Жұмаш Айдана Ерболатқызы
8 сынып, №1 балалар шипажайы мектеп
Жетекшісі: Садырбекова К.Б.
Менің туып-өскен жерім – егеменді Қазақ елі. Мен Қазақстанды өте жақсы көремін. Әсіресемаған халқымның ұлттық ойындары, мерекелері, табиғаты, салт-дәстүрі, бала тәрбиесіне деген көзқарастары тағы да басқа толып жатқан құндылықтары ұнайды.
Еліміздің ұлттық мерекелері, ойындары өте мағыналы әрі қызықты. Мысалы Наурыз мерекесі. Наурыз мерекесінде көптен күткен күн мен түннің теңелуі ерекше орын алады. Осы бір сәттерде табиғат қана емес, адам баласы да, тіптен күллі әлем де жаңарады. Бұл мереке бағзы заманнан келе жатқан мереке. Наурыз мерекесінде ұрыс-керіс, соғыс атаулы тоқтатылып, өткен-кеткен өкпе, реніштердің бәрі де кешіріледі. Осы күндері жағдайы нашар адамдарға байқуатты жандар көмектеседі, адам баласы алдына үлкен мақсаттар қойып, үй-үйге жақсы тілектер тілеп, мақсаттарының орындалуын тілейді. Наурыз мерекесінің ең басты дәстүрінің бірі жеті түрлі дәмнен жасалған наурыз көже тағамы. Бұл Тағамды көбірек ішкен адамның жыл бойғы ырысы мол болады деген наным бар. Тек Наурыз мерекесінде ғана емес, сонымен қатар басқа да мерекелерде қазақ халқының ұлттық ойындары ойнатылады.
Қазақтың ұлттық ойындарына жеке тоқталмасқа болмас. Олар: көкпар, қыз қуу, жасырынбақ, арқан тарту, алтыбақан тебу, ақсүйек, ұшты-ұшты, ханталапай тағы басқалары. Осы ұлттық ойындар баланы епті, күшті, жылдам әрекет етіп, тез шешім қабылдауға баулиды. Осы ойындар арқылы да балаға жас кезінен бастап тәрбие бесігін аша бастаған.
Қазақта бала тәрбиесіне туғаннан бастап өте қатты көңіл аударады. Себебі бала болашақтың кепілі екенін білген. Қыз бала болашақ - ана, ер бала
– болашақтағы ел қорғаны. Соған байланысты ел арасында түрлі тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер бар. Осылардың бірқатары: Ата - бәйтерек, бала - жапырақ , Қызға қырық үйден тыйым, Болар елдің балалары бірін-бірі батыр дейді, Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала , Сақалын сатқан қариядан, еңбегін сатқан бала артық. Мынадай мақалдар баланы жаман әдеттерден жирендіріп, жақсы әдеттерге тәрбиелеуге бейімдейді. Әр ата-ана баласына халқымыздың бай ауыз әдебиеті мұраларын айтып, үйретуді естен шығармаған. Осыны санасына құйып өскен бала өскенде халық үшін қызмет ете алатын, жерін қорғайтын, кең жүректі азамат болып ер жетеді.
Тарихымызға көз сүзіп қарар болсақ, небір қиындықтарды басынан кешірген. Соған қарамастан бүгінгі таңда Тәуелсіз мемлекет атанып отыр. Бұның түп қазығы еліміздің ежелден келе жатқан асыл мұралары, бай – тарихы, азат – тілі, намысты қыз, ұлдары. Бұл кезде Ана тіліміздің еңбегіне баса көңіл аудармасқа болмас. Қазіргі таңда тілін шұбарлап, оны бағаламай сөйлеу сәнге айналып бара жатқандай. Бұл – нағыз мәдениетсіздік.
Ахмет Байтұрсынұлы Егер екі мемлекеттің бірі – бай, бірі – кедей болса да, бірақ кедей мемлекеттің жастары ынталы, оқыған, білімді, өнерлі болса, ал бай мемлекетте байлығымен ғана мақтана білсе, онда кедей мемлекет болашақта бай мемлекетті шаңында қалдыратыны сөзсіз деген екен. Осыдан көп ой түюге болады. Сол себепті мынадай тәуелсіз елде, жерде туған жас ұрпақ білімді, оқыған, көзі ашық болуы керек. Еліміздің керегесі кең, көсегесі көк болуы жас ұрпақтың қолында.
Болашақта біз, Тәуелсіз елдің ұландары еліміздің терезесін тең, шаңырағын биік етіп ұстауға міндетттіміз. Сонда барып Әлем елімізді танитын болады. Оны танытатын тағы біз, және Тәуелсіздік.
---------------------------------------------------------------------- - - - ----------------------------------
Иебек Жәнібек 6 сынып
№13 мектеп-гимназия
Менің Отаным- кең байтақ Қазақстан.Ол Алтайдан Атырауға дейін созылып жатыр. Сұлу да, көркем табиғаты бар ерекше өлке. Барлық ұлтты бауырына басқан Отанымның ұлылығынан үйреніп,бойжетіп келемін. Мен-азат елдің ұланымын, Қазақстан деген байтақ елдің түлегімін,- деп зор мақтанышпен айта аламын. Иә, Қазақстан-мен үшін, менің ата -бабаларым үшін де ең қасиетті мекен. Осы елде дүниеге келіп, еңбек етіп, білім алып келеміз және ана тілімізде сөйлеуді, халқымыздың салт-дәстүрлерін білуді міндетіміз деп санаймыз. Халықтар достығы жарасқан елімнің тәуелсіз алғанына 21 жыл. Бұл бақыт оңай келген жоқ ...
Монғолдар, жоңғарлар,қалмақтар қазағымның ұлан-ғайыр кең жеріне көздерін тастап, жан-жақтан қыспаққа алды ғой. Елім!-деп еңіреп, елінің ел болып қалыптасуына үлкен үлестерін қосқансан боздақтардың есімдері тарихтан белгілі. Олар ертеңін ойлап, болашақты болжаған, саяси сыр шерткен хандарымыз-Абылай,Тәуке, Кенесарылар! Олар бостандық үшін қылыш сермеген,бірлік туын көкке ккөтерген есіл ер батырларымыз – Қабанбай,Бөгенбай, Наурызбай,Жәнібек, Райымбек,Баяндар.Олар тоқсан сөздің тобықтан түйінін түсірген, дана да, кемеңгер билеріміз-Төле, Қазыбек, Әйтекелер. Олар ұлт-азаттық соғысының басшылары,ақын-батырларымыз-Сырым,Махамбет,Исатай,Амангелділер!
Жер қопырап, тау көшірген батырлардың, Тура биде тума жоқ,-деп әділдігін айтқан билердің, елімнің басын қосып, туын көтергенхандардың,бүкіл саналы халқымыздың қайсар тұлғаларының арман-ойлары,мақсаттары,тілектері бір еді.Олар қандарын текке төккен жоқ.Тәуелсіздікті аңсаған, мәңгілік жарыққа ұмтылған Қайрат, Ләззат,Ербол сияқты аға-апаларымызұлты үшін өлімге бастарын тікті.Сол күннен бастапошағы сынып,оты сөнуге таянған қазақ елітәуелсіздік туын көтерді. Аяулы Отаным-Қазақстан тәуелсіз,егеменді ел атанды.Нұрлы,ашық аспан,кең, жасыл дала,асқар таулар, сылдыр бұлақтар,сайраған құстар-мұның бәрітуған елімнің табиғи көрінісі-менің үйім,менің елім,Отаным-Қазақстан!Мен қандай өмірге бағыт алсам да,қандай мамандық таңдсам да,құстай биік ұшып,тауға өрлеп шықсам да еліме құшағымды жайыпжүгіремін,еркелеймін,саған сенемін, ұлы Отаным.
Мен-егеменді елімнің ертеңімін. Cен де бір кірпіш дүниеге кетігін тап та бар қалан,-деп Абай атамыз айтқандай, Отанымның болашағы үшін өз үлесімді қосуға тырысамын.
Санат: KZ портал Қазақша Рефераттар жинағы