Internet

Скачать

Internet ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін World Wide Web ( WWW, Web), яғни “дүниежүзілік өрмек” информация іздеп бүкіл дүние жүзіне “электрондық саяхат” жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әртүрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүие ретінде WWW есептеледі. Internet-тің қалған бөліктерінен гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл әрі ыңғайлы.
Мұнда бір-бірімен байланысқан сөздер тізбекше арқылы іздеу жүргізіледі. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты таңдап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.
WWW жүйесі байланыс орнатылған құжаттардан тұрады. Егер сіз Windows жүйесінің көмек беретін мәліметтер құрылымын қарап шықсаңыз немесе Macintosh компютерінің Hyper Card файлын көрсеңіз, сол гипермәтін мысалы бола алады. Гипермәтін құжат бір ұғымнан екінші ұғымға мәтіндік байланыс арқылы (мазмұн арқылы) тез өтуді қамтамасыз етеді (links). Бір мәтінді бастан аяқ оқудан гөрі сол мәтіннің белгілі бір бөлігін ғана оқып , сонан кейін сол бөлікпен байланысты басқа ұғымдарға жылдам өте аласыз. Бұлай жылжу ерекшеленген мәтін үзіндісіне курсорды алып барып тышқанды шерту арқылы орындалып отырады.
Web жүйесімен қатынас құру тәсілі.
Web жүйсімен жұмыс істеудің бірнеше тәсілі бар. UNIX операциялық ортасында сервистік ұызмет көрсететін , компания жасап қойған, арнайы команда арқылы WWW браузерімен оңай байланысу жолы бар. Оны іске қосу үшін www немесе lynx сөздерін енгізу керек.
Егер тұрақты қызмет атқару қажет болса немесе тікелей теру арқылы байланыс орнату керек болып жатса, өз WWW браузеріңізді пайдалану мүмкіндігіде бар.
Қолданылып отырған тәсілге қарамастан сіз гипермәтіндік файлдарда мәліметтерді іздеп таба алатын браузермен жұмыс істей аласыз. Енді біз желіні пайдалану кезінде жұмыс істеуге тиіс Internet Explorer графиктік браузермен сіздерді таныстыралық. Әрине бұдан басқада браузерлер бар, мысалы, Netscape Navigator, бірақ Windows95 жүйесі өз Internet Explorer программасының ішкі браузерімен жабдықталады. Windows жүйесінің басқа түрлерінде де арнаулы бірден бекітіліп берілетін ішкі браузерлер болады, олармен жұмыс істеуде ыңғайлы. Ал егер кейбір себептермен сіз Internet Explorer-мен жұмыс істегіңіз келмесе, онда Netscape Navigator браузеріне немесе басқасына оңай ауыса аласыз және олардағы жалпы жұмыс істеу ережелері біріне-бірі ұқсас болады.
Сонымен FTP-серверімен жұмыс істеуді меңгерсеңіз және Web жүйесінің бірнеше адресін білсеңіз, онда желіге кіріп жұмыс істеу қиын болмайды. Адресті білмесеңіз де, өзіңізге керекті информацияларды тақырыбы арқылы іздеу ісіне кірісіп кете бересіз.
Internet Explorer немесе Navigator іске қосылса, браузер автоматты түрде, сіз араласпай-ақ, “өз” серверімен байланыс орната береді. Ал егерде Internet Explorer жүйесімен жұмыс істейтін болсаңыз, онда бірден Microsoft компаниясының WWW сервері парағымен байланысатыныңыз есіңізде болсын.
Мұнан кейін “лифт” көмегімен парақтың төменгі жағына өтіп, өзіңізге керекті ақпаратты таңдайсыз. Курсорды ерекшеленген мәтін бөлігіне алып барып тышқанды бір рет шертіңіз, браузер осы таңдап алынған жаңа мәтін бетін сіздің өз машинаңызға жеткізеді. Internet-те парақты іздеу үшін осы сілтемені таңдайсыз (выберите данную ссылку) деген сөзге, яғни оның ерекшеленіп тұрған үзіндісіне алып барып, тышқанның сол жақ батырмасын шертеміз. Сол сәтте браузер сіздің компьютеріңізге Internet-тегі информация іздеу жүйелерінің жиі қолданатын бірнеше адресі көрсетілген келесі парақты шығарады да, сіздің іздеу шарты көрсетілген (критерий) информация енгізуіңізді және “іздеу” батырмасын басуыңызды өтінеді.
Web каталогтары кітапхананың жүйелік каталогтары тәрізді жасалып, олар “Спорт”, “Компьютерлер”, “Ойындар” сияқты рубрикаларға жіктелген. Каталогтан өзіңізге керекті тақырыпты тауып алып, оның ішінен Web-тегі түйінді сөздер тізімінен іздеуді бастауға болады.
Көптеген серверлердегі тізімдерде әрбір түйінді тақырып қысқаша сипатталып отырады да, одан негізгі тақырыпқа өту жолы көрсетіліп тұрады.
Бірақ Web каталогтары мәтін парақтарының тек аз бөлігін көрсетеді, ал “дүние жүзілік өрнекте” (всемирная паутина) одан басқа толып жатқан мәліметтер жиыны бар екені түсінікті болар. Мұнда да AltaVista, HotBot немесе Lycos сияқты іздеу серверлері іске қосылады, оларда серверге өзіңізге керекті тақырыпты көрсетсенңіз, Web парақтарынан осы салаға байланысты бар мәліметтерді қарап шығу мүмкіндігін аласыз.
Іздеу процесі адамның қатысуынсыз орындалатын болғандықтан, іздеу серверлері каталогтарға қарағанда көптеген мәліметтерді қамти алады. Бірақ сіз оларды сұрыптай отырып, мыңдаған парақтан тұратын информация ішінен керектісін таңдауыңыз қажет.
Егер сіз жалпы сипаттағы информация іздейтін болсаңыз, іздеуді Web каталогтарынан бастағаныңыз жөн.
Егер іздейтін сервер сізге толық жауап аппаса онда, сұрағыңыздың нақты болмағаны немесе керекті сөз тіркестерін дәл таппағаныңыз деп біліңіз. Мұндайда басқа және қысқа сөздерді пайдалана отырып, тағыда іздеу жұмысын жүргізу керек. Ал, егер табылған мәліметтер жүздеген немесе мыңдаған беттерге жалғасып кетсе, онда мәселенің өте кең ұғымды, ауқымды болып кеткені. Қайта сұрақ қойып, нақты терминді пайдалануға тырысып, іздеу варианттарын шектеуге талпынған жөн.
“Өрмек” ішінде қызықты, орыс тілінде жазылған мәтіндер көп, сондықтан орысша әртүрлі ақпарат іздеу қажеттілігі жиі кездеседі. Бірақ тиімді жолмен керектісін жылдам іздеп табу орыс алфавитінің ерекшеліктерімен сөз таптарының айрықшалықтарына қарай қиынға соғады.
Орыс алфавитін пайдалануға оның кодтарының да әртүрлілігі кедергі болады: Бір мәтін КОИ-8 кодында жазылса, екіншіcі Windows кодын қолдануы (1251) мүмкін. Бұған орыс сөздерін латын әріптермен жазу әдісінің ( Ruglish тәсілі деп те айтады ) қосылатын айтсақ, қиындықтың арта түсетіні өз-өзінен белгілі болады.
Осындай себептермен Желі бойынан, мысалы, Алматы туралы информация зідесек, серверге Алматы сөзін 1251 түріндегі код арқылы енгізсек – бір түрлі жауап, ал КОИ-8 коды арқылы енгізе алсақ ( ол жөнінде «Совинформбюродан» білуге болады, http://www.siber.com/sib/russify/)-екінші түрлі жауап аласыз; латын әрпімен Almaty сөзі арқылы алуымызға болады.
Кейбір келеңсіздіктен қашық болу үшін және орысша мәтіндер табу мақсатында CompTek фирмасының серверіне (http://www.cti:ru/html) шығуға болады. Ол фирма орыс тіліндегі мәтін ерекшеліктерін есепке алатын іздеу жүйесін (Я ndex – тіл индексі) жасап шығарды және жарнама ретінде өздері арқылы сұрақтарды Alta Vista-ға жіберетін мәтін беттерін ашты. CompTek серверіне енгізілген сұрақтардағы сөздер автоматты түрде көбейтіліп, тек керекті информация түріне келтіріліп Alta Vista-ға жөнелтіледі.
Бұл сервердің тағы бір еркшелігі – кодтарды сәйкестендіре отырып өзгерту: бір сұрақты әртүрлі кодтар түріне келтіру үшін бірнеше рет енгізудің керегі жоқ. Бір енгізілген мәлімет автоматты түрде барлық кодқа айналады (нәтижені қарап шығу үшін тек қаріпті өзгерту жеткілікті), сервердегі кодтау түрі екеу – КОИ-8 бен 1251. Басқада кодтарда өрнектелген информациялар болғанымен, олар осы екі кодтау түріне автоматты түрде айналады.
Керекті ақпарат табылса, ары қарай барлық жұмыс FTP-серверіндегі сияқты орындалады.


Скачать


zharar.kz