Өркендей бер Қазақстаным, гүлдене бер ғажапстаным

Скачать

Менің отаным – Қазақстан. Жүзі жылы, жүрегі кен, қолы ашық, дастарқаны мол, мінезі өр, намысшыл да еңбек қор елдің болашағы әрқашанда жарқын болатыны айқын. Тәуелсіздік пен жетістік оңай келе қойған жоқ. Бодандықтан тәуелсіздікке қол жеткізу бабалар арманы. Елімізден қаншама батырлар, данышпандар шықан. Олар білектің күшімен найзаның ұшымен қазақтың алақандай жерін жауға бермей ұрпаққа аманат етті. Міне бүгін қазақ елі ешкімге тәуелсіз, алып мемлекетке айналды. Қазақстан дербес, тәуелсіз мемлекет болды. Тәуелсіздіктің тағы бір таңы атты. Тәуба дейміз, көкірегімізге тәуелсіздік рухани сіңірмей санаға мемлекеттік тіліміздің ұлағатын тоқымай тілімізді ардақтан өстік, ұрпақ болып қалыптастық. Өз еліммен, өз ұлтыммен мақтана аламын. Мен үшін қазақ болып туылғаннан артық бақыт жоқ. Егемендігіміздің арқасында біз бұрынғыдай ешкімге жалтақтамай, жасқанбай халқымыздың басынан кешкен тариқына тереңірек үңіліп осы ұзақ  жолда ұмытқан немесе жоғалтқан рухани қазынамызды қайтадан жинастырып, жаңғыртып, өркениетті елдерге тіліміз бен дінімізді таныта түстік. Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзіне ғана тән ән ұраны, туы, елтаңбасы, мемлекеттік тілі бар екендігі баршаға белгілі, ал енді сол  елдің әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, көзге түседі. Осылардың барлығы біздің ой–санамызға қоршаған ортасымен үндесе, бүтін бір дүние әлемі болып ұялайды, ұлттық түр жасайды. Біздің мемлекет әлем алдында өз үдесінен шығып, үлкен сенім ге ие болды. Байтақ елімнің көк байрағы желбіреп, бейбітшілік аспаны астында абыройы асқақтай берсе деймін. Өркендей бер Қазақстаным, гүлдене бер ғажапстаным!


Скачать


zharar.kz