Power Point

Скачать

1. Презентацияны идеяларды ұсыну құрал ретінде қарастыру
Презентация ұғымының екі түрлі мағынасы бар. Жалпы жағдайда презентация — бұл баяндама жасау, мінбеге шығып сөйлеу, ғылыми ұсыныс жасау, диплом немесе курстық жұмысты қорғау, бизнес-жоспарды немесе техникалық ұсынысты талқыға салу, қандай да бір қызмет түрін ұсыну. Бір сөзбен айтқанда идеяларды, мамандарды, адамдарды, өндірілген өнімді, қызмет түрлерін ұсыну — осының бәрі презентация болып табылады.
Кез-келген жаңа идеяны немесе өндірілген өнімді ұсынуда презентацияның атқаратын рөлі зор. Презентация өткізуде көрнекті құралдар (графиктер, диаграммалар, фотоматериалдар) кеңінен қолданылады. Қазіргі дербес компьютерлердің мүмкіншіліктерінің артуы оны презентация даярлау құралы ретінде пайдалану қажеттілігін туғызды. 1995 жылдан бастап есептеу техникасын кез-келген презентацияны даярлау мен өткізуге кеңінен қолдана бастады.
Интернет дистанциялық презентациялар өткізудің ең қолайлы құралы болып табылады. Бүгінде Интернетте автоматты режімде жұмыс істейтін көптеген презентацияларды көруге болады.
Екінші жағынан алғанда презентация деп-айрықша текті электрондық құжатты айтады. Ол өзінің мультимедиалық мазмұны мен құжатты экранға шығаруды басқарудың айрықша мүмкіншіліктерімен ерекшеленеді. Құжатты экранға шығару автоматтандырылған дистанциялық түрде өтеді. Осы тектес құжаттарды арнаулы программалық құралдардың көмегімен дайындайды.
Презентация даярлаудың автоматтандырылған құралдарының бірі Microsoft Office дестесімен бірге қойылатын Microsoft Power Point колданбалы программасы. Бұл презентацияны даярлау мен безендіруге арналған әмбебап құрал болып табылады.
Power Point құралдарының көмегімен дайындалған жұмысты оның кез-келген кезеңінен (идеясы мен іс жүзінде алынған нәтижелеріне дейін) ұсынып, көрсетуге болады.
Power Point -тың басқа программалармен байланысы
Power Point программасының әр түрлі текті объектілерді құруға арналған өз құралдары бар. Сонымен қатар қолданушы Microsoft Office дестесінің кез-келген компонентінде (Word, Excel) дайын тұрған материалдарды пайдалана алады.
Microsoft Office қолданбаларынан басқа да программаларды, яғни сыртқы файлдарды да презентация даярлауға колдануға болады.
Көшіру және қою. Басқа программалардан объектіні көшіру үшін, оны алмасу буферіне орналастырып, содан соң Power Point құжатына енгіземіз.
Тасымалдау. Объект Microsoft Office-тің қайсыбір қолданбасы мен Power Point -тың арасында сүйреу әдісі бойынша тышқанның көмегімен тасымалданады. Бұл жағдайда екі программа да экранда ашық болуы керек.
Импортп (экспорт). Объект Microsoft Office қолданбаларының біреуінде дайындалған файл ретінде Power Point құжатына енгізіледі. Бірақ бұл жағдайда енгізілетін файлдардың пішіміне кейбір шектеулер қойылады.
Гиперсілтеме. Бұл әдіс басқа колданбалардағы файлға өтуді көрсетеді. Гиперсілтеме Интернетте басылып шығатын құжаттарға қолданылады.
2. Power Point құжатының құрылымы
Power Point -тағы кез-келген құжат слайд деп аталатын жеке алынған кадрлардың жиынтығынан тұрады. Презентациядағы слайдтардың саны көп бола береді. Құжаттағы әрбір слайдтың өзінің жеке нөмірі болады, слайд құрылғанда ол бірден міндетті түрде нөмірленеді.
Құжаттағы слайдтар сызықты тізбектеле орналасады. Слайдтарды жою, кірістіру, орын ауыстыру немесе көрсету олардың сызықтық құрылымын бұзбайды. Слайдтар әр текті объектілерден тұрады. Әрбір слайдта кем дегенде бір объект болады, ол кадрдың фоны. Слайдта орналастырылатын объектілер:
■ фон;
■ мәтін;
■ гиперсілтемелер;
■колонтитулдар;
■ кестелер;
■ графиктік бейнелер;
■ диаграммалар;
■ бейнеклиптер;
■ дыбыс;
■ таңбашалар;
■ түстер схемасы


3. Power Point-тың негізгі элементтері
Microsoft Office дестесіне кіретін барлық қолданбалы программалар сияқты, Power Point программасының да өзінің стандартты басқару элементтері бар. Бұлардың ішіндегі ең негізгілеріне тоқталайық:
Басқару элементтерін баптау Сервис-Баптау командасымен ашылатын Баптау сұхбат терезесінде жүргізіледі. Мұнда да әдеттегідей Microsoft Word Art аспаптар панелін қосуға болады.
Power Point интерфейсінің негізгі ерекшелігі құжатты жұмыс өрісінде бейнелеудің арнайы режімдерінде болып табылады. Ол режімдер:
■ кәдімгі;
■ құрылымдық;
■слайдтар;
■ слайдтарды сұрыптауыш;
слайдтарды көрсету.
Әрбір режімге арнайы аспаптар панелі жабдықталған. Тағайындалған режімге сәйкес әрбір объектінің жанама менюінің кұрамы да өзгеріп отырады.
1. Кәдімгі (обычный) режімде жұмыс терезесі үш панельден тұрады. Сол жақ панельде презентацияның құрылымы олардың нөмірлерімен, ондағы мәтінмен бірге тізбектеле бейнеленеді. Оң жақ панель терезенің үлкен бөлігін қамтиды, онда слайд орналасады. Үшінші бөлігі жұмыс өрісінің төменгі жағындағы кішірек аймақты алып жатыр. Бұл өріс ескертулер енгізуге арналған.
2. Құрылымдық (структуры) режімде презентацияның құрылымы бейнеленген бөлігі үлкейтіліп, мәтінді енгізуге және пішімдеуге ыңғайландырылған. Бұл режімде ескертулер панелі тігінен
орналасады, ал слайдтар эскиз түрінде бейнеленеді.
3. Слайдтар (слайдов) режімінде әрбір слайд жұмыс терезесінің негізгі бөлігін толығымен алып жатады, ал презентацияның құрылымы сол жақтағы жіңішке панельде тек слайдтардың таңбашасы мен нөмірлері
арқылы көрсетіледі. Бұл режім слайдтарға орналастырылған объектілермен жұмыс істеуге қолайлы.
4. Слайдтарды сұрыптауыш (сортировщик слайдов) режімінде презентацияға кіретін барлық кадрлар жұмыс терезесінде эскиз түрінде бейнеленеді. Әрбір эскиздің астында слайдтарды ауыстыру, анимация параметрлерін көрсететін таңбашалар орналасқан.
5. Слайдтарды көрсету (показ слайдов) режіміне өтсек осы режімде тағайындалған параметрлерге сай демонстрация өтеді. Демонстрация ағымдағы слайдтан басталады. ЕSС пернесін басу арқылы
слайдтардың көрсетілу режімінен бастап бастапқы режімге қайтып келуге болады.
Роwег Роіnt -та кестелер бірнеше әдіспен құрылады:
■ слайдтар өрісінде Кестелер мен Шекаралар (Таблицы и Границы) аспаптар панелінің көмегімен
тікелей қолмен салу арқылы;
■ Кестені қосу (Добавить таблицу) аспаптар панелінің көмегімен жолдар мен бағандар санын
көрсету арқылы;
■ Сыртқы программалардан (Ехсе1,Word) алмасу буферінің көмегімен көшіру және қою арқылы.
Диаграммалармен жұмыс істеу
Слайдта тікелей диаграмма тұрғызу Microsoft Graph-тың көмегімен жүзеге асырылады. Оны іске қосу үшін Роwег Роіnt -тың аспаптар панеліндегі диаграмма батырмасын басу қажет.
Диаграмма тұрғызудың екінші әдісі — Ехсе1-де тұрғызылған дайын диаграмманы бізге белгілі әдіспен қою арқылы.
Иллюстрациялармен жүмыс істеу
Сыртқы қолданбалы программаларда кұрылған графиктік бейнелер иллюстрация деп аталады. Дұрыс тандалынып алынған иллюстрация кез-келген стильдегі презентацияны жақсартуға септігін тигізеді. Қарапайым иллюстрацияларды Microsoft office дестесінің кұрамына енетін клипарттардан алуға болады. Иллюстрациялардың ең маңызды көзі — Интернет.


Скачать


zharar.kz