңгеру мен АКТ құралдарын орынды пайдалану қажеттілігін түсіну.
Кембридж бағдарламасының оқыту жүйесінің негізгі жеті бағыты бойынша балаларды жаңа әдіс тәсілдерді қолдану негізінде дамыта оқытуға үлкен мән берілуде.
Жүргізілген бақылауларым менің мақсаттарым мен міндеттерімнің орындалуы үшін жаңа тәсілдердің маңыздылығы айқындадым. Білімді оқушылардың қабылдап меңгеруі олардың өзінің оқуы үшін жауапты екенін ұғындырды.
Бұндай үлкен жауапкершілікті оқушы мұғалімнің сабақ беру барысында жасайтын ортадағы іс-әрекеттерінен қабылдайды. Жеке тұлғаның жан –жақты дамуы үшін әрдайым мұғалім ретінде өз шеберліктерімді шыңдап дамытып отыру қажеттілігін ұғындым.
Қазіргі заманауи оқыту жүйесінде сыни тұрғыдан ойлау мұғалімге арналған нұсқаулықта ойлау туралы ойлану деп сипатталады (1,43).
ХХ ғасырда сыни әлеуметтік теорияның мектебін Франкфурт қалады. Білім беру саласындағы осындай зерттеуді бастаған Джон Дьюи алғашқылардың бірі болды.
Өз практикамда ойлау дағдысын қолдану себебім осы уақытқа дейін балаларға тек дайын күйінде білім беріп ойлануына жағдай жасамағандықтан. Ол ойлау дағдыларын қалыптастыру тек оқушы үшін ғана емес, демократиялық қоғамдық құрылыс үшін де тиімді жолын бағыттау екенін сендірді.
Эдвард Глейзер болжаған сыни тұрғыдан ойлудың үш элементін ескеріп оқи отырып кейбір мәселерді шешу кезінде өз тәжірибемді қалыптастыруда ойлау үдерісін жүзеге асырдым.
Сыни тұрғыдан ойлау ақпартты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге арналған тәсіл деп ойлаймын. Одан әрі әрекет жасауға негіз болатындығына сендім.
Оған қадағалау, интерпретация, талдау қорытынды жасау , бағалау, түсіндіру метатану жатады. Сыни тұрғыдан ойлау негізінде адамнын өз ойын бағалауы, оны жүзеге асыруы, өз мен өзінің пікіріне сеніммен қарауы, және шешім қабылдауы қажет екенін түсіндім
Сын тұрғысынан ойлаудың осы әрекеттерін ұстанбайтындар жалқау, немқұрайлы, тәкәппар, өзгенің пікіріне сенбейтін адамдар. Ойлаудың бұл әрекеті тығырыққа тіреуі мүмкін.
Ойлау дағдыларының негізінен қолданылатын иерархиялық моделін 1956 жылы
Б. Блумның басшылығымен білім беру комитеті әзірлеген белгілі. Олай болса Блум таксономиясының оқытудың тұтас нысанын құру негізінде педагогтардың барлық ынтасын , күшін барлық үш салаға аударды.
Олар танымдық, эмоционалдық, психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту негіздемесінің тізімін жасауға мүмкіндік берді. Блум таксономиясының әрбір деңгейінің өз ерекшелігі бар. Білім, түсінік, қолдану бөлімінде оқушылар мұғалім жетістігіне сүйенеді. Ал Блум таксономиясының шарықтау шегі оқушы іс –әрекетін алдыңғы қатарға қойады. Анализ, синтез, бағалау бөлімдері нәтижесі оқушының жеке белсенділігімен жүзеге асады. Оқушылардың мазмұнды салалы ойлауы мен сөйлеу әрекетіне әкеледі. Осыған байланысты оқушының әрекеті өзінің игерген білімін сыни көзбен қарап, өзінің білімді меңгеруде жетіспеушілік жақтарын сезініп, қатесін тауып, өзіне баға беруді үйретеді. Оқытудың бұл әдісі оқушының тапсырманы орындауында, ойлануына, ізденуіне, ықпал етеді. Бұл оқушылардың өзара әрекеттесу дағдылары арқылы топтық жұмыстағы іс-әрекеттерінің бірі болып табылады.
Әрине, оқушының дербес іс-әрекеті білімді өз ізденістерімен алу қажеттілігін түсіндім.Сабақтарда мына талаптарды ескерілуіне толық қосыламын.Ол сабақ мақсатыны болуы.Мақсатының түгел орындалуы,сабақтың ұғымдылығы, пән аралық байланыстың болуы, сабақта туындайтын проблемалар, оқушының танымдық дамуы, оқушының жеке ерекшелік қасиетін ескеру, өз беттерімен орындайтын тапсырмаларды ұғындыру, білімді бағалау жинақтау қажеттілігі ескеріледі.
Білім мен білік дағдысын механикалық түрде өзгерте салу емес, танымдық қабілетпен іс-әрекет арқылы жеке тұлға бойындағы қасиетті ескере отырып, ақыл-ойын кеңейту арқылы оқыту.
Сыни ойлау оқушылардың қай нәрсеге болса да терең оймен қарап салыстыра талдау жасап, көзқарасын білдіру, өзіндік пікірін қалыптастыру деп ойлаймын.
Ойлау арқылы бала көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін. Жалпы айтатын болсақ сыни ойлау дегеніміз - баланы ойлауға үйрету.
Дегенмен сыни ойлауды дамытатын оқу шарттарын, яғни оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру, әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау, оқушылардың оқу үрдісіндегі белсенділіктерін мадақтау, оқушыларға мысқылсыз еркін атмосферада жұмыс істейтіндіктеріне кепілдік беру, сыни ойлау тәжірибесі үшін уақыт пен мүмкіндіктер қамтамасыз ету болып табылады.
Кез-келген оқушының сыни шешімді қабылдай алатын қабілетіне сенімділік білдіру, сыни ойлауды бағалау, оқыту үрдісіне белсенді қатысуға, басқалардың пікірлерін сыйлауға мүмкіндік беру.Білім беру мен білім алудағы жаңаша тәсілдермен білім беру бүгінгі күн талабына сәйкес бәсекеге қабілетті жеке тұлғаларды қалыптастыру болып табылады.
Сыни тұрғыдан ойлау -технология емес, ол-терең философия. Сыни тұрғыдан ойға жүгінетін болсақ , белестерді бағындыра аламыз деп ойлаймын.Осы жағын дұрыс ойланып қолға алсақ, өзіміздің дұрыс жолда екенімізді сезінетін боламыз.
Сабақта сыни тұрғыдан ойлау технологияларын пайдалану үнемі табысқа жетелейтіні анық.
Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерімен қатар, сөздік қоры кеңейіп арта түседі. Ең бастысы - біз осы мақсатты оқушының қажеттілігі мен қабілетіне сәйкестендіріп шеше алдық па? Сабақта оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы орнайды.
Оқушылар бірін – бірі тыңдауға, өзіндік пікірін ашық айтып, өз-өздерін бағалай білуге дағдыланады. Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен сыйластықта болып жауапкершіліктері артады. Балалардың бір –бірін күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады.Топта барлық мүшелерінің бір-бірін тыңдауы және мұғалім мен оқушының топ ішінде сөйлеу еркіндігі бірдей дәрежеде болды
Терең түсінік пен ойлаудың дамуы арқылы оқушының сөйлеу дағдылары дамыды.Жұмыс жасау кезінде топ мүшелерінің қабілетіне, олардың бір-біріне дұрыс көзқараспен қарап, ойларын құрметтеуге машықтанды. Бір-біріне көмектесіп, ойларын ортаға салып, өздерінің пікірін көтермелейді.
Мұғалім мен оқушылар арасында тығыз байланыс қалыптасады. Сабақтарда мұғалім тек ұйымдастырушы, бағыттаушы, сараптаушы ретінде көрініп, бар жауапкершілікті оқушылардың өз тізгіндеріне өздеріне беріп, үлкен жауапкершілікті cезінтеді.Бір сынып ішіндегі әр жылдардағы оқушылардың бірыңғай оқытылуы жас ерекшеліктеріне сай оқыту деп түсіндім.
Бір сыныпта оқығасын олардың жас ерекшеліктері бойынша айырмашылығы байқалмайтын сияқты. Меніңше, бастауышта жас ерекшелігі айқын көрініп тұрады, яғни алты жастағы бала мен алты жарым жастағы баланың қабылдауы мен дамуында айырмашылық болады деп ойлаймын.
Диалогтік әдісті әр мұғалім пайдаланатынына сенімдімен, сабақ басталғаннан аяқталғанға дейін болады, басқаша сабақ өтпейді ғой.
Тек әдісті мұғалімнің орынды пайдалана білу шеберлігіне байланысты қолданылады. Мұнда сұрақтар деңгейіне қарай ажыратылады.
Олар төменгі деңгей, орта деңгей, жоғары деңгей сұрақтары екендігі белгілі. СТО-да да бір-бірінен сұраққа жауап алады емес пе?
Оқушылар мұғаліммен, оқушылар оқушылармен сөйлесуі, сұрақ қойып жауап беруі осы салада жүзеге асатыны белгілі. Білім беруде ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мүмкіншілігі зор. Оқушының өз бетімен жұмысы аз уақытта көп білім алып уақытты үнемдеуі жүзеге асады.
Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды.Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс-әрекет қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену қажеттілігі туындайды.
Оқушының ой-өрісін дүние танымын кеңейтуге де ықпалы зор деп есептеймін. Мұғалімнің мақсаты әрбір оқушының дарындылығын табиғи саласын анықтап, оның өсіп жетілуіне қолайлы жағдай жасау.
Өзіміз бағалаудың тиімді әдісін таңдап алсақ, оқушыларда жауапкершілік қалыптасады. Оқушы үлгерімін қалыптастыруда бағалаудың маңызы өте зор.
Менің түсінгенім жіберілген қателіктерді түзетуге ешқашан кеш емес тек, осы мақсатқа жету жолында талмай жұмыс атқаруымыз керек деп есептеймін.
Әр адам бір тұлға деп есептеп, пікірін, ойын бағалау керек. Қолданған әдіс тәсілдер арқылы нәтижеге жетуге болатынына көзім жетті. Дұрыс па, бұрыс па деген ұғымды ұмыту керек пе деймін. Курстың да мақсаты да осы емес пе? Үлгі бойынша жұмыс жасауды ұмыту керек.
Кембридждік тәсілдің оқушыларға да, мағанда болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдімін. Білім беру үдерісінде жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, білім беруді негіздеу арқылы өзім жақсы әсерде қалдым.