Асқар сабаққа бара жатып, жолдың арғы бетіне өтейін деп тұрған атаны көрді. Атаның қолында таяғы бар екен. Асқар аяғы ауыратын үлкен кісіні демеп өткізіп жіберейін,-деп ойлады. Сөйтіп атамен сәлемдесіп, бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолақ жолдан атаны өткізді. Ата Асқарға риза болып, аталық батасын берді.
Әрқашан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді ұмытпайық, достар!