Махаббат

Скачать

Махаббат – достықтың, тату – тәттіліктің, құрмет – ізеттің, асқар шыңы. Онсыз өмірдің мәні, қызығы, құны жоқ. Қазақтың данышпан ақыны Абай: «Махаббатсыз дүние - бос» деп тегін айтпаған.
«Адамды бір – біріне құштар ететін үш нәрсе бар. Олар – оның жанының сұлулығы, яғни ақкөңілділігі, оның ақыл – парасаты, оның сымбат – көркі, жанының сұлулығы оған деген құрметті, оның сыртқы сымбаты оған деген сүйіспеншілікті пайда қылады. Осы үш нәрсе қосылып, адамды ынта ететін махаббатты пайда қылады» - деп барлық адам баласына тән әрі мыңдаған жылдар бойы өзінің мәні мен сәнін сақтап келе жатқан адам жанының осынау ғажайып тамаша қасиеті жайында жақсы айтқан.
Махаббат пе,н адамның күлі тіршілігі байланысты. Ол – адамның ішкі әлеміндегі рухани сезімдерінің көрінісі ретіндегі жан күйі. Барлық әдемі, сүйікті, шарапатты, ұлы іскерге, ерліктерге адамды сүйіспеншілік сезімдерін жігерлендіріп, дем беріп отырады. Адамды біреу сүйгендіктен, яғни біреудің өзін сүйгендіктен, күш – жігер жинап, мақсаттарға ұмтылады.
Махаббат - өзің үшін ғана емес, екінші адам үшін өмір сүре білу деген сөз. Адам жанының бірлігі орыстың ұлы психолог жазушысы Л. Н. Толстой: «Сүю – сүйген адамның өмірімен өмір сүру деген сөз» - дейді. Бұл даналық нақылда махаббаттың анықтамасы беріліп, оған қоса қойылатан талап та айтылған.
Махаббат – таңғажайып кереметтерді дүниеге әкелуші.
Өз бойына адамгершілікті, адалдықты, ақ пейілді, тазалықты имандықты, парасттылықты, мейірімділікті, ізгілікті, ерлікті тоғыстырған. Сол себепті оны өмірдің мәңгілік жаңғыртып, жаңартушысы деудің қисыны бар.
Махаббаттың жауы – аярлық, махаббатпен бақай есеп, материалдық т.б. пайда іздеу отаса алмайды.
Абай атамыздың өлең шумағын келістірсек.
Ғашықтық, құмарлықпен – ол екі жол,
Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.
Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,
Мен не болсам – болайын, сен аман бол.
Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып,
Жүдеттер безгек ауру сықылданып.
Тұла бой тоңар, суыр – үміт үзсе,
Дәмеленсе - өртенер күйіп, жанып


Скачать


zharar.kz