Қоғамдағы тәлім - тәрбиенің өзекті мәселесі – адамды еңбек ету қажеттілігіне баулу. Жастарды еңбекке психологиялық тұрғыдан даярлау - жалпы гуманистік тәрбиенің түпкі мақсатты.Еңбек - адамның іс- әрекетің негізгі түрі және барлық материалдық игіліктерді өндірудің қайнар көзі. Іс- әрекеттің екінші түрі - оқу. Оқу әрекеті арқылы адам қоғамдағы тарихи мағлұматтар мен білім қорын меңгеріп, өзінің рухани дүниесін байытады, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастырады. Ойын- адамның негізгі әрекетінің бірі. Ол бала мен жасөспірімнің денесін шынықтырып, әралуан қимыл – қозғалыстарың жетілдіреді.
Бір сөзбен айтқанда, еңбек, оқу, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және қажеттіліктерін өтеудегі негізгі іс- әрекет түрлері болып табылады.
Жеке адам санасы мен ақылы арқылы дараланады.Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті қоғамдық жағдайда, бір-бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Жеке адамның қалыптасу мақсатының ерекшеліктері төрт түрлі жағынан қарастырылады, яғни 1) Жеке адамның әлеуметтік өміріне қатысты ерешеліктері: қызығу, ұмтылу ( ынтасы мен талаптануы), мұрат, дүниетанымдық көзқарас, сенім. Бұл- жеке адамның адамгершілік қасйетерін білдіретін сипаттар. 2) Адамның білімдарлығы, дағдылары, бейімділігі. Мұндай сипаттар адамның даралық қасиетін, өзіндік даму деңгейін, тәлім – тәрбие негізінде қалыптасқан тәжірибесін көрсетеді.3) Жеке адамның дара психикалық процестерінің тиянақтылығы мен өзіндік ерекішеліктері.Ондай қасиеттерге зейін мен ойлау, қабылдау мен ес сезім күйлері мен ерік, адам психикасындағы басқа да құбылмалы өзгерістер етеді. жатады. 4) Жеке адамның биологиялық тума қасиеттері- нышан, жоғоры жүйке қызметі.
Бұлар адамның темпераменті мен жас ерекшеліктеріне, жыныстық белгісіне сәйкес көрініс береді. Мұндай қасиеттер машықтану мен жаттығу арқылы қалыптасып, жетіледі.
Адамның бағдары, ынта-жігері, мақсат- мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі.Адамның кісілік қасиетін «ол нені қалайды?» деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені, адамның ниет- тілегі мен ынтасы үнемі өзгеіп, дамып, күрделеніп отырады.
Қажеттіліктерді қанағаттандыруда адамның көніл күйінің ерекшеліктері айқын байқалады. Мәселен, адамның құштарлығынан оның іс-әрекетінің әлсіздігі мен дәрменсіздігі байқалса, ал ықылас- ынта қоюдан белгілі іске қол жеткізу керектігін түсінгендігі анғарылады. Көніл- күйдің шарықтап өсуі адамның белгілі бір бейнеге еліктеп сондай болсам екен деген ниет – тілектерін білдіреді. Бұл- адамның іс әрекет бақытындағы мұра деп аталатын қасиет.Жеке адамның адамгершілк қасиеттері қоғом өмірінің талаптарымен ұштасып, оның бойында ар- ұят ұждан сияықты қасиеттердің дамып, қалыптасуына ықпал етеді.
Адамның бағдары, ынта –жігері, мақсат-мүддесі гуманистік қоғам мүддесімен үндеседі. Адамның кісілік қасиетін түсінуде «ол нені қалайды?» деген мәселені ғана қою жеткіліксіз. Өйткені, адамның ниет-тілегі мен ынтасы үнемі өзгеріп, дамып, күрделеніп отырады. Жалпы, адамның азаматтық бағыт-бағдарының сапалары мынадай ерекшеліктерімен анықталады: l) Бaғыт деңгейі адамның әлеуметтік өмір талабына сәйкестенеді. 2) Бағыт-бағдар деңгейі қоғамдық талаптарға орай адамның биік мұратымен ұштасады. 3) Кеңдігі. Баланың ұйқысын қандыруы, тойып тамақ ішуі, әдемі киінуі — оның бағытының өресіздігі, тарлығы. Бағыт-бағдар кеңдігі адамның, әралуан қызығуы мен ынтасына, оның әр тарапты дамуына байланысты. Мұндай қасиеттер баланы тоғышарлықтан сақтандырады. Бағыттың шашыраңқы болуы- ұнамсыз қасиет. Осы орайда, «Екі кеменің басын ұстаған суға кетеді» деген мақалдың тәлімгерлік мәні ерекше. Оқушы үшін қызығу кеңдігі, яғни оның тиянақты білім алып, белгілі бір мамандықты игеруі — саналы азамат болудың шарты. 4.) Қарқындылығы. Бұл баланың сезімі мен эмоциясының айқынды-ғын білдіреді. Әрбір нәрсеге әуестенуден гөрі ерікті тілек - ынтаға ден қою, белсенді әрекет етіп, іске жігермен кірісу адамның сенімін арттырады. (5) Бағыт-бағдар тұрақтылығының ұзақ мерзімге созылуы. Жас жігіттер мен қыздар кейде бір нәрсені біліп, үйренуге қызу кіріседі де, аяқтамай тастап кетеді. Одан кейін зерігеді, ақырында сол үшін өкінеді. Бұл — бағыттың тұрақсыздығы. Мысалы, жас маман үздік оқып, белгілі математик не филолог маман, болғысы келеді. Содан кейін халық құрметіне бөленген әйгілі азамат, бақытты отбасы, қоғам қайраткері болуды арман етеді. Бағыт адамды игі мақсатқа жеткізеді. 6.) Оқушының әркетшілігі — оның бағыт-бағдарындағы шешуші кезең. Жас Қыз ұстаздық мамандықты не себепті таңдады? Оған бұл мамандыктың несі ұнады? Таңдаған мамандығы бойынша жемісті іс атқара ала ма? Мұның бәрі іс-әрекетке байланысты Кәсіптік – техникалық училищеге түскен оқушы, менеджер болғысы келетін кәсіпкер, шаруашылық орындарында маман, кеңшарда малшы, сауыншы болып істеу – мұның бәрі іс - әрекет арқылы жүзеге асып, адамды арманына жеткізбек.