Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Скачать



Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар

Математика

1-сынып
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 1-сынып білім алушыларына Математика пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) Математика пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 1-сыныпта жиынтық бағалау 3 және 4-тоқсандарда өткізіледі.
Бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Тапсырмалар мен рубрикалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификацияда тапсырма үлгілері мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.

2
Мазмұны

3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ... 4

3А Сандармен амалдар орындау. Есептер бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ...4

3В Шамалар.Уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ..7

3С Теңдік және теңсіздік. Теңдеу бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... ...10

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР..16

4А Күнделікті өмірдегі есептеулер бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... .17

4В Жиын және логика элементтері бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... ... ... ... .20

4С Нысандардың орналасуы және бағыты бөлімі бойынша жиынтық бағалау ... ... ... ... 23

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

3
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

3А Сандармен амалдар орындау бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер. 1.2 Сандармен амалдарды орындау

1.1.1.2** Бір таңбалы сандарды салыстыру.
1.1.2.3 Қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолдану

Білім алушы
• 10 көлеміндегі біртаңбалы сандарды салыстырады
• Есептеуде 1-ді қосу және азайтудың қасиетін қолданады
• 0 cанымен есептеулер жүргізеді

Қолдану

10 минут

Тапсырма

1. Сандарды салыстыр.

2. Өрнекке сәйкес жауапты тауып, сызықпен қос.

3. Есепте.

0 + 7 = 9 – 0 =

4
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

10 көлеміндегі біртаңбалы сандарды салыстырады.

1
біртаңбалы сандарды салыстырады және сәйкес таңбаны қояды;
1

біртаңбалы сандарды салыстырады және сәйкес таңбаны қояды;
1

біртаңбалы сандарды салыстырады және сәйкес таңбаны қояды;
1
Есептеуде 1-ді қосу және азайтудың қасиетін қолданады.

2
қосу амалына берілген өрнекті мәнімен сәйкестендіреді;
1

азайту амалына берілген өрнекті мәнімен сәйкестендіреді;
1
0 cанымен есептеулер жүргізеді.

3
0-ге санды қосуға берілген өрнектің мәнін табады;
1

саннан 0-ді азайтуға берілген өрнектің мәнін табады.
1
Барлығы
7

5

3В Шамалар.Уақытты бағдарлау бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері

1.1.3.5 Циферблат бойынша уақытты 12-сағаттық форматта анықтау: сағат уақытты бағдарлау: минут, сағат, күн, апта, ай, жыл
1.1.3.2 **Өлшем бірліктерді (сағ) қолданып өлшеу

Білім алушы:
• Уақыт өлшем бірліктерін (сағат, күн, апта, ай) ажыратады
• Циферблат бойынша уақытты анықтайды
• Уақыт аралығын сағат өлшем бірлігімен өлшейді

Қолдану

10 минут

Тапсырма

1. Уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен нөмірле.

2. Сағат 6-ны көрсетіп тұрған суретті белгіле ( ).

7
3. Қабырғадағы сағат таңертеңгі 10-ды көрсетіп тұр. 1 сағаттан кейін сағат тілдері қалай орналасады? Суретін сал және сол уақытты жаз.

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Уақыт өлшем бірліктерін (сағат, күн, апта, ай) ажыратады.

1
уақыт өлшем бірлігінің біріншісін анықтайды – сағат;
1

уақыт өлшем бірлігінің екіншісін анықтайды – күн;
1

уақыт өлшем бірлігінің үшіншісін анықтайды – апта;
1

уақыт өлшем бірлігінің төртіншісін анықтайды – ай;
1
Циферблат бойынша уақытты анықтайды.
2
берілген уақытты көрсетіп тұрған сағатты анықтайды;
1
Уақыт аралығын сағат өлшем бірлігімен өлшейді.

3
сағат тілдерін берілген уақытқа сәйкестендіріп салады;
1

анықталған уақытты цифрмен жазады.
1
Барлығы
7

8

3 С Теңдік және теңсіздік. Теңдеу бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
2.2 Теңдік және теңсіздік. Теңдеу 2.1 Санды және әріпті өрнектер

1.2.2.1 Теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу
1.2.1.2 Әріптің берілген мәніндегі бір амалды әріпті өрнектің мәнін табу
1.2.1.5 Жақшасыз әріпті, санды өрнектерді салыстыру

Білім алушы
• Теңдік,теңсіздік,теңдеуді ажыратады.
• Берілген мәні бар әріпті өрнектің мәнін табады • Санды және әріпті өрнектерді салыстырады

Білу және түсіну Қолдану

15 минут

Тапсырма
1. Теңдеу, теңдік және теңсіздікті анықтап, бағдаршамның түсіне сәйкестендір.

теңдеу

теңдік

теңсіздік

90-30=60

0+1720

х+10=60

10

2. с = 4 деп алып, өрнектердің мәнін тап.

с - 3 с + 6

3. Өрнектерді салыстыр.

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Теңдік,теңсіздік,теңде уді ажыратады

1
теңдеуді анықтайды;
1

теңдікті анықтайды;
1

теңсіздікті анықтайды;
1
Берілген мәні бар әріпті өрнектің мәнін табады

2
берілген мәні бар айырманың мәнін табады;
1

берілген мәні бар қосындының мәнін табады;
1
Санды және әріпті өрнектерді салыстырады

3
қосындыға берілген әріпті өрнектерді салыстырады;
1

айырмаға берілген әріпті өрнектерді салыстырады;
1

бір амалды санды өрнектерді салыстырады.
1
Барлығы
8

11

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 1-сыныпта Математика пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Математика пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).

3. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 12

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерденсұрақтардан тұруы мүмкін.

13

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

Математика пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Есепте.
1+ 8 = 7 - 0 = 0 + 2 =
[3] 2. Сағатта көрсетілген уақытты анықта және жаз.

[1] 3. а = 2 деп алып, өрнектердің мәнін тап.

8 – а 5 + а
[2]

4. Өрнектерді салыстыр. , , = таңбаларының тиістісін қой.

5 + с 7 +с 6 – 3 5 - 4
[2]

5. Есепті шығар.
Балалар Ақ серек пен көк серек ойынын ойнады. Бірінші топта 5 бала, ал екінші топта 4 бала ойнады. Ойынды барлығы неше бала ойнады?
[4]

Балл қою кестесі


Жауап
Балл
Қосымша ақпарат

1
9
1

7
1

2
1

2
8.00

1
8 сағат 8-де жауаптары қабылданады.

3
8-2=6
1

5+2=7
1

4

1

1

5
1-топта – 5 б.
2-топта – 4 б. ?
1
Есептің сызбасы да қабылданады.

5+4
1
Амал таңбасын дұрыс

15

таңдайды.

5+4=9 (б.)

1
Өрнектің мәнін дұрыс табады.

Жауабы: 9 бала ойнады 9 бала
1

Барлығы
12

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

16

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР

4А Күнделікті өмірдегі есептеулер бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері 5.1 Есептер және математикалық модель

1.1.3.6. 1тг, 2 тг, 5тг,10 тг, 20 теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау
1.5.1.4 Санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару; кері есептер құрастыру және шығару

Білім алушы
• 1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20теңгелік монеталарды қолданып, қажетті соманы жинақтайды
• Санды бірнеше бірлікке арттыруға, кемітуге берілген есепті шығарады

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

15 минут

Тапсырма

1. Есепті шығар
Шар 17 теңге тұрады. Бұл соманы қандай монеталармен төлеуге болады? Екі түрлі нұсқасын жаз. Бірдей монеталарды бірнеше рет қолдануға болады. Төмендегідей монеталарды қолдан.

17 теңге = _____________________________________________

17 теңге = ____________________________________________

2. Есепті шығар.

Анам себетке 4 алма және одан 3-еуі артық алмұрт салды. Анам себетке неше алмұрт салды?

17
Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

1тг, 2тг, 5тг, 10тг, 20теңгелік монеталарды қолданып, қажетті соманы жинақтайды
1
қажетті соманы жинақтаудың бірінші нұсқасын жазады;
1

қажетті соманы жинақтаудың екінші нұсқасын жазады;
1
Санды бірнеше бірлікке арттыруға, кемітуге берілген есепті шығарады
2
есептің қысқаша шартын жазады немесе сызбасын сызады;
1

есепті шешу амалын таңдайды және өрнек түрінде жазады;

1

өрнектің мәнін табады;
1

есептің жауабын жазады.
1
Барлығы
6

18

4В Жиын және логика элементтері бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты
4.2 Тұжырымдар
4.1 Жиындар және олармен орындалатын амалдар.

1.4.2.1 Тұжырымдардың ақиқаттығын немесе ақиқат еместігін анықтау
1.4.1.2 Жиындарды элементтерінің белгілері (нысандардың түсі, пішіні, өлшемі, материалы, әрекеті) бойынша құру және жіктеу
1.4.1.3 Жұп құру арқылы нысандар жиындарын салыстыру; тең жиындарды, бос жиындарды анықтау

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Білім алушы
• Ақиқат және жалған тұжырымдарды анықтайды.
• Заттардың ортақ белгілерін анықтайды және оларды жиындарға біріктіреді
• Бос жиындарды анықтайды

Қолдану

15 минут

Тапсырма

1. Суреттерге мұқият қара. 2 ақиқат пікірді анықта.

А) апельсиндерге қарағанда өріктер аз В) өріктерге қарағанда алмұрттар көп
С) өріктер қанша болса, алмұрттар сонша D) алмұрттарға қарағанда апельсиндер аз

20
2. Артық суретті белгіле ( ). Қалған заттар жиынының ортақ атауын жаз.

Жауабы: _______________________________________

3. Бос жиындарды анықта және белгіле ( ).

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Ақиқат және жалған тұжырымдарды анықтайды

1
бірінші ақиқат пікірді анықтайды;
1

екінші ақиқат пікірді анықтайды;
1
Заттардың ортақ белгілерін анықтайды

2
артық заттың суретін анықтап, белгілеп көрсетеді;
1
және оларды жиындарға біріктіреді

қалған заттар жиынының ортақ атауын жазады;
1
Бос жиындарды анықтайды

3
жиындардың арасынан бірінші бос жиынды анықтайды;
1

жиындардың арасынан екінші бос жиынды анықтайды.
1
Барлығы
6

21

4С Нысандардың орналасуы және бағыты бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты
3.1 Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу 5.1 Есептер және математикалық модель

1.3.1.2 Жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру
1.5.1.2**Заттардың орналасуын, арақашықтығын, бағытын анықтайтын терминдерді қолдану

Білім алушы
• Жазық фигураларды және кеңістік денелерін ажыратады
• Қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсас геометриялық фигураларды анықтайды
• Оң жақ-сол жақ, жоғары-төмен, ортасында терминдерін қолданады

Білу және түсіну Қолдану

15 минут

Тапсырма

1. Жазық фигуралардың астын ирек сызықпен, кеңістік денелерінің астын түзу сызықпен сыз.

2. Берілген заттардың пішіні қандай? Оларға ұқсас фигуралардың суретін сал.

___________________________________

23

___________________________________

_______________________________________

2. Суреттерге мұқият қара.

1) Қораптың үстінде тұрған допты бейнелейтін суреттің нөмірін жаз.

2) Қораптардың ортасында тұрған допты бейнелейтін суреттің нөмірін жаз.

3) Қораптың сол жағында тұрған допты бейнелейтін суреттің нөмірін жаз.

Бағалау критерийі
Тапсырма №
Дескриптор
Балл

Білім алушы

Жазық фигураларды және кеңістік денелерін ажыратады.
1
жазық фигураларды көрсетеді;
1

кеңістік денелерін көрсетеді;
1
Қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсас геометриялық фигураларды анықтайды.
2
дөңгелекті анықтайды және суретін салады;
1

үшбұрышты анықтайды және суретін салады;
1

шаршыны анықтайды және суретін салады;
1
Оң жақ- сол жақ, жоғары - төмен, ортасында терминдерін қолданады.

3
жоғары - төмен қатынасында орналасқан затты анықтайды;
1

ортасында орналасқан затты анықтайды;
1

оңға - солға қатынасында орналасқан затты анықтайды.
1
Барлығы
8

24

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы

1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 1-сыныпта Математика пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Математика пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4-сыныптар).

1. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

3.1 Ұзақтығы - 40 минут Балл саны - 12

3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқатолық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 5 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерденсұрақтардан тұруы мүмкін.

26

4. Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі

Математика пәнінен 4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

1. Қарындаш 16 теңге тұрады. Қарындашқа төлеу үшін сатушыға қандай монеталарды беруге болады? Төмендегі монеталарды қолдан.

Жауабы: ________________________________________

[1] 2. Есепті шығар.

Театрға 7 ұл және олардан 4-еуі кем қыз келді. Театрға неше қыз келді?

[4]

3. Салыстыр. , , = таңбаларының тиістісін қой.

[3] 4. Амалдарды орында.

70 кг – 60 кг = 1 дм – 8 см =

[2]

5. Cуреттегі заттардың пішіні қандай геометриялық фигураларға ұқсайды? Сәйкестендір.

[2]

28
Балл қою кестесі


Жауап
Балл
Қосымша ақпарат

1
10+5+1 10+ 2+2+2
10+1+1+1+1+1+1 5+5+5+1 5+5+2+2+1+1 2+2+2+2+2+2+2+2

1
16 теңгені жинауға қатысты басқа да дұрыс тәсілдер қабылданады.

Ұлдар - 7
Қыздар -?, 4-уі ке

1
Білім алушы есептің сызбасын сызуы да мүмкін.

м.

2
7 - 4

1
Амал таңбасын дұрыс таңдап, өрнек жазады.

7 - 4=3 (қ.)

1
Өрнектің мәнін дұрыс есептейді.

Жауабы: Театрға 3 қыз келді 3 қыз келді 3 қыз.

1

3
=
1

1

1

4
10 кг
1

2 см
1

5
Бөшкенің пішінін цилиндрмен сәйкестендіреді.

1

Үйдің пішінін кубпен сәйкестендіреді.

1

Барлығы
12

5. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.

29
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қаламқарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

30


Скачать


zharar.kz