Білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт игеруге қол жеткізу

Скачать

Еліміздің жаңғыруына жаңашыл ұстаздар себепкер

Шокбаров Нурлыбек Нурланович
Ақтөбе қаласы,
Есет батыр атындағы АОМКЛИ

Елбасы Н.Назарбаев өз жолдауында Ұлттық бәсекелестік қабілетті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады дей келіп, білім саласында түбірлі өзгерістерге әзірліктің қажет екенін баса айтты.
Қазіргі таңдағы білім саласында жүргізіліп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын дүние танымы жоғары білімдік бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Елбасымыз Н.Назарбаев еліміздің дамыған, өркениетті елу елдің қатарына қосылу үшін бірінші кезекте ғылым мен білімнің дамуына, оның негізгі орта мектеп түлектерінің білім сапасына баса назар аудару қажет екендігін айта келіп, өкіметке нақты міндеттер жүктеді.
21ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады.
Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
ХХ ғасырды артқа қалдырып, ХХІ ғасырды бетке алып келе жатқан Қазақстанның орта мектептері өздерінің тарихи миссиясын орындап болды, сондықтан орта мектепте реформаның қажеттігі туды. Өйткені белгілі бір мөлшердегі Білім жиынтығын алу жүйесі ескірді, ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ, Шәкірт – беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ. Ал мектеп конвейер емес, керісінше кең түрде ойлай алатын жеке адамды қалыптастыратын сфера. Олай болса, мектепте білім беру ісіндегі басты приоритет – оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.
Ол үшін не істеу керек?
Ең біріншіден, өз таңдаулары бойынша оқытудың ұстамдылығын жүзеге асыру, яғни денсаулығын, дамуын, қызығуын ескеріп, мүмкіндіктерін ашу. Екіншіден, оқыту үрдісінің сапасын арттырудың басты құрам бөлігі – жақсы түсінікті тілмен жазылған оқулық. Ол жоғары сапалы, ғылыми, түсінікті, қысқа, дәл, тілге жеңіл, мазмұнды, қазіргі технология мен педагогика талаптарына сай келетін болу керек.
Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын, яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық рөл берілсе, ал қазір оқу үрдісінде оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс, оны оқытпайды, ол өздігінен оқуы тиіс.
Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, жеткіншектерге оның әсері мен ықпалы ерекше болады. Олардың эмоциялық сезім түйсіктеріне әсер ете білген ізденістерден көп пайда болатыны айтпаса да түсінікті. Бұл үшін мұғалім сабақ өткізуде дәстүрлі шеңберде қалып қоймай, тың ізденістер жасауы тиіс. Сондықтан жаңа педагогикалық технологияларды енгізу оқыту үрдісінің тиімділігін арттырып қана қоймайды, басқа да көптеген мәселелерді шешеді. Оқушы мемлекеттік стандартты ғана алып қоймайды, өз қабілетіне қарай таңдау, әрі қарай білімін дамытуға мүмкіндігі болады.
Қазіргі кезде оқыту үрдісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етуінің негізі ретінде педагогикалық технологиялар ішінен өз қажеттісін таңдап алу әр мұғалім үшін жауапты да іскерлікті талап ететін іс.
Білім берудің жаңа ізгілік бағыттары, философиясы, мазмұны, міндеті, әдістері дарынды тұлғаның дүниені тұтас қабылдауына мүмкіндік береді. Білім беру ортасын жеке тұлғаның дарындылығын дамытатын жағдайда құру өте маңызды. Тұлғаны дамытуға бағытталған жаңашыл жобалар мен технологияларды енгізе отырып оқушылардың құндылықтары мен ұстанымдарын қалыптастыру қажет.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғы шарттар қажет:
Оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
Оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру;
Білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт игеруге қол жеткізу.
Бұлақ көрсең, көзін аш дегендей, мұғалімнің міндеті оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндікті ашу. Кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының өмір бойы жинақтаған тәжірибесін меңгеріп, сонымен қатар, шығармашылық іс әрекеттерді орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Білім беру үрдісінде проблеманы өзі шешуге талпыныс жасау арқылы өз қызығушылығын қанағаттандыруға, өз идеясын жүзеге асыруға әрекет етеді.
Қазіргі білім берудің мақсаты танымдық қызметке деген тұрақты қызығушылығы қалыптасқан, өз бетімен бағдарлай қызмет жасай білетін, сөйтіп өздігінен даму дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Қазір өмірдің өзі нәтижеге бағытталған білім беруді сұрап отыр. Ол үшін іздену мен дамудан шаршамайтын кәсіби құзырлы педагог қажет.


Скачать


zharar.kz