Өзінің барлық саналы өмірін, ақыл-ойын халық ағарту ісіне арнаған, оқытушылық пен жазушылық қызметті қатар жүргізген белгілі «Қалың мал» романының авторы Спандияр Көпеев болды.
Қостанайдағы екі жылдық педагогикалық курсты бітіріп, бастауыш мектепте оқытушы болуға куәлік алған Спандияр өз ауылына аттанар алдында: «Алдымда туып өскен ауылым мәдениеттен кенже қалған ауыл. Сол ауылда қолымнан келгеніншемәдениет шамшырағын жақпақшымын, ғылым соқпағына түсіремін деп ағып келемін»-дейді.
Ұстазы Ыбырай Алтынсариннің жолын қуған Спандияр елге келе салысымен-ақ бала оқытумен айналысады, оқытудың жолдарын, әдістерін қарастырады.Ағашқы күннен-ақ оқушыларды орыстың классикалық шығармаларымен таныстырады.
Спандияр И.Крыловтың қырық төрт мысал өлеңін аударып «Үлгілі тәржімә»деген атпен 1910 жылы бастырып шығарды.Осы арқылы жас ұрпақтарды өенр-білімге, әділет, адамгершілікке тәрбиелегісі келеді.
Жазушы оқытуда алғашқы күннен-ақ байдың мал қорасында қақтығысқа ұшырап, кейін «заман күштінікі мен тістінікі, төзіп бақ бауырларың үшін бәріне шыда»деген Опан ағайдың сөзіненсоң оқытуды жалғастыра береді.
Жазушының мұғалімдік жұмысы мен балалар әдебиетін жазуға кірісудегі алғашқы кезеңдері осындай ауыр жағдайларды брстан кешіруге тура келеді.
С.Көбеев «Үлгілі тәіржімадан» соң мектептерде және мектептен тыс уақыттарда оқытылатын «Үлгілі бала»деген атпен 1912 жылы бірінші,
екінші кітап бастырып шығады.Бірінші кітабында 62 тақырыпқа жазылған, екінші кітабында 32 тақырыпқа жазылған өлең мен әңгімелері бар. Баланың сауатын ашып, хат танудың бірінші құралы ана тілімен балалар әдебиеті
болғандықтан, Спандияр кітапты өзі құрастырды.Бұл жөнінде Көбеевтің өзі былай дейді: «Үлгілі бала » хрестоматиясына Крыловтыңөзім аударғанмысалдарын кіргіздім, орыс классиктерінің балаларға арнап жазған қысқа әңгімелерін өлшеп қазақ тұрмысына лайықтап жаздым және қазақтың бай ауыз әдебиетін пайдаландым. Осылармен қатар жануарлар туралы мғлұмат беретін қызықты қысқа-қысқа әңгімелер, мысалдар кіргіздім әр әңгіменің соңына сұрақтар қойдым»-дейді. «Үлгілі бала »хрестоматиясының идеялық негізі, ой-түйіні шыншыл болуға үндеу, нашарлардыаяу, өнер-білімге шақыру.Бұл кітаптың алғашқы беті де Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық» деген өлеңі сияқты «Мектепке шақыру»деген өлеңмен ашылған.
Балалар жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге , мырза ерке
Бұл кезде өенрлі адам өрге шықты,
Затемес, надан кісі алар текке-деп баланы мектепке дайындайды.
Спандияр Көпеев баланы оқыту барысында барлық білімді кітаптан алууға болады, ол үшін кітапты көп оқу қажеттігін бірінші орынға қояды.Жазушының «Балалар мен ғалым» деген қысқа әңгімесі де осы кітап мәселесін сөз еткен.
Балалар әдебиетінің тәрбиелік мазмұны оқу проблемасымен тығыз байланысты болғанда ғана өз дәрежесіне көтеріледі.
«Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды падалана білмеген ұстаз шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айырылады»,-дейді К.У.Ушинский. Спандияр Көпеев осы қағиданы мықтап ұстанған.
«Үлгілі бала», негізінен, С.Көпеевтің педагогикалық еңбектерінің қатарына жатады,-дейді ғалым С.Қирабаев.
«Түскі тамақ пен һәм кешкі тамақ» деген әңгімеде еңбек етпей ішкен сорпаның дәмсіз, еңбекпен шаршап ішкен сорпаның дәмі ерекше болатынын айта келіп, балаларды еңбексіз ауыз тұшымас дегенге сендіреді.
Қорыта айтқанда, Спандияр Көбеевтің балалар шығармаларының атын қорына қосқан үлесі зор.Ол өзінің жазушылық қызметімен қатар балаларға берген тәрбиесі туралы ауыз толтырып айтарлықтай еңбек жасады.