Арахноидит - ми мен жұлынның тор қабығының қабынуы салдарынан пайда болатын созылмалы ауру

Скачать

Арахноидит — ми мен жұлынның тор қабығының қабынуы салдарынан пайда болатын созылмалы ауру. А., көбінесе, жұқпалы аурулардың асқынуынан, бассүйек пен омыртқа жотасының бітеу жарақат алуынан және уланудан болады. Мидың А-ты кезінде науқастың басы қатты ауырып құсады. Есту, көру т.б. қабілеттері нашарлап, кейде есінен тануы да мүмкін. Жұлын А-ты болғанда науқастың аяғы, қолы қатты сырқырап, ұйиды. Дертті анықтау үшін неврологиялық тексерулер жүргізіледі, жұлын сұйығының құрамын, қысымын анықтайды. Көптеген жағдайда бас сүйегіне компьютерлік томография жасайды. Орталық ми қабығының қабынуын анықтау кезінде көздің көру қабілетіне, әсіресе көз түбі қан қысымының өзгеруіне ерекше көңіл бөлінеді. А-ны оташылық жолмен және дәрі-дәрмектер беру арқылы емдейді.


Скачать


zharar.kz