Чумаев Григорий Иванович (1917, Батыс Қазақстан облысы Зеленое ауданы Кирсаново селосы - 4.2.1945, Польша, Вроцлав қаласы)- 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы, қатардағы жауынгер. Орыс. 1945 жылы 4 ақпанда Чумаев барлаушылар тобымен Одер (Одра) өзенінің батыс жағалауына өтіп, жаудың техникасы мен адам күшін анықтауға тапсырма алды. Тапсырманы орындау барысында ержүрек жауынгер ауыр жараланды. Осы шайқаста көрсеткен ерекше ерлігі үшін Чумаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (10.4.1945). Батыс Қазақстан облысы Зеленое аудынындағы Макарове селосының бір көшесі Чумаевтың есімімен аталады. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған