Химиялық элементтер

Скачать

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
7-сынып
жылына 34 с, аптасына 1 c.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері
Тақырыптар Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны
Оқу мақсаты
Cағат саны
1-тоқсан
7.1А
Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар
(3 c.)
Химия пәні.
№1 практикалық жұмыс
Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және зертханалық құрал-жабдықтармен танысу
7.1.1.1 -химия ғылымының нені оқытатынын білу
7.1.1.2 -химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасының ережелерін білу және түсіну
1

Элемент, қоспа және қосылыс.
№1 зертханалық тәжірибе Заттар қоспалары мен олардың қосылыстарын салыстыру
7.4.1.1 -элементті (жай зат) бірдей атомдардың жиынтығы ретінде түсіну
7.4.1.2 -таза заттар атомдардың немесе молекулалардың бір түрінен түзілетінін білу;
7.4.1.3 -элемент (жай зат), қоспа және қосылыс түсініктерін ажырата алу
7.4.1.4 -қосылыстардың және элементтердің физикалық қасиеттері туралы алған білімдерін қоспа құрамындағы таныс емес заттарды ажыратуға қолдана алу
1

Қоспаларды бөлу әдістері.
№2 зертханалық тәжірибе Ластанған ас тұзын тазарту
7.4.1.5 -қоспалардың түрлерін және оларды бөлу әдістерін білу
7.4.1.6 -қоспаны бөлуге негізделген тәжірибені жоспарлау және өткізу
1

7.1В Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруі
(4 c.)

Физикалық және химиялық құбылыстар.
№3 зертханалық тәжірибе
Химиялық реакциялардың белгілері
7.1.1.3 -физикалық және химиялық құбылыстарды ажырату
1

Заттардың агрегаттық күйлері
7.1.1.4 -заттардың әртүрлі агрегаттық күйлерін білу және бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан қатты, сұйық, газ тәріздес заттардың құрылымын түсіндіру
1

Салқындау үдерісі
№ 4 зертханалық тәжірибе Салқындау үдерісін зерттеу
7.1.1.5 -салқындау үдерісін зерделеу, салқындау қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясына сай, өз бақылауларын түсіндіру
1

Қыздыру үдерісі
№5 зертханалық тәжірибе
Судың қайнау үдерісін зерттеу
7.1.1.6 -судың қайнау үдерісін зерделеу, қыздыру қисығын салу және оны талдау, бөлшектердің кинетикалық теориясын пайдалана отырып, өз бақылауларын түсіндіру

1
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1
2-тоқсан
7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар
(4 с.)

Атомдар мен молекулалар
7.1.2.1 -атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу
1

Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар
7.1.2.2 -әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу
7.1.2.3 -элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу
7.1.2.4 -заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
1

Атомның құрамы мен құрылысы. Изотоптар
7.1.2.5 -протон, электрон, нейтронды және олардың атомдағы орналасу тәртібін, массасын зарядын білу
7.1.2.6 -алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p+, n0, e-) мен атом ядросының құрамын білу;
7.1.2.7 -изотоп түсінігін білу
2
7.2В Ауа. Жану реакциясы
(3 с.)

Ауа. Ауаның құрамы
№6 зертханалық тәжірибе Балауыз шамның жануы
7.3.1.1-ауа құрамын білу;
7.3.1.2 -заттардың жану кезінде ауаның құрамына кіретін оттектің жұмсалатындығын білу
7.3.1.3 -атмосфералық ауаны ластанудан қорғаудың маңызын түсіну
1

Жану үдерісі
№ 2 практикалық жұмыскөрсетілім
Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру

7.3.1.4 -затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу
7.3.1.5 -тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру
7.3.1.6 -заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну
7.3.1.7 -металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу
2
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1
3-тоқсан
7.3А
Химиялық реакциялар
(4 с.)
Табиғи қышқылдар мен негіздер. Индикаторлар.
№7 зертханалық тәжірибе Ерітінділердің қышқылдық, сілтілік ортасын анықтау.
№8 зертханалық тәжірибе Хлорсутек қышқылының бейтараптану реакциясы
7.3.4.1 -қышқылдық және сабындылық қасиеттер кейбір табиғи қышқылдар мен сілтілердің белгілері болуы мүмкін екендігін білу
7.3.4.2 -химиялық индикаторлар метилоранж, лакмус, фенолфталеинді және олардың әртүрлі ортадағы түстерінің өзгеруін білу
7.3.4.3 -рН шкаласы негізінде әмбебап индикаторды қолданып, сілтілер мен қышқылдарды анықтай алу
7.3.4.4 -антацидтік заттарды қолдану мысалында қышқылдардың бейтараптануын түсіну
2

Сұйылтылған қышқылдардың металдармен әрекеттесуі.
№9 зертханалық тәжірибе
Мырыштың сұйылтылған тұз қышқылымен әрекеттесуі.
№10 зертханалық тәжірибе
Сутекке сапалық реакция
7.2.2.1 -сұйылтылған қышқылдардың қолдану аяларын және олармен жұмыс жасау ережелерін атау
7.2.2.2 -сұйылтылған қышқылдардың әртүрлі металдармен реакцияларын зерттеу және сутек газының сапалық реакциясын жүзеге асыру
1

Сұйылтылған қышқылдардың карбонаттармен әрекеттесуі.
№ 3 практикалық жұмыс
Сұйылтылған қышқылдар мен карбонаттардың әрекеттесуі. Көмірқышқыл газына сапалық реакция
7.2.2.4 -кейбір карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен реакцияларын зерттеу жәнекөмірқышқыл газының сапалық реакциясын жүзеге асыру

1
7.3В Химиялық элементтердің периодтық кестесі
(2 с.)
Химиялық элементтердің периодтық кестелерін құру тарихы
7.2.1.1 -И. Дёберейнер, Дж. Ньюлендс,
Д.И. Менделеевтің еңбектерінің мысалында элементтердің жіктелуін білу және салыстыру
1

Периодтық кестенің құрылымы
7.2.1.2 -периодтық кестенің құрылымын білу және сипаттау: топтар мен периодтар
1
7.3С Салыстырмалы атомдық масса және қарапайым формула
(3 с.)
Салыстырмалы атомдық масса
7.1.2.8 -Жердегі элементтердің басым бөлігі планеталардың қалыптасу кезінде пайда болған изотоптар қоспасы түрінде кездесетіндігін түсіну
7.1.2.9 -табиғи изотоптары бар химиялық элементтердің атомдық массалары бөлшек сан болатындығын түсіну
7.1.2.10 -салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу
1

Валенттілік. Химиялық формулалар.
Қосылыстардың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
7.1.2.11 -элементтердің атауларын, валенттілікті және олардың қосылыстардағы атомдық қатынастарын қолдана отырып, биэлементті химиялық қосылыстардың формулаларын дұрыс құра білу
7.1.2.12 -химиялық қосылыстың формуласы бойынша салыстырмалы молекулалық формулалық массасын есептеу
2
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1
4-тоқсан
7.4A Адам ағзасындағы химиялық элементтер
(3 с.)
Тағам құрамындағы қоректік заттар.
№ 4 практикалық жұмыс Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау
7.5.1.1 -тағам өнімдерін химиялық заттардың жиынтығы деп түсіну;
7.5.1.2 -тағамдық өнімдердің бір қатарын: көмірсулар (крахмал), нәруыз, майларды білужәне анықтай алу
2

Адам ағзасындағы химиялық элементтер.
Тыныс алу үдерісі.
№11 зертханалық тәжірибе
Тыныс алу үдерісін зерттеу
7.5.1.3 -адам ағзасына кіретін элементтерді (О, С, Н, N, Ca, P, K) білу;
7.5.1.4 -тыныс алу үдерісін түсіндіру
1
7.4B Геологиялық химиялық қосылыстар
(4 с.)
Пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар. Кен құрамы

7.4.2.1 -Жер қыртысында көптеген пайдалы химиялық қосылыстар барын түсіну;
7.4.2.2 -кейбір минералдар мен пайдалы табиғи қосылыстардың кендерге жататынын білу;
7.4.2.3 -металды алу үшін кенді өңдеу үдерісін сипаттау
2

Қазақстанның пайдалы қазбалары
Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері
7.4.2.4 -Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;
7.4.2.5 -табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу
2
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау
1


Скачать


zharar.kz